Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:13, курсовая работа

Краткое описание

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нургазина.doc

— 433.00 Кб (Скачать документ)

Білім мен ғылым  министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі  тәрбие тұжырымдамасында: «Адамның тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.

Жалпы білім беру жүйесінің басты  міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық   құндылықтар  негізінде қалыптасуы мен дамуы  және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті  жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім лу және жан-жақты қалыпьасу, ана тілінн, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады » делінген [1.5]

Тұжырымдамадағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда  қазақ әдебиеті пәнінің атқарар  рөлі зор.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының  жалпы орта білім беру ұйымдарына ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында білім беру жүйесінің  негізгі және бейімдік мектеп деңгелеріндегі қазақ әдебиетін оқытудың мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілікі, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жзба тіл мәдениетін қалыптастыру, қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсет алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылармен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру екені атап айтылған [12.216].  

«Қазақ әдебиеті»  пәнінің міндеті мынаған саяды:

  • оқушылардың рухани адамгершілік қасиетін байыту және эстетикалық танымын кеңейту, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
  • өмірдегі кездесетін жағдаяттардағы мәселені шешуде қазақ әдебетінен алған білім мен тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға, өз өмірлеріне қолдануға үйрету;
  • ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби – теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру немесе ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе алуын, жазылған мәтінді, ақпаратты түсіне алуын және өз ойын жазбаша жеткізе алу қабілетін дамыту.

Аталған тұжырымдамадағы  тәрбие берудің міндеттері төмендегідей:

  • білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай,адамгершілікті тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жүйесін құру және дамыту;
  • балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зи ялылылққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
  • мемлекеттік және басқа тілдерді үйрену арқылы әлемдік және ұлттық мәдениетті игерулеріне жағдай жасау;
  • жеке тұлғаның өзін - өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуында ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығуын, олардың шығармашылық қабілетін, жалпы білімге икемділігін, өзін - өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру;
  • білім алушылардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
  • отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үрдісінде, сабақтан тыс  уақытта және білім алушылардың  бос уақытында жүзеге асырылады  десек, қазақ әдебиеті пәнін оқытуды жетілдіру, жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын артыру – бүгінгі күн талабы. Жеке тұлғаны қалыптастырыпдамыту және оған терең білім беру мақсатында педагогикалық жаңа технологиялар ұсынылуда. Соның ішінде оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.

Білім беру -  ұлттық шығармашылық және интелектуалдық деңгейі қалыптасатын сала. Сондықтан  да біздің мемлекетімізде ұлттық білім  беру жүйесін жетілдіруге, реформалауға, осы саланың инновациялық қызметінің белсенділігін арттыруға үлкент назар аударылып, көңіл бөлінуде. Соның жарқын көрінісі – тәрбие тұжырымдамасы. Бұл бағытта қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік мол.

«Білім беру жүйесінің басты  міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жеке кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы ілім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты дамыту үшін жғдай жасау арқылы ой-өрісін байыту, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, білім беруді ақпараттандыру» деп, Қазақ Республикасының «Білім туралы» Заңында нақтылап, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде жеке адамның білімділігін арттыру, жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру, білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерін айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [13.12].

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері

 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің  түкпір-түкпірінен жиылған білім  берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.  
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды  қабылдай отырып, оның неге қатысты  екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни  ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану[14 .53].

 Сыни ойлау  – белгілі бір мәселе туралы  бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа  білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау  – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен  еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей  отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Технологияның басты мақсаты –  дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту”  бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады [15.27].

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  бағдарламасы бойынша ол:

-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым[16.38].

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды  тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға,  ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді  қабылдау;

4) үйрену барысындағы  оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін  қолдау;

5) кейбір оқушылар  түсіп қалған қолайсыз жағдайларды  әжуаға айна-лдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің  жауа-бына жасаған сынының дәлелді,  дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды  бағалау.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында  ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. 1-сызба. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді [17.86].

Енді осы  кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

 І Қызығушылықты  ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру[18.53].

Өйткені, үйрену – енжарлықтан  гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы  өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі

Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады[19.97].

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Оқушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады[20.17].

Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуд меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің жоғары деңгейі, «мен» бейнесінің айқын  қалыптасуына сыни сыни ойлаудың болуы көмектеседі. Сыншылдыққа өзін-өзі сезінудің қалыптасуының, жеке тұлғаның инттеллектуалдық дамуының, ғылыми дүниетанымы орнығуының негізі болатын дұрыс ойлау заңдылықтарын пайымдауды дәйектеп-дәлелдеудің әдістері мен тәсілдерін танып-білу арқылы үйретуге болады.

Жазу - көрікті ойлардың көрінісі. Жазу процесі күрделі процесс. Кез келген шығапмашылық дүниені жазу, оны жарыққа шығару үшін әр адамда және балада жазу дағдысының болуы қажет[21.69].

«Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше  игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек . Соның бір тәсілі – қойын дәптерге үзбей әрі үнемі жазу. Үнемі үзбей жазудың арқасында оқушылардың қойын дәптерлерінен дақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Жалпы оқушылардың қойын дәптерлеріндегі жазуды бақылау барысында байқағаным, олардың көпшілігі тілек, қажетті күндер, оқу кестелері, нақыл сөздер және өздріне ұнаған ақындардың өлеңдерінен үзінді жазған. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасадым. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықтадық және оның мынандай жобасын жасауға болады:

- ұнаған нақыл  сөздерді жазу;

- бұрын соңды  естімеген мақал – мәтел, сөз тіркестерін жазу; »

- нақыл сөздерге  өзіндік ой тұжырым жазу;

- ой салған  сыртқы құбылыстарды түрліше  формамен жазу;

Информация о работе Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы