Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
- сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда студенттерге Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбис берудің ғылыми-педагогикалык негіздерін нақтылау;
- ақын мұрасындағы музыкалық-педагогикалық ойларға сипаттама беру арқылы эстетикалық тәрбиедегі маңызын айқындау;
- студенттерге ақынның музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие берудің моделін жасап, мазмұнын анықтап, әдістемелік жүйесін белгілеу;
- студенттерге эстетикалық тәрбие беруді ақынның музыкалық педагогикалық мұралары арқылы жүзеге асырудың әдістері мен мазмұнын тэжірибелік-эксперимент арқылы тексеру және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------ 3
1 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
1.1 Музыка тәрбиесін дамытудағы және қалыптастырудағы қазақ ағартушыларының музыкалық - педагогикалық ой-пікірлерінің маңызы......................................................................................................................
1.2 Абай Құнанбаевтың композиторлық дарынының қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік орта, өмір жолы және музыкалық - педагогикалық көзқарасы ---------------- --------------------------------------------------------------
2 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық - педагогикалық көзқарасы арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің мазмұны
2.1 Абай Құнанбаев мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі...................................................................................................
2.2 Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беруге арналған эксперимент жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру...............................................
Қорытынды ..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абай музыкасыНВ.doc

— 418.00 Кб (Скачать документ)

- Карточкамен жұмыс.

-Балалар Абай сияқты ақын  болғыларыңыз келеме, ендеше алдарыңызда  Абайдың табиғат лирикасына арналған  өлеңдерінен үзінділер келтірілген.

                    ( I топта – Ақ киімді........., денелі, ақ ............,

        Соқыр, ........... танымас...........жанды.

       ........... - басы ақ  қырау, түсі............,

                 Басқан жері .......... сықырлап ........қалды.)

                      ( II топта  -  .................. ...    шілде болғанда,

                                        Көкорай шалғын,   ..................

                                        Ұзарып ..................     толғанда;

                                        Күркіреп жатқан.....................

                                        ................... ... ауыл қонғанда;)

                      ( III топта  - Сұр....бұлт түсі суық  қаптайды ......,

                                           ......болып, дымқыл тұман ....... басқан.

                                          Білмеймін ......... ..ма, ....................ма,

                                         Жылқы ойнап, ....қашқан, .... ...жарысқан )

- Балалар, айналамызға көз жүгіртіп  көрейікші, Абай табиғатты адам  өмірінен бөліп алып суреттемеген екен.  Жылдың төрт мезгілін -  адамның

                 - балалық шағына,

                 - жігіттік шағына,

                 - кемеліне келген кезіне,

                 - кәрілік кезіне ұқсатады.

- Оның дәлелі ретінде «Жазғытұрым» өлеңін алайықшы.

-Жазғытұры қандай мезгіл? (Балалар  өз ойларын айтады).

-Бұл өлеңде Абай табиғатқа  жан бітіреді, адам өмірін жан-жануар  өмірімен байланысты суреттейді. Көктемнің ерекше белгісі қандай  сөздер арқылы берілген?

-ата-анадай елжірер күннің көзі,-деген сөз арқылы күн шуағын ата-анаға теңейді.-ал көктем-балалық  немесе:

- «Ай, жұлдызға жылы жел хабар  беріп

   Жер күлімдер, өзіне шырай  беріп», деген жолдардан ақынның  адамның жастық шағына тән  қасиеттер мен жер-ананы күлім  қақтыру шеберлігіне сүйсінеміз.

-Келесі өлеңі «Жаз» (өлең оқылады).

-Балалар, осы өлең жолдарын оқығанда  көз алдарыңа нені елестеттіңдер (оқушылар жауабы).

Яғни, бұл ақынның сезім-күйінің шалқыған тебіренісін көңілдің жайдары шағын елестетеді.

Жылдың келесі мезгілі-Күз.

- Күз қандай ай?

Күз өлеңі оқылады.

-Балалар, өлеңді оқығанда сендерде  қандай көңіл-күй пайда болды?Олар  көңілсіз деп жауап береді.

- Көңілсіздік неден туып отыр?

-Ықтимал жауаптар: сұр, бұлт, тұман, жапырағынан айрылған ағаш, ұйқылы  ауыл т.б.

-Күз айларында адамдар не істейді? Күз несімен несіпті, күз байлығы неде?

-Енді мына өлеңді оқып көрейікші, жылдың қай мезгілі суреттеледі?

-Әрине, жылдың төртінші кезеңі  «Қыс» екен.

 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды…

Бұлыттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандап, бұрқ-сарқ етіп долданғанда

-Қытымыр қатал қысты қаһарлы, ашушаң кәрі құдаға теңеу арқылы  ажары кеткен кәріліктің күшімен  хабардар етеді.

-Байқадыңыздар ма, балалар, Абай  өзі суретші болмаса да, табиғат  бейнесін сөзбен өрнектеп, әрлеп, табиғатқа жан бітіре суреттейді. Осыдан Абайды суретші деуімізге  болама, Әрине, Абай-суретші. (Бәрі хормен)

- Ал балалар, Ақын атамыз жырлаған  табиғат сұлулығын сіздер қалай бейнелер едіңіз, суреттеп көріңізші. Осы салған картиналарыңызды қалай атар едіңіздер? (Балалар шығармашылығы. Төрт түрлі жыл мезгілі түсімен алынған сурет бойынша талдау).

- Міне, балалар адам өмірін немесе  табиғатты бір-бірінен ажыратуға болмайды екен. Адам-табиғат-сезім ажырамас бөлшек.

- Осынау табиғаттың Абай сезіміне  әсер еткені соншалық, дәл қазіргі  сіздер сияқты- атамыз табиғат  аясында отырып, өзінің бірнеше  өлеңіне ән жазған.

«Әр өлеңі-бір әлем» - ол әрі сезім, әрі сазды өлең, әрі көркем, бояуы қанық сурет.

-Балалар енді мына бір тамаша  әнді тыңдап көрейікші. (Абайдың  Қараңғы түнде тау қалғып әні).

-  Әннен қандай әсер алдыңыз, мазмұны не туралы, нені суреттейді. (Әнді талдау)

- Табиғат лирикасына арналған  қандай әндері бар еді? (Желсіз түнде жарық ай, Қараңғы түнде тау қалғып т.б.)

- Ақын атамызды бұл жерде  кім деп танимыз – сазгер. (Бәрі хормен)

Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындасақ.(Ән екі дауыста үйретіледі).

«5 минуттық эссе жазу».

- Балалар, сабағымыздың соңын «Әр өлеңі – бір әлем» атты тақырыппен Абай шығармаларынан алған әсерлеріңізбен бөлісіп көріңізші. (Балаларға жауабы тыңдалынады)

Қорытынды. Абай-ақын, Абай-суреткер, Абай-сазгер.

Сабақ соңы. Оқушылар білімін бағалау.

Зерттеушілер: «Оқу - тәрбие процесін интеграциялаудың болашағы зор және оң нәтиже береді» деп қорытынды жасайды.

Қорыта келе, интеграциялық оқытуды жүзеге асыру әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әр пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

2.2 Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беруге арналған эксперимент жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру

 

Алғашқы тексеру экспериментін зерттеу жұмысында барлығы институттың күндізгі және сырттай оқу бөлімінен 1- курстан 4-курсқа дейін оқып жүрген 220 студент қатысты. Зерттеу жұмысының нәтижелігі мен болжамының орындалуына шарт түзетін тағы бір жағы-студенттердің теориялық білімі, музыкалық танымы мен ақынның музыкалық мұрасына болған көзқарасы, оны эстетикалық тәрбие практикасында пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Осыларды тексеру барысында студенттердің білім ауқымын, терендігін, талдау, эстетикалық тәрбиеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында сауалнама, жазба жұмыс сұхбат, әңгіме, қысқа сұрак-жауап, музыкалық тестілеу жүргіздік.

Тексеру экспериментінің нәтижесін корыта келе мыналарды анықтадық:

  1. Студенттер жалпы «эстетикалық тәрбие беру» деген ұғымның бар 
    екенін, оның мектепте тәрбиелік шаралар аркылы жүзеге асатынын біледі. 
    Бірақ, әртүрлі сипатта өтетін тәрбиелік іс-шаралардың формаларының сан- 
    алуан болатыны туралы білімдері мен біліктері жеткіліксіз екені белгілі болды.
  2. Студенттердің осындай тәрбиелік іс-шаралардың жоспарын жазуда 
    онда мақсатының анықталуы керек екенін біледі, бірақ, оларды тақырыпқа сай 
    анықтай алмайды және тәрбиелік іс-шаралардың міндеттерін де нақты көрсете 
    алмайтыны белгілі болды.
  3. Олар түзіп келген жоспарларды талдау барысында жалпы эстетикалық 
    тәрбие   туралы   білімдерінің   жеткіліксізідігі,   оларды   ұйымдастыру 
    мүмкіндіктерінің   әлі   қалыптаспағаны,   сонымен   қатар   музыкалық 
    материалдардың (жабдықтардың) жеткіліксіздігі нақтыланды;
  4. Абай шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруде алдымен 
    олардың эстетика санаттарына қатысын нақтылап алып, оқушыларға қай 
    тұсын ашып көрсету керек екенін белгілеу керек. Студенттермен жүргізілген 
    сауалнама, сұхбат, әңгімелесу нәтижесінде олардың эстетика және оның 
    санаттары   жайлы   білімдерінің   жеткіліксіздігі,   сонымен   қатар   ақын 
    шығармаларының   эстетикаға   қатысы   жайлы   ой   жүргізулеріне   білім 
    жеткіліксіздігінің кедергі болып отырғаны анықталды;
  5. Студенттермен жүргізілген осы тексеру эксперименті нәтижесінде 
    олардың Абай әндері, олардың өнделуі мен орындалуы, сол әндер негізінде 
    композиторлар тарапынан жазылған әр түрлі шығармалар жайлы білімінің 
    жеткіліксіздігі белгілі болды.
  6. Студенттер арасында өткізілген анықтау эксперименті материалдарын 
    талдау барысында олардың жалпы тіл байлығы, сөз арқылы өз пікірін 
    білдіруі, әр түрлі музыкалық шығармаларды талдап, мазмұнынын ашып беру 
    секілді   дағдыларын   қалыптастыру   қажет   екені,   жалпы   ақын 
    шығармаларының мәтінін талдауға олардың мүмкіндігі, өресінің жетпейтіні 
    анықталды.

Енді осы кемшіліктерді жою, студенттерге Абай Құнанбаевтың музыкалық шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беру, сол арқылы білімдерін жетілдіру немесе педагогиканың "тәрбиелей отырып білім беру" -ұстанымын негізге ала отырып, сабақта және сабақтан тыс

арқылы осы іс-шараны жүзеге асыруды көздедік. Бұл зерттеу жұмысымыздың болжамын орындау болып табылады. Осы орайда білім стандартында көрсетілген: "Тандаулы пән" немесе студенттердің өз қалауынша таңдап алатын пәні негізінде арнайы курс түзіп, соны жүзеге асыруды ұйымдастырдық. Арнайы курс тақырыбы «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы эстетикалык тәрбие беру» деп белгіленді. Төменде оның бағдарламасы, жоспары, мазмұны жайлы мәліметтер келтіреміз (Кесте 3 және Кесте 4).

Кесте-3 Арнайы курс бойынша мәлімет

 

Курс

Семестр

Пән

Дэріс

Семинар

соөж.

сөж

Барлығы

Тексеру түрі

3

6

Муз. Пед.

9

9

6

21

45

эр түрлі


 

 

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында осы арнайы курсты жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін, қалай жүзеге асырып, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанымыз туралы және студенттермен өткізілген сабақ мазмұны келтірілді.

Эстетикалық тәрбие беру әдістерін біз ұстаз бен студент арасындағы өзара ықпалдастық орнататын қарым-қатынас деп танып, осыған орай, эстетикалық мәні бар құралдар немесе материалдарды сөз түріндегі: әңгіме, пікірталас, пікірсайыс, дәріс, сұрақ-жауап, уәж білдіру; жазба жұмыстар арқылы, мысалы, бітпей қалған шығарманы жалғастыру, сауалнамалар толтыру, тесті сұрақтарына жауап, тезистер жазу, қысқаша шығарма жазу, пікір жазу әдістерін колдану; көрнекілік т.б колдандық.

Біздің жағдайымызда көзбен көретін сурет, үлгі, кесте, сызбалар жасау тәсілдері мен қоса, практикалық іс-шараға тікелей қатысу, тапсырмалар орындау, жоспарлар түзу, оларды жүзеге асыру, көрнекілік материалдар әзірлеу, бақылау, байқау, музыкалық шығармаларды тыңдау, талдау, жаңа технологиялар т.б әдістер қолданылды. Жұмыс барысында басты ұстанған пікір: студенттердің білімін актуалдау және шығармашылық ойлау, пікір қорыту аркылы Абайдың музыкалық мұрасындағы ерекшеліктерді ұғынып, оның мазмұнын меңгеру және оны іс жүзінде пайдалана білу.

Эксперимент жұмысы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Мәдениет және өнер институтының «Музыкалық білім» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлім студенттері арасында өткізілді. Айта кететін бір жайт қазіргі кезде оқытудың акы төлеу және жекелеген мамандыкка бағытталуына байланысты қай факультет не кай мамандықты алып қарасаңызда топтарда студенггердің саны өте аз.

Сонымен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының екінші кезеңінде жұмыс эксперимент тобымен жалғасып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Мәдениет және өнер институтының «Музыкалық білім» мамандығы бойынша 2, 3, 4-курстарының күндізгі жәэне сырттай бөлімінен 110 студент қатысты, салыстырмалу үшін осы мамандықтан бақылау тобынан 110 студент белгіленді. Студенттер санының бұлайша аз болуы қазіргі кезде әр мамандыққа қабылдану санының азайып кетуіне байланысты. Арнайы

курс «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру» деп аталады. Ол музыкалық білім мамандығы студенттеріне 5,6 - 7,8 семестрде оқытылды. Студенттердің қатысуымен әр түрлі сабақтан тыс тәрбие жұмыстары ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық бөліміндегі негізгі қағидаларды эксперимент түрінде тексеру нәтижелерін студенттердің эстетикалық қабылдау көрсеткіштерін (Кесте 5 және сурет 2) және музыкалық-эстетикалық тәрбиелілік деңгейлерін (Кесте 6 және сурет 3) байқауға болады:

 

 

 

Кесте 5

- Студенттердің музыкалық-эстетикалык

қабылдау деңгейлері

Құрамы-ның керініс беруі

Іоптар

Эксперимент тобы

Бакылау тобы

 

Деңгей лер

Көтерінкі

Аралык

Базалық

Котерінкі

Аралық

Базалык

І.ҚТТ (жауаптар санымен)

388 (88,2 %)

-

11

(2,5 %)

197 (44,8 %)

-

110

(25 %)

Н.АБ (жауаптар санымен)

303 (68,8 %)

90 (20,4 %)

-

15 (3,4 %)

57 (12,3%)

266 («),4 %)

III. Э.Қ. (жауаптар санымен)

251 (57%)

142

(32,2 %)

47 (10,6 %)

11

(2,5 %)

117 (26,6 %)

202 (45,9 %)

ІҮ.ОД (жауаптар санымен)

367 (83,4 %)

30

(6,8 %)

12

(2,7 %)

6 (1,3%)

18

(4 %)

74 (16,8%)

Информация о работе Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру