Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 22:42, курсовая работа
Бірінші бөлімде Республиканың қазіргі салық жүйесіне шолу және оның даму кезеңдерінің теориялық негіздері: мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының кезеңдері және экономикалық ерекшеліктері, салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары қарастырылған.
КІРІСПЕ____________________________________________________________3
1 Қазақстан республикасының қазіргі салық жүйесін сипаттау
1.1Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық
ерекшеліктері _____________________________________________________5
1.2 Салық жүйесінің ел экономикасын реттеудегі ролі___________________9
2 Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау_____________________________________________________________14
2.2 Cалықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау_______________20
3 Салықтарды бүгінгі күн талабына сай дамыту мәселесі және жетілдіру жолдары___________________________________________________________27
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________32
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
болып табылады.
Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын теренірек қарастарайық.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Соңдықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз[18].
2 Салық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау
Қазақстан Республикасының салық түрлері мен құрылымына,реттелуіне келетін болсақ:
Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме
түрінде белгіленген салықтар, олар салық
төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне
тікелей байланысты емес.Жанама салықтар
мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді.Оларды
саналы пайдалану баға белгілеу процесіне
оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына
әсер етуі мүмкін.Бұдан басқа, салық төлеушілер
үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен
гөрі олардың шығыстарына салық салудың
өсуі жақсырақ.Сонымен бірге тұтынушыға
салынатын салықтар болып табылатын акциздерді,
сатудан алынатын салықтар, қосылған құнға
салынатын салықты пайдалаудың көбірек
артықшылығы болады,өйткені: салықтар
олардан жалтарну қиынырақ;олармен экономикалық
бұзушылық аз байланысты;олар мемлекет
деген ынталандырмаларды аз қысқартады;
тапшылқтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы
тауарға да, тапшылықтың жоқтығын қоса
олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап
қалады; салықтардың жасырындылығын қамтамасыз
етеді т.с.с.Салық салу жүйесінде ортақ
заңдылықтын болатындығын есте ұстау
қажет: экономика дағдарыс жағдайында,тұрақтылықта-
Жанама салықтардың ішінде ең маңыздысы-1992 жылғы енгізілген қосылған құнға салынған құн салықтар - ҚҚС болып табылады.Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып алушыға аударады.Салық салу обьектісі материалды шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнімдер) болып саналатын қосалқы құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы жарнама, жұмсалған және басқа бір қатар шығындар қамтылуы мүмкін.
Демек, бұл салықтың ерекшелігі – оны салық салынатын обьектісі сатудан түскен ақша емес,тек салық салынатын айналыммен салық салынатын импорттар қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-астам елдерінде соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады[9].Бұл салықтың артықшылығы мынада:
1) Ол жаңа құн жасалынған орын байынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады;
2) Төлеушілер үшін есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді;
3) Бағалардың өзгеруіне инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірісінің қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.ҚҚС қазіргі кезде ҚР-ң бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады.
Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.Акциздерді айрықшалық ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы олатын тауарлар өндіріші төлейді.Қазақстанда өндірілетін тауарларда қызметтерге акциз салығын салу обьектілері республика аймағында акцизделетін тауарларды өткізу немесе оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру,көрсетілетін қызметтерді акцизделетін қызметті жүзіге асыру болып табылады, импорт кезінде импортталатын акциз тауарлардың көлемі болып табылады.ҚР аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жанаудың толықтығын қамтамасыз ету және оның аймағында жасыран әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.
Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау.Егер трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар құны негізінде анықталады. Тауарларды тегін берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 210-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, салық салатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек. Аталған тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшін баланстық құн болып табылады. Кепіл беруші кепілдік мүлікті берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, сатылатын кепілдіктегі мүлік құны негізге алынып, бірақ қосылған құн салыға енгізілмей, осы мүлікті кепілге салудан алынған заем қаражат сомасына төмен емес мөлшерде айқындалады.
Лизинг алушының негізгі қаражаты ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері. Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде өзгертіледі. Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
мәміленің шарттары өзгерген;
өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;
өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының келен аумағынан тауарлар экспорты болып табылады. Осы кодекстің 223-баының сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға осы Кодекстің 245-бабының 1-тармағында көрсетілен ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.
экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт;
тауарлар шығалуды экспорт режимінде жүзеге асырылатын кеден органының белгісі соғылған, сондай –ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесі бойынша немесе электр тарату желілері бойынша не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып экспорт режимінде шығарған жағдайда кедендік рәсімдеуді жүргізген кеден органының белгісі бар толық кедендік жүк декларациясы экспорт растаушы болып қызмет етеді;
Тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. Тауарды магистральдық құбырлар жүйесі бойынша немесе электр тарату желілері бойынша экспорт режимі шығарған жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-өткізу актісі табыс етіледі;
Зиянкерлік меншік құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның магнит жеткізгіште тауардың және оған авторлық құқықтарының болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік обьектісін экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Халықтық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
халықаралық қатынаста жолушылармен жүретін тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистральдық құбыр желісінің жүйесі бойынша тасымалдау-экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасмалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдаудың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды тасмалдауы басталатын жері танылады.
-Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт:
-Пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
-Акциздік маркаларын;
уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;
-адвокаттық қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілген қызметтерді;
-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізетін тауарлар;
-Мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;
-Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған мүлік.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасының кеден аумағынаң қалған бөлігіне өткізілетін қазақстандық тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшада көрсетілген тауарлар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тұрғын үй қорындағы ғимаратты өткізу және осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:
Қонақ үй қызметін көрсету мақсатында пайдаланатын ғимаратты өткізуге немесе жалға беруді;
Қонақ үйде тұру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Ғимаратқы құн бастапқы құнның кемінде 50 пайызы болатын қайта жаңғырту жасалып, егер осы ғимарат қайта жаңғыртудан кейін тұрғын үй мақсатында пайдаланатын болса, бұл ғимарат та тұрғын үй қорының салынған ғимаратына жатады.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банк операцияларын жүргізуге берген лицензиялары негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банк
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз іске асыратын операциялар.Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген мүлік импорты.
Осы тармақшада көрсетілген мүлік тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерін жаппайтын тараулар енгізеді.
Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу.
Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, тауарларды алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде,негізгі құралдарды қоса алғанда, алынған құралдар, жұмыстар мен қызмет көрсетулур салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
тауарды алушы осы Кодекстің 207-баының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
тауар беруші Қазақстан Републикасының аумағында өткізілген тауарлардың шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін басқа да құжат табыс еткен болса егер тауар беруші осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеуші болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа құжат «ҚҚС» белгісімен жазылады;
тауарлар импорты жағдайында- қосылған құн салығы бюджетке төленген болса.
Темір жол немесе әуе көлігінде тасмалдаушының салық төлеушінің тіркелу нөмірін көрсете отырып берілетін жол жүру билетінде жеке жолмен бөлінген салық сомасы.
Информация о работе Cалық механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау