Салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 22:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты - елімізді интеграциялық жағдайында салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебін дамыту бойынша теориялық сұрақтар және ұсыныстар беру немесе құрастыру.
Қойылған сұрақтарға сәйкес мынадай міндеттер қойылады :
бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайын қарастыру;
бугінгі таңдағы Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру;
бюджетпен есеп айырысудың есебін қарастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салық.doc

— 274.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Нарықтық экономиканың қалыптасуы Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді.

Нарықтық экономика  жағдайында іс жүзінде ұйымның күрделі  экономикалық механизмін басқару, негізгі  бөлігін анық ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп жүйесі беретін қазіргі экономикалық ақпаратсыз мүмкін емес. Бухгалтерлік есептің мәліметтері ұйымның және оның құрылымдық бөлімдерінің жұмысына оперативтік жетекшілік жүргізу, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспарларды, олардың экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып үйрену, зерттеу үшін пайдаланылады.

Қазіргі кезде жаңа экономиканы  адекватты индустриалды-инновациялық дамыту, нарықтық экономикаға өтуді жеделдету, Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыру үшін, яғни біздің республикамыздың бухгалтерлік есепті жетілдіру және оны әрі қарай дамыту, нормативті-құқықтық актілерді құрастыруда және қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттарына толтыру бойынша сәйкес үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша кеңесімен (ҚЕХСК) құрастырылған қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) бүкіл дүние жүзінде ұйымның қызметі туралы ашық және түсінікті ақпаратты ұсыну үшін тиімді құрал ретінде танылды. Тек басқару сапасы және қаржылық есеп берудің ашықтылығы инвесторлар мен кредиторлардың қаржы салу үшін объектілерді таңдай алатын белгілері болады.

Бүгінгі күні қазақстандық ұйымдардың бір қатары халықаралық  стандарттар бойынша есеп беруді ұсынады. Бұл олар үшін қосымша болып табылады, өте ауыр, себебі олар қаржылық есеп беруді екі түрде - қазақстандық және халықаралық ережелер бойынша, сонымен қатар, арнайы салықтық есеп беруді дайындауға мәжбүр.

Шаруашылық ұйымдарды  жаңа есептік жүйеге ҚЕХС көшуді аса  сақтылықпен және жоспарлы жүргізу қажет, себебі оны тауарларды өндіру, қызмет көрсету, жұмыс орындау саласында тікелей пайдалану ұйымның капиталын сақтау қаупін төндіреді, ұйымға жетекшілік етуді және мәнісіндегі қаржы шаруашылық нәтижесіне бақылауды күрделілендіреді, сонымен қатар субъективтік салықтық жоспарлаудың үлкен мүмкіндіктерін болжайды.

ҚЕХС бойынша есеп беруге ақпараттың ашықтығы туралы өте  үлкен талаптар қойылады. ҚЕХС бойынша  толтырылған есеп беру кәсіпорынның қаржылық жағдайын шынайы көруге және өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ұйымдардың ҚЕХС көшуі - бұл қаржылық ақпаратты  сыртқы пайдаланушылардың мүддесін және Қазақстанды әлемдік экономикаға  интеграциялаудың қажеттігін қамтамасыз ету.

Қаржылық есеп беру ақпараттың негізгі көзі болып табылады, яғни пайдаланушы да оның дұрыстығы мен толықтылығына сенімділік болуы қажет. Сондықтан барлық маңызды жағдайларда оны дайындауға, қаржылық есеп беруді және аудитті қалыптастыруға бекітілген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің толтырылғанын анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық есеп берудің аудиті қажет.

Бүгінгі күні қолданыстағы бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттарының ережелері  мен талаптарына толығымен есепке алмайды.

Қазақстанда бухгалтерлік есепті реформалаудың негізгі мақсаты ұлттық жүйені нарықтық экономиканың және қаржылық есеп берудің халықаралық және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келтіру болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебі».

Курстық жұмыстың мақсаты - елімізді интеграциялық жағдайында салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебін дамыту бойынша теориялық сұрақтар және  ұсыныстар беру немесе құрастыру.

Қойылған сұрақтарға сәйкес мынадай міндеттер қойылады :

  • бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайын қарастыру;
  • бугінгі таңдағы Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру;
  • бюджетпен есеп айырысудың есебін қарастыру.

Курстық жұмыстың объектісі болып Жамбыл облыстық филиалы «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының салық есебі табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілетті жағдайындағы рөлі

1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы

 

Американдық ғалымдардың  әдебиетіне шолу жүргізгенде анықталғаны, принцип - бұл бухгалтерлік есеп ережелерінің бөлшектелген түрлері. Ұлыбританияда бөлшектелген ережелерді тәжірибе, саясат немесе негіздері дейді, ал одан кеңірек анықтамаларды әдетте концепция деп атайды (лат. Сonceptio - көзқарастар жүйесі, процестер, құбылыстарды түсіну, басты ой, бірыңғай анықтаушы ой).

Есептің концепциялары  туралы айтқанда, ол есеп жүйені құрудың  негізі екенін ескеру керек, солар арқылы түрлі салалардың, қызмет түрлерінің және ұйымдастыру - құқықтық формадағы субъектілер есеп жүргізудің ережелерін немесе ұсынымдарын анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда, концепция - бұл есеп принциптерін құрастырудың логикалық алдыңғы кезеңі. Белгілі бір өзара байланысты түсіндіргенде концепциялардың түзетуге ұшырауы мүмкін, ол экономикалық нақтылықтар өзгеруімен байланысты, сондықтан мәңгілік берілген болып саналмайды. Тағы да қайта түзету бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесі туралы жалпы түсінікке, яғни негізінде жатқан концепцияларға сүйенеді.

Бухгалтерлік есеп методологиясы үшін бухгалтерлік табыстың шамасы мен оның салық салынатын базамен қандай байланысы бар екендігін түсіну және оны түсіндіру маңызды мәселе болып табылады.

Есеп теориясында бухгалтерлік табыс пен салық салынатын табыс сомаларының өзара байланысының шын мәнінде бір-біріне тең екі концепциясы өріс алған.

 Ресей ғалымдары  Я.В. Соколов пен В.В.Петровтың зерттеулеріне сүйенсек, бірінші және екінші концепция өткен ғасырдың басында Пруссияда пайда болған. Яғни, бұл елде сол кезде байланыстық пайданың сомасы салық салынатын шамаға тең болуға тиісті деген ереже енгізілген болатын. Салық концепциясы деген атқа ие болған бұл концепция осы уақытқа дейін әр түрлі модификациялары Еуропада үстемдік етеді. Оның басты ерекшелігі: кез-келген қаржылық қорытынды есеп мемлекеттік салық органдарының мүддесі үшін құруға тиісті.

Бұл концепцияның негізгі  құндылығы оның қисындылығы мен  қарапайымдылығында екенін мойындау керек. Ол жалғыз ғана тиянақты және беделді  көз заңға сүйенеді.

Бухгалтер ағымдағы есепті жүргізеді, салық салу базасы болып  табылатын қаржылық нәтижені анықтайды  және әрине, бюджет алдындағы міндеттемені көрсетеді. Бухгалтер үшін есеп бөліктерге бөлуге болмайтын біртұтас жүйе.

Салықтық концепцияға сәйкес қаржылық қорытынды есеп бәрінен бұрын мемлекеттің мүддесін көрсетеді, ал шаруашылық процестің басқадай қатысушыларының мүддесі оған бағынышты көрінеді.

Әр түрлі кәсіпорындардың  қаржылық қорытынды есебінде берілген мәліметтердің салыстырылуына жағдай жасалады.

Қаржылық қорытынды  есепті пайдаланушылар өздері пайдаланатын кез келген қаржылық қорытынды есептің бірегей ережелері бойынша құрылғандығын түсінеді.

Бұның бәрі, әрине, жеткілікті түрде сендірерлік дәлелдер, бірақ, ғылыми логика қандайда бір концепцияның пайда болуы ең кем дегенде тағы да біреуінің шықпай қоймайтындығын көрсетеді.

Екінші қарама-қарсы концепция Ұлыбританияда пайда болды. Бұл концепцияны «меншіктік» деп атауға болады және ол ағылшын тілінде сөйлеуші елдерде үстемдік етеді. Соңғы уақытта бұл коцепция Еуропа котинентіне үлкен әсер етіп отыр. Оның басты ерекшелігі: кез-келген қаржылық қорытынды есеп меншік иесінің мүддесі үшін құрылуға тиісті. Концепцияның құндылығы оның шыншылдығында. Ол заңның өлі әріптерінен емес, мағынасы шаруашылық өмірдің фактілерін дұрыс және дәл көрсету талаптарынан туындайтын, нақты өмірдің ситуацияларынан бастау алады.

Шаруашылық процестеріне әртүрлі адамдар қатысады, және олардың  топтық мүдделері бірдей емес. Кәсіпорындар нақты адамдарға тиісті болғандықтан, есепте қандай да бір басқа тұлғалардың мүддесі үшін емес, міндетті түрде меншік иелерінің мүддесі үшін ұйымдастырылуға тиісті.

Қаржылық қорытынды  есеп меншік иелері, акционерлер үшін құрылады және олар қалай болуға тиісті деп есептелсе, солай жасалынады.

Қаржылық қорытынды  есепті пайдаланушылар өздері пайдаланатын кез келген қаржылық қорытынды есептің  әр түрлі ережелері бойынша құрылғандығын  түсінеді, бірақ, түсіндірме хатта есептеулердің  орындалу механизмдерін ашып көрсетуші  методологиялық ерекшеліктер туралы мәліметтер келтірілетіндіктен, әрбір пайдаланушы қаржылық ақпараттардың абъективті сипаттамасын алады.

Екінші концепция уақыт өте «ағылшын Америкалық» деген атқа ие болды. Қазір халықаралық қауымдастықта ағылшын-америкалық концепцияның ықпалы жоғары. Ағылшын америкалық модельдің негізін қалаушы принциптер Ұлыбританияда және АҚШ та жасалынады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан Голландия мемлекеті. Бұл модельдің негізгі идеясы есепті инвесторлар мен кредиторлардың ақпараттық сұранымына бейімдеу.

Қазақстанда бухгалтерлік есептің республика үшін тиімдірек концепциясын анықтау мақсатында әлемдегі экономикалық жағынан дамыған елдердегі бухгалтерлік есеп жүйесі зерттелді. Сөйтіп, Республикамызда бухгалтерлік есепті реформалау үшін ағылшын-америкалық модель таңдалды.

Біздің ойымызша, бұл  дұрыс таңдау. Себебі, салық салу базасы ретінде тек қаржылық нәтиже саналмайды, басқа да көптеген салық  салу базалары бар. Бұдан біз салық  концепциясы өзінің негізінде бірегейлікті көздеген болса, шын мәнінде қазір  одан айырылғандығын көреміз. Одан басқа, егер мемлекеттік бюджетте жиынтық табысқа салынатын салықтың маңызы елеулі болса, онда активтерді қайта бағалауға жол бермеу керек, себебі олардың құндарының өсуі автоматты түрде амортизациялық аударымдардың өсуіне және тиісінше, жылдық жиынтық табыстың және салық сомасының азаюына әкеліп соқтырады. Басқа жағынан, егер бюджеттің табыс бөлігінде мүлікке салынатын салық маңызды рөл атқаратын болса, онда қайта бағалаудың болмауы, тарихи баға принципін қолдау - өзіндік құны бойынша бағалау, инфляция жағдайына бюджет тапшылығының өсуіне әкеп соқтырады.

Қазақстанда қабылданған  бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі, кәсіпорынды ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын  көбірек бұруға мүмкіндік береді.

Ағылшын-америкалық концепцияға көшуге мүмкіндік берген жағдай бухгалтерлік табыстың бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелуі, ал салық салынатын табыстың – салық кодексіне сай есептелуі.

Концепция - бухгалтерлік есеп принциптерін жасаудың қисынды жол салушысы. Белгілі бір құбылысты түсіндіре отырып, концепциялар экономикалық өмір шындықтарының өзгеруіне байланысты түзетулерге ұшырауы мүмкін, сондықтан олар бір рет мәңгілікке берілген ақиқат болып табылмайды және де әртүрлі түзетулер бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп беру жүйесі туралы жалпы түсініктерге, яғни оған негіз болған концепцияларға сүйенеді.

Бухгалтерлік есептің  концепцияларын кейбір ғалымдар үш топқа бөледі:

  • есептік ақпараттың сапалы сипаттамасы;
  • осы ақпаратты есепке алу принциптері;
  • қаржылық есеп берудің элементтері.

Есеп ақпарттарына қойылатын негізгі талаптар, оларды пайдаланушылардың қандайда болмасын шешім қабылдау үшін пайдалылығымен байланысты. Жалпы, есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің пайдаланушылар үшін пайдалылығын алдын ала болжайды. Әрбір нақты жағдайда ол немесе басқа бір сипаттама маңыздырақ болатындықтан, бухгалтердің кәсіби шеберлігі барлық сипаттамалардың қолайлы үйлесім табуынан көрінеді.

Ақпаратты есепке алу  принциптері қаржылық есеп жүйесінде  ашылатын ақпаратқа сәйкес ережелерді анықтайды. Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсынудың концептуалды негіздері деген құжатта қарастырылған. Бұл құжат стандарт болып саналмайды, бірақ халықаралық стандарттарды құрастыру процесінде және қаржылық есеп беруді қалыптастыру жолдарын үйлестіруде маңызды рөль атқарады.

Қаржылық есеп берудің  мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы  ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс, олар танылу белгілерін қанағаттандырады, тиісті жолмен бағаланылады.

 

1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері

 

Әрбір ғылым негіз  құраушы принциптерге (қағидаларға) сүйенуі тиіс. «Принцип» латын тілінен алынған principium деген сөз және оны аударғанда қандай да болмасын бір теорияның, ілімнің, ғылымның негізі немесе бастауы деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есептің принципі – сол ғылымның негізі, яғни бастауы. Кез-келген ғылым сол ғылымның өзінің мағынасынан туындайтын принциптерге негізделеді.

Алғашқы рет кәсіпорындағы  есептің принциптерін  қалыптастыруға әрекетті өткен ғасырдың 40-шы жылдарында АҚШ жасады, онда Американдақ бухгалтерлер ассоциациясы есеп стандарттарын құрастыруды бастады. Солардың бірінші авторлары белгілі американдық ғалым В. Патон (1889-1981) есеп принциптерінің түсіндірмелерін жариялайтын топтың жетекшісі еді. Бірінші басылым 1936 жылы шығып «Есептік принциптер туралы эксперименталды нұсқау» деп аталды. Онда теориялық түрде келесі принциптердің негізі қалыптасқан: екі жақтылық, өлшемдік, үздіксіздік, өзіндік құн, консерватизм, маңыздылық, өткізу, сәйкестік және т.б. Келесі басылым В.Патон мен А.Литлтонның біріккен жұмысы «Бухгалтерлік есеп стандарттарына кіріспе» болды, онда принцип деген сөз стандартқа әдейі алмастырылды, себебі, принцип деген сөз әмбебеп болса да бухгалтерлік мамандықта онша үйлеспейді. Сол кезден бері бұл жұмыс көптеген мемлекеттерде жалғасты және есепті бастайтын кейбір жұмыс көптеген мемлекеттерде жалғасты және есепті бастайтын кейбір принциптерді әрі қарай дамытуды білдірді. Сонымен қатар, әр автор өзінің принциптер жүйесін қалыптастыруға тырысады, оның маңыздысын және екінші кезектегісін ажыратады. [1]

Информация о работе Салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебі