Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 22:42, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бөлімде Республиканың қазіргі салық жүйесіне шолу және оның даму кезеңдерінің теориялық негіздері: мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының кезеңдері және экономикалық ерекшеліктері, салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары қарастырылған.

Содержание

КІРІСПЕ____________________________________________________________3

1 Қазақстан республикасының қазіргі салық жүйесін сипаттау
1.1Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық
ерекшеліктері _____________________________________________________5
1.2 Салық жүйесінің ел экономикасын реттеудегі ролі___________________9

2 Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау_____________________________________________________________14
2.2 Cалықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау_______________20

3 Салықтарды бүгінгі күн талабына сай дамыту мәселесі және жетілдіру жолдары___________________________________________________________27

ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Cалық ж оның атқаратын функциялары.doc

— 229.50 Кб (Скачать документ)

Бюджетті орталықсыздандыру  принциптерін іске асыру үшін.

-жергілікті  бюджеттердің мейлінше дербестігін  қамтамасыз ету жолымен бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесін құру:

-шығыс жасау   өкілеттілігі мен шығыстар бойынша  жауапкершілікті заң тұрғысынан  айқын ажыратуға қол жеткізу;

-Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексін әзірлеу және  қабылдау,ол бюджеттерді жасаудың, бекітудің және атқарудың біріңғай құқықтық нормасын қамтамасыз етеді;

-салықтар мен  алымдарды мемлекеттік  стратегиясы шеңберінде әлуметтік-экономикалық дамудың және бюджет қаражатының соларға сәйкес жұмсалуының басымдықтарын белгілеуде аймақтардың дербестігін қамтамасыз ету.

Республикалық бюджеттің ағымдағы және даму бюджеті  деп бөлінген жаңа құрылымын бюджет деп бөлінген жаңа құрылымын жасау көзделеді.

Салық жүйесін одан әрі жетілдіру  мақсатында үкіметтің тапсырмасымен  жаңа жұмыс тобы салық кодексінің жаңа нұсқасын дайындау үстінде. Мұнда салықтың ставкасын төмендетумен қатар, инвестицияның одан әрі елімізге көптеп келуінің алғышарттары көзделуі тиіс.

            Жаңа салық кодекісінің енгізілуімен мемлекеттің жаңа салық саясаты айқындалады. Қазақстан салық жүйесі жетілген, барынша дамытылған дегенмен оның да өз кемшіліктері бар. Қандайда болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе.Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын,аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ  оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады.Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпашылығын жеңілдету. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       

        Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттік және мунициапалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды ынталандыру құралы болып келеді, әсіресе олар ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдылық саясатты жүзеге асыруда белсенді орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу өте қажетті де маңызды болып табылады.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай бүкіл өркениетті мемлекеттердегі салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бірігіп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерін тигізіп, мелеекттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады. Сондай-ақ, салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандырудың және әлеуметтік теңдкті оған қоса реформалаудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды элементтері болып келеді.

 Бүгінгі күні барлық салық жүйесінің міндеті салық жинау жұмысын одан әрі жақсарту жетілдіру болып табылады. Салық органдары қазір осы шараларды өзгеде тиісті бақылаушы ұйыммен бірлесе отырып, жүзеге асыру үстінде. Себебі, көптеген кәсіпкерлер салық жүйесінің күрделігіне байланысты табыс салығын есептеп, төленуі бойынша қиындықтарға кездеседі. Бюджетке енгізілген артық төлеген ақшасын қайтарылуын біле отырып, мөлшерін аз төлейді, ал салық қызметі жетпеген мөлшерге өсім төлеуін талап етеді. Осыған байланысты көп даулар кезінде бюджет зардап шегеді. Осыдан келетін нәтиже: салық жүйесінің қарапайымдылық принципі бұзылады, әр салық төлеуші жер,мүлік салығын төлеуде арифметикалық негізде табыс салығы қарапайым болуы керек.

Қорыта      айтқанда,       салықты      уақытылы      жинау      нарық дағдарысынан шығудың бірден бір жолы. Салықтар, қазынаны толтырып кана қоймай, өндірісті әрі карай дамытудың белсенді ынталандырушы, тежеу механизмі болып келмей, керісінше оның тиімді әрекет етуінің қосымша бірден-бір факторының, ролін атқаруы қажет. Салықтардың басты мақсаты мемлекеттік бюджетті толтыру болып табылатындықтан, бюджет тапшылығының болуы, салық механизмінің бірқатар кемшіліктерінің бар екендігін дәлелдейді.

Елдің экономикасындағы болып жатқан қатал өзгерістер салық  қатынастарына деген мүдденің өсуін  ынталандырады. Заң шығарушылар  мен экономисттердің салық жүйесіндегі  әрекет етуші әдістерді белсенді іздестірулері әлі де болса заңдылықтағы соған байланысты жаңа мәселелердің туындауын айқындайды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы және нарықты басқару жүйесіндегі бірден бір мемлекеттік асқарудың салықтық әдісі бюджеттердің салықтық түсімдерге тікелей байланыстылығына да мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлік қатынастардың, көптеген меншік нысандарының, адам құқығын  қорғаудың жалпы танымдық принциптерінің қалыптасуы – мұның бәрі салықтық реттеуден тек мемлекеттің және бюджеттің қажеттіліктерімен емес, сонымен қатар жеке меншіктерінің көбеюі және бәсекелестік жағдайдағы шаруашылық субъектілердің өмір сүру үшін күрес негізінде қалыптасқан нарық заңдылықтарымен ұсынылатын жолдар мен әдістерді талап етеді.

Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар, мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, прогрессивті технология мен өнім түрлерін игеру, экономикада құрылымдық өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру әлеуметтік саланың обьектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), Астана, 2009 жыл.

2.«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы», Заңы, Алматы, «Қаржы қаражат», 2009 жыл.

3.«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы, «Қаржы қаражат», 2001жыл.

4. Ермекбаева Б.Ж. «Жалпы мемлекеттік салықтар» (оқу құралы), Алматы, «Экономика», 2002 жыл.

5. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жаршысы», №12 арнайы шығарылым, Алматы, «Бико»,2000 жыл.

6. «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), Алматы, «Бико», 2001 жыл.

7. «Қызмет көрсететін кәсіпорындардың табысына салық салу туралы Салық кодексі» (Салық кодексін түсіндіру сериясында шығарылған), Алматы, «Бико», 2001 жыл.

8.«Налоги и налогообложение» под.ред. И.Г.Русаковой, В.А.Кашина-Москва, «Финансы», 2000г.

9. Попонова Н.А. Контроль за уплатой налогов на предприятия. Финансы. 1993г. №2.с.70.

10.Тикунов Н. Организация работы налоговых органов. США. Финансы, 1995г.№6.с.21.

11.Карагусова Г. «Экономическая сущность налогов». Изд-во «Каржы-каражат» 2004г.

12.Налоги –учебник под редакцией д.э.н., профессора Черника Д.Г. М.: «Финансы и статистика» -  2000г.

13.Налоги – учебное пособие. Зейнельгабдин А.Б. Ермекбаева Б.Ж., Алейбеков М., Алматы, 2002г.

14. Налоги и налогообложение –учебник. Автор: Окунева, М.,2004г.

15.Финансы – учебник для экономических специальностей, 2-ое переработанное издание, под редакцией Ильясова К.К., Мельникова В.Д. Алматы.,Каржы-каражат, 1999г.

16. Бухгалтер бюллетені 1 шығарылым «Жүз сұрақ – жүз жауап», №20 (229), Алматы, мамыр,2002ж.

17.|||«Вопросы экономики».

18. Бюллетень бухгалтера – МВП «Бико».

19. «Коммерциялық емес ұйымдарға және әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу» жинағы, Астана, 2001 жыл.

20.“ Салықтар мен инвестициялар хабаршысы “ № 3-4. 2001-жыл. Б.Аймақов. “ Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы “.

21.“ Іскерлік аптасы“ № 12 (490) 2002-жылғы көкектің 5-і. А.Биғазина                       “ Алғашқы нәтижелер“. 37.“Іскерлік аптасы“ № 36 (484) 2002-жылғы ақпанның 22-сі. Б.Қожантаева. “ Ең басты салық төлеушіні іздестіру жолында “.

22. Майтанбаева Г. «Салық қыры мен сыры» , «Қаржы-қаражат» 2002 жыл.

23.Мәженова Б.М. «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры», «Егеменді Қазақстан»  2006жыл

24. “ Әл – Пари “ № 3-4  2000-жыл. М.Әлейбеков. “ Салық реформасындағы ең бастысы туралы “.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 






Информация о работе Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау