Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 08:47, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалық-психологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.
Кіріспе
І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.
ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.
2.1. Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.
2.2. Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Сабақ жоспары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әйтсе де менің жосмарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
3-оқушы: Иә, біз сізді байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз. Біздің сізге арналған сыймыз бар. Қыздарымыз сізге арнап бар өнерін көрсетпек.
4-оқушы: Көбейді құт береке –
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке –
Алтын күзді тойлаймыз.
Күз: Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын.
Бір айға нәр бір демім,
Өздеріңмен біргемін.
Хор: Жаса, жаса ңАлтын күз!ң
Күз төрге барып отырады. Мұғалім ІІ бөлімді хабарлайды.
Бұл бөлімде сыныптан 4 қыз бала күзге өз өнерлерін, білімін көрсетеді де, өздеріне лайықты 4 белгігі жеңіп алады. Олар өздеріне ұнаған бауда өсетін жемістер боп киінеді.
Ал белгілер күзге байланысты.
ІІ бөлімнің бағдарламасы:
Қыздарды өзсыныбындағы ұлдар таныстырады.
Жанайым - ңАлмаң
Жанайымды өз сыныптасы Азамат таныстырады.
Арма ағайын, бармысың?
Алдарыңа шықты бүгін
Ару қызы Абайдың,
Ару қызы сыныптың.
Ата-тегін сұрасаң,
Марат қызы Жанайым.
Иіліп сәлем береді,
Әшім тегі Жанайым.
Бибінұр - ңӨрікң
Бибінұрды Айбек таныстырады.
Мектебіміз Абайда қыз сынын құрды,
Таныстырсам Ештайқызы Бибінұрды
1-ңаң сыныбында үздік оқып,
Кешікпестен сабағынан қалмай жүрді.
Би билеп, өлең айтса күзгі аруда
Алдыңызда қарсы алыңыз ңКүзгі нұрдың
Сания - ңЖүзімң
Санияны Самат таныстырады.
Жарысқа шықты сызыла
Жұмаханқызы Сания
Ән атады, би билеп,
Ағып тұрған дария.
Инабатты сұлу қыз
Жаны таза ару қыз.
Күз аруы байқауын
Жеңіп шығар осы қыз.
Аида - Шиең
Аиданы Мағжан таныстырады.
Сәлем бердім асыл халқым өзіңе
Құлақ салғын менің айтқан сөзіме.
Бүгін міне жиналысқан көпшілік
Арқа сүйеп, шығып тұрмын өзіңе.
Таныстырсам алтын күздің аруын
Талғат атты ұлы елдің қызы бұл.
Аидаға жан бар ма екен тең келер
Білімі зор, би билесе дөңгелер.
Жанайым: Апорт деген алма бар
Алматы оның отаны
Ондай алма қайда бар
Жерді жарған атағы.
Бибінұр: Өрікпін мен, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
Пісіп тұрған шағымды
Алар екен теріп кім?
Сания: Бұтақты бүге балбырап
Көз тартады, көріңіз.
Жүзім піскен албырып,
Маужырап барқыт қоңыр күз.
Аида: Шиемін мен, шиемін,
Қызыл қалпақ киемін.
Күз түскенде балбырап,
Басымды мен иемін.
Күз: Рахмет, балалар, өнеріңе!
Уақыт өтпес тірліксіз
Бақыт келмес бірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер,
Қыстан аман өтіңдер!
Хор: Рахмет, Алтын күз!
5-оқушы: Тұра тұрыңыз Алтын күз! Қыздарымыз өздеріне лайықтап белгісін тағады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Күз: Иә,иә, қыздарымыздың барлығы да өнерлі, білімді, талантты екен. Тапсырманы мұқият, тиянақты орындай біледі. үстеріне киінген киімдері де қандай әсерлі!
Әділқазылар алқасы қыздарды құттықтап, жетістіктеріне тоқталып өтеді.
Күзге арнап Алтын күзң әні орындалады. Соңынан ата-аналарға алғыс айтылады.