Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 22:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - елімізді интеграциялық жағдайында салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебін дамыту бойынша теориялық сұрақтар және ұсыныстар беру немесе құрастыру.
Қойылған сұрақтарға сәйкес мынадай міндеттер қойылады :
бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайын қарастыру;
бугінгі таңдағы Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру;
бюджетпен есеп айырысудың есебін қарастыру.
Қазіргі кеде компаниялардың өзі ҚЕХС қолданудағы қызығушылық тұрғысынан, бірнеше топқа бөлінеді:
Осыған байланысты біздің республикада ҚЕХС енгізу келесі мәселелерді шешуді талап етеді:
Әдістеме - латыннан, кейбір ғылымда қолданылатын білім алудың ғылыми әдістері немесе әдістер жиынтығы туралы ілім. «Әдіс» деген терминнен айрықша, есептің әдістемесі ретінде қызмет нәтижесін анықтау мақсатында шаруашылық қызмет көрсетудің әр түрлі тәсілдер жиынтығы деп танылады. Сонымен, әдістеме анықтамасы қоғамдағы процестер мен жағдайларға деген көзқарасты білдіретін концепцияларға негізделген.
ҚЕХС әдістемесі туралы айтқанда, қалыптасуы қаржылық есеп беруге ақпарат дайындау үшін жалпылаған жол табуға бағытталғанын атап өткен жөн. Бұл, ҚЕХС әлемдік танымалға ие болғанына барлық бухгалтерлік бірлестіктерінің өзінің кәсіби қызметіне маңызды екеніне сенімділіктен пайда болды. Сонымен қатар, халықаралық стандарттау қызметін реттеуші ұйымдар барлық жерде тек ҚЕХС қолдануды талап етуге құқығы жоқ. ҚЕХС құрастарудың жалпы әдістемесі белгілі бір ережелерді кезекпен орындауға бағыттайды.
ҚЕХС әдәстемесінің негізгі бөлігі - оның ішіндегі стандарттың мәнін түсіндіретін анықтамалар, олар пайдаланушы стандартты түсінуге және есепті ұсынуда жұмысты жеңілдетуге арналған. Жалпы олардың міндеті практикалық қызметте стандартты пайдалануды жеңілдету.
ҚЕХС теориялық және
концептуалды әдістемелік негіздері «
Бұл құжатта түсіндіру сұрақтары ретінде қаржылық есеп беруді ұсынған кезде пайдаланатын бар стандарттармен байланыстары таңдалады.
ҚЕХС құрастыру әдістемесіне жалпы сипаттама бере отырып, оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық. Мысалы, артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:
ҚЕХС әдістемесін
Түрлі пайдаланушылардың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің жағдайы және нәтижесі туралы объективті нақты ақпарат алу. Қаржылық есепті жүргізуді ұйымдастыру кәсіпорынның өз құзыры, қаржылық есеп беруді құрастырудың жалпы ережелері қажет, олар пайдаланушыларға түсінікті ақпарат қажеттілігін қамтамасыз етеді және есеп берудегі ұсынылған ақпараттың объективті екеніне кепілдеме береді.
Халықаралық стандартқа сәйкес шоттардың типтік жоспары шоттардың 4 класынан тұрады. Атап айтқанда:
1 класс – Активтер;
2 класс - Міндеттемелер;
3 класс – Меншікті капитал;
4 класс – Қызметтің нәтижелері.
Әрбір класқа, шоттардың бірнеше тобын біріктіретін бөлімдер енгізілген. Шоттардың жаңа типтік жоспары - өтімділіктің өсуі бойынша құрудың ескі принципінен өзгеше өтімділіктің азаймалы принципі бойынша құрылған. Бірінші бөлім ақшалай қаражаттарды есепке алу үшін басында келтірілген шоттар құрамында айналымдағы активтерді есепке алу үшін арналған.
Екінші класс міндеттемелерді есепке алу шоттарына арналған. Әрине, онда да өтімділік пен мерзімділіктің кему принциптері бақыланады. «Міндеттемелер» келесі бөлімдерден тұрады:
1 бөлім – қысқа мерзімді міндеттемелер;
2 бөлім – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Осы класстың бірінші бөлімінде сауда және басқа кредиторлық берешектерді есепке алу шоттары келтірілген.Стандартта шартты және кепілді міндеттемелер сияқты жіктелетін, болашақ міндеттемелердің орындалуы барысында резервті құру бойынша халықаралық стандарттың талаптарын толыққанды іске асыруға мүмкіндік беретін бағалау міндеттемелерін есепке алу үшін жаңа шот енгізілді.
4 класс «Қызметтің нәтижелері». Қызмет түріне қарай шоттар топ бойынша бөлінген: негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар. «Шығыстар» бөлімінде де негізгі және негізгі емес қызметтің шығыстарын есепке алу үшін шоттар топтастырылған. Осы класс шотының үшінші бөлімі қызмет нәтижелерін есепке алу үшін өндірістік есеп жүргізудің шоттарына арналып отыр. Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.[2]
2. Салықтар және алымдар бойынша есептесудің іс-жүзіндегі есебі
2.1 Қазақстан Республикасында салықтық жүйенің қалыптасуы және салықтардың мәні мен түрлері
«Салық» ұғымы мен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылы желтоқсанның
25-інен бастап біздің
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерулер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне уақыт талабына сай өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
Салықтардың, оларды төлеушілердің,
салықтарды алу әдістерінің, салық
жеңілдіктерінің жиынтығының бо
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидалар бойынша былайша жіктеледі:
Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тікелей салықтар - салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктелінеді. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тікелей салықтар - бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдарының табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы - жеке салық салу салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.
Жанама салықтар - баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі, кеден кірістері, ішкі нарықта салынатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесінде жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтардың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кірістірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпы мемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі
бюджеттерде шоғырландырылады және
жалпы мемлекеттік
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа, тұтынуға және меншікке салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауар мен қызметтер көрсету, тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай үш әдісі қолданылады: салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.[3]
Бірінші жағдайда салықты есептеу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табысының көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органдарына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.
Информация о работе Салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебі