Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 08:47, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалық-психологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.
2.1. Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.
2.2. Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Сабақ жоспары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларның-шығармашылық-қабілеттерін.doc

— 257.50 Кб (Скачать документ)

Сыныптан тыс жұмыс оқу мен тәрбие жұмысын жүргізумен бірге, мектептен тыс тәрбие жұмыстары да жүргізіледі.

Арнаулы мектептен тыс мәдени-ағарту мекемелері мен қоғамдық ұйымдар тарапынан жүргізілетін тәрбиелік-білімдікмәні бар жұмыстарды мектептен тыс жұмыстар деп атайды. Ол да сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әр нәрсеге қызығушылығын арттыруға, көп нәрсе білуге құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелер өткізеді.

Мектептен тыс жұмыстар негізнен мектептен тыс мекемелерде жүргізіледі. Мектептен тыс мекемелер екіге бөлінеді: жалпы және арнаулы мектептен тыс мекемелер. Жалпы мектептен тыс мекемелер баллармен жұмысты ғылым мен мәдениеттің әр түрлі саласы бойынша жүргізеді. Оларға мәдениет сарайлары, балалар саябақтары жатады. Арнаулы мектептен тыс мекемелер, мәселен, техникалық өнердің бір-ақ саласында жұмыс жүргізеді. Оларға балалар кітапханалары мен оқу залдары, балалар театрлары мен кинотеатрлар жатады.

Мектпетен тыс мекемелердің барлығы мектептермен тығыз байланысты. Олар әдетте оқушыларды мектептердің жолдама қағаздары бойынша қабылдайды, олардың сабақ үлгерімін қадағалап отырады. Оқушылар сабақ үлгерімі төмендеп кеткен жағдайда бұл мекемелердегі сабақтарға қатысу құқығынан айырады.

Бұл мектептен тыс мекемелер жүйесінің үлкендігіне қарамастан, олар әлі де болса тілек бүлдіршіндердің барлығын қамти алмайды және әзірге көбіне мектептің өзінде-ақ әлдеқандай арнаулы саладағы сабақтарға ынтасы мен қабілетін танытқан оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мектеп үшін де олар өз ережесіне сәйкес мектептен тысжұмыстар саласындағы әдістемелік ортылықтар болып табылады.

Балалар кітаптарының үйлері және сондай-ақ барлық дерлік музейлер, филормониялар, балалар кітапханалары оқушылармен үлкен жұмыс жүргізеді.

Балалар театрының міндеті – балаларға жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, көркемдік талғамын қалыптастыруға көмектесу, ой-өрісін кеңейту.

Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің роліне Н.К.Крупская ерекше мән беріп, барлық мәдениет үйлерін, барлық мектептен тыс жұмыстарға орасан зор тәрбиелік мәні барміндеттер жүктелетінін айтты. Мектептен тыс жұмыс жаңа ынталарды тудыруға тиіс, ол балаларды ұйымдық жағынан тәрбиелеуге тиіс екеніне ерекше мән берді.

Мектептен тыс мекемелердің бірлесе жүргізген жұмыс негізінен мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы бағыт беру мақсаты  көзделеді.

Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында. Оқушылар ынта мен белсенділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаралатын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс уақыт түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.  Педагогтар  мен оқушылар ұжымының міндеті – сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысынқалдырмай түгел тарту. Мұны, әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз атқару керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан соң өз бетімен кетуге жол беруге болмайды.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көлемімен  байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізіненалғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының талап-тілектеріне сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Оның үінші ерекшелігі – жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының, мектеп оркестрінің, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып сыныптан тыс жұмыстар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әртүрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызады.

Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. үйірмелерде, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап тоырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі – оны негізнен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады. Сынтан тыс және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақиы көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб тектес бірлестіктерге қатысушылар ролінде де көзге түседі.

Қазіргі жағдайлардағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көрету, формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие облып келеді. Соынң нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарда, кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде  көрініп отыр.

Оның алтыншы ерекшелігі -  формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі бола түсті.

Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмыстыұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Кейбір мектептер үшінбұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде еңбекке тәрбиелеуге, ғылыми техникалық твор÷ествоны дамытуға ғана баса назар аударылады. Сыныптан тыс жұмыстың  бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады.

Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал, алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі – оның бұқаралығы. Ол табиғатты, өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды.

Сыныптан  және мектептен тыс тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыра білудің де маңызы ерекше.

1966 жылғы 10 қарашадағы ңЖалпы білім  беретін орта мектептің жұмысын  одан әрі жақсарту шаралары туралың қаулысына сәйкес 1967-1968 оқужылынан бастап, еліміздің мектептерінде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының қызмет орны енгізілді  (мектеп директоры орынбасары). Ол пайдалы еңбекті ұйымдастырып, әрі жүргізеді, мектеп оқушыларының сыныптан тыс сабақтарын басқаруға тартылған сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге және басқа да адамдарға нұсқау беріп, оларға педагогикалық көмек көрсетіп отырады.

Сыныптан және мектептен тыс жұмыстың ұйымдастырушысы директордың тікелей басшылығымен, жалпы мектеп ұжымы қызметінің әр түрлі бағыты бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыратын сынып жетекшілерінің, педагогтардың көмегімен барлық оқушыларды сабақтан тыс уақытта алуан түрлі қоғамдық пайдалы істерге тартуға, олардың өздерінің бос уақытын мазмұнды өткізуіне күш салады.

ұйымдастырушының қызметіндегі негізгі бағыт – сынып жетекшісі мен мұғалімдердің тәрбие жұмысын бір орталыққа біріктіру, оны ұйымдастыруда және өткізуде әдістемелік көмек беру. ұйымдастырушы сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарын бекітіп, оныңорындалуын қадағалып отырады. Олардың семинарлары өткізіліп, қажетті педагогикалық әдебиеттерді сынып жетекшілері өздері ұсынып отырады.

ұйымдастырушы әр уақытта да мұғлімдердің өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарына қатысып отырады, оған басшылық жасайды. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдамтырушылардың қызметінің негізгі бағыттарының қатарына, балалардың тұрған орындарына байланысты тәрбиелеу ісі де жатады. Ол үшін мектептің микроауданындағы мәдени-ағарту мектептен тыс мекемелерімен өндіріс орындарының қоғамдық ұйымдармен, ата-аналар активімен тығыз байланыс жасайды.

Педагогикалық білімді насихаттаудаата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары көптеген жұмыстар істейді. Бұл бағытта педагогикалық білімді насихаттаудың әр түрлі тиімді формаларын қолданады.

2.1. Музыка пәні арқылы  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды  жүргізу жолдары.

Қазақ мектептеріндегі балалар тәрбиесі оның жеке басының жан-жақты гармониялық даму принципіне негізделе құрылған.

Осыдан келіп мынадай міндет туады: балының қабілет дамуына әсер етіп, біліммен қаруландырып, еліміздің білімді, жан-жақты, ғылым мен техникада, өнерде шығармашылық жұмыс жасай алатын азаматты тәрбиелеу.

Жалпы музыкалық тәрбие көлемінде мекьтептегі музыка сабақтары арнаулы орындаушылық дағдыларды тар көлемде қарастарды. Ал қазіргі музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында алдынакөптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.

Жан-жақты музыкалық даму балының ішкі дүниесін байытады, сонымен қатар музыка өнерін терең және толық қабылдатып қан қоймайды, айналадығы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Ән айту, музыка тыңдау, музыка әдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.

Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі – музыкалық шығармашылық болып табылады, яғни балалардың өздері құрыстырған вокальдық және аспаптық шығармалар. Осы жерден келіп екі түрлі көзқарас қалыптасады:

  1. Композиторлық дарыны бар балалар ған музыкалық шығармашылықпен айналыса алады, олардың әрі қарай шығармашылық ақбілетін дамыту керек.
  2. Әрбір баланы музыкалық шығармашылыққа баулу - әрбір баланың дамуында зор роль атқарған.

Өзі құрастырға шығармалырдағы музыкалық шығармашылық белсенділік қандай дәрежеде болмасын музыкалық ойлауына, орындаушылық шеберлігіне елеулі әсер етеді.

 Музыкалық шығармашылық ән  айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Сонымен қатар, жоғары сапалы маманданған педагог баланың жас, психологиялық ерекшеліктерін ескеруге міндетті.

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, төменгі сыныптарда музыкалық-эстетикалық тәрбие сабақтан тыс уақытта да беріледі.  Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар балалардың музыкалық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруда зор роль атқарады.

Бала бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда, талантын ұштауда жалпыға бірдей білім беретін мектептердегікөркемөнерпаздар үйірмесі мен музыкалық көпшілік жұмыстардың тәлім-тәрбиелік маңыза ерекше. үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Бірақ, музыкалық тәрбиенің сыныптан тыс түрі жалпыға бірдей міндетті емес. Бұл жұмыстарға оқушылар өз тілегі бойынша қатыстырылады және олардың бейімділігі ескеріледі.

Мектептегі бір сағаттық музыка сабаға оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Музыка сабағында уақыттың тығыздығынан қол жете бермейтін, орындау дағдыларын терең меңгертуге, яғни музыканың көркемдік құралдарының шығарма мазмұнын жасаудағы ролін өз орындаулары арқылы түсінуге мүмкіндік жасалады.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың бірнеше түрі бар. Олар ортақ белгілеріне қарай екі топқа: көпшілік және үйірмелік болып бөлінеді.

Енді осының ішінде сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстардың түріне тоқталамыз.

Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақмат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім баланың жас ерекшелігінескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі.

Көпшілік музыкалық жұмыстың да бірнеше түрі бар. Олар: лекция-концерттер өткізу, концерттерге бару, көпшілік-музыкалық мерекелерге қатыстыру, байқаулар менконкурстар ұйымдастыру. Бұл жұмыстар оқушылардың музыкалық танымын кеңейиіп, олардың қабілетін дамытуға жол ашады, талғамын қалыптастырады.

  1. Лекция-концерт. Музыкалық жұмыстың бұл түрі белгілі бір тақырыпты жан-жақты тереңдетіп түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Мәселен, И.Нүсіпбаевтың көптеген әндері музыка сабағында өтіледі. Ал оның өмірі мен басқа шығармалары жөнінде мәліметтер де оқушыларды қызықтыруы мүмкін. Осыған байлансты ңұстаздықпен ұласқан талантң тақарыбы бойынша лекция-концерт ұйымдастырып, ұстаз-композитордың өмірі мен шағармалары жайлы, ол негізін қалаған ңБалдырғанң ансамблі жайлы айтып өтуге болады. Жеке дауысқа, хорға арналған әндерін хор үйірмесінің мүшелеріне айтқызу балалардың орындаушылық ынтасының оянуына ықпалық тигізері сөзсіз.

  Музыка сабағында тақпақ, сазда ән, терең тақырыбын өту кезінде ңМахамбеттің термесің тыңдатылса, сол сабақтан кейін ңМахамбет батыр, ақын және күйшің деген тақырыппен халық батырын әр қырынан танытатын лекция-концрет ұйымдастыруға болады.

ңДомбыра-дастанң атты лекция-концерт өткізу үшін домбыраның шығу, даму тарихы жайлы мағлұматтар мен аңыз күйлер лайық.

ңЖұмбақ-концертң өткізу кезінде мұғалім шығарманың тақырыбын құпиялап, композитордың аты-жөнін табу жолын айтады. Сол композитордың балаларға арналған шығармалары таныстырылады, талданып, тыңдатылады. Мұндай концертті ребус шешкізумен де бастауға болады. Мысалы;

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд