Эксперимент жұмыстарының нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................4

1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6
1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13
1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16
2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20
2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Шәмші Қалдаяқовтың
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28
2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31

3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мукан Тулебаев диплом--новый.doc

— 1.34 Мб (Скачать документ)

   мелодиясының әртүрлі ладо-интонациялык ерекшеліктері. Известия  №1

26.Кетегенова Н. - Өшпес  талант. Жур.“Қазакстан әйелдері” 1983. №10

27.Кетегенова   Н. - Мұқан   Төлебаев    өмірі   мен   творчествосы.   

    Алматы Өнер 1993ж.

28.Кузембаева С- Қазақ  опера өнерінін маржаны. Алматы  1987ж

29.Нұрғалимов С. - Өлмес  өмір. Жур. “Жұлдыз”  1983. №3

30.Нұрғалимов   С   - Дарын   иесі   еді   ғой. Жур. “Мәдениет   және

   тұрмыс”   1983. №3

ЗІ.Ожаров I - Серпін. Очерктер мен мақалалар. Алматы 1970.

32.Реалдин Ж - Өмірлі  өнер. Жур. “Мэдениет жэне тұрмыс” 1970,№3

33.Темірбекова  А - Дарынды  талант.  Қазақстан  композиторлары.  Алматы 1970, №1

34.Чумбалова  Г - М.Төлебаев   Қазакстан   композиторлары.   Мақалалар  жинағы. Алматы  1958.

35.Жұбанов А. Музыка  шырағы/ Жұлдыз.- 1963, №5.

36.М.Төлебаев / Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.- Т.6.- Алмаіъқ 2004. 
37.Қоңыратбай Т. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры.- Алматы, 1994.

38. Ахметова М., Жұбанов А., Ерэакович Б. Советтік шак музыкасы.  ■ Алматы, 1975.    83-84-6.

39. Қалиев С. және басқалар. Қазақ  халқының салт-дәстүрлері/ С. Қалиев, М.Оразаев, М.Смаилова. Алматы: Рауан, 1994.

40.Ќарамолдаева Г.Ж.  Мектептегі  музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған методикалық  нұсқау. Алматы: Мектеп,1987

41.Қасқабасов С. Қазақтың халық  прозасы. Алматы, 1984. 25б.

42.Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев  Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы: Қазақ университеті, 1991, 259 б.

43.Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев  Т. Кәукаби әл-Бұхари / Музыка туралы трактат/, 317-318 б.

44.Қоспақов Ә. Әнші тағдыры. Алматы: Өнер, 1971

45.Луканин В.  Обучение и воспитание молодого певца.  Л.: Музыка, Ленинградское отделение, 1977

46.Жайымов А. Ысқақов Б.Еңсепов Ж. Сәрсембаев Ж. Музыка: жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған байқау оқулығы. Атамұра, 2000.

47. Жұбанов А.Ќ. Музыка әліпбиі. Ќазаќстан баспасы, 1993

48.Жұбанов А.Ќ  Өскен өнер. Алматы. Єылым, 1985

49.Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы: 1975. 122-124бб

50.Джанибеков По следам легенды о золотой домбре. Алматы: 1991

51.Дмитриева Л.Г. Методика музыкального  воспитания в школе. Москва, 1989. С. 10.

52.Ел аузынан: шешендік сөздер, ақындық  толғаулар, аңыз-әңгімелер/Құраст. Б.Адамбаев. Алматы: жазушы, 1985. 163б.

53.Елебекова X. Ән-аманат. Алматы. Өнер, 1989

54.В мире музыки. Журнал. № 2, 2005, 4-6 б.

55.В мире музыки. Журнал. № 7 – 8, 2007., 18-20 б.

56.В мире музыки. Журнал № 1-2, 2008., 17-18 б.

57.Балтабаев М.Х. Мектеп және этнокөркем білім негіздері. Алматы, 1977.

58.Жайымов А. Ысқақов Б.Еңсепов  Ж. Сәрсембаев Ж. Музыка: жалпы білім  беретін мектептің 5-сыныбына арналған  байқау оқулығы. Алматы. Атамұра, 2000. 144б.

59.Затаевич   А.   1000   песен   казахского   народа.   М.Музгиз,1963

60.Затаевич А.В. 500 казахских песень  и кюев. Алма-Ата, 1931. С. 249.

61.Казахский музыкальный фольклор. Алматы: Наука, 1982

62.Сухомлинский А.В. Балаларға жүрек  жылуы. Алматы, 1976. 226б.

63.Ұзақбаева С. Өміршең  өнер өрісі. Алматы.: Мектеп, 1988

64.Ұзақбаева С. Төлебаева Ж. Сырлы  саздар тағлымы. Алматы, 1999.28б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Сазгер Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы

Сабақтың эпиграфы:   “Жаңғыртқан жаңа дәуір сазын шалғай.. ”

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың жаңа жанрлық сазындағы елеулі тұлға Шәмші  Қалдаяқов шығармашылығымен таныстырып, алғашқы профессиональді ақиық адам тұлғасының шығармаларына талдау жүргізе кең мазмұнда жас шәкірт бойына сіңірту.

2. Балаларға жаңа  заман сазын тыңдата келе қабылдау, түйсік, әсерлену процестерін дамыту.

3. Оқушыларды халқымызда өнегелі  пәк әндерімен тарихта қалған  ән-күйлердің жаңа дәуірдегі түрленген  түріне сүйіспеншіліктерін арттырып, сол шығармалар арқылы ұлттық  саз, адалдық, өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі :       Интеграциялық, дәстүрлі, “Сазды мейманхана”

Сабақ жоспары:

            1. Ұйымдастыру кезеңі

а) жарнама 

ә) сабақ құрылымын айтып өту.

2. Өткенді қайталау.

а) өткенді тақырыпты пысықтау

б) треннинг

3. Жаңа сабақ.

а) почта жаңалығы

ә) Тарих пәні сыйлығы

б) хатшы жаңалығы

в) саз тыңдау, талдау.

г) ән үйрету

д) саз сауаты

4. Бектіту

а) қорытындылау

ә) бағалау

Қолданылған көрнекіліктер: Сазгер портреті, ән үлгісі, жұмыс қағазы,

почта жәшігі, хатшы жаңалығы, сабақ кезеңдері

 көрсетілген үлгі. Әннің сольфеджиосына 

 арналған ноталық жазбалар. “сазгер” сөзіне 

арналған ой толғау тағы басқалар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпқа балаларды сазгер “Ақ бантик” әнімен енгізіп, сазды түрде сәлемдесу, назарларын өзіме аудару, кезекшімен жұмыс.

  • Өте жақсы, ендеше балалар барлығымыз жаңа сыныпқа енген нендей саз естідік?
  • Өте жақсы , ал кірген кезде қарсы алдарыңда қандай жарнама ілініп тұрды?
  • Дұрыс, ол “Сазды мейманханаға” қонаққа шақыру жарнамасы болатын.

“Саздың көне мұрасын, тыңдаңыз сіз таңқалып,

Әннің сәнді төресін, тыңдаңыз сіз құлақ қойып.

Айқара ашып есігін, күтіп тұр сазды мейманхана,

Қонаққа келген риза боп, ұстазың тұр рахаттана!”

- Мінекей балалар мейманхана  сіздердің келгендеріңізге қуана  мынадай сұрақтарды өздеріңе ұсынады.

Өткенді қайталау. – Балалар осы тоқсанда біз қандай үлкен тарауды бастадық? – Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Лирикалық саздың осы күнге дейін қандай өкілдерін білесіңдер?
  • Жалпы  саздың майталмандарын білеміз бе?
  • Тамаша, ал енді мен сендерге бір сазды ұсынамын, сендер тыңдай келе қолдарыңдыт ұстап бір-бірлеріңе қане жақсылық сыйлаңдаршы! (Саз қойылып, оқушылар бір – біріне шынайы ізгі ниеттер тілейді)
  • Жақсы, енді “Ой!” балалар есікті біреу қағып тұр, кім екен?
  • Ол балалар сендерге почта келген екен бүгінгі сабаққа жұмыс қағаздарын посылкамен салып жіберіпті қане қабыл алайық. (қағаздар таратылады)
  • Ұсынылған жұмыс қағаздарыңда жұмбақ “Сазгер” деген жұмбақ сөз тұр, бұл сөзді түсіндіру мақсатында сендерге тарих пәні мұғалімі келген екен қарсы алайық.


 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Жаңа сабақ.Үлкен рахмет, мінекей тарих мұғалімі сендерге сазгер  ұғымының қыр - сырын толық түсіндіріп өтті. Балалар тағы да бізге қонақ келген екен бұл кісі кім білесіңдер ме? (Хатшы қалалық музыка пәні бірлестігінен біздің жаңа тақырыбымызға жаңалық әкелгенін айтады)
  • Иә, бұл кісі біздің мектебіміздің хатшысы. Бізге жаңалық алып келіпті яғни біздің сабағымыздың тақырыбы Шәмші  Қалдаяқов жайлы зор мағлұматты әкелген екен, ендеше қабыл алайық. (Оқушыларға сазгер жайлы көп мағлұмат таратылып, одан кейін аузша оқытып, түсініктеме беріледі)

 

Ал енді осы мағлұматтан кейін бір сұрақ қояйыншы сендер сыныпқа енгенде қандай саз естігендеріңді еске түсірейікші  - Иә, ол жыр осы сазгердің “Ақ бантик” әні болатын. Енді сазгердің тамаша тағы бір сазын тыңдайықшы Қане тыңдау қалпын сақтайық. (Тыңдалғаннан кейін оқушылар мына үлгі бойынша талдайды)

Екпіні

Бояуы

Сипаты

Бейнесі

 

 

 

 


Өте жақсы, ал енді сендердің назарларыңа бір тамаша әнді ұсынамын. Бұл әнді арнайы осы сабаққа сүйіспеншілікпен қараған өздеріңе таңдадым. Ал қане тыңдап көрейік.

 

  • Ұнады ма балалар сендерге менің әнім.  - Өте жақсы, ал енді қол белгілері бойынша сольфеджиосын оқиықшы. Жақсы, ал енді қане орындап көрейік.
  • Тамаша, ал енді балалар ән қандай екпінде орындалды, сипаты қалай?
  • Иә, мерекелі түрде болды. Ендеше мен сендерге бұл әндегі негізгі жанр “Хор ” деген ұғымды түсіндіре кетейін. (Түсіндіремін)
  • Қазір балалар сендерге атақты сазгер Шәмші  Қалдаяқовтың осы ұсынамын тыңдап көрейік.
  • – Жақсы, қандай әсер алдыңдар?
  • Өте жақсы, енді мазмұны бойынша талдап, суретті бейнесін келтірейікші.
  • Бекіту. Балалар сонымен біз қандай тақырыпта әңгіме жүргіздік?
  • Жақсы ендеше осы сазгер рухына арналған көрнекті ақындардың сөздеріне жазылған өлең жолдарын Сазгердің портреті жанына келіп шырақтар жағып оқып берейікші. (төрт оқушы шығып, оқиды)   Міне мынадай өлең жолдары тамаша фейерверктің астында болды. Ендеше осындай әдемі кейіпте, нотада сабағымызды аяқтаймыз. Сендердіңде осындай сазгерлік ғұмыр сүрген асыл ерге деген сүйіспеншіліктерің арта берсін! Ал мына кәсіби сазгер адамдардың айтқан мына бір нақыл сөздеріне назар аударыңдар.  Жадтарыңа сақтаңдар!

“Қазақтың музыкалық қазынасының қайнар көзі көне саздың түрленуі  – оларды туындаған алғашқы кәсіби сазгер М. Төлебаевтың арқасы”

Е.Хасанғалиев

 “Сазгер Шәмші  Қалдаяқов – қазақ халқының рухани байлығы,

әлеументтік жағдайын жақсартуда қызмет еткен ақиық жандар”

Қ.Қожамяров

Сендердің де араларыңнан серілер шықсын! – деп сабағымызды тәмамдаймыз. (Әуенді түрде)

  


 

 

 Сау -                           бо -                                 лың -                        дар 


 

ба -                                  ла                                       лар!

                              «Ән көгінің сұңқары - Шәмші» 
Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарийі. 
 
1 – жүргізуші: 
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,  
Саған шөлдеп, айызым тамсанады. 
Өкініш пе білмеймін, қуаныш па? 
Өз - өзімнен жүрегім ән салады. 
Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма? 
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,  
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын 
Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда? 
Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,  
Жындандырсын жүректі, жандандырсын. 
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер 
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын. 
- Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. 
2 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші! 
1 – жүргізуші: Бірақ біз - ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыз өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егеменіміздің арқасында бүгінде «Вальс каролі» атанып отырған бір – ақ адам. Ол – Қалдаяқов Шәмші! Ендеше, сол Шәмшіге арналған «Ән көгінің сұңқары – Шәмші » атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер. 
2 – жүргізуші: 
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,  
Кім білсін, қай күні сен қырқарынды. 
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,  
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, - деп 
Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті жас ұрпақтарына берейік. 
Ән «Ақ бантик» орындайтындар Толғанай, Гүлден, Мұратова Әйгерім қабыл алыңыздар 
1 – жүргізуші: 
Адам жылап туады,  
Жатады оны жұбатып. 
Және жылап өтеді,  
Өзгені де жылатып. 
Жылайтыны туа сап,  
Жамандар бар қинайтын. 
Жылайтыны өлгенде,  
Жақсылар бар қимайтын. 
Осылай деген уа, Қадыр аға неткен ерсің! 
Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов. 
2 – жүргізуші: Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел қыстың құлазытар қара суығында жылытатын Шәмші әуендері болмақ. 
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы 6 «а» класс оқушысы Сапарова Айсұлу баяндап береді. 
Бейнебаян «Шәмшінің өмірі» 
1 – жүргізуші: 
Табады асыл сөзді ер данасы,  
Шығады білімдіден сөз сарасы. 
Салшы бір әсем әнге шарықтатып,  
Тыңдасын мына халық шабыттанып. 
Сахнаға Қуаныш Айдананы ортаға шақырайық.Айдананың орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән 
«Бақыт құшағында» қабыл алыңыздар. 
Көрініс: 
Қалқожа Жолдықпаев – Багдаулет 5 «а» кл 
Шәмші Қалдаяқов – Мустафин Марат 
Қасындағы жігіттер – Нурдаулет, Темирлан, Нурбек 
2 – жүргізуші: Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықпаевпын» деді 
- Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып отырсын? 
- Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге? 
- Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды. 
- Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба? 
- Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді....онда шаруаң бар? 
- Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім – деді де тайып тұрды. 
- Өй, әлгі ит не деп кетті? – деді Қасымдағылар. 
- Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, - дедім мен. Шәмшінің 
«Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды келтіріпті. 
Ән «Арыс жағасында» орындайтын Нурбек және Толганай. Қабыл алыңыздар. 
1 – жүргізуші: 
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,  
Шақырған кештеріне бірін – бірін. 
Көрейік тамашалап көрермендер,  
Жас биші аруларымыздың өнеріне. 
Сахнаға 3 «ә» класс оқушыларын шақырайық «Қара жорға»биі 
қабыл алыңыздар. 
2 – жүргізуші: 
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқұлы 300 – ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқұлының әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайтын. 
Маратова Айгерим, Толганай, Куаныш Айдананын орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән 
«Әнім сен едің» қабыл алыңыздар. 
1 – жүргізуші: Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім? 
2 – жүргізуші: Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол АНА ! 
АНА – теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерінің қай – қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. 
«Ана туралы жырдың» тууы 
Әннің шығуына себеп болған Шәмшінің ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады. 
- Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам. 
- Апа, қарыздармын саған....Қарыздармын, апа!...Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деді Шәмші. 
1959 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады. 
Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын. 
Толғанай, Гүлден және хор 
Диана, Гулден, Ару, Балжан, Бекзат, Диана, Аяжан 
«Ана туралы жыр» 
1 – жүргізуші: Бірде бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй – күйсіз жүрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүнген қызы» атты әнін .Жұмабеков Нұрбектің орындауында қабыл алыңыздар. 
2 – жүргізуші: Ән де адам секілді өз тағдырымен туады. 1963 жылы Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы Жарқымбек Қаржаубаевтың нұсқауымен ән – би ансамблін құру керек болды. Бағдарлама дайын болғанда ансамблдің шыққан тегін, затын, білдіретін, жалау етіп ұстайтын ән жоқ екен. Сол кісінің тапсырмасымен Алматыдан Шәмші Қалдаяқовтың шақырып алып, «Сыр сұлуы» әнін жазғызады. Сөзін Зейнолла Шүкіров жазған. 
Маратова Айгерімді шақырайық. Айгерімнің орындауында 
ән «Сыр сұлу» қабыл алыңыздар. 
1 – жүргізуші: Профессор Құлбек Ергөбектің зерттеулеріне қарағанда Шәмші Қалдаяковтің «Нан», «Арақ», т.б.бірнеше поэма жазған. Бәлкім, қолжазбасы табылып қалар. Жоқтаушысы да жоқ емес. Академик «Халық қаһарманы» М.Әлиев Ш.Қалдаяқов атындағы «Шарапат» қорын құрып, біршама ізгілікті жұмыс атқарды. Көше берілді, ескерткіш орнатылды. 
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Амалбек Тшанов өткізіп отырған Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивальдерінен кейін шоқтығы биік жұлдыздардың пайда болуы ел үшін үлкен жетістік. 
2 – жүргізуші: 
Әлі де бұл кеудемде толмай арман,  
Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң. 
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,  
Қол созып құшақ жайған қандай адам? 
Жүрегім сәулесінен дірілдеген,  
Көктегі күнім бе екен күлімдеген 
Әлі бір көктемдегі сандуғаш па? 
Жанымды елжіреткен үніменен? 
Қалайша жүрегімді алдай алам,  
Мен оны жалғыз соған арнай алам. 
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,  
Дариға – ай, құшақ жайған қандай адам? 
1 – жүргізуші: Шәмші Қалдаяқов тек қана композитор емес, бата беруге де өте шебер болған. Бір ғажабы, оның берген баталары бір – біріне ұқсамайды екен. Осындай біртуар, қазақтың ұлы адамының баталарының біреуін сіздерге біз берейік. 
(Шәмшінің батасын Темірлан айтып береді:) 
Көргенің рахат болсын,  
Жүрген жерің рабат болсын. 
Екі тойың қабат болсын,  
Дастарханың берекелі болсын,  
Әр күнің мерекелі болсын. 
Шайың қызыл болсын,  
Ғұмырын ұзын болсын,  
Несібең таса берсін,  
Дұшпаның қаша берсін! 
Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын! 
Босағаң – Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын 
Беттеріңе түскен әжім қасірет табы емес,  
Шаттық күлкінің ізі болсын. Әумин 
2– жүргізуші: 
Шәмші, Шәмші болғалы өтті небір замандар,  
Бірін – бірі күндеумен өтіп жатыр адамдар. 
Қулар менен зұлымдар өмір сүре біледі,  
Қай заманда болса да солар ғана күледі. 
Шындықпенен жүрсең сен жексұрын боп қаласың,  
Етек – жеңнен тартқылап қайда қазақ барасың? 
86 қырғынаң есіңе алшы кешегі,  
Желтоқсанды есіңе жастар шыққан көшеге! 
1 – жүргізуші: 
Мұқағали, Шәмшілер тірі шақта шіркін – ай! 
Қошеметін қазақтың көрмеді ғой бір күні – ай! 
«Ештен – дағы кеш жақсы» деді қазақ бабамыз,  
Егемендік алып ап, гүлдеп жатыр даламыз! 
Қолымыздан келгені осы болды біздердің,  
Ойыңыздан шықтық па, білмейміз біз сіздердің?! 
Осыменен Шәмшіні зерттеп біттік демейміз,  
Жалғастырар болсаңыз, біз де сізге келеміз! 
1 – жүргізуші: (Ш.Қалдаяқовтың «Поппури» әні орындалады.) 
Жумабеков Нурбек, Маратова Айгерим, Мукангалиева Толганай 
2 – жүргізуші: 
Қош Шәмші! 
Қош Шәмші! «Қош!» - деген сөз ауыр қандай! 
Жан, жүрек, миың қоса ауырғандай,  
Қан тулап, құлақ шулап, көз бұлдырап,  
Тал, түсте ақыл - естен жаңылғандай,  
«Жоқ» деген «оқ» дегенмен бірдей болып,  
Отырмын ой тантырап, әлі нанбай. 
Аққудың жерде жүрген бір баласы, - 
Жігіт ең өзің қандай, әнің қандай. 
Қырық жыл бар қазақты балқытып ең,  
Рахат теңізіне малынғандай. 
Сен болып бүкіл дала жырлаушы еді 
Құдайдан тілегені табылғандай. 
Шаршамай шабытыңның ақ сұңқары 
Самалда самғаушы еді сабыр қалмай,  
О, дүние, ойда жоқта ғайып дүние,  
Бұлбұлды күн туды ма сағынғандай! 
1 – жүргізуші: 
Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,  
Ардақтап сен жырлаған анаға біз. 
Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,  
Алдымен қазақ деген – данаға біз. 
Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,  
Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,  
Әлемде ән өлуі мүмкін емес, - 
Өлмейді сен туралы қалған аңыз! 
2 – жүргізуші:Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. 
1 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, Ш.Қалдаяқовтың «Ән көгінің сұнқары - Шәмші» атты кешті жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге көп – көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

Шәмші  Қалдаяқов жайлы  естеліктер

 

СЕРІКБАЙ МАХАНҰЛЫ .  
ШӘМШІ АҒАМЕН ТОЙДА  БОЛҒАН БІР КҮН . 
Ордабасы даласы әлемге даңқы жайылған ел бірлігі мен жер кіндігі . Бұл әйгілі тау Ордабасы күллі қазақтың 
ел бірлігіне басын қосып , ат тұяғын дүбірлетіп жауға 
қарсы яки Жоңғарларға атой салып , Әбілқайыр хан 
сонау Жайық өңірінен жол бастап қалың қол сарбаздарымен  
қазақ ұлтының бостандығын қорғаған жер . 
Қазақтың дана ел билері Төле би , қаз дауысты Қазыбек 
және Әйтеке би ақылдасып Тутөбенің биігіне ту тігіп елді 
ынтымаққа шақырған елді мекен . 
Ордабасы жеріне ат басын бұрып , киелі мекеннің асыл  
топырағын иіскеп , дәм – тұзын татып бірнеше күн жатып 
іс сапарларын өткізген зиялы ардақты кісілер өте көп . 
Қазақ халқының ұлт мақтанышысы әлемге әйгілі спорттың 
жолын салған , күрестің чемпионы палуан Қажымұхан атада 
1946 - жылы кәзіргі Отырар ауданындағы Шілік ауылынан 
Темірлан елді мекніне қарасты Ленин ту бөлімшесіне көшіп 
келген , осы жерде палуанның күмбезден салынған зираты бар . 
Мен Қажымұқан палуан туралы естелік айтайын деп отырған 
жоқпын , бұл аңыз адам туралы естелік өте көп , ол кезде бала болсам да Қажекеңнің көрсеткен ойындары есімде сақтаулы тұр . 
Мен қазақ халқының әйгілі ұлы композиторы Шәмші аға 
туралы тойда болған бір күнін айтпақпын . Шәкең жайында 
айтылатын естелік өте көп , ол жайында әлі жазармын . 
1990 – жылдың жаз айында Қажымүқан палуанның 120 жылдық 
мерей тойында ойда жоқта Шәмші ағамен кездесіп қалдым . 
Осыдан бір жыл бұрын 1989 - жылдың сәуір айында әскер 
қатарында өз борышын атқарып жүрген тұңғыш ұлым  
Талғаттың авариядан қайтыс болған кезде үйге келіп көңіл 
айтқан еді , енді міне күтпеген жерден кездесіп тұрмын . 
Ол кезде мен Темірлан ауылдық кеңесінің атқару комитетінде 
әскери есеп столының бастығы болып қызымет істейтінмін , 
Ұлым Талғат қайтыс болғаннан бері еш қайда көп шықпайтын едім , көңілім жабырқау күйінде сол күні жалғыз 
өзім Арыс өзеннінің жанындағы Шұбар ауылының тұсындағы кең 
далада өтіп жатқан Қажымұқанның мерей тойына келгенмін . 
Әр елді мекеннен тігілген алты қанат киіз үйлер ақ шағаладай 
тізіліп көздің нұрын алады . Той құрметіне арнап әндер 
айтылып , өнерпаздар би билеп , палуаандар күресіп , шабантоздар 
ат сайысын ойнап , не керек қазақтың барлық ұлт салт - 
дәстүрлерін өткізіп жатыр . Осы көріністі тамашалап келе 
жатқанда қарсы алдымнан Шәмші аға ойламаған жерден 
кездесе кетті . Ағаға қол беріп амандасайын деп жатыр едім , 
ал ол болса мені құшағына алып бетімнен сүйіп жатыр . 
Бір жылдан кейінгі кездеуіміз, туған інісіндей болған маған  
сол сәтте мына мына жыр шумағы ойыма оралды : 
Құшаққа қарсы алдың сезімменен , 
Бойымда от жанады сезілмеген . 
Жан аға інің жүр ғой көппен бірге 
Кездестім қайта бүгін өзіңменен .  
Достар жүр тойын тойлап , ойын ойнап , 
Өздері қара бастың қамын ойлап . 
Көңілім жабырқайды осыларға 
Сұққылап жүрегімнен қаным қайнап . 
деп құшақтасып аман - саулық сұрасып сүйісіп жатырмыз . 
Ағаның қасында сап – сары көкшіл көзді , денелі келген 
бір кісі күлімсіреп маған қарап тұр , мен оны таный кеттім . 
Осынау Ресей жеріндегі Омск қаласынан келген Қажымұханның  
немересі Шабдан жездем , менімен амандасып жатыр . Сөз реті 
келген соң айта кетейін . Қажымұқанның бірінші жұбайы 
поляк қызы Полина әжемізден ( қазақша аты Фатима ) туған 
Абдолланың баласы осы Шабдан еді . Шабданды жезде дейтін 
себебім , Мендібайдан туылған менің әкем Махан , ал Дәрібайдан 
туылған Қоңқабайдың қызы Шәйзада әпкемізбен туысқан болып  
келеміз . Отыз жылдан соң Шабданмен кездесіп тұрмын. Шәмші аға Шабданды маған таныстырып жатыр , ал біз болсақ  
сонау 1947 жылдан бері танимын Қажекеңнің баласы Айдарханмен  
бір сыныпта оқығанмын , палуан бізге жақын құда болатын. 
Ақ көңіл , кіші пейіл Шәмші ағам , 
Арнадым жүрек жарды әнді саған .  
Кезінде беріп едің ақ батаңды  
Кім қалды куә болар енді оған .  
Тек қана естелікпен толтырамын , 
Шыймай сап ақ қағазға отырамын . 
Көз көрген қимас достар қайдасыңдар 
Өтірік айтар болсаң шошынамын . 
дей отырып естелігімді жалғастырайын . 
Аға сол Шабданмен бірге қыдырып жүр екен , маған қарап 
-- Нұрғайша қарындас келінім қайда , неге өзің жалғыз 
жүрсің -- деді  
--- Қарындас келініңіз үйде қалды , ұлы қайтыс болғаннан 
бері көп қыдырмайды деп жатырмын . 
--- Олай болса бүгінгі осы тойда менің қасымда боласың , 
еш қайда кетіп қалма ? , бірге жүр деп айтып болғанша 
бір топ журналистермен бірге фото тілшілер жыйналып қалды . 
--- О , Шәке қайда жүрсіз біз сізді іздеп бармаған жеріміз 
жоқ әрең таптық деп Қуаныш Айтаханов күліп тұр . 
--- Ау сендер мені жөндеп іздемегенсіңдер ғой , мен қарапайым 
халықпен бірге жүремін , менің Серікбайым да тойға келіпті 
деп мені таныстырып жатыр . Топ ортасынан бір кісі 
--- Сіздің орыныңыз бұларға қарағанда бөлек қой .... дей 
бергенде аға дауысын қатты шығара сөйлеп . 
-- - Олай деме , мен әр уақытта қарапайым халқыммен бірге 
боламын , мен ешкімге де , үкіметке де тәуелді емеспін , тек  
қана Алла тағалаға тәуелдімін , біліп қойыңдар деді .  
---- Шәке бір жолғы ашуыңызды қиыңыз , суретке түсейік 
деп Қуаныш сөзді бөлді . Ағаның ашуы болса да зілі жоқ 
болатын , көңіліне еш кек тұтпайтын кісі еді . Қызылорда қаласынан , Отырар , Байдыбек аудандарынан келген фото тілшілер бәрімізді суретке түсіріп алды , фото- 
ларды Қуаныш Айтаханов арқылы аласыңдар деп еді , ал 
бірақ суреттер иелердің қолына тимеді , егер сол 1990 - 
жылғы тойда түсірілген фотолар бар болса «Шәмші» журналына  
жіберулеріңізді өтінемін ағаның рухын еске алып . 
Бір елес жетелейді көкке қарай , 
Бейнесі мәңгі қалды көпке тарай . 
Арманын бар қазақтың арқаладың 
Тапжылмай шыдас беріп өртке қалай ? 
Адамдық адалдықпен кештің өмір , 
Ұлылар қатарында жүрсің әзір . 
Әнұран шырқалады әлем шарда 
Биіктен қарап тұрсың өзің кәзір . 
деп осы естелікпен жалғастырайын . 
Жыйналган топты жарып аға екеуміз сырты темір қор -  
шаумен қоршалған киіз үйлерге қарай бет алдық . 
Бұл жер астана Алматыдан келген қонақтар үшін екенін 
кейін білдім , Шәкеңмен ілесіп ішке қарай кіріп бара жатыр 
едім . есік алдындағы қарауыл мені тоқтатып ішке енгізбеді 
сол кезде аға артына жалт қарап Серікбай інімді кіргіз деп 
қарауылға сөйледі . 
--- Ағасы бұл кісі тізімде жок , кіруге болмайды өзіңіз білесіз 
бұл жерге тек астанадан келген үкіметтер және арнайы шақыру қағазы бар кісілер кіреді -- дегенде Шәмші аға ойланбастан : 
---- Серікбайда бұдан жыйырма бес жыл бұрын осы Темірланға 
Алматыдан келген бұлда үкіметтің құрметтісісі . 
Ішке кіргеннен кейін жағалай қойылған орындықтың біреуін 
маған көрсетіп «осыған отыр еш қайда қозғалмай , мен кәзір 
келемін» - - деп сахына жанында тұрған бір топ кісілерге қарай  
барып қайтып келді . Біреу – мүреу келіп мазалаған жоқ па , 
өйткені бұл орын Өмірзақтыкі еді , оған да орын табылар 
келген соң таныса жатарсың деді . Міне қандай кішіпейілдік . Қазақ тілі қоғамының президентті Өмірзақ Айтбаев бастаған 
кісілер келіп орын –орындарына жайғасып жатыр , ал мен болсам 
Өмірзаққа белгілеп қойған орындықта отырмын . 
-- Өмеке сіздің орынға мына інішегің отыра берсін сіз 
меннің оң жағымдағы орындыққа жайғасыңыз ?-- деді Шәкең . 
--- Уа , Шәке сіздің інілеріңіз көп -- ақ екен , ал мен болсам 
қазақтың ата тілін қалай қазақ балаларына үйретем деп 
әбігерленіп жүрмін , сол қазак тілінде сенің әндерің елде шарықтап жүр -- деп Өмірзақ Шәмшіге қарап күлімсіреді . 
--- Мен өз елімнің егемендігін , жерімнің бостандығын атап осы 
той өтіп жатқан Қажекеңнің рухына , әруағына «тәу» етіп бір 
екі ән шырқап қайтайын рұхсат болса деп сахына төріне 
көтеріліп бара жатты . Сондағы Шәмші ағаның қоңыр дауыспен 
шырқаған «Теріскей» , «Қорлан – Ғайын» , «Отырардағы той» әндері 
құлағымнан әлі күнге дейін кетер емес . Әнді аяқтап қасы- 
мызға келіп жас балаша қуанып : «Мен қалай шырқадым , 
бірақ шаршаңқырап қалдым» -- деп жатыр . Біз қайдан білейік 
ағаның бір жарым жылдан кейін өмірден озатынын . 
Өмірге шарықтатып ән қалдырған , 
Ел – жұртын бар әлемге тамсамдырған . 
Бейнесін еске сақтап барлық ғасыр 
Шәмші деп ұрпақтарын қарсы алдырған . 
Жүрегің мәңгі тірі аңыз адам , 
Енді бүгін кейбір досқа қайран қалам . 
Пенделік өткен шығар талайынан  
Соны жазып естелікке айналдырам .  
деп Шәмші ағамен тойда болған бір күн естелігімді аяқтаймын . 
Оңтүстік Қазақстан облысы .  
Ордабасы ауданы . 
Темірлан ауылы . 
Ақын – сазгер , еңбек тыл ардагері .

Информация о работе Эксперимент жұмыстарының нәтижелері