Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:13, курсовая работа

Краткое описание

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нургазина.doc

— 433.00 Кб (Скачать документ)

Игерілген білім  сапасы нәтижемен өлшенеді. Демек, нәтижеге құрылған жаңа технолгоияны оқыту үрдісінде  енгізу, білім, дағды, іскерлікті дамыту – негізгі басты мақсаттардың бірінен саналады.

Бүгінде педагогика ғылымының тиімді дамуының бір жетістігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жңа оқыту технологиясының пайда болуына оңтайлы ықпал жасайды. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған озық оқыту технологиялары пайда болуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденсі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерімен қарым – қатынасы басты орын алады. Педагогикалық технолоияның өзіндік ерекешелігі, оқу үрдіінің айқындаған мақсатына жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық технология оқу-танымдық қызметінің құрлымы мен мазмұнынан көрінеді. Осыған сәйкес ол дәстүрлі әдістемеден ерекшелінеді. Оқытудың дәстүрлі әдістерін оқытудың жаңа технологиясына бағыттау қажеттігі туындауда.

Зерттеуші ғалымдар М.В.Кларин, В.П.Беспалько, Г.К.Селевко т.б. көрсетуі бойынша педагогикалық технология арқылы, бірінішіден, білім беру тәжірибесінде оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасын жоспарлап, оны кез келген сыныпта қайталамау мүмкіндігінің болуы; екіншіден, педагогикалық технология оқушылардың оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасына  негізделуі керек, үшіншіден педагогикалық технологияның ең маңызды жағы – мақсат қою. Ол оқу мақсатын нақты анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды және тұлғаның дамуы мәселесін қарастыруды қажет етеді.

Дәстүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқу үрдісінің мазмұндық құрылымын үнемі жетілдіріп, әдебиет оқытуға ең ұтымды жаңа технологияларды пайдаланудың жолдарын іздестіру, іріктеп алуды отандық зерттеуші ғалымдарымыз, әдіскер – ұстаздар басты назарға алып, әр қырынан қарастырып, көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. Әр технология пәнді оқытуда өзінің ерекше сипатымен айқындала түседі. Жаңа педагогикалық технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға оның өзіндік және шығармашылық қабеліиен арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін - өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктерін туғызады. Зерттеуші ғалым М.М.Левин: «Педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жек тұлғаны дамыту»,- деп көрсетеді. Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» жайында үш жүзден аса анықтама  бар [9.24]

 Технология ұғымы мынадай деңгейлерде қолданылады:

Салалық (пәндік): бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.

Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Сонымен бірге кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.

  1. Концептуалдық негізінің болуы қандай да бір технология философиялық, педагогикалық, технологиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі тиіс.
  2. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктері логикалық байланыста болады.
  3. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижеге өңдеу енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі.
  4. Тиімділігі. Білім беру стандартын міндетті түрде қанағаттандыруы тиіс.
  5. Қайталауға жарамдығы. Басқа ұжым да дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктің мол болуы.

Педагогикалық технологияның даму көзімен құрамдас бөліктері болып:

-әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;

-педагогика, психология қоғамдық ғылымдар;

-озат педагогикалық тәжірибелер;

-отандық, щетелдік тәжірибелерді нысанға алу;

-этнопедагогика;

Педагогикалық технологияларды мынадай талаптарға жинақтауға болады:

  1. Педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктік негізінде құру;

-Ынтымақтастық педагогика;

-Ізгілікті – тұлғалық оқыту технологиясы;

-Адамгершілікті қалыптастыруға негіздеу;

  1. Баланың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.

-Ойын сабақ технологиясы;

-Проблемалық оқыту;

-Тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы;

-Коммуникативті оқыту жүйесі.

  1. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген:

-Программалап оқыту;

-Дифференциалдап оқыту;

-Даралап оқыту;

-Ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері.

-Компьютерлік технология.

Білім беру жүйесінде  соңғы жылдары «білім берудің  инновациялық  технологиялары» ұғымы  жиі қолданыла бастады, педагогикалық  қызметтің жан-жақтылық сипатына орай бұл ұғымды бір жақты түсіну мүмкін емес. Энциклопедиялық сөздікте  «Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновағиялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы» деген анықтама берілген. Ол әрқашан да даму жағдайында жүзегеасырылады, инноавациялық технология шығармашылық пен ізденісті талап етеді, туындаған инновациялық жағдаятқа сәйкес әр түрлі тәсілдерді қолдануды көздейді.

Ғалымдардың ойынша, білім беру технологиясын өзгерту қажеттігі Қазақстанның жаңаруына себеп болмақ. Осының бәрі мұғалімдердің білім беруде, білім алушыларды жан-жақты дамыту мәселесінде инновациялық технологиялар мен білім парадигмаларын бірілікте қарастыруға негіз болып табылады.

Ю. Фокиннің пікірінше, «Педагогикалық технология, бәрінен бұрын, іс-әрекеттің жоғары нәтижелігі. Кәсіптілік жоғарғы көрсеткіш: жүйелілік, бірізділік, ғылыми ұстанымдармен қатар сенімділік. Кәсіби біліктілік бұл қателер мен кемшіліктер жібермеу, шығармашылық қатынас жасау» [10.25].

Ендеше «Құзыреттілік » білім беру саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде енгізіліп отырған ұғым «Құзыреттілік» латынның «компете» - «лайықтымын», «компетекс» - қабілетті деген сөзінен алынған.

Инновациялық  оқыту ерекшеліктері мыналарды қамтиды:

-Жеке тұлғаға бағдарланған технологияларды оңтайлы қолдану арқылы инновациялық білім берудің дамуы;

-Ғылыми мектеп негіздеріне сай кәсіби құзіретті мамандар даярлау жүйесін жасау;

-Кәсіби білім беру және инновациялық қызметті кіріктіру қабілеттілігі;

-Оқу орнының отандық және шетелдік өзекті ортамен ынтымақтастық инфрақұрылымын дамыту.

-Оқу орнында жалпы және кәсіби құзыреттілікті дамытуда бәсекелестік қалыптастыру;

-Жаңа мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру құрылымын және басқару мен өзін - өзі басқару әдістерінм жасақтау.

Инновациялық  оқытудың тиімділігі оқушылардың өз бетінше жүргізілетін жұмыс деңгейімен анықталады, өз бетінше тиімді  жұмыс  істеуіне қажетті тапсырманы үш түрге  бөлуге болады.

    1. теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрететін тапсырмалар.
    2. белгілі заттар мен құбылыстарға іс жүзінде әсер етуге дағдыландыратын тәжірибелік тапсырмалар.
    3. теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға дағдыландыратын тапсырмалар.

Бұл мұғалім  мен шәкірттердің арасында өзара  ынтымақтастықты жетілдіре отырып өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жүзеге асыру үрдісінің тиімділігінм арттыруға, педагогикалық және әлеуемттік мәдени қызметін тиімді ұйымдастыруға бағытталады.

Ізгіліктілік  тәсіл – субъект ретінде адамның  маңызды өлшемін қалыптастыру тәсілі болып саналады. Сондықтан қазіргі ізгілендіру үрдісі «білімді адамнан мәдениеттң адамға» ұстанымына сай білім беру парадигмасын негізге алады.

Мәдениетанымдық тәсіл – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс - әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірлік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ерекшеліктерді танып білуге бағытталады. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының мәдениеті мен әлемінің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени – демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

Акмеологиялық тәсіл – тұлғаның кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейге жетуі мен тұлғаның дамуына тікелей байланысты әлеуметтік, әлеуметтік – психологиялық, педагогикалық және дидактикалық жағдайлар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, акмеологиялық тәсір арқылы инновациялық оқыту тәжірибесіне тұлғалық бағдар берудің акмеологиялық технологиялары енгізіледі.

Рефлекциялық  тәсіл – кәсіби қалыптасу барысында  туындаған қарама –қайшылықтарды анықтауға, өзін - өзі тану мен өзіндік қадағалау  жүргізуге мүмкіндік береді.  Рефлекциялық тәсіл негізінде оқу қызметі мен өз мінез – құлқына кәсіби талдау жүргізуге дағдыланады.

Ендеше инновациялық оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда мынадай мәселелер  ескерілуі қажет:

-ғылым жетістіктері мен оларды педагогикалық тәжірибеде пайалану үрдісін тиімді қолдануға негізделген жаңашылдық;

-оқу үрдісінде артық жүктеме түсірмей, жоғары сапаға қол жеткізуді мақсат ететін оңтайлық;

-кәсіби қызметті өзіндік болжау мен жобалау технологиясына сай ұйымдасырылатын танымдық іс- әрекетті бағдарлау;

-инновациялық оқыту жағдайында ақпараттық – технологиялық құзырлылығын жетілдіруге бағытталған ақпараттық технологиялардың жүйелілігі;

-өзіндік жұмыстарды ұймдасытур мен танымдық ынтаны қалыптастыруда психологиялық ерекшеліктердің есепке алынуы;

-инновациялық оқытуда тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері мен субъективтілігін қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдерді қолданудың қажеттілігі;

-білім, рухани және мәдени құндылықтар қоғамның дамуына сәйкестендіріліп, шығармашыл, рефлексивтік қабілеті, толеранттылық деңгейі мен кәсіби құзыретті тұлға қалыптасуын қамтамасыз ететін арнайы жүйе ретінде құру. 

Оқу тәрбие үрдісіне жүргізіп отырған бақылау нәтижелері қандай да бір білім технологиясын пайдалануға толықтай енгізу үшін оған жоспарлы, мақсатты дайындық қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізуді қалай тиімді жүзеге асыруға болады деген сұрақ туындайды. Бұл мәселені шешуде төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:

Біріншіден, ұжымдағы мұғалімдер арасынан пәндік және педагогикалық  – психологиялық даярлығы, шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімділіктері жоғарылары іріктелініп алынуы тиіс.

Екіншіден, мұғалім  сабақ жүргізетін пән ерекшелігі ескеріле отырып олардың педагогикалық  технологияларды таңдауын жүзеге асыру  керек.

Үшіншіден, осы  іріктелініп алынған мұғалімдер арнайы курстан (педагогикалық технологияның теориясын, тәжірибесін қамтитын) өтуі тиіс.

Төртіншіден, пән  бойынша белгіленген педагогикалық  технологияны қолданып, сабақ жүргізілетін сынып белгіленуі тиіс (бұл жерде сыныптағы оқушылардың үлгірім деңгейі, психологиялық ерекшеліктері, оқу мүмкіндіктері толық ескеріледі).

Бесіншіден, осы  сыныптарда белгілі бір мерзімде қамтитын эксперименттік сабақтар өткізіліп, ол қорытындыланады.

Алтыншыдан, егер белгіленген педагогикалық  технология бойынша мұғалімнің оң нәтиже берсе (үлгірім сапасы төмендемесе, балалардың денсаулғына кері әсерін тигізбесе), аталмыш технологияны тәжірибеге толықтай енгізуге рұқсат беріледі. [11.22].

 Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен падагогикалық үрдіс белгілі жүйе ұстанымдарында құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология ішкі және сыртқы  болып бөлінеді. Осы ұстынамдарды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым – қатынасында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін. Міне, осындай педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі мен тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады.     Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым – қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың педагогикалық шеберлігі және кәсіпқойлығы көрінеді. Оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен мазмұнын өндіруді көрсетеді.

Қоғам өмірінің салаларында, яғни экономиасы мен әлеуметтік қатынастарнда көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Инновациялық педагогикалық іс - әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама – қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім тұлғасын қалыптастыруға бағытталады.

Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық  үрдіс элементтерінің бірлігін немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі  белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың арционалды жолдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, сонымен қатар тәсілдер жүйесі ретінде ұстанымдар мен оқытды зерттеуші қызметін атқарады. Қазіргі кез келген педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құндыд үниені әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамды ізгілендіру мен демократия жемісін жинақтаушы болады. Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық құзыреттілігі оқушылар контингенті, сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл күй әр түрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әртүрлі болғанымен, бір-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.

Информация о работе Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы