Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:25, курсовая работа
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж
Кіріспе...............................................................................................................4
1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6
1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13
1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16
2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20
2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Шәмші Қалдаяқовтың
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28
2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31
3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................
Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас…
1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік
Қазақстан облысы, Отырар ауданы,
Шәуілдір ауылында дүниеге
Ш.Қалдаяқов – композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Талдықорған – әнім менің», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Өмір – өзен» т.б. өлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады.
Ал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері жастық жігер мен шаттыққа толы. Сазгердің «Ана туралы жыры» әрбір аналар мерекесінің, аналар тойының сәні болса, марш екпінді, мағына-мазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр.
Ш.Қалдаяқовтың көптеген әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш.Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. 1991 жылы Ш.Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т.Ахметов) атты ғұмырнамалық деректі телефильм түсірілді. Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш.Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды.
Сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатымен Шымкент қаласындағы облыстық филормония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филормониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.
Өйткені, қазақтың кез келген қаласында кез келген күні той. Той иесі – қазақ. Ал қазақ ішіп-жеуді ғана емес, асықпай отырып ән тыңдағанды да ұнатады. Қонақтарын қайран қалдыру үшін тойханалардың тәуірін таңдап, әншілердің ең мықтыларына сәлем айтады. Ол әншілерінің «мекенжайлары» Астана, Алматы, Шымкент, Тараз ғана емес, тіпті, көрші Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерден де болып шығады.Таңдайы тақылдаған асаба, бір май, бір ет болсын дей ме, осындай алыстан келген атақты әншілердің арасына жергілікті өнерпаздарды да қосып жібереді. Қосып жібереді де: «Келесі тыңдайтын әндеріңіздің аты – «Дүнген қызы». Әні Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Сабырхан Асановтікі. Орындайтын әнші Ғани Мәтебаев», деп жар салады. Жар салған кезде той төріне Шәкеңнің өзі шығып келе жатқандай жұрт та елең ете түседі. Ал кезек өзіне тиген әнші екпінді ырғаққа қосылып, әуезді үнімен әсем әнді бастап кетеді…
«Түндей тұнық көздеріңнің қарасы, Қосылардай қастарыңның арасы. Жалт қарасам жалын атқан ақ жүзің, Алаулайды атқан таңмен таласып, сырғалым… Қиял қанша ертеді елес, Дүнген қызы арманым. Кез боп келсем ертелі-кеш, Сенен көзді алмадым. Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім, Түсінер деп бір қазақтың жүрегін, сырғалым…».
Шәмші әнінің иірімі мен мейірімі бөлек қой, шіркін! Тойға жиналған тондылар ән ырғағына қосылып, еріксіз қол соға бастайды. Сол кезде менің ойыма ең әуелі Тараз, одан кейін Әулиеата, Кеңес өкіметі тұсында Мирзоян, Жамбыл, ал еліміз тәуелсіздігін жариялаған жаймашуақ тұста қайтадан ежелгі атымен Тараз атанған тағдырлы қалада әсем сазы ғана емес, кестелеп тіккен гүлдей боп ізі де қалған әннің авторы, халқына қапылып жүріп қызмет еткен Шәмші аға оралады…
Шәмші мен Жақсылық
Сексенінші жылдардың аяғы,
тоқсаныншы жылдардың басы, шамасы. Ақын
Жақсылық Сәтібеков көкем екеуміз облыстық
газеттің мәдениет және әдебиет бөлімінде
қызмет істейміз. Бес күн жұмыс күнін былай
қойғанда, сенбі мен жексенбі күндері
де кабинетке кеп жазу жазып отыратын Жақаңның жұмыс
стиліне қайран қап жүрген кезім. Кейде
«бір жаққа кеттім» деп жоқ боп кетеді
де, бір уақта «атақты ақын» деп біреуді
ертіп кеп тұрады. Жақаңның бұл «еркелігіне»
сол кездегі бас редакторымыз Арғынбай
Бекбосынов та қабақ шытпайды. Бір жолы
анау-мынау емес, кабинетке тура Шәмші
Қалдаяқовтың өзін ертіп келді. Алматылықтар,
дәлірек айтсам, «Қазақ әдебиеті» газетінің
сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртаза,
оның бірінші орынбасары Оралхан Бөкей,
газеттің тілшісі, дарынды жазушы Нұрғали
Ораз (мақала-сұхбат авторы сол болатын)
«Шәмші қайда жүр екен?» деген тақырыппен
сазгерді жабыла «іздеп» жатқан кезде,
Шәкең түк болмағандай Жамбылда жүр беймарал.
Мен үшін бұл тосын сый десе де болғандай
еді. Жақаңа да разымын. Разы болатыным,
кейбір әсіресақ коммунист-журналистер
жасқаншақ аттай өзінен-өзі осқырынып,
өзінен-өзі үркіп Шәкеңнен қарадай қашқақтап
жүрсе, Жақсылық ағаның атақты сазгерге
жарыққа үймелеген көбелекше үйіріліп,
қасынан шықпауы мен үшін ерекше үлгі-тін.
Сонымен…
Бір күні есіктен Шәмші аға кіріп келе
жатты. Жол бастаушы, әлбетте, ақын Жақсылық
Сәтібеков. Орындығымнан атып тұрып қолын
алдым. «Ассалаумағалейкүмді» де ұмытқам
жоқ. Шәкең төрге озды да, Жақаңның үстелінің
қарсысындағы орындыққа жайғасты. О, ғажап,
бұған дейін аңызға айналған «атағы» мен
«шатағы» ғана жеткен ұлы сазгер дәл қасымда
отыр. Ұрлана қарап қоям. Тура өзі. Тура
өзі болғанда, газеттерге шыққан суретіндегі
тірі бейнесі. Маңдайы мен көзінің қиығындағы
әжімдері (әжімнің де адамға жарасып тұратындары
болады), көзіндегі өзгеге ұқсамайтын
ерекше мейірім мен шапағат, бәрі-бәрі,
кітап пен газеттерден «шығып» біздің
қызмет бөлмемізге кеп тұр. Айтпақшы, көзімнің
қиығымен кәстөмінің өңіріне де қарадым.
Ол да… өз орнында екен. «Ол да…» деп жұмбақтап
отырғаным – «Қазақстан Ленин комсомолы
сыйлығының лауреаты» деген салбырап
тұратын төсбелгі. Сол төсбелгі Шәмші
ағаның «паспортындай» маған тым ыстық
көрінуші еді. Сурет арқылы әбден көзтаныс
боп кеткен ол да жоғалмапты, өз орнында
тұр.
Жақаңнан жұғысты болды ма, етім үйрене келе Шәмші ағаны әліме
қарамай мен де іздеп, біраз уақыт келмей
кетсе мен де кәдімгідей елеңдей бастайтынды
шығардым. Өзім жарытып ештеңе дей алмасам
да, Жақаң екеуінің әжік-күжік әңгімелеріне
құлақ түріп отыру мен үшін үлкен олжа.
Байқағаным, Шәкең қазақ вальсінің «королі»
болса да өте қарапайым екен. Қазір ойлаймын,
сол кез, сірә, шырылдаған Шәмші ғұмыр
өзінің «атағы» мен «шатағы» туралы аңыздарға
біржола мойынсынып, енді тек тұрмыс тауқыметінің
қам-қарекетімен жүрген шағы екен-ау деп.
Жақаң болса, әңгіме арасында сазгер досын
көтермелеп: «Біздің Шәкең Дунгановкадан
(қазір Жалпақтөбе ауылы деп аталады) қатырып
үй соғып жатыр», деп қоятын.
ҰЗАҚ ӨЛЕҢ
Менің «курстастарым» да өңкей
«сен тұр, мен атайындардың» сортынан
еді. Ақындар Қанипа Бұғыбаева, Несіпбек Дәутаев, Есенғали
Раушанов, Нағашыбай Мұқатов, Әбжан Әбілтаев,
режиссер Аяған Шәжімбаевпен қаламдас
қана емес, «парталас» болу да кез келгенге
бұйыра бермейтін бақ. Жә, сонымен, үйдегі
сықаған кітаптардың арасынан сол мықтылардың
бірі Есенғалидың Шәмші туралы өлеңі басылған
бір кітабын жұмысыма әкеп қойдым. Ойым
– өзіне арналған өлеңді Шәмші ағаға оқып
беру.
«Король» атанған көкем көп күттірген
жоқ. Өңірінде «Қазақстан Ленин комсомолы
сыйлығының лауреаты» деген төсбелгісі
жарқырап, кабинеттің төріне оза берді.
Қасында ақын Жақсылық Сәтібеков бар.
Мен Есенғалидың кітабын суырмадан шығарып,
үстелімнің үстіне қойдым.
– Аға, мына кітапта сіз туралы бір өлең
бар екен, оқып берейін бе?
Менің көмейімнен күмілжіңкіреп барып
шыққан сөз әсер етті ме, жай күндері де
жылы жүзді Шәмші ағаның өңінде ерекше
бір мейірім пайда болып қасыма келді.
Кітапты ұстап, мұқабасын көріп, «әдемі
екен» деп қойды өзіне ғана тән қарлығыңқы
даусымен.
– Қане, оқышы, – деді сосын.
Өлең ұзақ еді. Бірақ ойнақы, жылы, сөздері
де көркем кестеленгендіктен ұзақтығы
онша білінбейтін. Мен де ұлы сазгерді
жалықтырмау үшін барымды салып, көркемдеп
оқып бақтым.
Бақыт құшағында
«Ол кезде басқа ел деген, Бұл сөзім шын деп ұғыңыз… Бесігін қыдыр тербеген, Берекелі үйдің бірі – біз. Жүреді әжем «құрғырлап», Асыр да салып жатамыз. Білдірмей келіп, бір күнде-ақ, Бойжетті екі апамыз. Монтиған өңшең ботақан, Көреміз пана оларды. Сол жазда менің екі апам, Бір әнге әуес боп алды: «Кел, билейік, кетпе менің қасымнан, Қызғалдағым таң нұрымен ашылған. Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды, Алматыда жаңа жауып, жауа жауып басылған». Жауатын жиі жаңбыры, Алматы ол не? Қала ма? Билей ме онда барлығы? Бәрі де жұмбақ балаға. Кімдікі мынау бөлек ән, Самалы басқа, сазы өңге? – Үкіметтікі, – деді анам, – Ұқсайды, – деді әжем де: Екі қыз елең етпеді, Жақпайды-ау, әсте, дау мына. – Шәмшінің әні, – деп мені, Басқан-ды бірі бауырына. Қашты да кетті ертесін, Ән болды ғажап, міне, бұл. – Мен жамылам, – деп, – көрпесін, Таласып жаттық кілең ұл. Айтты да аз күн сол әнді, Келер жыл көктем шығарда, Кіші қыз тағы жоғалды, Не болды, ей, тегі, бұларға? Жылады қимай шешеміз, Ал әкей сыртқа жөнеді. Тып-тыныш едік кеше біз, Кім өзі Шәмші дегені? Қапа боп «қатал» әншіге, Қыс өтті, көктем оралды. Өкпелеп жүріп Шәмшіге, Өзім де салдым сол әнді. Еске алсам бала шағымды, Күлемін іштей осы күн. Екі апам – екі үй кәдімгі, Тербеген қыдыр бесігін. «Ағалап» көп ұл қосыла, Шығады алдан күлімдеп. «Ел болмас жиен» осы ма? О, тәубе, – деймін, құдірет!» Саламыз әнге тағы біз, Ол әннің, досым, бар сыры. …Отырып алып бәріміз, Мақтаймыз сосын Шәмшіні».
Әңгіме сияқты оқиғалы өлеңге
Шәмші аға да разы болды-ау деймін, тіпті,
кей тұсына жымиып күліп те алды. Сосын:
– Өзің жаздың ба? деді маған да ұнай бастаған
қарлығыңқы даусымен. Сол дауыс әлі күнге
дейін құлағымда тұр.
– Жоқ, – дедім, – Есенғали деген ақын
бар Алматыда. Соның өлеңі. Сіз туралы
болған соң кітабын әдейі үйден әкеп, оқып
беріп жатқаным ғой.
– Пейіліңе рахмет, айналайын.
Жақсы ақын екен, менен сәлем айтарсың.
Жадап-жүдеп жүрген адамға жылы сөз де ем, жылы лебіз де шипа.
Шәмші аға сол жолы Есенғалидың өлеңін
тыңдап бір марқайып қалды. Бір қызығы,
мен бұл жайлы Есенғалиға осы күнге дейін
айтқан емеспін. Ағалап барып, айтайыншы-ақ
дейсің. Бірақ Алатаудың баурайындағы
бағасы қымбат маңғаз үйлер сияқты маңына
жолай алмайсың. Бірақ, мен үшін ең бастысы,
Шәмші аға өзі туралы жазылған жақсы өлеңді
өзінің көзі тірісінде тыңдап кетті мына
жалған дүниеден.
Шәмшәнің батасы
Жақсылық аға екеуміз ақылдаса келіп газеттің соңғы бетінің бір бұрышын «Жауқазын» деген атпен балаларға арнағанбыз. Оны өлең, тақпақ, әңгіме, ертегі, жаңылтпаш, сурет сияқты дүниелермен «толтыратын» мен. Бірде екі-үш күн жоқ боп кеткен Жақаң мен Шәкең екеуі олжалы оралған аңшылардай қуана кеп тұр. Жақаңның жақсы қасиеттерінің бірі, өзіне берілген еркіндікті уақыт өлтіруге емес, газет мүддесіне, оқырман пайдасына жұмсаушы еді.
– Бұл жолы Шәкең екеуміз сенің
«Жауқазыныңды» да ұмытқан жоқпыз, – деді
Жақаң қулана жымиып.
Ол кісінің бір ауылдан жас жазушы, ақын,
суретші немесе композитор «тапса», өстіп қуанып келетін
әдеті. Шәмші аға екеуі, жүргенге жөргем
ілінеді дегендей, ел аралап жүріп бұл
жолы Мақсат деген «композитор» баланы
тауып кепті. «Композитор» дегенді тырнақшаға
алып отырған мен, ал Шәкең мен Жақаң болса
«бала Бетховенді» кездестіргендей шат-шадыман
еді. Тапқан таланттарын тамсана мақтап
болған соң газет суретшісіне әннің нотасын
түсіртіп, баспаханаға «клише» құйдыртты.
О кездегі баспаханаларда «клише» деген
болатын. Сөзін сүйкектетіп Жақаңның өзі
жазып шықты. Тұсаукесер лебізін Шәмші
аға түйіндеді. «Жауқазынға» жарқ ете
қалған сол дүние мынау еді. «Жолың болсын,
жас ұлан! Өмірде жастайынан ән-күй шығара
бастаған адамдар аз емес. Оған бірнеше
мысал, дәлелдер келтіруге де болады. Жолым
түсіп Мақсаттың үйіне бара қалып едім,
өзінің төртінші, бесінші кластарда оқып
жүрген кезінде шығарған бірнеше әндерін
домбырасына қосылып орындап бергені.
Бұлар оның музыкалық қабілетінің зор
екендігін аңғартты.
Мақсат қазір Жамбылда, 6-класта оқиды. Осы құйтақандай кезінің өзінде оннан астам ән шығарған және олар көңіл толарлықтай, жүрекке қонымды болғандықтан әндерінің біреуіне ақын Жақсылық Сәтібековке сөз жаздырып, Мақсатқа сәт сапар тілеп, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Шәмші Қалдаяқов, композитор».
Ұстазымды жақсы көрем бәрінен...
Сөзін жазған Жақсылық Сәтібеков,
әнін шығарған Мақсат Жанқұлиев.
Адамзатқа сәулесімен көкте күн, Сыйлайды
екен өмірдің шын көктемін. Күн нұрындай
аямайтын шуағын, Маған ыстық көрінеді
мектебім. Қадір тұтар алтын ұя – мектебін,
Мектебінің абыройға жеткенін. Ойлайтұғын, жақсы оқитын
ылғи да, Мектебімде достарым да көп менің.
Көңілі – аспан, әрі мөлдір, әрі кең, Ұстазымды
жақсы көрем бәрінен. Сондықтан да қуантамын
мен оны, Өзіне арнап жазған тұңғыш әніммен.
Бұл – 1988 жыл болатын. Бірақ мезгіл жаз ба, қыс па, күз бе, көктем бе, есімде қалмапты. Сол Мақсат баланың бүгінде қайда, нендей кәсіптің соңында жүргенінен бейхабармын. Композитор болды ма, әлде басқа мамандық иесі атанды ма, ол да жұмбақ. Бірақ, ең бастысы, ол – бала кезінде анау-мынау емес, ең ұлы сазгерге әнін тыңдатып, ақ батасын алды. Бұл ешкімнің басына қона бермейтін бақ.
Арақты… «жерлеу»
Қазақтар мен дүнгендер аралас тұратын Жалпақтөбеден өткен сайын ұзын жолдың Талас өзеніне қарай бұрылатын иініндегі тамға көзім түседі. Жақаңның «Біздің Шәкең Дунгановкадан қатырып үй соғып жатыр…» дейтін үйі осы. Бітіре алмай кеткесін, біреу сатып апты. Бірде алматылық кәсіпқой фототілші Асылхан Әбдірайымовты ертіп апардым. Суретке түсіріп алды. Міне, содан бері оншақты жыл тағы да зулап өте шығыпты.
Жақында сол үйді Шәкеңнің досы, дүнген азаматы Илья Гашизов екеуміз сыртынан барып көрдік. Шәкеңнің өзін көргендей сүйсініп ұзақ қарап тұрдық үйге. Үйдің жаңа қожайыны, абырой болғанда, Шәкең қалаған іргетасқа тиіспепті. Бірақ іргетастың үстіне қатырып тұрып үй салыпты. Сосын Шәкең салған гаражды да бұзбаған. Бұзбағаны да жақсы болған. Өйткені, Шәкең осы гаражда тұрып, осы гаражда шығармашылықпен айналысқан. Кім біледі, бәлкім, «Мойынқұмда ауылым», «Фосфорлы Жамбыл» және «Дүнген қызы» сияқты тағы басқа да әндері осы жертөле сынды гараж ішінде дүниеге келген шығар. Шәкең ауруына байланысты жаңадан сала бастаған үйін адыра қалдырып кеткен кезде, ұры түсіп, артында қалған қағаздары көпке дейін шашылып жатыпты осы жерде. Бүй деп Илья аға айтты маған.
– Бір жолы кешкілік үйіне барсам, гараждың қасындағы «тапшанның» үстінде құрулы тұрған масахананың ішінде Шәкең жатыр. Қазанның қара суығы білініп қалған кез. Оның үстіне қазақтар ырымдап «кешкі беймезгіл уақытта ұйықтамайды» дейді ғой. Көңілім бірдеңеден секем ап, тіпті, шошып кеттім десем де болады, «Шәке, тұрыңыз, неғып жатырсыз бейуақта?» десем «жә, әшейін жатырмын» дейді. Сөйтсем ауырып қапты. Өңі сынық. Дереу інім Османды шақырып алдым. Бірақ кешке қарай Шәкеңнің ауруының беті күшейіп, інім мен Әуез деген досы екеуі ұлы сазгерді ауруханаға алып баруларына тура келді. Сөйтсек, мына сорақылықты қараңыз, дәрігерлер Шәкеңді ары-бері қараған бопты да: «орын жоқ, үйіне алып кетіңдер» депті. Мен дереу ініме Шәкеңнің досы Тұйғынбектің телефон нөмірін беріп, дәрігерлердің Шәкеңнің жанына араша түсуін айтуын өтініңдер деп ақыл-кеңес бердім. Міне, осыдан кейін Тұйғынбек Темірбеков дәрігерлермен сөйлесіп, Шәкеңді әуелі коридорға, одан кейін палатаға «көшірді», – деді композитордың дүнген досы Илья көзіне жас алып.