Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 22:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - елімізді интеграциялық жағдайында салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебін дамыту бойынша теориялық сұрақтар және ұсыныстар беру немесе құрастыру.
Қойылған сұрақтарға сәйкес мынадай міндеттер қойылады :
бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайын қарастыру;
бугінгі таңдағы Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру;
бюджетпен есеп айырысудың есебін қарастыру.
Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар. Төлем көзінде салынатын салық салық төлеушінің табысына алынады, олардың қатарына:
- еңбеккерлердің табысы. Төлем көзінде салық салынатын еңбеккерлердің табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанда есептеген жалақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында карастырылған, салық шегерімін азайтатын сомасы, материалдык, олжасы, әлеуметтік және материалдық игілік т.б. табыстары кіреді. Жеке табыс салығының ставкасы 10 пайызға тең.
Еңбеккерлердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы еңбеккерлердің табысына қолданатын мөлшерлеменің көмегімен есептелінеді.
Табыс салығын ұстаған кезде 3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар» шоты дебеттеліп, 3120 «Жеке табыс салығы» шоты кредиттеледі:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салық салынбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б.
Резидент емес заңды тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жеке шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып бөлінеді.
Мысалы, Жамбыл облыстық филиалы «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынында 2012 жылдың қазан айында ай басындағы қалдығы 165851,34 тг. құраған, ай ішінде төмендегідей операциялар болды:
Дт 3350 Кт 3120 165851,34 тг.
Дт 3120 Кт 1030 28653,00 тг.
Нәтижесінде 234066,08 тг. кейінгі айдың шығындарына жатқызылды.
Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып салық салынатын айналым және салық салынатын импорт табылады.
Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни занды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын коспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12 пайызын кұрайды (ҚКС-нан босатылған айналымды қоспағанда).[5]
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын косылған құн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.
Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.
Қосылған кұн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген кызметтерді кабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егерде ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 1420 «ҚҚС» шоты дебеттеліп, 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары», 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді қарыздары», 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары» шоттары кредиттеледі.
КҚС есептеу кезінде 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» шоты дебеттеледі де, 3130 «ҚҚС» шоты кредиттеледі.
Содан соң 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» шотынын кредитінен 3130 «ҚҚС» шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 3130«ҚҚС» шотының дебетінде, 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотының кредитінде көрініс табады.
Сатып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде, ол 3130 «ҚҚС» шотының дебеті мен 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары» шотының кредиті бойынша көрініс табады. ҚҚС-ның төленген бұл сомасы, 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары» шотының дебеті мен 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары» шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Акциздік (жанама) салық - сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Акцизді есептеген кезде 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» шоты дебеттеліп, 3140 «Акзиздер» шоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3140 «Акзиздер» дебеттеліп, 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты кредиттеледі.
Акциздер тауарлардың меншікті немесе өндейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.
Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша салық салынатын объектісі Қазакстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленген.
Акцизделген тауарды импорттау кезінде олар үшін акциздің тұрақты мөлшерлемесі белгіленген. Сондықтан оның салық салынатын базасын анықтау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткіштің көлемі алынады.
Ал адвалорлы әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік құны алынады.
Ойын бизнесі бойынша салық сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенің кассасы алынады.
Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі 3150 «Әлеуметтік салық» шоттында жүреді.
Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, қалған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.
Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 8110 «Негізгі өндіріс», 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар» және 3150 «Әлеуметтік салық» шоттың кредитінде көрініс табады.
Мысалы, Жамбыл облыстық филиалы «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынында 2012 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік салық бойынша ай басындағы қалдығы -178041,38 тг. құраған, ай ішінде төмендегідей операциялар болды:
Дт 7110 Кт 3150 91749,13 тг.
Дт 3150 Кт 1030 170844,00 тг.
Жер салығы. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 «Жер салығы» шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.
Энергетика мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жұмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, электр сымдарын ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер телімдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.
Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасымалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер телімдері, газ бен мұнай кұбырларымен байланысты жер телімдері, салық салынатын объекті болып табылады.
Байланыс сферасының балансында тұрған жер телімдері салық салынатын объектісі болып табылады.
Жердің әрбір теліміне тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады.
Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеліп, 3160 «Жер салығы» шоты кредиттеледі. Салықты төлеу салықтық кезеңнің 1-ші шілдесінен кешіктірмей тіркелген объектілер бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Ол кезде 3160 «Жер салығы» шоты дебеттеліп, 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты кредиттеледі.
Мысалы, Жамбыл облыстық филиалы «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынында 2012 жылдың қазан айында жер салығы бойынша ай басындағы қалдығы -5538,92 тг. құраған, ал ай соңына сол қалдық көшірілген, ай ішінде төмендегідей операциялар болды:
Дт 7110 Кт 3160 27135,00 тг.
Дт 3160 Кт 1030 27135,00 тг.
Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және Қазақстан Республикасы зандарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік кұралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептік көрсеткіші бойынша алынады.
Көлік құралдарына салық есептелгенде 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеліп, 3170 «Көлік құралдары салығы» шоты кредиттеледі. Салық төленгенде 3170 «Көлік құралдары салығы» шот дебеттеліп, 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты кредиттеледі.
Мысалы, Жамбыл облыстық филиалы «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынында 2012 жылдың қазан айында көлік құралдары салығы бойынша ай басындағы қалдығы -48343,00 тг құраған, ай ішінде өзгеріске ұшырамаған, ал ай соңына сол қалдық көшірілген. Көлік құралдары салығы бұл мекемеде есептелмеген, бірақ оның өткен жылдардағы есептелінуі мынадай бухгалтерлік жазумен рәсімделуге жатады:
Дт 7210 Кт 3170 48343,00 тг.
Корпаративтік табыс салығының банктік шоттан төленуі төмендегідей жазумен жазылуға тиісті:
Дт 3170 Кт 1030
Мүлікке салынатын салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 3180 «Мүлік салығы» шотында көрініс табады.
Мүлікке салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеледі де және 3180 «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі. Төленген жағдайда 3180 «Мүлік салығы» шоты дебеттеліп, 1030«Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты кредиттеледі.
2.3 Салықтар мен алымдар бойынша есеп айырысудың есебін инновациялық технологиялар жағдайында ұйымдастыру
Кәсіпорында ағымдағы салық есебі бойынша операцияларды уақытылы есепке алудың маңызы зор. Нарық экономика жағдайындағы бәсеке тұсында бюджетке есептелінген және төленіп берілетін қарыздардың есебін ұйымдастыру – оның технология төлем қабілеттілігін арттырудың маңызды шараларының бірі. Себебі бюджетке есептелінетін және төлеп берілетін қарыздарды есепке алу арқылы оның пайда болу себептері, кәсіпорынның қаржы жағдайына ықпалы бағаланады. Сондықтан оның есебін жетілдіру кәсіпорын үшін маңызды болып табылады. Бұл ретте кәсіпорынның салық есебі бойынша қарыздардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін арнайы компьютерлік бағдарлама қолдануы қажет.
Информация о работе Салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебі