Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:13, курсовая работа

Краткое описание

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нургазина.doc

— 433.00 Кб (Скачать документ)

- махаббат, сезімге  байлагысты қарпайым адамдардың  өмірінен мысалдар

жазу;

- өнер, білім  тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы

жазу;

- ата-анаңның  түрлі қасиетін, шыққан тегін  жазу;

- «жүрек жарды  жырларым» (өз өлеңін жазу);

-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.

Осындай ойларды  ортаға салғаннан кейін, олар қойын  дәптерді бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйлеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды.

Рефлекциялық  әрекеттер баысында оқытудың жолдары  талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызыады. Сөйтіп, бала зін-өзі  дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру  мүмкіндігін алады.  өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.

Міне, осы жолда  қойын дәптерді жазудың маңыздылығы  зор.   

Біздің жобаның ең басты мақсаты  баршаға мәлім: ол- шәкірттерімізді  ойлау білігін дамыту. Бұл ұмтылыс  сонымен бірге оларда өзін-өзі  тану дағдысын да қалыптастырады. Әр кезде оқушы өзіне құлақ салып, ішкі әлемін түсініп, оны түсіндіруге ұмтылғаны жөн. Сайып келгенде, бұл – адам өмрінің ең басты мақсаттарының бірі де шығар. Адамзат ұстаздары, ғұламалар кезінде «Өзіңді таны!» деп бекер үндеу тастамаған емес пе?! Көне Қытай данасы Конфуций «Өзгені таныған адам – данышпан, ал өзін таныған адам бүкіл Әлемді билейді» деп айтқан екен

Мұнымен қоса егер шәкіртімізге өзінің дербес, ешкімге  де ұқсамайтын, оған ғана тән ойларын  қағаз бетіне түсіру қызық болатынболса, оларды жолдастарына  жеткізіп, құрбы-құрдастарының жағымды, позитивті пікірлерін естуге, кошеметіне бөлінуге асық болса, пікірлері мен ұсыныстарын қымбат бағалап, оларды осы тақырыптағы жазбасын кемелдендіруде және басқа да жұмыстарды жазғанда септігін тигізетіндігін бліп, қолданатын болса, осының өзі оны әрқашан да жазуға ынталандырып отыратын шығар.

Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол – конструктивтік әрекет, шығармашылық. Жазу деструкцияға, яғни қиратуға, жоюға, бұзуға, қарама-қарсы, ал конструктивизм мүмкін адамның ең басты адами қасиеті шығар. Жазғанда біз шығарушымыз, жаратушымыз, тудырушымыз. Жаңа нәрсені, туындыны дүниеге әкелу бақыты бізге жаратылысымыздан берілген болар. Оның дәлелі ретінде осы әрекетттің ерекше бағаланатындығын келтірер едім. Шындығында да біз шығара білетін адамды қастерлейміз емес пе? Адам қолынан шыққан туындыға тамсанамыз, ол біздің эстетикалық сезімдерімізге мейлінше әсер етеді. Онымен таныса отырып, бір өзімізді бүкіл адамзаттың бір бөлігі ретінде, бүкіл адамзатқа қатысымызды сезінеміз[26.14].

Екіншіден, неліктен жазу формаларын, оның ішінде эссені түрлендірмеске. Мәселен, мен өз сабақтарымда сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссені жиі қолданамын.  Алдымен оқушы  берілген тақырып бойынша сұрақ  құрастырады. Мен «Сұрақты кімге қоюға болады?» деп сұрағанымда, студенттер «Өзіме, оқытушыға, бір-бірімізге, сұрақ ешкімге бағытталмай, риторикалық та болуы мүмкін» деп жауап қатқанды. Ең бастысы олар сұрақтың танымдық қасиеті жоғары екендігін мойындап, тіпті сұрақ қоюдың жауап беруден күрделіліген көздерін жеткізгендей болады. Осыдан соң оқушы өзі ақйындаған сұрақ төңірегінде ой қозғап, оны қағаз бетіне түсіріп, жазу соңында тағы да бір сұрақ келтіреді.

Эссенің сұраққа  негізделген басқа да түрін қолданамын. Алдымен оқушылар сабақ тақырыбы бойынша өздерін еркеше толғандырған мәселе бойынша бір немесе екі-үш сұрақ жазады. Содан кейін парақтар оң жақта отырған студенттерге ысырылады да олар жолдастарының сұрақтарына жауап жазады. Бұл жұмыс оқушылардың бір-бірінің мұқтаждарына деген ықылас қалыптастырып, бір-бірін тыңдауға жұмылдыратын сияқты. Қызық емес пе жолдасың көтерген мәселеге өз түсінігіңді келтірген?!

Бұдан басқа сабақтарда кубик көмегімен  Блум таксономиясының таным мен  ойлау деңгейлері тұрғысынан жазған да тиімді. Мысалы, тақырып туралы алдымен бір жарым екі минуттай уақытта «Проблеманы сипатта» деген тапсырма бойынша жазып болған соң, ары қарай таксономия өлшемдері бойынша берілген тапсырмаларды жазбаша орындай беруге болады: «Проблеманы салыстыр», «Қалай пайдалануға болады», «Құрамдас бөліктері қандай?», «Проблеманы шешу жолдарын келтіріңіз», «Проблема шешудің тиімділігі қандай?» [27.32].

«Авторға сұрақ  қою» стратегиясы баршамызға мәлім. Осы қалыпта авторға, топтағы  жолдасына, оқытушыға  хат жазу тиімді болар. Сол сияқты таныс стратегияларды түрлендіріп жіберуге боладымысалы, Елес құшағында тәсілінде оқушылардың фантазиясын сұрақтар арқылы бір проблемаға бағыттауға болады: «Партаға жатып, барлық проблемалардан арылып, тек бүгінгі сабаққа ниеттеліңіздер. Тақырып бойынша Сізді ерекше толғандырған бір сұрақты таңдап алыңыз. Ол туралы не жазасыз? Жазудың формасы қандай болмақ?  Проблеманы қалайша айқындайсыз? Оны шешудің жоларын қарастырыңыз. Шешім Сіздің өміріңізде қолданыс табады деп ойлайсыз ба?»

Жазу тапсырмасын INSERT кестесінің тапсырмаларымен ұштастырған да тиімді. Оларға жауапты кесте түрінде және де жеке сөз бен тіркестерді келтіру арқылы емес, бірінен соң біріне кезекпен және жүйелі сөйлемдер арқылы беруге де болады: алдымен оқушылар бұрын білетін, таныс ақпаратты бірнеше минут аумағында жазып, одан соң осы сабақта танысқан жаңа мәліметтерді келтіреді, осыдан кейін өзінің бұрынғы түсініктеріне қайшы мағлұматтар төңірегінде ой қозғаған соң түсініксіз немесе келіспейтін я сұрақ, күмән туғызатын, тағы да білгісі келетін сабақтың жәйттері мен мәселелрі туралы жазуы керек [28.53].

        Концптуалды кесте, Венн, Х,М,У,Т,W кестелері мен диаграмаларын тура осылай түрлендіруге болады. Әдете бұл кестелерді толықтырғанда жеке сөздер мен сөз тіркестерін қолданамыз. Алайда оларды толымды жасауға да болады: оқушылар мұнда өз ойлары мен пайымдауларын сөйлем арқылы құрастырған тиімді. Мәселен, бүгінгі сабақ тақырыбы Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» болса, тақтаға «Бақтұғыл мен Жарасбай», «Абыл мен Қабыл», «қозы» деген үш ұғым жазылады, олардың үшіншісі сабақ мазмұнына тікелей қатынасы жоқ. Солай бола тура оқушылар берілген ұғымдардың байланысы туралы өзіндік ойларын қағазға түсірууі керек[29.53].

Осындай ойлар  тұрғысында ұйымдастырып ұсынылған  жұмыстар аз да болса нәтижеге көрсете  бастағандай болып көрінеді маған. Олай деп айтуға оқушылардың  жұмыстары негіз. Бастапқыдай емес олардың жазбаларында ойланудың табы, сезіледі, енді оқушылар оқытушы үшін емес, өздері үшін жазатын болғандай, өзі ішкі жан дүниесіне үңілгендей. Алайда әлі де қыруар жұмыс атқару керек оларға да, маған да.  

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» технологиясын тек сабақ  үстінде ғана емес, сыныптан тыс  уақыттарда да пайдалануға болады. Мысалы, «Шоқан Уәлиханов еңбектерін оқытуда  қазақ әдебиетіне көмекші  құрал» атты фпкультатив курс бағдарламасын жасап, бағдарлама бойынша жүргізілген сабқтарды сыни тұоғыдн олау жобасының элементтерін пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады. «Шоқанның эстетикалық тағылымдары » атты факультатив сабақта қызығушылықты ояту кезеңінде мәтінмен жұмыс жүргізіп, «эстетика» сөзіне оқушылар ассоциация құрса, мағына ажырату кезеңінде мәтінмен жұмыс жүргізіп, Шоқанның образ жасау, сөзбен жұмыс сітеу шеберлігіне сауалдар беріліп, оқушылар іздене білді. Венн диаграммасы арқылы Шоқанның жазбалары мен Абайдың «Жазғытұрым» өлеңіне салыстырулар жасалды. Ой толғаныс кезеңінде оқушылар «Шоқан суреттеуіндегі дала» тақырыбына ой толғау жазып,  өз білімдерін кеңейтті. «Шоқан фольклористка әлемінде... » тақырыбындағы сабақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры бойынша зерттеу жұмыстары стратегиясымен жүргізілді [30.27].

Онда бұл жырдың Жанақ нұсқасымен Құсмұрын нұсқасына терең салыстырулар жүргізіліп, факті жинаушылар Қозы мен Баян кешеніне байлнысты біраз  материалдар дайындады. «Қылқаламмен өрнектелген туындылар» тақырыбындағы сабақта Шоқан Уалихановтың суретшілік қыры танылады. Сабақта ББҮ стратегиясын қолданамын.  Бұл стратегия сабақ ьарысында оқушының белгілі тақырыпты меңгерудегі өзіндік ұстанмын қалыптастырады. Осыған дейін білген мәліметтер, сабақ үстінде білгісі келіп қызықтырған дүниелер жаңа сабақ соңында игеріп шыққан мәселелерін танытуда құндылығы басым. «Шығысты кезген жиһангез» тақырыбында өткен сабақ концептуалды және семантикалық карта бойынша жүргізілсе, «Орыс ақын-жазушыларының ой-пікірі » сабағы екі жақты түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша өткізілді. Бұл стратегиялар оқушылардың өзіндік ой-пікірін ұштауына, қорытынды жасай білуіне ықпал етті [31.86.].

Сырымбет ауылындағы тарихи-этнографиялық мұражайға  оқушыларыммен саяхат жасап, «Жолаушының  қойын дәптері» стратегиясы бойынша жұмыс жүргіздім. Бұл жұмыс саяхат пен кездесуден алған әсерін оқушының сауатты, әсерлі етіп жеткізуінен тұрды. Оқушыны қиялға жетелеуге, ішкі жан дүниесін ашуға, арманына қанат бітіруге үйретті. «Сауаттылықты ашатын хаттар» бойынша оқушылар Шоқан бабаларына хат жазып, бүгінгі заман, жастар жайынд ой өрбітті.

Әдебиет үйрмесі  бойынша жүргізілген «Кемеңгер  тұлға» атты факультатив сабақта  оқушылар қызықтырушы, қуғыншы, дәнекер, сұрақ қоюшы, сипаттаушы, сөз тапқыш, зерттеуші, суретші, жазушы ретінде Шоқан Уәлихановтың ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі  орнын жан-жақты талдап берді.

Бұл сабақта қызықтырушы Ш.Уәлиханов  өмірі жайлы осыған дейін алған  білімін, оның еңбектері жайлы танымын  көрсетсе,  қуғыншы айтылмай қалған мәліметтерді толықтырды. Дәнеер бүгінгі өмірмен байланытырды. Шоқан Омбыға барып блім алса, қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша ше елдерде білім алуға болатындығын тілге тиек етті. Талмай, әрдайым ізденіс үстінде жүру, білім алу Шоқандай бабамыздың алдындағы біздің басты прызымыз екенін көрсетті. Сұрақ қоюшы Шоқан өміріне, шығрамшылығына  байланысты, сұрақтар даярласа, сипаттаушы Шоқанға, оның жақын адамдарына мінездеме беріп, жан-жақты талдау жасады. Зерттеуші оқушы Уәлі ұрпағының шежіресінен бастап, Шоқанның әр жылдағы сапары  жайлы толық мағлұмат берсе, суретші Шоқан бабасының бейнесін қылқаламмен өрнектеп, ғалым өмірін сөз маржанымен зерледі[33.12].

    Бұл факультатив курс бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтарым оқушыларымның білімге деген қызығушылық қабілеттерін арттырып, шығармашыл, ізденгіш, біреудің пікірін сыйлай білетін, құнды пікір айта алатын, көпшіл тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік берді.

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының  стратегияларына шолу

 

Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.          Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. 
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. 
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді[34.42].                 

                      

Екі түрлі түсініктеме  күнделігі

 

Оқушылардан дәптердің  бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер  жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім  қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:

- сіздің ойыңызда не  сақталып қалды?

- автор оқырманды қалай қы-зықтырады?

- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз  қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқу-шы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу.

Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. 
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Ассоцациямен  жұмыс.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған  оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны  қалыптастыруға бағытталған  оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін  шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады.

Информация о работе Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы