Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 22:42, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бөлімде Республиканың қазіргі салық жүйесіне шолу және оның даму кезеңдерінің теориялық негіздері: мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының кезеңдері және экономикалық ерекшеліктері, салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары қарастырылған.

Содержание

КІРІСПЕ____________________________________________________________3

1 Қазақстан республикасының қазіргі салық жүйесін сипаттау
1.1Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық
ерекшеліктері _____________________________________________________5
1.2 Салық жүйесінің ел экономикасын реттеудегі ролі___________________9

2 Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау_____________________________________________________________14
2.2 Cалықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау_______________20

3 Салықтарды бүгінгі күн талабына сай дамыту мәселесі және жетілдіру жолдары___________________________________________________________27

ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Cалық ж оның атқаратын функциялары.doc

— 229.50 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ____________________________________________________________3

 

1 Қазақстан республикасының қазіргі салық жүйесін сипаттау

1.1Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық

ерекшеліктері _____________________________________________________5

1.2 Салық жүйесінің ел экономикасын реттеудегі ролі___________________9

 

2  Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау

2.1 Мемлекеттің салық  саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау_____________________________________________________________14

2.2 Cалықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау_______________20

 

3  Салықтарды бүгінгі күн талабына сай дамыту мәселесі және жетілдіру жолдары___________________________________________________________27

 

ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________32

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

        

             Қазақстан  Республикасының салық механизмі нарықтық экономиканың маңызды, белсенді элементі болып табылады. Шындықты бейнелейтін ғылыми негізделген жүйенің болуы экономикалық процестерге оңды әсер етіп, келеңсіз құбылыстарды жойып, өркениетті құқықтық қатынастарды бекітуге ықпал етеді.

Экономиканы мемлекет тарапынан  реттеудің негізгі құралдарының бірі - салықтар. Салықтардың экономикалық категория ретіндегі маңыздылығы – ол мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызатын мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар, ол – салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттерін айқындап, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға, фискалдық және экономикалық процестерді ынталандыруға бағытталған реттеушілік қызметтерін атқарады. Сондықтан да, «Салық механизмі және оның мемлекеттік салық саясатын жүзеге асырудағы ролі» тақырыбында курстық жұмысты таңдауыма себеп болды.

Қазақстан Республикасында салық механизмінің проблемасы қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар тәжірибесінде өте маңызы зор мәселелердің бірі.

Салық субъектілері мен  бюджет арасындағы қатынасты ұйымдастыру барысында шаруашылық субъектілердің қызметін салықтық реттеуді оптимизациялау бірден бір мәселеге айналған. Алғашқы пайда болу барысында мемлекеттік шығындар көзін жабу үшін арналған салықтар қазіргі таңда маңызды қаржылық тұтқа болып табылады. Олар мемлекеттің даму кезеңдерінде заңды және жеке тұлғалардың іскерлік белсенділігін ынталандыру және шектеу үшін бағытталған қаржылық саясаттың мақсатын жүзеге асыруға қолданылады.

Бірінші бөлімде Республиканың қазіргі салық жүйесіне шолу және оның даму кезеңдерінің  теориялық негіздері: мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының кезеңдері және экономикалық ерекшеліктері, салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстанның салық механизмі мен атқаратын функциясының негіздерін талдау: мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау және Республика бюджетін қалыптастырудағы салықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау сипатталған.

       Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде салық механизмін және есептілігін дамыту жолдары: салық жүйесі реформаларын жүргізуді нарық талаптарына сай дамыту мәселесі және Қазақстанның салық жүйесіндегі реформаларды  жетілдіру жолдары баяндалған.

Мемлекет салық жүйесіндегі  реформаларды қолдана отырып мынадай негізгі мақсаттарға жетуді көздейді:

 - тұрақты экономикалық өсуге жету;

- жұмысқа қабілетті барлық тұрғындарды толық жұмыспен қамту;

- тұрғындардың нақты, минималды табыс деңгейін қамтамасыз ету;

- азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін игеру;

- табыс пен байлықты қайта бөлу.

Бұл мәселені шешу үшін салық механизміндегі реформалардың тиімді әлеуметтік нарықтық механизмін қалыптастыру қажет. Ол үшін осы сферада шетелдік тәжірибемен отандық тарихи жинақталған жетістіктерді үйлестіру, сондай-ақ қазіргі Қазақстан экономикасын өзгерістер жағдайына бейімдету қажет.

Салық жүйесіндегі салық  саясатының өзектілігі тұрғындардың өмірлік деңгейін реттеуге, жеңілдіктер жүйесінің көмегімен халықтың кедейленген бөлігін әлеуметтік қорғауға алуға, сонымен қатар инвестициялық және кәсіпкерлік қызметтерді ынталандыру немесе шектеуге, жоғары салықтарды төлеуге қабілетті тұрғындар есебінен бюджеттің тұрақты кірістерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1Қазақстан республикасының қазіргі салық жүйесін сипаттау

1.1 Мемлекеттің салық  қызметінің қалыптасуының экономикалық  ерекшеліктері

    

Салық мәселесі мен салық  салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас XVII-XIX ғасырда пайда болды. Оған дәлелді теориялық эканомия классиакалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) “Салықпен пен жиынтық трактаты” (1662ж); Д.Рикардо “Cалық салу және саяси эканомиканың басталуы” (1817ж); А.Смит  “Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж). А.Смит салық салудың төрт пинципін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды. 

1. Өзіне бейнелі мемлекет мүмкіндігіне қарай қабілетті және өз күшіне сай үкіметті ұстауға тырысады. Мемлекеттің қорғауы мен қамқорлығын пайдалана отырып,  қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау және сақтамау салық салудың  тереңдігіне  немесе тепе-теңсіздігіне ұрындырады.

2.  Жеке тұлға  төлейтін салық міндетті түрде  айқын болуы керек. Салықтың  төлеу мерзімі төлем түсімі, соммсы - барлығы дерлік төлем төлеуші үшін анық  әрі ашық болуы және кез-келген адамға солай. 

3.  Әрбір алынатын салық белгілі бір уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде төленеді.

4. Әрбір салық тұрғындардың талқысынан өткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасынан құйылуы, салық төлеушілерден алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болуы да мүмкін.

А. Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қоданудың әлуметтік-эканомикалық салдарын барынша терең талдады.

Экономикалық мазмұны тұрғысынан салық дегеніміз - заңды және жеке тұлғалардан, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделініп алынатвн міндетті төлем жүйесі. Ол мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлеекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асыратын, қаржы қатынастарын сипаттайтын эканомикалық категория.

Салық жүйесі мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен,жанаруымен бірге қалыптасады.

Әр бір мемлекетке ішкі және сыртқы саясатын бұзу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды эканомиканы дамыту, тұрақтандыру барысында  қуатты эканомикалық тетік ретінде  пайдаланады.

Қазіргі заманғы  салық саясаты бірнеше қағиданы қолданды: жалпылай, яғни табыс табатын барлық  эканомикалық тұлғаларды қамту.

Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрлерінің тұрақтылығы; тең күштен және салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы мүмкін. 

Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлемінен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде қоғамның дербестігі.

Әлеуметтік  әділеттілік, яғни салық мөлшері  және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға халыққа алушылық ықпал жасау.

Салық жүйесі мемлекеттік заң актілеріне негізделеді, мұнда салық элементтері құрылады. Осыған кіретіндер:

  • салық тұлғасы  немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндетті арттырылған тұлға, ол заңды және жеке тұлға бола алады.
  • салық нысаны, яғни табыс және мүлік, осылардан салық есептеледі (жалақы, табыс,бағалы қағаз,қозғалмайтын мүлік).

Салық көзі - толық қоғамның таза табысы, нысандарының тәуелсіздігіне байланыссыз салық салу.

Салық мөлшері - салықтың маңызды элементі, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын белгілейді. Салық мөлшері: шектік, орташа, нолдік және жеңілдік болып бөлінеді.

Шектік салық  мөлшері – төленетін салық  өсімі бар, табыс өсіміне бөлінген.

Орташа салық  мөлшері - бұл жалпы салық, салық салынатын табыстың шамасына бөлінген.

Салық жеңілдіктері –салық мөлшерін азайту немесе өндіріс түріне қарай жеке тұлғаның және заңды тұлғаның салықтан толық босатылуы, сонымен бірге өндірілген өнімнің сипатына байланысты.

Жеңілдіктер әр түрлі сипатына қарай және салық  төлеушілердің көп бөлігін қамтығандықтан салық салудың номиналды мөлшеріне қарағанда,нақты мөлшері кемейді.

Сондықтан салық  мөлшері және табыс арасындағы қатынас  белгісі бойынша бөлінеді:

-өрлеуші, мұнда орта мөлшері табыстың өсу деңгейіне байланысты;

-шегінуші, табыстың өсу деңгейіне байланысты орта мөлшері кемейді;

-пропорцианалды, табысқа тәуелсіз, орта мөлшері өзгермейді.

Салықтар нарықтық эканомиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады.    

Салық жүйесі негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар. Салық жүйесі аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктерімен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметінің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық эканомикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктерімен жазалау шаралары, оларды пайдалану тсүніктемелер тұтас томдарды алып жатады.

Әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайындағы эканомикада салық адам мүддесі үшін, қызмет көрсетеді. Ол халықты, үкімет алдында тұқыртып ұстаудың құралына айналды. Ал, нарық  қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет көрсетеді.

Табыстардың әртүрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, пайыз, жалақы, дивидент, рента және тағы басқалар. Салықтардың мәжбүр ету сипатынан басқа ерекше қасиеті олардың алым салықты  өндіріп  алу  ретімен  төленген  сомасының  мөлшері  мен  салық  төлеушілердің  мемлекеттен  алынатын  қызметтерінің  құнының  арасындағы  сәйкессіздік  болып  табылады.           

Салық жүйесі мемлекет қаржы  көздерін жасақтаудың ең негізгі  құралы болуымен қатар, ел эканомикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады[11].

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған  «Қазақстан Республикасындағы салық  жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің эканомикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел эканомикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субьектілер мен  мемлекет арасындағы  қатыстардың құқықтық негізде жүргізілуі т.б.

Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтаң түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі.

Осы заң бойынша салық  төлеушілер мен салық қызметі  органдарынаң құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтарымен міндеттері айқын бекітілді.

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларынвң бір салық бойынша бірнеше түрі болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесінің  одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті.

Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық  реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын, бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет  етуге жеткізу көзделген.

Осы концепцияны  іс жүзінде асырудағы бірінші  кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылданған Заң күші бар  «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да   нарықтық  қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

Енді бұрын  қызмет еткен 42 түрлі салықтар мен  алымдардың саны едәуір қысқартылып, жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген.

Салықтың ең басты түрі болып табысқа салынатын  салық, яғни пайда емес табыстан салық алынатын  болды[5].

Салық салудың  негізгі принциптері сақталып, салық салуда қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері біршама өз шешімін тапқан.

Жаңа салық  заңы бойынша салықтық әкімшілік  жаңа ережелері енгізілді. Олардың ішіндегі ең маңызды шешімдердің бірі салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту. Осы жарлыққа байланысты салық мемлекет алдындағы борыш болып есептеліп,бюджет кірісіне төленуге жатады.

Информация о работе Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау