Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 08:47, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалық-психологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.
2.1. Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.
2.2. Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Сабақ жоспары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларның-шығармашылық-қабілеттерін.doc

— 257.50 Кб (Скачать документ)

1. Ханның сурет салынған ңХң  әрпі сызылады.

  1. ңМиң нотасы нота сызығына орналастырылып, аты таптырылады.
  2. S, P, mf – белгілерінің жалпылама атауларының (динамика) алғашқы буыны (ди) алынады. Сөйтіп композитордың аты-жөні (Хамиди) таптырылады. Оқушыларға оның бұрынна таныс шығармалары - ңҚазақ вальсің, А.Жұбановпен бірігіп жазғанңАбай операсынан Абайдың ариясы қайта тыңдатылып, бұл шығармалардың жазылу тарихы жан-жақты таныстырылады.
  1. Радиохабарлар. Музыка төңірегіндегі белгілі бір тақырыптардың мазмұнын кең түрде таныстыру мақсатында мектеп ішінде радио торабынан хабарлар ұйымдастыралды. Оны ұйымдастыру төмендегі талаптарға сай болғаны жөн:
  1. Тыңдаушылар зейінін аударып қызықтыру үшін және музыканы ден қоя тыңдату үшін қысқаша кіріспе әңгіме айтылады. Мазмұнына композитор шығармашылығының ерекшелігі арқау болғаны жөн. Себебі, музыка тыңдау барысында бұл барынша айқындала түседі.
  2. Композитор өмірінің белгілі бір кезеңінде жазылған танымал шығармалары таңдалып алынады.
  3. Жанрлық ерекшеліктері қарама-қарсы мазмұндағы шығармалардың қатар қойылғаны жөн. Бұлай ету шығарманың әсерін арттырады.
  4. Әңгімені танымдық, адамегршілік, тәрбиелік мазмұнда құрған жөн.
  5. Музыкалық шығармаларды бөлімдерге бөле отырып, оның көркемдік сипаты жөнінде кеңінен әңгімеленеді. Шығарманың барынша түсінікті болуы мақсат етіледі. Радио хабар үзіліс аралығында, бөлшектене отырып беріледі.
  1. Музыка апталығы. Мектепте өткізілетін музыка апталығына сол мектептің оқушылары түгелге жуық қамтылады. Апталықта істелінетін жұмыс көлемінің ауқымы кең болғандықтан, оны ұйымдастыруға мектептің, сыныптардың ұжымдық ұйымдары, тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып жетекшілері қатысады. Ал аптылақтың мазмұны мен ұйымдастырылуының  сапасы музыка пәнінің мұғаліміне байланысты. Сондықтан мұғалім апта ішінде жүргізілетін жұмыс жоспарын алдын ала дайындап, оның барынша қызғылықты етіп ұйымдастырылуын көздеуі тиіс. Жергілікті композиторлармен  кездесу ұйымдастырылып, олардың әндерін оқушыларға орындатуға, көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттерін өткізіп, музыка мектептерінің ұстазданымен  кездесу-концерттер  ұйымдастыруға, киномеханиктермен келісіп, музыкалы көркемфильмдер көрсетуге, музыкалық лекторийлер, белгілі бір тақырып бойынша сыныпаралық жарыстар ұйымдастырып, ата-аналар алдында қорытынды концерт беруге болады. Музыка апталығының бағдарламалық жоспары алдын ала ілініп, хабарланады. Зал мен дәліздер түрлі ребустермен, викториналық сұрақтармен, сөзжұмбақтармен, ұлы адамдардың музыка жөніндегі сөздері жазылып безендіріледі. Бұлардың қортындысын аптаның соңғы күнінде шығаруға болады. Ребус, сөзжұмбақтардың шешуі арнайы жәшікке саланып, дұрыс шешкендер жүлдге ие болады. Музыка жөнінідеге жұмбақтарды шешу де оқушыны қызықтырады.

Музыка апталағының әр түрлі мазмұнда өткізілуі эстетикалық тәрбие процесінде, тәжірибе жинақтауда, оқушылардың танымын кеңейтуды мол көмегін тигізіері сөзсіз.

Көпшілік музыкалық жұмыстың бір түрі - ұжымды түрде опера театрына, концерттерге бару. Жұмыстың бұл түрінөткізуге үлкен қалаларда болмаса, басқа жерлерде мүмкіндік бола бермейді. ұжымды түрде концертке, спектакльдерге апару алдында мұғалім оқушылармен біршама дайындық әңгіме өткізеді. Концертте өнер көрсестетін орындаушы жөнінде немесе оның репертуары жөнінде әңгімелеу оқушының сол концертті көруге, тыңдауға деген құштарлық сезімін оятады.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл - қазіргі кезде музыкалық тәрбие берудің маңызды құралдырының бірі реьінде жетекші орынға ие болды. Мұғалім апталық теледидар, радио бағдарламасын ала отырып, оқушыларға арнап берілетін музыкалық хабарларды көруін ұйымдастыра алады. Радио мен телевизиядан берілітін мектеп оқушыларының концертін тыңдатып, классик композиторлардың шығармаларынмен, әр түрлі халықтардың музыкалық шығармаларымен үнемі таныстырып отырады.

Мектеп жанына құрылған ансамбльдердің, көркемөнерпаздар мен музыка мектептері оқушыларының концерттері кіші жастағы оқушыларды қызықтырумен бірге, орындаушылар тобының шеберлігі, шығарма характерін жасаудағы көркемдік құралдарының ролі жөніндегі түсінігін байытады. Сыныпта музыка тыңдап, оны талдау барысында жинақталған тәжірибесі үйде тыңдалған музыка арқылы молая түседі. Сондай концерттерді әрбір оқушы, сонымен бірге мұғалім де үйде тыңдап, оны сыныпқа келіп талқылап, әсерін ортаға салса, оқушы сабақта алған білімін кеңейтіп, толықтырып, оның талғамдық деңгейі жоғарылай түседі.

  1. Әдеби-сазды кештер. Сабақтан тыс жұмыстардың бір қызықты түрі - әдеби монтаж әзірлеу мен оны кештерде пайдалану.

Әдеби монтаж – оқушымен сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін әр түрлі тақырыптарға арнап жинақталған әдеби материалдар. Әдеби-монтаж әрбір даңқты күндерге арналып немесе оқушыларға қажетті деген, тақырыптарға раналып жасалады да, жастар арасында өткізілетін тақырыптық кештерде, ашық тәрбие сағаттарында пайдаланылады.

Мысалы, мына сияқты тақырыптарға әдеби-монтаж жасауға болады:

1. Даңқты күндер (Қазақстан Республикасы  күні, 8 наурыз, Жеңіс күні, мұғалімдер күні т.б.);

2. Жыл мезгілдері (“Алтын күз”, “Жңа жыл”, “Қуаныш айдары”), көктем айлары туралы (“Жайдары жаз”) т.б.

  1. Отан, бейбітшілік тақырыптары
  2. Классик ақын-жазушылар мен сазгерлердің туған күндерін атап өту.
  3. Адамгершілік – мораль, мәдениеттілік т.б. тақырыптар.

Қысқасы, тақырып дегн өте көп, соны таңдап алып, талғап құрастыра білу керек.

Әдеби-монтаж құрастыру үшін сол таңдап алған тақырыпқа байланысты ғазет, журналдардан, әдеби шығармалардан материалды көбірек жинап, олардың ішінен ең ұтымды деген жерлерін таңдап алады да, мазмұнына, ретіне қарай орналастырады.

Әдеби-монтаждың материалдарын оқушылардың өздеріне де жинаттандыру тиімді.

Материал әбден жиналып дайын болған соң сынып жетекшісі өзі таңдап, реттеп орналастырады. Әдеби-монтаждың материалдарын оқушылардың өздеріне таңдатып жинақтаудың пайдасы өте зор. Себебі, оқушылар өздігімен бағдарламадан тыс көпкітап оқып, авторлардың есімдерімен танысады, ой-өрісін кеңейтеді.

Сабақтан тыс уақыттарда оқушылар арасында түрлі тақырыптарға ранап әдеби-монтаж дайындау мәнді. Ө йткені, мұндай жұмыстар оқушылардың ұжымын тәрбиелеуге, сабақ үлгерімін арттыруға, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, оқыған кітаптан алған теориялық білім, дағдыларын қалыптастыруға, тілін дамытуға елеулі септігін тигізеді, оқушылардың қара сөзді, өлеңді мәнерлеп оқып үйренуіне, сөздік құрамдарының молаþына, тілінің бай, орамды болуына жағдай жасайды. Осылайша оқушылардың бос уақыттарын дұрыс пайдалану олардың тәртіп бұзуына жол бермейді. Сондықтан да сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін осындай жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие ісінің негізгі бір саласы болып табылады.

Енді осы әдеби-монтаждарды әзірлеу мен өткізудің жолына тоқталайық.

Сынып жетекшісі тақпақты жақсы мәнерлеп оқи алатын, даусы ашық оқушыларды іріктеп алып әр балаға әдеби-монтаж үзіндісінің сөздерін бөліп береді.  Әуелі оқушылардың берілген тексті жаттап алуын қамтамасыз етіп, әр оқушымен жеке жұмыс жасау (мәнерлеп оқуға үйрету) қажет. Әдеби-монтажға қатынасатын оқушылардың бәрін бір-бірден тексеріп шығып, мәнерлеп жатқа оқи алатын дәрежеге жеткенде ғана сынып бойынша жүргізілетін жаттығуды бастаған жөн.

Ол үшін, әрине, асықпай, күні бұрын дайындалған дұрыс. Мысалы, Жаңа жылға өткізілеьін кештің материалын 15 қарашадан, 8 наурыз мерекесіне арналған кешті 1 ақпанан т.с.с. мезгілдерде бастау керек. Осындай жағдайда ғана оқушылар жақсы дайындалады да кеш қызықты әрі көңілді өтеді.

Әдеби-монтажды паралель сыныптар және жеке сынып бойынша да дайындап өткізуге болады.

Ал, сынып бойынша, әзірленгенде әдеби-монтаждың сөзін сыныптағы барлық оқушыға бөліп береді. Бұл монтажды сынып жетекшісі дайындайды. Бұл да жоғарыдағыдай әр саламен жеке жұмысты қажет етеді.

Әдеби-монтаж әбден дайын болған соң былай өткізу керек:

Әдеби-монтажға қатысатын оқушылар сахнаның төрінде тұрады. Сахна ашылғанда бастаушы ортаға шығып, тақырыпты хабарлағанан кейін ғана әдеби-монтаж басталады.

Әдеби-монтажды сазды етіп өткізсе, жұрт жалықпай, қызыға тыңдайды. Ол үшін тақырыпқа байланысты әндер мен билерді оқушылар еркін орындауы тиіс.

Әдеби-монтаж мазмұнына байланысты келтірілген әндер, билер хабарланбай орындала береді. Ол үшін қандай әннің, қандай бидің қай жерде орындалатыны күні бұрын белгіленіп қойылады. Сондықтан кеш өтіп жатқан кезде әндер мен билердің авторлары аталмай, тоқтаусыз жүргізіле береді.

Егер әдеби-монтаждың мазмұнына сәйкес оған ән-күйдің, бидің қажеті болмаса, монтаж біткен соң екінші бөлім етіп концерт ұйымдастыруға болады. Концернт соңынан жұмбақтар, викториналар шештіруге, түрлі ойындар ойнауға да болады. Жұмбақтар мен викториналарды бәрінен де көп шешіп, ойынға белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі. Сыйлықтарды кеш өткізетін сынып өз күшімен дайындайды.

VІ. Би. Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі би билеумен шұғылдану болып табылады.Төменгі сынып оқушыларыбилеуге аса құштар. Би билеуде олар өздерінің қозғалыстағы, әсерлері мен іс-қимылындағы өзгерістерінің табиғи қажеттерін қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын балалардың көркемдік қабылдауын дамыту үшін, оларды би билеудің әдемі қозғалыстарымен таныстаруға, оларды музыканы тыңдауға үйрету үшін   пайдалану қажет.

Би билеумен шұғылдану балалардың дене бітісін дамытып, жетілдіруге ықпал жасайды, оларды дұрыс та жарасымды жүре-білуге үйретеді.

Би билеуге үйрету үстінде балалардан жалпы ұйымшыл, тәртіпті болу, бір-бірімен достықпен, әдепті түрде сөйлесе білу, педагогтың нұсқауын ынта-ықыласпен тыңдай білу балап етіледі. Осының барлығы тәртіптілікке, мінез-құлық эстетикасына тәрбиелеуге әсер етеді.

Басатауыш мектеп балаларының хореографиялық оқуына, халықтық, көпшілік және бал билерін, ең оңай ырғақты жаттығуларды, ойындарды үйрену енеді. Биге үйретуді халық билерінен бастаған жөн, өйткені олар қозғалыс пен образға бай, оларда ұлттық сипатты белгілер орын алған. Би билеуойындарын көрсету үлкен даму ықпалын тек орындаушыларға ғана емес, сонымен бірге сахнада өтіп жатқан оқиғалардың барлығына терең толғаныспен сезініп отырған көрермендерге қалдырады.

Осылармен бірге үйірмен жетекшісі бұл оқудың балалар үшін қуаныштың қайнар көзі болуына қамқорлық жасайды. Бұл музыканың сүйемелдеуімен, костþмдердің түр-сипаттарымен, оқуды өткізу барысында жасалған барлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

Мынадай а жағдайды ескеруге тура келеді, би үйірмесіне жазылған балалар барынша көбірек қуаныш, рахатқа бөленіп, қызыққа бату үшін келеді. Оқушыларға мынаны да түсіндіру қажет. Би – нағыз өнер шығармасы, сондықтан оны жасау үшін еңбек епн ұйымшылдық керек.

Оқудың маңызды бөлігі оқушылар үшін қол жетерлік көпшілік және бал билерін үйрену болып табылады. Олардың мектептің барлық оқушылары орындайды, сонымен бірге үлкен тәрбиелік мәні бар.

  1. Хормен ән салу. Хормен ән салу музыка сабақтарының негізі болып табылады. ән салу – есту, жадында сақтау, ырғақты сезіну, көркемдік талғам сияқты музыкалық қабілеттерін дамытудың ең пәрменді түрі ән салу жөніндегі берілетін нұсқаудан бастап әннің ұнамды шығуына дейінгі барлық объект назарда болуға тиісті. Хормен ән салу музыкалық тәрбиенің ең оңай қол жетерлік түрі болып табылады. Бірінші сынып оқушылары өздерін қуанышқа бөлеп, машықтандаратын қарапайым әнді салуына болады.

Музыкалық тәрбие тек бір жүйемен үзбей үйрету негізінде ған ойдағыдай және жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Ән салу үшін, балалар оны мұғалімнің орындауында ынта-ықыласпен тыңдап алуға тиіс, музыка сазын дәл меңгеріп, ойда сақтауға, әннің мазмұны мен көңіл-күйін жақсы ұғынып алып, оны өзінің орындауында басқаға жеткізе білуге тиіс. Дұрыс қойылған хор әні мектеп оқушыларынан музыкаға белсенді қатынасуды, еріктілікті, есте сақтай білуді, аңғарымдылықты талап етеді.

Музыка мен ән сабақтарының мазмұнына өзінің қарапайымдылығымен , жинақылығымен, сүйкімді, тартымдылығымен және үлкен мәнерлілігімен ерекшеленетін халық әндрі енгізіледі. Бұл әндер мектеп оқушыларына өз халқының музыкалық тілін түсініп, көркемдік талғамын дұрыс қалаптастыру үшін тамаша материал болуы мүмкін. 

Балалардың басқа халық музыкасымен және әндерімен танысуының, сондай-ақ үлкен тәрбиелік мүмкіндігі бар. Орыстың халақ әндерін басқа халықтардың ән салу твор÷ествосымен салыстыра отырып, балалар орыстың халық музыкасының ерекшелігін, терең түсінуі және сезінуімүмкін. Сонымен қатар, мұғалімдер тарапынан дұрыс басшылық болса балалар басқа халықтар музыкасының көркемдік ерекшіліктерін түсінеді де бағалайды. Басқа халықтардың көркемдік даналығын түсіну – балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеудің тамаша мектебі.

Ән салуды дұрыс жолға қойған кезде, ол оқушы ұжымын ұйымдастырудың маңызды құралы болып алуы мүмкін.

Әнді тамаша орындау – орындаушы ұжымның үлкен еңбегінің нәтижесі. Ән салып үйрену жалпы үйлесімділік пен келісімділікті, жалпы эмоциалық көтеріңкілік, көңіл күйді талап етеді. Міне, осының барлығы балаларды дәл түсіп топтастырады.

 

 

2.2.  Оқушылардың музыкалық  шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын  әдіс-тәсілдер.

Жастарға музыкалы-эстетикалық тәрбие беруде музыка сабағымен қатар сабақтан тыс мезгілдегі оқушылар сарайының жанындағы көркемөнер үйірмелері, мектеп жанындағы оқушылардың хоры, оркестрі, музыка сауатын үйрететін үйірме, жеке музыкалық аспапты ойнауды үйрертетін пианино, домбыра, қобыз, баян, аккардеон, саз сырнай, шаң қобыз, т.б. үйрететін үйірмелердің маңызы өте зор.

Орта және сегіз жылдық мектептерде төменгі сынып оқушыларының хорын жеке өткізген дұрыс.

Мектеп қабырғасында, оқушылар сарайында, үй басқармаларының жанында ұйымдасқан музыкалық үйірмелер жұмысын үнемі қадағалап қарап, оның жұмысын музыка мұғалімі, мектеп басшылары, ата-аналар болып жандандыра түсу керек, оған бағыт беріп отырса, олар өздерінің көздеген мақсатына жете алады. Қазіргі кезде көптеген музыка сабағының мұғалімі әйтеуір бір музыкалық аспапты ойнай алатындар. Олар арнаулы музыкалық оқу орындарын бітіргендер. Келешекте осындай маман адамдар көбейе бермек.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд