Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 11:40, реферат
Жалпы меншікке салынатын салықтың, мейлі жер салығы, мүлік немесе көлік құралдарына салынатын салық болсын, олардың мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді. Алайда, көлемінің ірі болуы табыстың көбеюуіне кепілдік бермейді: егер салық салынбаса, ірі меншік иелерінің артықшылықтары молаяды да, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмайды. Осылайша мүлік салығы, жер салығы қоғам алдында салық жауапкершілігін көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады.
2009 жылға дейін заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық ставкаларының регриссивті шкаласы бекітілді,яғни жұмыскерлерге төленетін табыс жоғарылаған сайын , салық сомасы азаяды.2008 жылы шкала бойынша салық ставкалары 13 тен 5 пайызға қойылады.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы әлеуметтік салық 11 пайыздық ставка брйынша есептеледі.
Бұл салықтың ставкасы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап резидент заңды тұлғалар,сондай ─ ақ ҚР қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге (шетелдік мамандарды қоса есептегенде),қызметкерлердің барлық категорияларына табыстарын төлеуге кеткен шығындар бойынша қолданылады.
Жұмыскерге күнтізбелік айға есептелген табыстың жалпы сомасы жалақының минималды мөлшерінен аз болса әлеуметтік салық жалақының минималды мөлшеріне байланысты анықталады.
Ал, арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда,дара кәсіпкерлер ,жеке нотариустер ,адвокаттарға төмендегідей мөлшерде қолданылады: