Эксперимент жұмыстарының нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................4

1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6
1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13
1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16
2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20
2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Шәмші Қалдаяқовтың
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28
2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31

3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мукан Тулебаев диплом--новый.doc

— 1.34 Мб (Скачать документ)

2. Оқушылардың   музыкалық   мәдениетін  қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың   шығармаларының   маңызы

Ш.Қалдаяқов есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады. Менің де қолыма алып, өткен белестердегі ағаға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті, жүрекжарды лебізді ақтаруыма бүгінгі ел-жұртының осынау ақ, адал пейілі әсер етіп отыр.

Шәмшінің өнерге деген құштарлығын оятып, қалыптастыруға ол өскен ортаның әжептәуір әсер еткенін қолымыздағы барлық дәйек дәл нақтылайды. Өсу-толысуына куә жер жәннаты Жетісудың өзі халықтық музыканың тұнып тұрған мекені десек, сондай керемет топырақтың қасиетіне қанып өскен өрен жастықтың жайлауына небір жауһар да жасампаз өнерді қондыра білді. Поэзияға, ән мен әуенге құштарлық, суырып-салмалық келешек арнаны айнадай таза етумен бірге, төл айдынға музыкалық дарын мен ақындықты қатар құйды.

Жоғарыда аталған әндері мен шығармаларынан Шәмшінің тамыры үзілмеген халықтық сазды еуропалық классикамен шебер біріктіріп, тонның ішкі бауындай үйлестіре білген биік үнін танимыз. Қажым Жұмалиевтің тілімен айтқанда: «...Шәмші кейінгі ұрпаққа өлместік мұра, өшпестік ат, үлгі етерлік өнеге қалдырды». Әсіресе, Жүсіпбек Елебеков пен Қосымжан Бабақовтың өңдеуіндегі үлгісіне қатты қызығып, көңіл аударғаны бейжай қалдырмайды. Тіпті, соңғысына өзі ат арытып, артынан іздеп барғаны мәлім.

Қазақстандағы қазіргі заманғы музыканың жаңа кезеңі дәл осы есіммен тығыз байланысып жатыр. Ұлттық музыка өнерінің кәсіби жанрларына тың жаңалықтар әкелетін мұндай тұма бастаулардың көзі ешқашан бітелмесін, лайым.

“Қазақ халқының мәдениеті өзінше ерекше. Қатал қанаушылық кездің өзінде ауыр көшпенділік тұрмыста халық үлттық музыкасын, керемет ауыз әдебиетін жасады. Өткеннен қалған бұл қымбатты мұраны сақтай отырып, көпшілік халықтьң ортасынан шықкан, өз халқынан данышпандыкты үйретіп өскен өнер шеберлері оны өркендетіп келеді”.

Халық музыкасын өз ортасынан шыкқан өнер шеберлері, білікті композиторлар профессионалдык тұргыда дамытып келеді. Қазак музыкасының ән әлемінде бұрынырақта көп дауыстылық болмады. Болса да тек қос дауыста қосылып айтылатын немесе барша жиналған жастар бірігіп айтса да унисондық дауыстан шыкпайтын. Шәмшінің таңдаулы шығармаларында, қазақтың халық музыкасы бізді өзініе жүгіндіретін ерекше иісі аңкып тұратын эпикалық шуағы мен жайдары лиризм бар. Ш.Қалдаяқов қай шығармасында да осы ұлттық өрнегін көрсете алғандығынан, оның музыкасы әдеміленіп, күшейіп көрінеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз мемлекетіміз жаңа рәміздерін кабылдау салтанатында сойлеген сөзінде былай деді: “Ардақты агайын! Бүгінде өз тағдырын өзі апқындаған қазақ ұлтының жас егеменді мемлекеті Қазақстанның бүкіл халқы мен экономикасы жаңаша жагдайда тұр. Қазіргідей алмағайын заманда, күрмеулі көп күрделі дүниеде ешкімге есемізді жібермеу үшін бізге ерекше ауызбірлік керек, ерекше жауапквршілік керек, парасаттылық  кереку ерекше еңбекқорлық керек. Міне жаңарган Жалауы, Елтацбасы, Әнүраны бар ел болдық. Бүгінгі   салтанатты    тек    жаңа    мемлекеттік    нышандарды    елге жария ету рәсімі ретінде қарамасақ деймін, Жалауымыз, Елтаңбамыз, Әнүранымыз бүкіл халқымызды, көп үлтты Қазақстан жұртшылығы ортақ мақсатқа жұмылдырып, қасиетті істерге шақырып, жігерлендіріп, рухтандырып тұрса екен деймін. Біз тэәуелсіздікке аңсап, зарыгып жеттік. Енді сол тэуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қасиеттеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Жалауын, Елтаңбасын, Әнүранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. Қуанышымыз құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!”

Бұл композитор Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығына берілген үлкен баға! Уақыт өтсе де композитордың сазды әндері мен әуендері ел құлағында. Олар әлі ұмытылған жоқ; керісінше, қайта жаңғырып, мәңгілікке жолдама алуда. Нағыз көркем шыгарма ешуакытта өлмек емес. Ш.Қалдаяқов   шығармалары осындай!

Композитор Ш.Қалдаяқов   шығармалары мәңгі мұра.  Оньң шығарма-ларының жас ұрпаққа тигізер тәрбиелік ықпалы да орасан зор.

                Әнім сен едің...- деп әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, телегей теңіздей сезім сыйлаған, көңіл пернесін дөп басып, ыстық ынтызарлықтың, шексіз сүйіспеншіліктің төлқұжатындай болған әндердің авторы - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні бүгін... Көмейіне құмыр құс ұялаған әншілердің бағын ашып, өнерге жолдама алып берген әсем әндер бүгінде әркімнің көкейінде қалықтап тұр.

Түн ұйқысын төрт бөлген абзал анамызға деген перзенттік махаббатымызды:

Есейіп кетсем де, 
Мен саған сәбимін. 
Көңіліңді көктемдей, 
Көзіңнен танимын, -

деп Шәмшіше жеткіземіз, сүйген жанға деген ыстық іңкәрлігімізді:

Әнім сен едің кешке салатын, 
Содан жас жаным бақыт табатын. 
Тағы келді ғой құстар ән салып, 
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып, -

деп тағы да Шәмшінің әнімен жолдаймыз. Көңіл тебіреніп, жүрек толқыса да:

Толқысын шартарап, тасышы, тебіренші, 
Ей, гитара! 
Оу, жан серігім, 
Төгілсін күй тарап! 
Жаның тарықпасын,  
Ән шарықтасын! 
Қайран басың, ғаріп басың, 
Көзіңді жұмбай қамықпасын, -

деген Шәмшінің әндері көкейге кептеле қалады...

 

«Қайықта», «Дүнген қызы», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің» секілді алты алашты кезген асқақ 300-ден аса ән жазған Шәмші бүгінгі күнге дейін қазақ музыкасындағы ең тұғырлы, ең биік сазгер. Байлық пен атаққа белшесінен батпаса да, қалың қазақтың алақанында өткен аңыз адам.

Шәміл-ау! 

Шәмші қайда?  
Шәмші қайда?  
Шәмшіге айт,  
Тағы да бір таңдандырсын,  
Жындандырсын жүректі, жандандырсын!  
Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер,  
Мәңілік өлмейтұғын ән қалдырсын! 

Ақиық Мұқағали Шәмшіге осылай деп өлең өрген. Шәмші артына мәңгілік өлмейтұғын қазына қалдырды да...

Өзге әннен шоқтығы биік тұрып, сыршылдығымен көңілді жаулайтын әндер жарып шыққан нәзік жүрек иесі шынайы өмірде қарапайым адам болған деседі. Шәуілдірдің жусанын иіскеп, топырағын кешіп өскен еркін ұл бар қазақтың Шәмшісі атанып, қазақ музыкасының бойтұмарына айналды.

 

 

2.2 Шәмші  Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі

Шәмші Қалдаяқов қазақ музыка онеріне орасан зор еңбек еткен жан. Ол күн демей, түн демей шығармашылық ой үстінде жүрді.

Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер. Осы  заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. 
Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келеді.  
Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда В.В. Великанов класында оқыды.  
Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді.  
Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруда, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындарының данқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік береді.Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір «жыл келгендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім.  
Жұрт аузында «бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші» бағалағаны мәлім атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70 жылдардағы жастардың аузында жүрді. Кешеуленген «хрущевтік жылымық» дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, «Биттлзге» қалай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды. 
Әсем де ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша мәшһүр болды.1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты.

Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан... Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.  Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді. 
Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз. 
          Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.           Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі құрметті атағы берілді. Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады.

Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар.  Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады. 

 



Шәмші  Қалдаяқовтың кейінгілерге қалдырған асыл қазына, құнды еңбектерін жинақтап, тез бастыру, зерттеу, олардың терең сыр, көркемдік  ерекшеліктерін   көпшілікке  таныту  Қазакстан   Композиторлар одағы мен музыка мамандарының міндеті. Музыкант болмасак та көп жылдар бірге істескен, творчестволық ұзақ жол, киьн шатқалды бірге кезіскен каламдас жолдас, қадірлі дос Мұқанның музыкасынан алған әсердерім мен оның музыка жазу жұмыстарындағы кейбір ерекшеліктеріне токталмақпын.

Маған Шәмшінің музыкасы өмірдің нақ өзі тәрізді әсер етеді. Оның эн, романс, кантата, ариялары аңсаган арман, елжіреген махаббат, шарықтаған шаттык, қаусатқан күйініш, ерлік, өрлік сәулесі тәрізді. Солардың бірі әдемі әуен, дыбыс гармониясы арқылы санаңа қүйылып, сезімді билеп жатқандай әсер етіп, музыканың әр жак тасасьңдағы өмір бейнесі көз алдымда елестегендей болады.

Шәмші  Қалдаяқов - халқымыздың аса дарынды, қазак композиторы,

көрнекті қоғам кайраткері, ұлттық композиторлык мектептің іргесін қалаушылардыц бірі.

                Шәмшіні профессионалдык қазақ музыкасындағы  вальс романс тудырушылардың бірі деуге әбден болады. Бүл іпыгармаларында сазгер ұлттыык эншілік дәстүрге сүйене отырып, өзімшілдік музыкалық тілін, ерекше мәнерін қалыптастырды.

        Шәмші  Қалдаяқов  өзіндік таланты, оның асқақ сезімді жалыны, философиялық толғанысы казақ халкының өнср модениетін оқшау тұрған аса бір ғажап биіктікке шығарған жарқын құбылыс.      Қазіргі заманның бағыт-бағдары өзгеше, мүлде бөлек. Әсіресе әдебиет пен өнерді, ғылымды меңгеремін деген кісілер болса, ол сол салалардың оқуларына жете қанығып, терең сырларының құпияларына тұшынбаса, көксеген мақсат-мұраттарына жете алмайды.

Шәмші жасынан бойына біткен қастерлі қасиеті – туған жері мен елінің, өмір сүрген қоғамы алдындағы өзіне барынша борыш етіп жүктегені – жан сала еңбектену болғаны аян. Ол ержеткен бозбала кезінен қарапайым ауыл арасы жұмыстарынан бастап, еңбекке құлшына араласты.

          Осылайша, біздің қазіргі түсінік-болжамымыз  бойынша шынайы музыка әлемімен таныстығын кеш бастады. Алайда айтыскер ақын, әншілігі де бар анасы Тәжібаладан бастап, Апырбай сияқты туысқан ақын ағасы, думанды өнерпаз жұртының ортасынан шыққан Шәмші өнерге әркез ынтызарлықпен ұмтылғаны анық.

Информация о работе Эксперимент жұмыстарының нәтижелері