Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 08:47, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалық-психологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.
2.1. Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.
2.2. Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Сабақ жоспары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларның-шығармашылық-қабілеттерін.doc

— 257.50 Кб (Скачать документ)

Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекетконцерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік жіне ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық ақбілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығын, икемдігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.

Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қасиеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір адамды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі даму деңгейі текәлеуметтік факторларға емес, табиғи биологиялық факторларға байланысты. Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ол оқушыда шығармышылықтың белгілірінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешебілу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.

Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатынбастауыш мектептің алар орны ерекше. Өйткені бастауыш мектеп:

  1. Оқушылардың интеллетуалдық рухани, табиғи нышандарын дамытуға - өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;
  2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;
  3. ұжымдық және іс-әрекеттер тәсіліне үйретуге;
  4. Балының еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне дегенсенімінің болуына жағдай жасауы керек.

  Шығармашылық - жаңа нәрені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Қабілеттер проблемесы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психологияғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекеттің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу келеді. Бұған қарап мысалы, музыкаға, хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен балаларды дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салада жатқындығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады. ңҚабілетң деген термин адамдарың белгілі бір істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.

Қабілет ұғымына берілген психикалық анықтамалар саны баршылық қабілет – іс-әрекеттің белгілі бтүрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті – деп жазды академик Т.Тәжібаев. ңҚабілеттерң – адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері.

Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Монтев, А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқысыз ад дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатындығын атады. Қабілеттер мәселесізерттеушілердің назарын көптеп аударып келуде. Енді сол еңбекьердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Ең алғаш қабңлеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін нақтлады. Осыдан бастапқабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды. А.Н.Леонтьев басқа ғалымдардың қабілеттерге берген анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағыәлеуметтік жағдайлардың шешуші роль болатындығына назар аударады. Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузмина оның құрамының үш түрлі қасиеттертобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

 

Мектептің міндетті оқу бағдарламысынан тыс әр түрлі тәрбиелік – білімділік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар деп атайды.

Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін тиімді шешуге көмектеседі.

Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті – мектеп оқушыларының қызығуын, бейімділігін, қабілеттілігін жан-жақты дамытып, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.

Егер де сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқу жқмысымен дұрыс ұштасатын болса, онда ол бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыс оқу жоспарын толықтыра түседі.

Бұл бағытта жүргізілетін арнаулы зерттеу жұмыстары әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар мектеп оқушыларының кәсіптік қызығуы мен түсініктерінің тууының негізгі көзі болып табылатындығын дәлелдеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың алатын ролін бағалай келіп, мектептен тыс жұмыс жөнінде Бүкілроссиялық кеңесте сөйлеген сөзінде Н.К.Крупская былай деген еді: ңАл қазір бұрмалаудың басқа түрін – мектептен тыс жұмысты жете бағаламауды жиі кездестеруге болады. Мұны ашық айтпайды, бірақ: ңтек мектеп қажет, қалғандары түкте емесң деп жүргендерді жиі кездестіресің. Бұл дұрыс көзқарас емес. Мектептен тыс жұмыс мектептің өз жұмысын тиісті дәрежеге көтеруге көмектесе алады және көмектесуге тиіс тең.

Оқушыларды жан-жақты дамытудың міндеттерінен туындайтын тәрбие жұмысы мазмұнының көптігі сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі формаларын қажет етеді.

Пеадагогика ғылымынды сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерінің теориясы әлі де жеткіліксіз зерттелген. Қазіргі кезде сыныптан тыс жұмыстың мынадай формалыры қалыптасқан: көпшілік, үйірмелік және топтық, жеке формалыры кездеседі.

Сыныптан тыс жұмыстың формалырын қарастырайық:

Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстың формасы – сыныптан тысжұмысқа байланысты мұғалімнің немесе ұжымның әр түрлі міндеттері мен тапсырмаларын жеке оқуышлардың өз бетімен орындауы болып табылады. Оған мынылар жатады. Мәселен, ұсынылған кітаптарды оқу, көркем өнер номерлерін әзірлеу, басқа да таспсырмалар жатады. Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мәнін бағаламауға болмайды.

Жеке жұмыстарға икемді оқушыны да, сабаққа нашар оқушыны да қатыстаруымыз керек.

Жеке сыныптан тыс жұмыстың сапасы мен нәтижесін жақсарту мақсатында әрбір оқушының қызғуын білуге ұмтылу керек. Оқушыларға мынадай сұрақтар қоþға болады: ңСаған бәрінен де не ұнайды? ң Кей жағдайда балалардың жауабы олардың қызығуын толық ашып бере алмайды, бірақ та мұғалім үшін ол мәселе бойынша кейбір бағыт беруге көмектеседі.

үйірмелік және топтық жұмыстарға үйірмелер және басқа бірлестіктер жатады.

үйірме – бұл оқушылардың жалпы қызығуымен сыныптан тыс қызметінің негізінде құрылған бірлестік. үйірме жұмысы оқушылардың белгілі бір ғылымның, техниканың, өнер мен спорттың  саласында қызығуы мен қабілеттілігін дамытуға және анықтауға көмектеседі. үйірме жұмыстары оқушының сабақта алған білімін тереңдете түседі, бағдарламадан тыс жаңа білім мен ептілігін, дағдысын қалыптастырады.

Бастауыш сыныптарда үйірме жұмыстарын жүргізуде бірнеше міндеттер қойылады:

  • оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарата дамытуға мүмкіндік жасау;
  • оқушының қоғамдық белсінділігін дамыту;
  • оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру.

үйірме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талабы:

  • үйірме жұмыстарына қатысатын оқушының қабілетін ескеру;
  • білім беру, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы;
  • оқушылардың еркіндігі.

Үйірмеге қатысатын оқушылардың практикалық білім, білік, дағдылары бірдей болуы мүмкін емес. Себебі, оның білім, қызығушылығу мен белсенділіктері, қабылдауы және жұмысқа қабілеттері әр түрлі болғандықтан, алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бірақ, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қызығушылығу мен белсенділіктерін дер кезінде дамыту мен жоспарлау - әрбір ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.

Бастауыш сынып оқушыларының ерекше қасиеттерінің бірі - үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы. Осы кезеңдердегі қолайлы сәттерді тиімді пайдаланып қалу үшін сабақтан тыс, мектептен тыс жүргізілетін үйірмелер мен тәрбие жұмыстарының ерекше маңызы бар. Әсіресе, сабақтың жалғасы болып табылатын пәндік, көркемөнер үйірмелері баланың өз бетінше ізденуі мен өз бетінше дамуына, қосымша практикалық іскерлік дағдылардың меңгерулеріне жол ашады. үйірме жұмыстарында балалардың мынадай қабілеттері дамиды:

  • техникалық, ән-күйлік жұмыс жасауға, оларды тетіктерінің аталуы мен жұмысқа қосу ерекшелігімен танысады, өзі пайдалана алады;
  • мұғалімнің түсіндірген нұсқауын тыңдап, басшылыққа алып, зейін тоқтатаып, оның дұрыс орындалуына өзідігінен шешім қабылдайды;
  • өзі жасаған жұмыс нәтижесін айтып, қорытынды жасап үйренеді, тіл байлығы мен ойлау қабілеттері дамиды;

Бастауыш сынып оқушылары үйірмелерге жүйелі түрде қатыса отырып, білімімен танымдық қасиеттерін толықтырумен қатар, төмендегідей қосымша дағдыларды меңгереді;

  • өз жұмыс орынын ұйымдасыта білу;
  • күнделікті ағымдағы жұмыстарын өз бетінше жоспарлау;

Жалпы сыныптан тыс жүргізілетін іс-шаралар оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне байланысты бірігіп шағын топтарды құрады. Кейбір үйірмелер әр түрлі жастағы оқушыларды біріктіретіндіктен, мұғалімнің әр түрлі тәсілдері қарастыруына тура келеді.

Көркемөнер үйірмелерге қатысатын балалардың жұмысқа бейімділігімен іскерлік дағдылары, шығармашылық ізденсі әр түрлібағыттарда дамып отырады. Көркемөнер үйірмесіне қатысатын балалардың эстетеикалық, этикалық талғамдары мен сезімдері жоғары дәрежеде іске асырылады. Балалардың көркемөнер үйірмелерінде сезіммен жұмыс жасауы, олардың ойын кезіндегі іс-әрекеттеріне ұқсас, таза шынайы қатынастардан тұрады. Көркемөнер арқылы бала өзін қоршаған орта табиғатын, әсемдігін, сұлулығын түсіне алады, олардың маусымдық өзгерістерін бақылап, өзіндік тұжырымдар жасайды.

Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формаларына кештер, мейрамдар, фестивальдер, сенбіліктер, диспуттар, конкурстар, олимпиадалар, театр мен киноны ұжымдық түрде көру жатады.

Кеңес мектебі сыныптан жұмыстың әр түрлі формаларын пайдаланудың көптеген тәжірибесін жинақтады. Қазіргі кезде тәжірибелі мұғалімдеріміз оның тиімділігін арттыру жолдарын іздестеруде. Мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысының барлық формалары бір-бірімен байланыста қарастырылады. Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік және білімдік мүмкіншілігі күшті болғанымен, істің мәнін шеше алмайды. Ең негізгісі – осы жұмасты іске асыратын тәрбиеші жұмысының мәні мен мазмұнына, педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Сабақ үстінде, оқыту кезінде қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас сипаты сыныптан тыс қызметке беки түседі немес түрлі өзгерістерге ұшырайды. Сыныптан тыс жұмыс мейлінше әр түрлі формаларға, оқушылардың мазмұнды қызметіне бай болып келеді. Балалар сабақтан тыс уақытта қоғамдық пайдалы еңбекке қатысады.

Сан қырлы сыныптан тыс қызметі процесі кезінде балалардың арасында олардың әрқайсысының жеке бастық ерекшеліктеріне орай қарым-қатынастар қалыптасытын болады. Сол қарым-қатынастар олардың жеке басының одан әрі даму бағытын анықтайды.

Қазіргі кезде жастарымыздың эстетеикалық білім алуға деген ынтасы өте злр болып отыр. Оқушылар эстетикалық тәрбие саласында ара-тұра, бытыаңқы түрде өткізілетін шаралармен қанағаттанатын мектептер барған сайын азайып барады.

Осы уақытта мектептегі бұл жұмыс барған сайын айқын ұйымдық форамлар алуда.

Мәселен, ең алдымен мектептерде эстетикалық тәрбие бойынша көптеген жұмастар көптеп ұйымдастырылуды.

Қазіргі таңда мектептерге ақы төлеп арнаулы жетекшілер шақырылатын хореография және музыка үйірмелерін, сондай-ақ бейнелеу өнері жөніндегі үйірмелер құруға ата-аналар қаржысы есебінен рұхсат етілген.

Көптеген осындай үйірмелер мен көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасап жатыр.

Көркемөнерпаздар кештері мен байқаулары, ән мен би мерекелері өтікізіледі. Кейбір мектептер спектакльдер қойып жүр; бұларды дайындап, көркемдеуге ңсуретшіоерң де, ңдекораторларң да, ңтехниктерң де, ңмузыканттарң да шақырылады, яғни твор÷естволық қызметтің алуан түрелрімен әуестенуші көптеген оқушылар шақырылады.

Барлық сыныптарда театр спектакльдерін көру және талқылау ұйымдастырылады, оқушылар концерттерге, музейлерге, киноға барады.

Эстетикалық тәрбие жөніндегі сыныптан тыс өтікізілетін жұмыста диофильмдер мен кинофильмдерді пайдалану зор роль атқарады. Өнердің ең бұхаралық түрін – кино өнерін насихаттау мақсатымен көптеген кинолар көрсетуге болады.

Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс өтікізілетін бүкіл жұмыстарды ұйымдасыту, әрине, мамандарды – музыканттарды, көркемсөз оқушыларды, әншілерді керек етеді. Алайда сұғалімдердің өздеріне де арнаулы білімдер мен кең мәдени ой-өріс керек болады.

Оқушыларға мектептен тыс эстетикалық тәрбие беру оқушының қайда тұратынына - үлкен немесе шағын қалада, ірі совхозда немесе шағын ауылда тұратынына, музейлерге, киноға, театрларға бара алу бара алмауына, телевизия хабардарын көре алу, көре алмауына көбіне-көп байланысты болмақ. Қазіргі уақытта кино, радио және телевизия барша жұрттың қолы жететін игілікке айналып отыр, сондықтан мектеп олардың ықпалын ескере отыра алады және ескеріп отыруға тиіс те.

Атап айтқанда мектеп радио тыңдауға және телевизия хабарын көруге біразықпал жасап отыруға тиіс. Мәселен, мектепте қызғылықты әрі пайдалы хабарларды ұжым болып тыңдауды немесе көруді ұйымдастыруға әбден болады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд