Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 11:40, реферат
Жалпы меншікке салынатын салықтың, мейлі жер салығы, мүлік немесе көлік құралдарына салынатын салық болсын, олардың мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді. Алайда, көлемінің ірі болуы табыстың көбеюуіне кепілдік бермейді: егер салық салынбаса, ірі меншік иелерінің артықшылықтары молаяды да, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмайды. Осылайша мүлік салығы, жер салығы қоғам алдында салық жауапкершілігін көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады.
Сонымен, бюджетке төленуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген кызметтер үшін есептеліп, қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының арасындағы айырма ретінде аңықталады.
Қосылған құн салығын қайтару бойынша, есепті салық кезеңінің соңында қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік ставка бойынша салынатын айналымдар бойынша , егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:
ҚҚС ретінде тіркеуге арналған жеке және заңды тұлғаларға,резидент еместерге:
1 ) жеке кәсіпкерлер;
2 ) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда,заңды тұлғалар;
3 ) қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құра отырып жүзеге асыратын резидент еместер;
4 ) уәкілетті мемлекеттік орган жеке ҚҚС төлеуші деп таныған құрылымдық бөлімшелердің заңды тұлғалары жатады.
Қосылған құн салығының төлеушілерін тіркеу есебіне қою үшін қажетті құжаттар: қосымша құн салығын төлеушілерге тіркеу туралы куәлікті Салық органдарында ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында 002.00 және 007.00 нысандағы өтініш бланкілерін толтырумен басталады.
Акциздер
Акциздер – бағаға немесе тарифке кіретін тауарлармен қызметтерге салынатын жанама салықтардың бір түрі.
Акциздер – Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға,сондай –nақ тізбесі акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне акциз салынады және де акциз салығын төлеушілер табысының мөлшері мен жеке иелегіндегі мүлігіне қарамастан көрсетілген сома төленеді.Акциз есептелетін тауарларды өз кезегінде акцизделетін тауар деп атайды.
Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2,7 – 3,0 % ды құрайды.
Қазіргі қаржылық дағдарыс кезінде мемлекеттік бюджеттің кіріс қаражаттарын қалыптастыру қажеттілігі маңызды болып отыр.Себебі, қазіргі кезде мемлекет акциз салығының ставкасын өсіре отырып, біріншіден, бюджеттегі қаржылық ресурстарды көбейтеді және екіншіден, қоғамдағы тұтынатын зиянды тауарлардың сатылуын,таралуын, пайдалануын шектейді.
Кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек, акциз салығы алғашқыда – ақ жанама салық ретінде қалыптасқан.Жанама салықтар тарихта тұтынуға салық ретінде қалыптасқан,тарихи тәжірибеде кедендік баждары, акциздер , монополия түрінде енгізілген.Жанама салықтар,оның ішінде акциз салығы көп ғасырлық тарихи даму кезеңдерінен өткен.
Акциздер көбінесе мұнай өнімдерін өндіруден және сатудан,белгілі бір тауардың салмақ өлшемінің немесе физикалық көлемінен,спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерінен,сән – салтанат заттарын (бұйымдарын),сирек кездесетін өте дәмді тағамдарды және т.б. сатудан түскен пайдадан немесе құнынан алынады.
Акциздер – тауар бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жанама салықтың ежелгі формасының бірі болып табылады.Акциздер ресми түрде бұрынғы КСРО – да 30-шы жылдарға дейін қолданылып келді.30 – шы жылдардан бастап,акциздер басқа салық түрлері сияқты айналым салығына біріктірілген.1991 жылдың 24 желтоқсанында «акциз туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес спиртті ішімдікке,арақ – шарап өнімдеріне, сыраға, темекі бұйымдарына, акциз салу тәртібі белгіленген.
Акциздерді сипаттай келіп, мемлекет олардың қалыптасуын және төлеуін ір түрлі нысанда жүргізіп келді, мысалы:
Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілері болып табылады.
Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі:
– Спирттің барлық түрлері;
– Алкоголь өнімі;
– Темекі бұйымдары;
– Құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
– Бензин ( авияциялық бензинді қоспағанда ), дизель отыны;
– Жеңіл автомобильдер ( арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
– Атыс және газ қарулары;
– Газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акцизделетін тауарлар болып табылады.
Қызметтің акцизделетін түрлері болып табылады:
– Ойын бизнесі;
– Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу;
– Бензин мен дизель отынын бөлшек саудада өткізуге мыналар жатады:
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды |
Акцизделетін тауарлардың түрлері |
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
2 |
3 |
4 |
2207- ден |
80 көлемдік пайыз немесе
одан жоғары спирт |
600 теңге/ литр |
2207-ден |
Денатуратталған отындық этил спирті (эталон, түссіз емес ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) |
0,1теңге/ литр |
2208-ден |
80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар
денатуратталмаған этил спирті; спирт
тұнбалар және өзге де спиртті ішімдіктер(алкоголь
өнімін, емдік және фармацевтикалық
препараттарды өндіру үшін сатылатын,
сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде
мемлекеттік медициналық |
100%спирт 750теңге/ литр |
2207-ден |
80 көлемдік пайыз немесе
одан жоғары спирт |
60теңге / литр |
2208-ден |
80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалар алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын және өзге де спиртті ішімдіктер. |
100% спирт 75теңге/литр |
2208 |
Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа ) |
100% спирт 500теңге/литр |
2208 |
Коньяк,бренди ( отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан. брендиден басқв) |
100% спирт 325теңге/литр |
2208 |
Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди |
100% спирт 170теңге/литр |
2204,2205,2206 00-ден |
Шараптар |
35теңге / литр |
2204,2205, 2206 00-ден |
Шарап материалдары (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа) |
170теңге/литр |
2204,2205, 2206 00-ден |
этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы |
20теңге/литр |
2203 00 |
Сыра |
26теңге/литр |
2203 00 ден |
Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра |
0теңге/литр |
2402-ден |
Фильтрлі сигареттер |
1000теңге/ 1000дана |
2402-ден |
Фильтрсіз сигареттер, папиростар |
600теңге/ 1000дана |
2402-ден |
Сигариллдер |
1200теңге/ 1000дана |
2402-ден |
Сигарлар |
95теңге/дана |
2403-тен |
Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хор-хорлы және өзге де темекі |
1220теңге/ килограмм |
2709 00 -ден |
Шикі мұнай, табиғи газ конденсаты |
0теңге/тонна |
8702-тен |
Микроавтобустарды, автобустар
мен троллейбустарды |
100теңге/ Текше см |
8703 тен |
двигателінің көлемі 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары |
|
8704 тен |
Жүкке арналған платформасы
және жүк бөләгәнен қатты |
ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР
Табысқа салынатын салықтардың экономикалық мазмұны мен салық жүйесіндегі алатын орны. Салық салу ерекшеліктері, есептеу, төлеу тәртібі.
Корпоративтік табыс салығы.
Корпоративтік табыс салығы салықтардың классикалық түрлерінің бірі болып табылады. Корпоративтік табыс салығы – кеңінен таралған және аса маңызды, ең күрделі салық салу түрі, басқа салық түрлерімен салыстыра қарағанда табыс салығының ставкалары да ең жоғарғы болып келеді. Дегенмен корпоративтік табыс салығы – шын мәнінде мемлекетке экономикалық кеңістік, еңбек қорларын, өндірістік, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдардытиімді пайдалануға ықпал ететін төлем. Корпоративтік табыс салығы – компаниялардың, кәсіпорындардың табысына салынатын тікелей салық. Сондай – ақ республикалық бюджеттің кірісін реттеуші болып табылады. Корпоративтік табыс салығы басқа салықтармен қатар Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрамдас элементі болып табылады және ұлттық табысты қайта бөлу құралының қызметін атқарады. Қазіргі кезде корпоративтік табыс салығы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін толықтырудың негізгі көздерінің бірі, барлық салық түсімдерінің ішінде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едәуір орын алады, мысалы 2010 жылдың бюджет кірістері 4299,1 млн теңге болса соның ішінде корпоративтік табыс салығы 837,2 млн теңгені құрайды, немесе барлық бюджет кірісіндегі улесі – 19,5%.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталды.
Салық салынатын табыс = жылдық жиынтық табыс – шегерісдер.
Немесе келесі формула қолданылады:
КТС=ССТ х ставка÷100
Салық төлеушілер жылдық жиынтық табысынан:
Аванстық төлемдер сомасын есептеу
Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы салық кезеңі есептейді және төлейді.
Мынадай жағдайларда аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабытабыс етілмейді:
Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі
Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке белгіленген салық кезеңі ішінде айқындалған мөлшерде әр айдың 25-нен кешіктірмей, әр бір ай үшін енгізуге міндетті.
Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңіүшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырады.
Инвестициялық салық преференциялары
Инвестициялық салық преференциялары – қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өндірістік арналымының үймереттері мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар құнының шегерімдеріне жатқызу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы. Инвестициялық салық префиренциялары қарастырылған Преференциялар стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының секциясы қарастырған қызмет түрлері бойынша беріледі.Инвестициялық салық преференциялары – қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өндірістік арналымның үймереттері мен ғимараттары, машиналар мен жабдықтар құнының шегерімдеріне жатқызу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы. Инвестициялық салық преференциялары қарастырылған Преференциялар стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрінің жалпы классификаторының секциясы қарастырған қызмет түрлері бойынша беріледі.