Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:25, курсовая работа
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж
Кіріспе...............................................................................................................4
1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6
1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13
1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16
2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20
2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Шәмші Қалдаяқовтың
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28
2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31
3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................
– Ілеке, – деймін менің де көңілім босап, – Шәкеңнің туған інісіндей боп кетіпсіз. Анаңыз да Шәкеңді туған баласындай көріп, «өмір бақи тату боп жүріңдер, айналайындар» деп батасын беріпті. Шәкең ағаңыздың мінезі қандай еді? Қандай қасиеттері есіңізде қалды?
– Е, несін сұрайсың. «Қолда барда алтынның қадірі
жоқ», деген рас екен. Қадірін білмедік
қой. Шәкең жарықтық: «Илья, сенің үйіңе
мені іздеп әлі талай адам келеді», деуші
еді. Осы күні қайран қалам, айтқаны айдай
ақиқатқа айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен
Шәкең туралы білгісі кеп іздеп кеп жатқан
адамдар көп. Бәрі: «Шәмші қандай еді?»
деп сұрайды. «Тұтынған заттары бар ма?»
дейді. Тіпті, көзіндей көріп жүреміз деп
«Жигулиінің» ескі темір бөлшектеріне
дейін алып кеткендер де болды.
Илья аға қатты күрсінді. Шәмші екеуі танысқан
кезді есіне алды жыламсырап. Ілекең ол
кезде Талдықорған облысындағы Панфилов
ауданындағы ішкі әскер қызметінде жұмыста
екен, әкесі қаза боп елге кепті. Елге келсе
үйінде Шәмші жүр дейді. Анасы көп бала
тапқан алтын құрсақты кеңпейіл кісі,
сол балаларының біріндей ғып Шәмшіні
де бауырына басқан.
– Шәкең қалап кеткен іргетас пен гаражды өзім-ақ сатып алсам ба деп ойлағам о баста. Бірақ ақшам болмады. Өйткені, бұл үй мен үшін өте ыстық. Оның үстіне Шәкең үйінің іргетасын қалауға, гаражын салуға Осман деген інім көп көмектесті. Әлі есімде, бірде Шәкең маған үйінің іргетасының күнбатыс жағын көрсетіп «мына жерде арақ бар» деді. Сөйтсем, өзіне көмектесіп жүрген Әуез деген жігітке екі бөтелке арақ алдырып, «мен арақпен қоштастым» деп өз қолымен жазып, әлгі арақтарды іргетастың астына өз қолымен терең ғып көміп тастапты. Әзілқой еді ғой жарықтық, «арақпен біржола қоштасып, жерлеп тастадым» деп, күлетін. Сосын іргетастың басқа бір шетін нұсқап, «мына жерде менің суретім салынып, аты-жөнім жазылған мәрмәр тақтайша көмулі жатыр» деді. Оны да Шәкеңнің жанкүйерлері жасатып берген сияқты. «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген. Бір замандарда жердің бетіне шығып, тауып алған адамдар болса «е, кезінде дүниеден осындай азамат өткен екен ғой десін» деп қояды тағы да қалжыңға бұрып. Міне, қазір солар мына үйдің іргетасының астында жатыр…
Илья ағаның жүзіне қарасам, сазгер қолының таңбасы қалған үйді қимағандай көңілі қатты құлазып тұр екен.
Шәкеңнің шахматы
Суыртпақтап сыр тарта бесең, «инсульттен кейін память онша емес» деп, орысша-қазақша араластырып сөйлеп қоятын Илья ағаның да біразға жететін әңгімесі бар.
– Есімде қалғаны – Шәкең жастықты қолтығына қысып, көрпешенің үстіне жамбастап жатып ап, қызылдап демдеген шәйді шым-шым ыстық күйінде ішкенді өте жақсы көретін. Одан кейін… темекіні өте көп тартатын. Кейін «қойды» деп жазып жүр ғой. Ал мен көрген кезде… бір әңгіме үстінде бірнеше темекіні түтінін бұрқыратып шегіп тастайтын. Былайша айтқанда, аузынан сигарет түспейтін. О кездегі мода «Прима» деген сигарет болатын. Егер «Прима» жоқ болса, «Қазақстан» сигаретін шегетін. Кейде: «Шәке, осы темекімен де қоштассаңызшы», дейтінмін.
– Ілеке, сөзіңізге қарасам
Шәкең туған ағаңыздай боп кеткен сияқты…
– Туған ағамнан да артық боп кетті. 1981
жылы әкем қаза болып, елге келдім дедім
ғой. Сонда әкемді жерлеп, жетісін беріп
апта бойы жүргенде Шәкең де бізбен бірге
болды. Сонда анам өзімнен үлкен ағайым
бар, одан кейін тағы екі інім бар, Шәкең
бар бәрімізге жерге қаз-қатар төсек салып
беретін. Үлкен ағайым мен Шәкеңнің жастары
қарайлас. Бірақ анам бізге: «Шәмші бәріңнің
ағаларың болады», дейтін. Шәкең үй саламын
дегенде, Осман деген інімді қасына қосып
берді. Сазгердің үйінің жанынан ол да
үй салды. Осман екі үйдің құрылысын қатар
жүргізді десе де болады. Бірақ, өкінішке
қарай, Осман жастай қайтыс болып кетті.
Осман мен Исмайыл деген екі інім Рәзия
мен Әсия Шаняевалар деген апалы-сіңілі
қыздарға қатар үйленіп, қатар той өткізгенде
Шәкең той төрінде отырды. Ұлы композиторды
ортаға алып түскен суретіміз де бар.
– Ағаңыздай болып кеткен екен. «Көке, жалғыздық құдайға ғана жарасқан, өзіңіз ән арнаған дүнген қыздарының біріне үйленіп алмайсыз ба?» деп айтқан жоқсыздар ма?
– Жоқ. – Илья күліп жіберді. – Біз ардақты ағамызға ондай сөзді айта алмайтынбыз. Бәріміз де ренжітіп алмайық деп, Шәкеңнің қас-қабағына қарайтынбыз. Бірақ бірде үлкен ағайым ретінде еркелей сөйлеп: «Шәке, Алматыдағы жеңгей мен бауырларымызды әкеп таныстырмайсыз ба?» деудің қисынын таптым. Шәкең «мақұл» деді. Мен мұны: «Шәкең балаларын әкелемін деп айтты», деп шешеме қуана жеткіздім. Анашым: «Жақсылап күтіп алайық онда», деп дайындалды. Бір күні жеңгеміз Жәмилә мен екі ұлын ертіп келді. Олар біздің үйде екі-үш күн қонақ болып қайтты.
Шәкеңнің тағы бір қасиеті – шахматты жақсы ойнайтын. Бір жолы үйге дүкеннен шахмат тақтасын сатып алып келді де: «Илья, мен дүнген балаларының карта ойынына әуес боп бара жатқанын байқап жүрмін. Ол жақсы өнер емес, келіңдер, одан да мен сендерге шахмат үйретейін», деді. Шәкеңнің арқасында содан бастап ауыл жастары шахмат ойнауға әуес боп алды. Кейін ағамыз сол шахматын «көзіңдей көріп жүр» деп біздің үйге тастап кетті. Шәкең, шіркін, өте ақкөңіл азамат еді ғой, менің анамды туған анасындай жақсы көрді. Бір жолы анамның көк пальтосын Шымкент қаласына алып кетті де, соған елтірі жаға тіккізіп алып келді. Анам Шәкеңнің перзенттік ілтипатына қатты риза боп, сол пальтоны мұндаға дейін киіп жүрді.
Сара Даузованың тілегі ғана емес…
Жалпақтөбе ауылының іргесіндегі
Солнечный кентіндегі №34 мектепке Шәмшінің
есімін беруді жалықпай сұрап жүрген бір жақсы адам
бар. Ол – Сара Манкизқызы Даузова деген
дүнген қызы. Солнечныйдағы ұлттар мен
ұлыстардың бір топ өкілдері қол қойып,
қолдаған өтініш пен қажетті құжаттардың
бәрін ол Тараз қаласының әкімі Нұржан
Календеровке тапсырыпты. «Шәмші аға кезінде
біздің үйдің де қонағы боп, қолымнан шәй
ішіп еді», деген Сара енді оң шешімді
ғана күтіп отыр. Сонымен бірге, бір қауым
елдің Шәмші Қалдаяқовтың «ақырғы аялдамасы»
болған гараж қасындағы іргетас үстіне
тұрғызылған үйді қазіргі қожайынының
келісімімен сатып алып, ұлы композитордың
музей-үйінің дүниеге келуіне бас болса
деген игі тілегі де бар. Ол музей үй –
Шәмші әндерінің елімізде дәстүрлі түрде
өткізіліп келе жатқан кезекті бір республикалық
фестивальға тарту болса, тіпті, нұр үстіне
нұр болар еді. Демек, соңғы сөз, дұрыс
шешім өнерді де, өнер иелерін де құрметтей
білетін білікті басшылардың құзырында.
Музей мәселесі – мәдениет пен руханиятқа
демеуші боп жүрген меценаттардың да қолынан
келетін шаруа. Ал жақсы іс жедел қолдау
тауып жатса, республика халқынан сүйінші
сұрауға біз дайын.
* * *
Әңгімені тойханалардағы әннен бастап
ек қой. Сол тойдың төріндегі ығай мен
сығайлар Шәмші ағаның «Дүнген қызына»
қол соғып отырған кезде менің ойыма Жалпақтөбедегі
Шәмшіден қалған «үй» оралады. Көнетоздау
гаражы есіме түседі. Шәкеңнің машинасына
ғана емес, өзіне де баспана болған қасиетті
құтхана да бұзылып кетпесе екен деп қамығамын.
Өйткені, ол да тарих қой. Еуропалық зиялылар
кезінде Моцарттың моласын да таппай қап,
қапа болған жоқ па? Оған қарағанда қазақтың
Шәмшісінің артында үй де, ұрпақ та қалды
емес пе? Ес болатын еңсегей бойлы ерлері
ше?!. Елі ше?!.
Өткен жылдың қоңыр күзі еді…
Тал-дарақ жалаңаштанып, жержүзі
сары жапырақ жамылып, Табиғат-ананың
әлдебір мұңға малынып, манаурап тұрған
сәті-тін. Астанаға белгілі композитор,
жазушы, музыка зерттеуші Илья Жақанов
ат ізін салды. «Жайықтан бері күнде жол
салмайды ғой» деп, ағамен арнайы кездестік.
Есілдің жағасындағы бірнеше сағатқа
созылған әңгімеде Ілекең өнердегі, өмірдегі
досы, «вальс падишасы» Шәмші Қалдаяқов
жөнінде де тереңнен сыр ақтарды…
Композитормен қалай таныстым?
1957 жылдың төртінші қарашасы еді. Опера театрының бір қанатында Композиторлар одағының кеңсесі болатын. Ол кезде одақ төрағасы – «Біржан-Сара» операсының авторы Мұқан Төлебаев. Мұқаңның есімін ел танып, дүрілдеп тұрған кезі. Сол кісінің бөлмесінде келесі 1958 жылы Мәскеуде өтетін қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне арналған үлкен ән конкурсының мәжілісі болды. «Салтанат», «Ақ қайың» деген әндерім шығып үлгерсе де, қыруар ән жазылған шараға мен қатысқан жоқпын.
Жаспыз. Университеттегі сабақты ұмытып, әншілермен, сазгерлермен танысып, ылғи консерваторияда, Композиторлар одағында, опера театрында жүреміз. Сондай сәтте, конкурс мәжілісі жүріп жатқанда бір вальс әні сарапқа түсті. Александр Зацепин деген пианист, композитор кейбір нотасын, қателерін түзетіп, ойнап отырды шығарманы. Мұқан Төлебаев мәтінін көрді де, жақтырмай, «Лақтырып жібер» деді қасындағыға. Оны әркім-әркім қолына алып, оқи бастады: Бақытжан Байқадамов, Ахмет Жұбанов, Қапан Мусин, Сыдық Мұхамеджанов, Латиф Хамиди… Ылғи кереметтер. Бәрі бірауыздан «жарамайды» деп, құлаған әндердің ішіне жіберді. Бұл – қазіргі «Қайықта» әні екен. Музыкасы емес, сөзі құлады. Нұрсұлтан Әлімқұлов деген ақын жазған.
Сол күні қасымда болған Шәмші шылымды тарта береді, тарта береді. Біздің таныстығымыз да сол күні басталған. Артынша мейрамханаға бардық, бір-бірімізбен етене жақындасып, әңгімеміз жарасып, достығымыз басталды.
Атаққа жетелеген екі ән
…Осы жылдың желтоқсанының соңғы күні, әдеттегідей, жаңа жылдық мерекелік концерт беріледі. Сонда Шәмшінің «Жүрек сыры», «Қарагөз» деген екі әні алғаш рет орындалды, керемет шырқалды. Екеуінің де сөзін жазған – Ізтай Мәмбетов. Орындаған – Мәдеш Ниязбеков деген Жамбылдың азаматы, консерваторияда оқып жүрген кезі еді, театрда қызмет еткен ересек жігіт. Сол күннен бастап Шәмшінің атағы шыға бастады. Содан кейін Шәмші екеуміз әнді бірге жазып, эфирге бірге шығып, жолдастығымыз жалғасып кетті. Біздің әндеріміз үлкен композиторлардың назарына ілігіп, емін-еркін шырқалып жатты.
«Бәрінен де сен сұлуды» біздің тойымызға арнаған Мен 1961 жылы шаңырақ көтердім. Арада бірер ай өткенде, маусымның жетісі күні Алматыдағы пәтерімізде тойымыз өтті. Тойдың алдында Шәмші келген құттықтап, көңілсіз екен. «Илья, естідім, «Меңдіқыз» деген ән шығарып, келінге арнаған екенсің, мен де бұл қуанышқа арнап ән жаза бастадым. Сол екі әнді бірге дайындайын, нотасын бер» деді. Той күні Шәмші екі әнді дайындап келіп, өзі мандалинамен сүйемелдеп, «Меңдіқызды» Сәжида Ахметова деген бізбен замандас әнші қызға айтқызды, радиода көп шырқайтын ол. Өзінің «Бәрінен де сен сұлу» әнін жиналған жұрттың көзінше:
– Менің Ильяның жарына, келініме арнаған әнім, – деп, Майра Жүрсіноваға орындатты. Сол тойға қатысқан адамдардың ішінде қазір академик Серік Қирабаев пен зайыбы Әлия Бейсенова, филология ғылымының докторы Сапарғали Омарбеков және марқұм Қадыр Мырза-Әлі, курстас досым Өмірзақ Айтбаев болып еді. Мен қызмет ететін «Қазақстан пионері» газетінің ұжымы, бас редакторы Сансызбай Сарғасқаев, жауапты хатшысы Қосайдар Бәтпенов – бәрі осы екі әнге куә болды. Осылайша, Шәмшімен достығымыз соңғы демі үзілгенше жалғасты.
Қабырғамды қайыстырған қаралы хабар
…Композитордың қайтыс болар сәті. Жезқазғаннан
Алматыға дауылдатып, борандатып, зорға
келген едім үйге. Тиыш апаң:
–Ілеке, тездетіп жуын, шайыңды іш, қазір
естідім, Шәкең өте қиын халде жатыр екен,
– деді.
– Қайда?
– Совминнің ауруханасында. «Волгам»
бар еді, жол тайғақ, сағат төрт жарымда
жеттім ауруханаға. Тынығу уақыты. Дәлізде
ешкім жоқ. Тек Өмірзақ Айтбаевтың жары
Үміт жүр екен. Ол кісі қан қысымымен жатыр,
мені көріп қуанып кетті:
– Ой, Ілеке, қайдан жүрсің? Шәмші жатыр
екен… Ілеке, өте қиналып жатыр, анау есік,
– деді. Екеуміз сол тұстағы диванға отырдық.
– Қазір баруға болмайды, әйелін алдыңғы
күні бір көргенмін, содан бері жоқ. Жалғыз
жатыр, өте ауыр халде, – деді. Отырып-отырып,
күртешемді Үмітке ұстатып, Шәмшінің палатасына
кіріп бардым. Жамылғысын басынан асыра
жамылып алған. Әлденелерді күбірлеп,
қиналуда. Біраздан кейін бетін ашты. Көңілін
сергітпек болып:
– Шәке, ассалаумағалайкүм! – дедім. Қадала
қарады маған. Сақалы, шашы өсіп, ерні кезеріп
кеткен, мүлде жүдеу, көзінде нұр жоқ.
– Ә-ә, Илья келдің бе?.. Ішім өртеніп барады,
мұздай су алып берші, – деді. Су әкеліп,
аузына тамыздым, іше алмады. Біразға дейін
басынан ұстап отырдым. Қолы қап-қатты,
ине салынып-салынып, көгеріп кеткен. Сол
қолымен мені ұстап алған, ажырамайды.
Медбикелер ажыратты. «Шәке, шипасын берсін
Құдай» деп ем, маған тағы да ұзақ қарады
да, «Сен барсың, Илья, ел жігіттеріне сәлем
айт» деді сосын. «Шәке, халық әртісі деген
атақ беріп жатыр» деп бұрынғыдай желпіндіріп,
сергіткім келген. «Заманбек Нұрқаділовтің
курьері әкеп тастады. Ол неге керек маған?..»
деді әзер сөйлеп. Іле-шала «Илья, сен барсың.
Ел жігіттеріне сәлем айт» деп тағы қайталады.
Шыдай алмай, шайқалақтап шыға жөнелдім.
Далаға шықсам, ақ түтек боран. Сол деммен
көлікке келіп отырып, кібіртеп, тайғанақтап
үйге жеттім. Келісімен қан қысымы көтеріліп,
өзімді жайсыз сезіндім… Таңертең тұрып
жуынып жатқанымда, радиодан «Композитор
Шәмші Қалдаяқов дүние салды» деп хабарлап
жатты.
«Сыған серенадасы» – болмаған сюжет»
…Шәмшінің қай әні қалай туғаны – менің көз алдымда. Ол отбасын, екі баласын тастап, Алматыдан Шымкентке кетті, артынша Жамбылда тұрып, Шудың бойынан әкесінің немере інісі Қалқаман деген туыстарын тауып, соған барып жүрді. Шәмшінің өмірі ешқандай рахаты жоқ беймаза жылдар еді. Қанша сұлу әндер тудырып, ең болмаса, жібі түзу бір әйелмен жұбы жараспай, рәсуа ғұмыр кешті.
Тараз қаласының іргесіндегі Дунгановка деген (қазіргі Жалпақсаз) елді мекенде салынып жатқан үйін көрдім, айдаладағы қойшылардың адыра қалған қоралары сияқты, «Г» әрпіндей салынған, төбесі жабылмаған. Алдында гараж, гараждың ортасын шымылдықпен бөлген, мына жағында – өзінің салдыраған сарғыш көлігі, мына жағында – екі адамдық темір сәкі. Сонда он алты-он жеті жыл тұрды. Екі-үш жылында қасында Оразбек Бодықов деген жазушы, драматург болды. Мінезі – ұшқалақ, Шәмші туралы кітап жазды, бірақ мен оқымаған едім оны. Шәмшінің «Илья, мына Орекеңе айтшы, мен туралы жазған кітабының әр бетінен арақтың иісі шығады. Айтшы, Илья, мен арақ ішпегелі он алты-он жеті жыл болды ғой. Бодықовқа айтшы, енді бүлдірмесін мені» деп айтқаны әлі есімде.
Тағы айта кетерлігі, «Сыған серенадасы» – Шәмшінің өмірінде болмаған оқиға. «Бір қызықты сюжет үшін солай жасап қойып едім, Илья, мені жақсы көресің ғой, мені сыйлайсың ғой. Егер сенің қаламың мен жөнінде теріс кетсе, бүкіл халық саған иланады. Дәл осы сығанды тапқан сюжетім мені құртады, осыған тиіспей-ақ қойшы» деген. Сөйткен Оразбек те Шәмші қайтқан соң көп ұзамай қайтыс болды.
«Шәмшінің жүрегі» жазылуда»
Мен Шәмшінің бүкіл зәузат ата-тегінен бастап білем. Біз – отыз екінші жылға дейін Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы аумағындағы Сарысуды жайлаған тамамыз. Абылай заманында Тама болысы болса, Кеңес өкіметінің тұсында сол аумақта екі аудан құрылған: Асанқайғы және Сарысу. Асанқайғы – арғындар, Сарысу – тамалар. Дүрбелең, ашаршылық басталғанда сарысулықтар Бетпақтан үдере ауып, Абылай кесіп берген, малға жайлы, ықтасынды Шуды қыстайды. Бетпақта құдықтары бар…
Сол Тама болысында жағалбайлылар, алшындар болған. Жағалбайлының үрім-бұтағынан Шәмшінің әулеті тарайды. Алшындардың бір бұтағынан Асанәлі Әшімов тарайды. Біз Сарысуда тудық, Шәмші Сырдың бойында, Сарыкөл деген жерде туды. Әкесі Қалдаяқ қаңғырып, Созақтан ары қарай, Кентау, Ащысай, Шәуілдір, Арыс, Түркістан төңіректерін шиырлап-шиырлап, Темір стансасындағы Қарақоңырда, тамалардың ортасында дүние салды. Шешесінің сүйегі де сонда жатыр. Міне, сол Шәмшінің зәузатынан бастап, шығарған әндеріне дейін «Шәмшінің жүрегі» деген атпен түгел қағазға түсіріп жатырмын. Біразы жарияланды. Жариялана бастағанда Ақселеу Сейдімбек секілді біраз азамат телефон соғып, «Шәмші туралы «Жұлдызға» шығып жатқан мақалаларыңызға шымкенттік бір журналистер «жиендік жасап» жатыр» деді. Осыдан кейін мақала жариялауды тоқтатып, бірден кітапқа басылсын дедім. Тек «Егемен Қазақстан» газетінің басшылығы жанымды қояр да қоймай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» деген бөлігін сұратып алып, жарыққа шығарды.
Шәмшімен достығымның арқасы ғой, оңтүстікте әндерінен конкурс болғанда екі рет төраға болдым. Өмірінен, әндерінің тарихынан жұртқа көп айтып, таныстырып, насихаттаумен жүремін.