Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:13, курсовая работа
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.
Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Студент мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды.
Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.
Психологтер еңбектеріне сүйеніп әдіскер ғалымдар тұлғаның ойлау қабілетін арттырып, өз бетінше пікір білдіру, шығармашылық тұрғыдан әрекет ету, оқуға мотивациясын арттыру мәселесіне байланысты түрлі тиімді тәсілдерді қарастыруда. Американдық ғалымдар Р.Сперри мен Р.Орнстайн жетпісінші жылдары адам миының бөлшектерінің әр түрлі жұмыс істейтінін көрсетті. Егер олар бірігіп қызмет атқарса, онда тұлғаға үлкен шығармашылық мүмкіндікке жол ашылады.
Адам миы оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлік: алынған ақпараттарды кезекпен өңдейді, оны бөліп талдайды; ұғымдар мен ережелерді ойластырады; соңғы нәтижесі әрекет болып табылады. Ал оң жақ бөлік: бардық ақпаратты бір мезгілде өңдейді; жүйелейді; бейнені елестетді; соңғы нәтижесін сәйкестендіру, ұқсастықты анықтау болып табылады.
Аталған ми бөлшектерінің
толық жұмыс істеуіне, тұлғаның сыни
ойлау іскерліктерінің
Бұл тәсілдер оқушының берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде беруге мүмкіндік береді. Әрине, мұғалімнің ендігі шығармашылық әрекеті – осы мәселелерді жинақтап, жасалған жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым – қатынас деңгейіне жеткізу.
«Mind Map» тәсіліне қысқаша тоқтала кетер болсам, аталған тәсілді шетелдік ғалым Т.Бузан ұсынады [35.47].
Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:
-негізгі ой анық көрініске ие бола алады;
-көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;
-ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.
Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданып
қазақ әдебиеті сабағын өткізу үлгілері
“Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасап жүрген мұғалімдердің сабақтарына тоқталып кетсем:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, жұмыс жасаған уақыт ішінде байқалған оңды өзгерістерді мына диаграмма арқылы көруге болады.Мен 2008-2009 оқу жылында алған 10 сынып оқушылары 2 жыл көлемінде мынандай нәтижеге қол жеткізді: 50 %-дан 62%-ға,52%-дан -68%-ға. Менің тәжірибемдегі сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланған сабақтарды дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, білім сапасының өскендігін байқауға болады.
V сынып Әдебиет
Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қуандық Шаңғытбаевтың өмірінен қысқаша мәлімет алады. «Сабалақ» өлеңінің мазмұнымен танысады. Абылй ханның өмір деректері туралы білімдерін толықтырады.
Міндеттері:
Стратегиялар: «Ассоциация», «Кубизм», «5 минуттық эссе», «Семантикалық карта»
Құрал – жабдық: ақ бет, дәптер, қалам, маркер
Көрнекілік: Қуандық Шаңғытбаевтың, Абылай ханның портреттері.
Сабақтың барысы:
I Қызығушылықты ояту
1. Хан сөзіне
«Ассоциация» стратегиясы
1.Жеке жұмыс
2. Жұппен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Ортақ жауап шығарылып, спикер қорғайды
II Мағынаны ажырату
Сүңгі –найзаның ұшы
Боздақ – жастай қаза болған жауынгерлер
Қар талды – қолдан күш кету
Нәскес – қарғыс мағынасында
Таралғы – үзеңгі мен ердің аралығындағы жіп
Қыл, қынап – қылыш салатын теріден жасалған қап.
Алдаспан – қару.
Дүзген – шөптің аты.
Бесін – уақытты білдіреді, сағат бестің кезі.
Қаяқ – диалекті сөз, қай жақ деген мағына береді.
Оқушылар өлең мазмұнымен, өлеңдегі түсініксіз сөздермен таныс болғаннан кейін «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кубты айналдырып лақтыра отырып, әрбір топқа берілген сұрақтың ретін анықтайды.
Сұрақ. Аңырақайдағы қазақ – қалмақ соғысын ақын қалай суреттейді? Суретке қарап әңгімелеңдер. Өлең жолдарына мысал келтіре отырып айтып беріңдер.
Салыстыру. Сұрақ. Соғыстың әрбір сәтінен мысал келтіре отырып, Әбілмәмбет ханның бейнесіне салыстырмалы мінездеме беріңдер.
Зерттеу. Сұрақ: Сабалақ кім? Ол неге «Абылай да Абылай» деп ұран салды?
Қажеттілігін бағалау. Сұрақ «Сабалақ » өлеңін оқи отырып, қандай жаңа мәліметтермен таныстың?
... Абылай тағы туа ма қазақтан
Тосып келем, сол – ендігі арманым – деген өлең жолдарындағы ақын арманының маңыздылығы неде?
ІІІ «5 минуттық эссе» стратегиясы
Тақырыбы: Абылай хан
Үйге тапсырма: «Семантикалық картаны» толықтырып аяқтау. Өлеңге жоспар құру, мәнерлеп оқу.
Семантикалық карта
Сипаттама Зерттеу объектісі |
Өлең құрылысы |
Эпитет |
Теңеу |
Кейіптеу |
Синоним |
Антоним |
Әдеби – теориялық ұғымдар, өлеңнің көркемдік тіліне талдау |
16 шумақ, 4 тарма, 11 буынды |
Жеңіл ғана шидем шапан киген |
Қаршығадай тас қомданып түйілген |
Өлік тосып, ескі, мылқау молалар |
Айқас, қаржасу, шабу, шаншу, шабысты, айысты, қағысты т.б. |
... деп ызаға Әбілмәмбет буынды Қалды кенет жүзі жайнап жадырай |
Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады [37.72]
Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан
ойлау стратегиясы бойынша
Оқушыға көркем туындыны оқытуда өз тәжірибеме сүйене отырып ең тиімді әдіс «Ой қозғау», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «5 минуттық эссе» деп айтар едім. Дәйекті түрде тақырыпты аша түсу үшін 9 «А» сыныбына өткізілген сабақтардан мысал келтірейін: «Исатай – басшы, мен - қосшы» әдебиет пәнінен өткізілген сабақ құнды ойлар мен пайымдауларға толы болды. Қызығушылығын ояту кезеңі бойынша «Махамбет кім?» деп аталған сұрақ төңірегінде оқушылар жұппен жұмыс және шағын топта жұмыс жасайды. Спикер оқып береді немесе ауызша айтады. Мағынаны тану кезеңінде топ бойынша мына сұрақтар көлемінде оқушылар сұрақтарға жауап беруге дайындалады.
Ой толғаныс кезеңі бойынша 5 минуттық эссе «Махамбет патриот ақын». Оқуға деген қызығушылығы оянған олар өз бетінше оқып, жеке топтарда талдап, талқылай ой бөлісті. Бұл сабақтан шығатын қорытынды - оқушылар Махамбет өлеңдері және оның мәні туралы білім – көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытады[38.85].
Бұдан шығатын қорытынды: жазу процесі арқылы оқушының ойлау қабілеті дамитынына тағы да көз жеткіздім:
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, мына жағдайда белгілі бір жетістіктерге жетуге болады. Ол үшін үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілдерін қолдануға болады. Қызығушылықты ояту, мағнына тану, ой толғаныс кезеңдері.
Информация о работе Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы