Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 22:42, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бөлімде Республиканың қазіргі салық жүйесіне шолу және оның даму кезеңдерінің теориялық негіздері: мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының кезеңдері және экономикалық ерекшеліктері, салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары қарастырылған.

Содержание

КІРІСПЕ____________________________________________________________3

1 Қазақстан республикасының қазіргі салық жүйесін сипаттау
1.1Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық
ерекшеліктері _____________________________________________________5
1.2 Салық жүйесінің ел экономикасын реттеудегі ролі___________________9

2 Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау_____________________________________________________________14
2.2 Cалықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау_______________20

3 Салықтарды бүгінгі күн талабына сай дамыту мәселесі және жетілдіру жолдары___________________________________________________________27

ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Cалық ж оның атқаратын функциялары.doc

— 229.50 Кб (Скачать документ)

Қосылған  құн  салығы, егер:

қосылған  құн  салығын төлеушінің  кәсіпкерлік қызметіне жатпайтын шаралар өткізуге  байланысты  тауарларды;

қонақ  үй  ретінде  пайдаланылатын  ғимараттарды  қоспағанда,  тұрғын  үй  қорындағы  ғимараттарды;

негізгі  құралдар  ретінде  сатып  алынған  жеңіл  автомобильдерді;

өтеусіз  алынған  мүлікті, осындай  мүлік Қазақстан  Републикасынан  тыс  жерлерден  әкелінген және  осы  мүлікті  алушы  импорт  кезінде  қосылған  құн  салығын  төлеген  жағдайларды  қоспағанда, алумен  байланысты  төленуге  тиіс  болса, есепке  жатқызылмайды.

Бөлек  есептеу  әдісі  бойынша  есепке  жатқызылған  қосылған  құн  салығы  сомасын  анықтау  кезінде, қосылған  құн  салығын  төлеуші  алған, салық  салынатын  және  салық  салынбайтын  айналымдар  мақсаттары  үшін  пайдаланылатын  тауарлар  бойынша  шығыстар  мен  қосылған  құн  салығының  сомалары  бойынша  бөлек  есеп  жүргізеді. Есепке  жатқызудың  барабарлық  әдісін  қолдануға  құқығы  бар. Қаржы  лизингіне  мүлікті  берген  кезде  есепке  жатқызудың  барабарлық  әдісін  пайаланатын  лизинг  берушінің  қаржы  лизингіне  мүлікті  беруге  байланысты  айналымдар  бойынша  қосылған  құн  салығының  сомасын  есепке  алу  бойынша  бөлек  есптеу  әдісін  қолдануға  құқығы  бар.

Салық ақшалай және заттай түрде әділеттілік, теңдік және турақтылық тәрізді салық салу принциптері негізінде құрылған салық ставкаларын қолдану арқылы алынады. Салық ставкалары тұрақты немесе пайыз түрінде тағайындалады. Пайыздық ставкалар үйлесімді, үдемелі және кемімелі болып бөлінеді. Ал салық жеңілдектері сол мемлекеттің қазыналық саясатының бағыттары мен бағдарламаларын ескере отырып жүзеге асырылады.

Сонымен қатар салық  алудың мынадай негізгі тәсілдері  бар:

төлем көзінен, яғни салық  табыс алынған кезде ұсталып  қалады;

-декларация негізінде,  яғни салық салық төлеушінің декларацияда көрсеткен    -табыстары, шегерімдері мен жеңілдіктерін ескере отырып, анықталады;

-кадастр бойынша (салық  салу объектілерін тіркеу арқылы, одан түсетін табыстын нақты  мөлшеріне байланыссыз алынады).

Ал енді көптеген елдерде  қолданылатын салықтарға жататындарды атап өтетін болсақ:

-жеке тұлғалардың  табысына салынатын салық, кейбір  мемлекеттерде азаматтардың табыстарына  салынатын салық деп аталады;

-заңды тұлғалардың  табысына (пайдасына) салынатын салық  (корпорациялық салық деп те  аталады);

-мұра мен сыйға  салынатын салық;

-қосылған құнға салынатын  салық;

-тұтыну салығы;

-әлеуметтік сақтандыру  қорына аударылатын жарналар;

-айналымға салынатын  салық;

-мүлік салығы;

-жер салығы;

-көлік салығы және  басқа да.

Салық  жүйесі салық әкімшілігін қатаң реттегендегі негізгі құрылымы болып қоймай салық заңы бойынша талаптарды орындау негізінде салық түрлерінің өндіріп алу нысаны мен әдістерін тәжіриебелік істе қолданғандағы көп салық алуымен салық инспекторына кінә тағуымен ерекшеленеді.

Қазір қолданылып, сөздік корымызға еніп кеткен '"салық жүйесі" деген атау өзінің толық мағынасын аша алмайды әрі кез келген қолданысқа келе де бермейді.

Салық қызметінің белгілі бір мақсатына бағытталған  салық заңдылығы шеңберінде бір уақытта бюджетке түсетін міндетті төлемдер мен әртүрлі салық түрлерінен тұратын көп кызметті, көп кешенді концептуальды өзара байланысқан тұрақты дамитын салықтық қүрылым - салықлен басқару жүйесінің негізі.

Салык әкімшілігі - салық төлеушілермен өзара қарым-қатынасты реттейтін салық қызметі мен салық салу мәселесі бойынша айрықша құқықпен өкілеттілікке ие болған мемлекеттік баскарудың әкімшілдік үкімділік органы.

Салық қызметі жүйесі салық жүйесінің тиімді қызмет етумен салық реформасының бағдарламалық  мақсаты мен тапсырмаларын салық  әкімшілігі күшімен жүзеге асыру мен қазіргі техникалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз ететін әдістемелік жәнс өзара байланысқан шаралар кешенінен тұрады.

Салық саясаты   жүйесінің   негізі   болып   табылатын   салық жүйесінің мынадай құрамдас беліктері бар:

- салық құрылымының  оптимизациясы;

          -салық   есеп-қисабы   мен   есептеудің   ақи-қаттылығын   бакылау   мен ұйымдастырылуы,салықты өндіріп алу тетігінің жетілуі; -салықтың     дұрыс есептелумен толық және уақытылы  төленуіне бакылау,салық . қызметкерлерінің заң шеңберінде   құқығы мен міндеті,салық төлеушілердің мүдделігін қорғау;

          -салық салу процесіне қатысушылар   қарым-қатынасының үйлесімділігі;

          -әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік бюджет арасындағы салық түсімдерін қайта бөлу;

             -салық түсімдерінің жиналу нәтижесі бойынша талдау.

Талдау негізінде  салық жүйесін жетілдіру көздері  бойынша ұсыным. Салықпен басқару сол елдің бас салық әкімшілігі принципі арқылы жүзеге асады. Салықпен басқару мәселелеріне теоретикалық-әдістемелік негізі жүйелік талдау принципіне жүгінеді.

Салық саясаты процесінде белгілі бір уақыт аралықта бюджетке түскен салық түсімдерінің нәтижесін жалпылау мен талдау қажеттілігі салық құрылымын жетілдіру бойынша ұсынымы салық саясатының арнайы қызметін салық әкімшілігі өзінің құрамында болуына түрткі етеді.

Салық  жұмысын  ұйымдастыру кезіндс салық салу құрылымдарының мемлекеттік басқарудың әртүрлі құрылымдары мен бір түрлі бюджет дәрежссі бойынша салықпсн билікті бөлудегі өзара байланыстары салық заңдылығында аса маңызды сұрақтарға айналды.

Өкінішке  орай салық саласы бойынша ғылыми жетістіктер мен заңдылықтар мемлекетаралық кеден шекарасымен өтуде жанама салықты есептеу мен өңдіруде салықтың кеден қызметкерлері мен құқықтары мен міндеттерін шектеу керек[17].

Салыққа қатысушылардың өзара даулары мен жан-жалдарын шешуде салық кызметкерлерінің жауапкершіліксіздігі қоғамдық іске өте зор зиян келтіреді. Салық қарым-қатынастары мен салықтық реттеуде ғылыми теоретикалық зерттеулердің болмауы мен шет ел тәжірибесін қолданыста терең талдануынсыз көшірмесі салық төлеушілерді көбінесе салық заңын бұзушы ретінде қарап әріптестік

 

 

2.2 Салықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау

 

        Республикалық бюджеттің 80% салықтар құрайтыны белгілі. Бүгінде Қазақстанда салық жүйесінде,бюджеттің атқарылуында біраз табыстар бар,негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтануына қол жеткізілді. Тиімді бюджет жүйесін құру жөнінде едәуір қадамдар жасалды.Қазақстан ТМД мемлекеттерінің алғашқыларының бірі болып салық туралы заң қабылдады. Оны 1995 жылы қабылдау республиканың қаржы жүйесін қалыптастыруда, барлық міндетті төлемдер бюджетке құрылымдандыруда,салықтарды есептеу мен алудың тәсілдерін белгілеуде едәір роль атқарды.

Мемлекеттік кіріс  жүйесіндегі реформалау, мемекеттік бюджет қаражатының келіп түсуін бақылау мәселелеріне байланысты барлық фискалдық органдарды бір ведомство шегінде шоғырландыру процестері табысты жүргізілді.

Салық заңдарын жетілдіру жөнінде жұмыс жүріп жатыр.Экономиканың даму переспиктивасын ескеретін және мемлекет пен салық төлеушілердің мүдделерін оңтайлы үйлестіруіне қолайлы орта жасауға барлық нормативтік құқықтық актілерді бір заң актісінің шеңберінде біріктіруге бағытталған жаңа Салық кодексі қабылданды.

Шығыстардың тиімді жүйесін жасау жөнінде шаралар қоданылды.Қазынашылық жұмыс тиісті деңгейде жолға қойылды. ТМД елдерінің алғашқылары болып Қазақстан қазынашылық жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламаларды уақтылы және мақсатты қаржыландыруға қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры және Қазақстанның Даму Банкі құрылды.

Әлемдік стандарттың талаптарына жауап беретін кірістер мен шығыстарды жаңа бюджеттік жіктеу енгізілді.

Шығыстар жүйесін  жетілдіру жөнінде маңызы іс-шаралар  орындалды.

Ал,егер әлсіз  жақтарына келетін болсақ, Қазақстанда жұмыс істейтін ірі шетел компаниялары салық заңдарын жиі бұза отырып,салық төлеуден жалтарады,мұны тіпті халықаралық ұйымдар да атап көрсетеді.

Бюджетке түсімді  көбейту үшін едәуір резерв нақ осында бола тұрса да, бюджетке берешекті өтеу жөніндегі жұмыс нашар жүргізіледі.

Бюджетке төлем  жасау жөніндегісалық мерзімін кейінге  қалдырудың тәртібіне өзгерістер енгізу талап етіледі,өйткені қазіргі  кезде салық органның басшысы тиісті қаржы органның басшысымен келісім бойынша салық төлеу жөніндегі мерзімді ұзартуға құқылы.

Бюджет жүйесін  орталықсыздандыруың  аяқталмауы бюджет аралық қатынастың өзекті проблемасы болып отыр.

Бюджеттің теңдестірлмеуі бюджеттер өкілеттігінің айқын  ажыратылуының жеткілікті болмауына  байланысты тереңдей түсуде.

Бюджет ресурстарын  орталықсыздандыру мен бюджет өкілеттіктерін орталықтандыру арасында үйлесімсіздік бар.

Қазіргі кезде қалыптасқан жағдай бюджет жүйесін орталықсыздандыруды күрделендіреді.Бұл ең алдымен бюджеттің тігінен түсірілуі туралы түсініктің сақталуына байланысты.

Аймақаралық күрт айырмашылық бюджет жүйесін орталықсыздандырудың артықшылықтарын пайдалануға кедергі келтіреді.

Бюджет жоспарлаудың уақыт аяасы орталықта да,сондай-ақ аймақтық деңгейлерде де қысқа мерзімді болып отыр.

Бюджеттің аудандық және облыстық деңгейлерінде өзіндік кіріс көздері бектілмеген.

Республикалық бюджетке ішінара аударылатын кірістер есебінен жергілікті бюджеттердің кіріс  бөлігін асыры орындауы көбіне мемлекеттік  бюджеттің еркін қаражатын түзеді.

Жергілікті  атқрушы және өкілді органдар осы  көздер бойынша кіріс жоспарын ұлғайту және қаражатты қосымша шығыстарға бағыттау мүмкін болмайтын проблемалара тап болады.

Еркін қаражат  айалымға уақтылы тартыла алмайды  және өткір әлуметтік-эканомикалық проблемаларды шешуге жіберіле алмайды.Қайсібір кіріс көздері бойынша болжамды деректерді асырып жіберу немесе төмендету актілері жиі,кездеседі,бұл өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің атқарылуын тұрақсаздындырады.

Заңдарда белгіленген  ұзақ мерзімді бюджеттік алу мен  субвенциялар мөлшерін белгілеу рәсімі практикада жеткілікті деңгейде іске асырылмайды.

Жергілікті  бюджеттердің ишығысы негізінен  ағымдағы шығындарға шоғырландырылған және күрделі шығындарды бекітуде белгісіздік  орын алған.

Трансферттің  ағымдағы тетігі аймақтардың жай-күйін бағалаудың маңызды факторларын қамтымайды,ол ашық емес және орталықтан тұрақты түрде түзетілуге мұқтаж.

Трасферттердің  қолданыстағы жүйесі алулар мен субвенцияларды реттеу әдісімен “жыртықты жамаудың”ескі  тетігін шын мәнінде қайталайды және сол арқылы облыстардың бюджетін теңдестіреді.

Шығыстар жоспары  ел дамуының басымдықтарымен әрдайым  байланыстырыла бермейді.

Республикалық жәе жергілікті бюджеттердің атқарылуының жеткілікті дәрежеде ашық болмауы мемлекеттік  шығыстарды тиімсіз басқаруға алып келеді.

Бюджеттің шығыс  бөлігінде ағымдық сипаттағы шығыстар мен дамытуа арналған шығыстар бөлек көрсетілмеген.

Ішкі және сыртқы аудит жүйесі тиімсіз.

Жүзеге асырылып жатқан шығыстардың тиімділігігін  бағалау тұрғысынан бюджет қаражатын  жұмсаудың мониторинг жүйесі жоқ.

Бюджет бағдарламалардың әкімшілері және оларға ведомстолық бағынысты мекемелер деңгейдегі бюджет қаражатын тиімсіз басқару нәтижесінде,сондай-ақ тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алға арналған уақтылы өткізілмейтін конкурстар есебінен бюджеттің пайдаланылмаған қаражаты көбеюде.

Өткізілген конкурстар басқа ықтимал жеткізушілердің жоқтығына иек арта отырып көбіне бір көздегі жеңімпаздарды айқындайды.

Тауарлар мен  қызметтерді конкурстық айқындау есебінен пайд болған бюджет қаражатын үнемдеу  ашық болмай отыр.

Аумақтық Қазынашылық  органдарының жергілікті бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуге қатысты талаптары қаражатты ұтымд және тиімді пайдалануды толық қамтамасыз етпейді.

Шетелдік көздерден  қарыза алуға байланысты консультациялық  шығыстар жоғары күйінде қалып отыр.

Мүмкіндіктер.

Салық салу базасын өндірістің өсуі мен салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту есебінен кеңейту.

Кейбір салық  ставксын төмендету.

Тұрақты кіріс  көздерін іс барысында айқын анықту кезінде бюджетаралық қатынастардың  орнықты жүйесін қалыптастыру.

Халықаралық ұйымдар тарапынан жәрдемдесудің жеткілікті болып, шетелдік тәжірбиені зерделеу және енгізу.

Қатерлер.

Мемлекеттің әлуметтік-эканомикалық саласының құлдырауы.

Салық заңдары  мен салық әкімшілігін жүргізудің жетілмегендігі төлем тәртібін арттыруа ықпал етпейді.

Информация о работе Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау