Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
- сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда студенттерге Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбис берудің ғылыми-педагогикалык негіздерін нақтылау;
- ақын мұрасындағы музыкалық-педагогикалық ойларға сипаттама беру арқылы эстетикалық тәрбиедегі маңызын айқындау;
- студенттерге ақынның музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие берудің моделін жасап, мазмұнын анықтап, әдістемелік жүйесін белгілеу;
- студенттерге эстетикалық тәрбие беруді ақынның музыкалық педагогикалық мұралары арқылы жүзеге асырудың әдістері мен мазмұнын тэжірибелік-эксперимент арқылы тексеру және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------ 3
1 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
1.1 Музыка тәрбиесін дамытудағы және қалыптастырудағы қазақ ағартушыларының музыкалық - педагогикалық ой-пікірлерінің маңызы......................................................................................................................
1.2 Абай Құнанбаевтың композиторлық дарынының қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік орта, өмір жолы және музыкалық - педагогикалық көзқарасы ---------------- --------------------------------------------------------------
2 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық - педагогикалық көзқарасы арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің мазмұны
2.1 Абай Құнанбаев мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі...................................................................................................
2.2 Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беруге арналған эксперимент жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру...............................................
Қорытынды ..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абай музыкасыНВ.doc

— 418.00 Кб (Скачать документ)

 

Кесте 1 –Абайдың музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру жүйесі

 

Эстетикапық тәрбие беру жүйесі

Мазмұны

 

1. Абайдың музыкалық        мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру    мақсаты

 

Абайдың музыкалық мұралары жэне оның өлеңдеріне жазылған, музыкалық шығармалар арқылы студенттердің эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.

2. Абайдың

 музыкалық        мұралары арқылы эстетикалык тәрбие беру міндеттері

1) Эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру арқылы тұлғаның білім, білігі және кабілеттеріне ыкпал етудің біртұтастығын қамтамасыз ету;

2) Эстетикалық қабылдаудың  эмоционалды-зерделік тұстарының үйлесімділігіне шарт түзу;

3) Эмоционалды сезімдік  қабылдаудың тереңдігіне жағдай туғызу;

4) Студенттердің эстетикалық  қабылдау белсенділігін арттыру немесе іс-әрекетіне қозғау салу.

3.  Ақын шығарма-лары          арқылы эстетикалык тәрбиені   жүзеге   асыру кұралдары

Абайдың музыкалық мұраларына қатысты макалалар; олардың музыкалық жазбалары; ақын өлеңдеріне жазылған музыкалық шығармалары; ақын күйлері; грампластинка, электронды жазу кұралдары; өлендері жэне эстетикалық санаттарға қатысты материалдар, көркемсурет, әдебиет туындылары.

 

4. Абайдың

 музыкалық        мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру     мазмұны

 

 

 

Абайдың музыкалық мұраларындағы көркем-эстетикалық идеялар: адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқы, қарым-қатынасы, ақынның ән, күйге байланысты ой-пікірлері; өмір және табиғат құбылыстары, сөз өнері және өлең жайлы ой-толғаулары; музыкалық шығармаларын эстетикалық қабылдауы: эстетиканың көркем, ұсқынсыз, аскақ, қасірет, әжуа санаттарының ән шығармашылығындагы сипаты.

 

5. Абайдың

 музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру ұстанымдары

а) басқа өнер түрлері және музыка өнерінің өзге салаларымен байланысы; ә) қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге карай дамыту жэне ғылыми-педагогикалық негізділігі;

б) музыканың басқа пәндерінмен сабақтастығы; в) дамыту, тәрбиелеу, білім беру мақсаттарының ұштасуы; г) эстетиканың санаттары және ақын мұрасындағы сипаттарының байланысын негізге алу.

 

6. Абайдың музыка-лық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру формалары

 

Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының топтық, жеке, көпшілікті қамту формалары; дәрістер, семинар сабақгары мен практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, ұстаздың студентпен сабақтан тыс жұмыстары; факультативтер (арнайы курс).

7. Абайдың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру әдістері

Абайдың музыкалық мұраларындағы эстетикалық санаттардың сипатын іздеп табу, оларды талдау, топтастыру, жіктеу, сараптау, іріктеу, т.б. әдістері; ақын шығармаларын эстетикалық қабылдауга үйрету тәсілдері, эстетикалық сезімін дамыту әдістері, эстетикалық іс-әрекетке жұмылдыру әдістері мен тәсілдері; сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру әдістері; студент белсенділігін арттыру әдістері.


 

- өздігінен көркем туындылар жаратуға кұлшынысын ояту, соған шарт түзу-ақын тұлғасы, ол өмір сүрген орта, оның композиторлық және ақындық, ойшылдық болмысына ықпал еткен факторларға қатысты, ақын музыкалық мұрасын үйрену, насихаттау секілді шығармашылық-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыруы.

Біз өз зерттеуімізде эстетикалық қабылдаудың тұлғаның білім, білігі және қабілеттеріне байланысты тұстарын қарастыру керек деген ойға келдік.

Сөйтіп, теориялық және тәжірибелік зерттеулеріміздің нәтижесінде эстетикалық қабылдаудың көрсеткіштері, қабылдаудың біртұтастығы, эмоционалды-зерделік тұстарының үйлесімділігі және эмоционалды сезімдік қабылдаудың тереңдігі; қабылдау белсенділігі болуы керек деп ұйғардық. Келтірілген эстетикалык тәрбие беруді ұйымдастыру үлгісі және қабылдау мен эстетикалық тәрбиенің байланысына қатысты педагог, психолог ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, эстетикалық қабылдау өлшемдерін келтірдік (Сурет-1).

Осыларға негіздей отырып, біз Абай музыка мұрасы арқылы эстетикалық тәрбие берудің өзгешелігін пайымдауға ұмтылдық.

Олар мыналар:

- қайғылы    құбылыстарды    суреттеген    өнер    туындысының    өзі 
адамның бойында жағымды сезім іздерін қалдырады;

  • олар терең эстетикалык қанағаттану туындатады;
  • сол арқылы ішкі жан дүниесіне ықпал етеді;
  • белгілі бір іс-әрекеттерге жетелейді.

Эстетикалық сезім мазмұны жағынан сан алуан болуы мүмкін, мысалы, шаттану, куаныш, сүйініш сезімдері; масаттану, мақтаныш сезімі; таңдану, таңырқау сезімі; қайғы, қасірет, торығу, күйзеліс сезімдері;

Бірақ, олардың барлығын біріктіретін сол тыңдап, көріп отырған нысананың, кұбылыстың формасы, мазмұны, түр-түсі, үйлесімділігі, сыртқы сипаты мен сапасы, ішкі маңызы, ритмі мен ырғағы және басқалары эстетикалық қуаныш, эстетикалық рахаттану, ләззат алу сезімдері болып табылады. (Кесте - 2).

Эксперимент жұмысының мақсаты, белгіленген болжамды жүзеге асыру нақтылап айтсақ, Абай Құнанбаевтың музыкалық мұраларын студенттерге эстетикалық тәрбие беруде пайдалану арқылы олардың осы жұмысты мектеп кабырғасында ұйымдастыруына мүмкіндік туғызу. Осыған орай, эксперименттік жұмыстың міндеттері жалпы зерттеу жұмысының міндеттерімен астарласуы тиіс. Олар мыналар:

  • ақынның музыкалық мұраларына және ол арқьлы эстетикалық тәрбие 
    беруге қатысты студенттердің білім, білігін тексеру;
  • ақынның   музыкалық   мұраларын   студенттердін   жан-жақты   танып 
    білуіне шарт түзу;

-Абайдың музыкалық шығармаларын эстетикалық тәрбие беру максатында қолданудың мазмұны, әдіс, тәсілдері, формаларымен камтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Абай Құнанбаевтың композиторлық дарынының қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік орта, өмір жолы және музыкалық  - педагогикалық көзқарасы

 

Абай Құнанбаев (1845-1904) – ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ұлы ойшылы, әрі  ағартушысы. Ол - әдебиетші емес, көбіне ақын, өз заманының асқан ойшылы ретінде танылған адам. Оның фольклористикаға арналған еңбектері де жоқ. Бірақ, Абай Семейдегі географиялық қоғамға мүше болып, көптеген  этнографиялық материалдар (киім, түрлі құрал-аспаптар, т.б.) жинаған, қазақтың әдет-ғұрпына  байланысты заң шығарған.

Абай поэзиясының тілі мен өлшеуі де халық  дәстүріне  негізделген. Онда жыр, қара өлең өлшеуімен жазылған лирикалық кестелер көп. Кейде ақын шұбыртпалы ұйқасты да қолданған.

Өзінің  «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген поэзия мен ақынның халықтық-прогрессивтік қызметіне арналған өлеңінде Абай дінді, би-болыстарды мадақтайтын  ақындар бағытын сынға алады. Поэзия атауы, оның пікірінше, прогресс ісіне қызмет етуі шарт. Абай өз өлеңдерін де халық санасын ояту үшін жазған. Осының бәрі ақынның фольклор туындыларын халық тіліне жақын деп білгендігінің белгісі болмақ.

Абайдың өз шығармаларына шығыс сюжеттерін арқау  етуі де елеулі құбылыс. Оған ақынның «Ескендір», «Масғұт» атты поэмалары, «Иузи – рәушан, көзі гәуһар», «Фзули, Шәмси, Сәйхали», Әлифби өлеңі» деген шағын өлеңдері айғақ. Кейде Абай өз өлеңдерін айтыс поэзиясы үлгісінде өрбіте отырып, шұбыртпалы ұйқасқа жол  береді.

Абай творчествосына тән келесі бір белгі – оның халық мұрасына айрықша жақын болып, оны өз шығармаларына арқау етуі. Қазақ халқының ғасырлар бойы  жасалған бай қазынасы – мақал-мәтелдер табиғатына терең  бойлап, олардың философиялық мән-мағынасын ашуы,  қайшылықтарын көрсетуі – абай дүиетанымының халық психологиясына жақындығының жарқын бір көрінісі. Осы  белгілерге қарап біз Абайды да фольклор  шығармалары мен халық творчествосынан нәр алған ағартушылар  бағытына қосамыз.

Қорыта келгенде айтарымыз қазақ халқының арасынан  шыққан ағартушылар бағыты фольклорды өмір шежіресі  деп ұғынып, оның тарихи-мәдени, танымдық және көркемдік мәнін жоғары бағалаған. Олар фольклористикада халықтық-демократиялық мазмұнға жүгініп, соны  прогресс идеясымен ұштастырған.

  Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлендерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті.

 Музыка саласында жазба мәдениетінің  болмауына қарамастан, Абай әндерінің  бізге толық жеткен  себебі  – олардың халықтың жүрегінде  сақталуға  сапасы сай келетін  шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай  әндерінің  өзгешілігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы кезде  тыңдағандардың бәріне бірдей түсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына  кедергі болатын феодалдық жағдайда  кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән  дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ, жаңа прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сөйтіп, Абай әндері алғашқыда оның айналасына – ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақ арасына  тарай  бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-сонды халықтың музыкалық салтында  болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері – осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлендермен айтылатын әндерге  Абай  әндері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия  лебі оның әндеріне де жаңа лебіз берді. Орыстың ұлы ақындарын үлгі тұтқан Абай музыка дүниесінде де мұсылмандық шығыстың құран оқу әуезінен үн сөздіктерін іздемегені былай тұрсын, өзіне дейінгі болып келген қазақтың халықтық әндерінің бірқалыптас тілдерін де місе тұтпады. Ол орыстың әдетғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан шығармашылық үлгі алды. Оның  үстіне Абайдың  «Евгений Онегинді аударып,  «татьяна хатына өзінің ән шығаруы, А.А.Дельвиг пен  М.М.Глинканың «Сұрғылт тұманын, А.Г.Рубинштейннің «Мен көрдім, М.Ю.Лермонтовтың «Қаранғы түнде тау қалғыбын»  аударып, оларға ән шығарғаны – Абайдың музыкалық сөздігін байытуға әсер етті. Тағы бір айта  кететін нәрсе  - Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының  көрінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мыс., «Қараторғай, «Екі жирен», «Жиырма бес», «Аққұм сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-сонды кездеспеген жағдай деп айта аламыз.

Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның шығармашылық заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы, Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі – Абай ерекше бір музыкалық ортада болды: бір жағынан, өзінің  асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық  музыкасын  жақсы біліп, Семей қаласына гастрольге  келген артистердің  концерттерін тыңдап-көру арқылы  орыс музыкасымен  тікелей танысып отырса, екінші  жағынан айналасына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды (өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа). Олар Абайды шығарған әндерді тыңдаушы ғана емес, бабына келтіріп орындаушы, дос пейілді қеңесшілер еді.

 Абайда Мұхит, Біржан сияқты  күшті дауыс  болмаса керек. Ол  тек өз дауысының жеткенінше  ғана айтып шығарды. Ол – ақын, композитор, орындаушы арасында  жетілген еңбек белгісі жоқ  кездегі жағдай еді. Шығарманы бірінші рет орындаушы да, кейін оны халық арасына таратушы да шығарушының  өзі Абай әндері жаңа болғандықтан да өз тұсында көп түсінбеушілікке  кездесті. 7, 8, 11 буын ырғағымен ғасырлар бойы тәрбиеленіп келген адамдарға Абайдың жаңалықты ән тілі түсінікті болып кету үшін феодализмнің кертартпа дәстүрі қолайлы жағдай болмады. Абайдың:

Адам аз мұны біліп ән саларлық,

Тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық,-

дегені осы бір жағдаймен байланысты болу керек. Әннің мәнін түсіне айтатын орындаушы мен оны бағалай білетін, жаңа үнді жаны  түсінетін тыңдаушыны арман еткен, бұрынғы қара дүрсінділікпен күресіп келген Абай жаңа әндерінің көпке баяу тарағанына қынжылады. Алайда идеялық көзқарасында еңбекші халықтың мұның жоқтауға көшкен  Абай өзінің өлендерінде де, қарасөздерінде де, әндерінде де  осы идеяны қолдап отырды. Поэзияның тілі жетпеген жерде Абай өлеңге ән қосты. «Мен жазбаймын өленді ермек үшін» деген Абай музыкасының да адам өміріндегі орнын, оның поэзиямен қосылғанда күші арта түсетінін сезген. Абай әнді ермек үшін де, қосымша кәсіп болсындеп те шығармаған. Ол жан сырын халыққа тек поэзия тілі арқылы ғана жеткізуді місе тұтпай, сонымен бірге халқымен музыка арқылы да тілдесуді жөн көрген...

Абайдың   музыкалық мұрасы тек совет өкіметі тұсында ғана жиналып, нотаға түсіріле бастады. Қазақтың халық музыкасын жинаушы А.Затаевич 1925 ж. Абайдың   бірнеше әнін нотаға түсіріп, жариялады. 30 жылдарда комп.Б.Ерзакович пен Л.Хамиди Абайдың 20-дан аса әнін нотаға түсірді. Бұл әндердің бірқатары Абайдың екі томдық өлеңдер жинағында да басылды. 1939 ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы Мәкен Мұхаметжанованың орындаумен Абайдың 16 әнін нотаға жаздырды. Бірқатар білімпаздардың ұйғаруынша, Мухаметжанованың орындауындағы Абай әндері автордың түпнұсқасына жақын болуы керек. Қазақтың халықтық муз.үлгілерін жинаушы кейбір мекемелерде, жеке адамдардың архивтерінде сақталып жатқан Абай әндерін шамамен есептегенде, түрлі нұсқаларын қосқанда, жалпы қырыққа жуық болады.

Абай әндері нотаға түскен күннен бастап фортепианолық сүйемелдермен жеке дауысқа арналып, нотаға түсіріліп орындала бастады. Біртін келе Қазақстан композиторлары Абай әндерін өздерінің шығармаларына тақырып-арқау  етіп еңгізді. Абай әндері негізінде жеке аспаптарға (ұлт аспаптарына, симфониялық оркестр аспаптарына), шағын ансамбльдерге (трио, квартет, квинтет) және үлкен оркестрге арнап шығармалар жазды. Абай әңдері «Абай» операсына молынан кірді. Оңда Абай әңдері өзінің алғашқы қалпында да, шығармашылық  дамулы - өзгерісті  түрінде де еңді (оркестрде, хорда, ансамбльдерде). Операдағы бір өзгешілік – бірқатар кейіпкерлер үшін Абай стилінде ән, ариялар жазылды. Мыс., бірінші актідегі Айдар-Ажар дуэті, төртінші актідегі «Ей, халайық, барым ең сен» деп басталатын Абайдың ариясы. Қазақстан композиторларыАбайдың сөздеріне өздері көптеген ән жазып, Абай поэзиясының жан түкпіріне  жететін асыл қасиеттерін музыка тілімен жалғастыру ісіне қызу атсалысты.

Информация о работе Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру