Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
- сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда студенттерге Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбис берудің ғылыми-педагогикалык негіздерін нақтылау;
- ақын мұрасындағы музыкалық-педагогикалық ойларға сипаттама беру арқылы эстетикалық тәрбиедегі маңызын айқындау;
- студенттерге ақынның музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие берудің моделін жасап, мазмұнын анықтап, әдістемелік жүйесін белгілеу;
- студенттерге эстетикалық тәрбие беруді ақынның музыкалық педагогикалық мұралары арқылы жүзеге асырудың әдістері мен мазмұнын тэжірибелік-эксперимент арқылы тексеру және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------ 3
1 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
1.1 Музыка тәрбиесін дамытудағы және қалыптастырудағы қазақ ағартушыларының музыкалық - педагогикалық ой-пікірлерінің маңызы......................................................................................................................
1.2 Абай Құнанбаевтың композиторлық дарынының қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік орта, өмір жолы және музыкалық - педагогикалық көзқарасы ---------------- --------------------------------------------------------------
2 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық - педагогикалық көзқарасы арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің мазмұны
2.1 Абай Құнанбаев мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі...................................................................................................
2.2 Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беруге арналған эксперимент жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру...............................................
Қорытынды ..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абай музыкасыНВ.doc

— 418.00 Кб (Скачать документ)

                            Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.

Абай әсіресе халық арасынан шыққан әнші-күйшілердің, ақын-жыршылардың  өнеріне зор құрметпен қарап, жастарды  үлгі тұтуға бағыттап отырған. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын деп кесімді бағыт-бағдар сілтесе, артынша өнерпаздарды қарсы алып,айлап ән-жырларына құлақ құрышын қандырған. Мәселен, Абай өз ауылында атақты әнші Біржан өнерін екі ай тамашалағанын, екеуі ежелден сырлас достай тез тіл табысып кеткенін өз ауылына сол төңіректегі әнші-күйші жастардың бәріне ел еркесі, көпшілік серкесі сал Біржанды танытып, өнерде қамшы салдырмайтын жүйріктің шын бағасын танытып, көп қызық мәжілістер құрған.

Абайдың өзі айтқанындай, мұндай мәжілістердің тәрбиелік мәні ерекше еді. Ауыл жастары атақты әншіден көптеген ақыл-кеңес алып қана қоймай, оның жаңа сарынды әндерін, орындаушылық мәнерін үйреніп, музыкалық талғамын, қабілетін жетілдірді. Мысалы, әнші жастар өздеріне ұстаз болған Біржаннан «әлі естімеген толқыны, сәні бар, ағыз тамыр бойлар «Жиырма бес», «Қарға» «Гауһар тас», «Баянауыл» т.б. әндерді үйренді».

Абай осылайша әнші жастардың музыкалық –эстетикалық көзқарасы мен талғамының қалыптасуына ықпал етуімен бірге, олардың көмегімен қазақ даласына өзінің өлеңдерін де таратып отырған. Тамылжытып салған ән ұйықтап жатқан жүректі тербетіп оятады, көңілдегі мұңды таратып, жас балаша уатады, керемет бір ләззатқа бөлейді, дегенмен:

                                       Адам аз мұны біліп ән саларлық,

                                        тыңдаушы да аз, ол әннен бәһра  аларлық.

Немесе,

                                       Әннің де естісі бар, есері  бар,

                                       тыңдаушының құлағын кесері бар, деп әннің мақамын асқан бір  әсерлілікпен қабылдай білу тыңдаушының  музыкалық қабілеттілігіне, дарындылығына, сондай-ақ әннің мазмұнына байланысты  екенін ескертеді.

 

         Заманның қилы-қилы қатыгездігін басынан өткізген ұлы Абай келер ұрпақтарға өшпес рухани мұра қалдырды. Соның ішінде музыкалық шығармалары дара тақырып етіп талдап, зерттеуге көздің қарашығындай сақтауға тұрарлық асыл қазына.

         Ақынның  музыкалық мұрасы мол, әрі құнды. Өлеңдерімен бірге, «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», « Қараңғы түнде тау қалғып», « Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» әндері халық арасына кеңінен тарап сүйсіне айтатын сүйікті шығармаларына айналды. Оның әндері әуен –саздылығымен ,ырғақ бітімімен қайталанбас жаңа өрнекпен кестеленген. Сондықтан да оның әндері кез-келген халық әнінің әуенімен айтқызуға болмайды. Мұның себебі Абайдың өзінше бір музыкалық мәдени орталарда болуы, төңірегіндегі нәзік құбылыстарға ерекше ден қойып, шығыс пен батыстың озық үлгілерін қабылдау десек, екіншіден, музыкалық қабілетінің аса жоғарлылығында және ән-күйді жан-жүрегімен шексіз сүйетін, халықтың музыка өнерін өте жоғары бағалайтын үлкен дарын иесі екндігінде.

                                    Құлақтан кіріп, бойды алар,

                                     әсем ән мен тәтті күй,-деген  жүрек жарды ой –толғауы ән-күй  сүйер халқымыздың көкірегіне  ғасырдан-ғасырға ұялауда.

               Абай композитор ретінде қазақ  музыкасының алтын қорына теңдесі  жоқ үлес қосты. Оның атақты әндерінің өлеңдері әлем халықтары тілдеріне аударылып, кеңінен таралып кетті.

              Ұлы Абай өзінің ән шығармашылығында  қазақты халық музыкасымен бірге  орыс музыкасының байлықтарын  да шеберлікпен меңгеріп, соның  нәтижесінде қазақ музыкасын жаңа идеялық мазмұнмен, тың тақырыппен байытып, биік белеске көтерді.

Абайдың ой-толғанысынан туындаған терең философиялық түсініктері бар күйлердің мазмұнына тоқтала келіп, ұлы ойшылдың күйді дыбыс арқылы естілу сарынымен ерекшеленетіндігін:

                                     Мұңмен шыққан қайта оралған  тәтті күйге

                                     Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық

                                     Ақылдының сөзіндей ойлы күйді 

                                     Тыңдағанда көңілдің өсері бар,-деген өлең жолдарымен келісті күйдің адамды рухтандыратын, сезім толқынына бөлейтін қасиетін аша түсетін тұстарын да айта отырып,  жүрекке дөп басып ,айшықтап жеткізуі оның ән-күй өнерін жоғары бағалағандығының дәлелі.Абай әнмен қоса «Май түні», «Төржорға» т.б. күйлер де шығарған.

«Сырт көзге сұрықсыздау көріетін домбыра шебер орындаушының қолына тигенде өз шамасынан әлдеқайда асып түсіп, құлпырып шыға келетініне қайран қаласыз, ол біресе әндетіп, не үрлемелі аспап үн шығарғандай есіле егіліп, біресе дыбыстар аспанға шоқ шашқандай көзінің жауын алып, яки болмаса жалт-жұлт еткен үн шапшаңдығымен есіңді алады сол қол саусақтарының бір нотада тұрып көз ілеспес жылдамдықпен орын ауыстыруы». «... Тыңдаушылар күй тартылған кезде өңде дүниені ұмытып, өздерін толғандырып, толқытып, жүрегін бір ысытып, бір суытып отырған музыкалық тақырыпқа аса зейін қойып, күйшімен бірге тебіренеді, күймен бірге жылап бірге күледі». Қазақ халқының музыка зерттеушілері этнограф А.В.Затаевич пен академик А.Қ.Жұбановтың осы айтқан сөздерінде үлкен шындық жатыр. Қазақ халқының ән-күйді бұлай сүйіп тыңдауы оның күнделікті өмір шыңдығын, тұрмыс-тіршілігін ой-армаын музыка тілімен айшықтай көрсете білуінен болса керек.

Ұлы Абай өзінің ән шығармашылыында қазақтың халық музыкасымен бірге орыс музыкасының байлықтарын да шеберлікпен меңгеріп, соның нәтижесінде қазақ музыкасын жаңа идеялық мазмұнмен, тосын түрімен, тың тақырыппен байытып, биік белеске көтергенін тілге тиек еткен ғалым, зерттеушілер баршылық.

Оның әндері қазақ музыкасының жазба мәдениеті болмауына қарамастан, ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырды.

«Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтаының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының себебі, - дейді А.Жұбанов, - Абай ерекше бір музыкалық ортада болды, бір жағынан, өзінің асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық музыкасын жақсы білуінде еді.

               Абайдың музыкасымен терең түсіну  талғамды музыканың көркемдік қуатын түсіну қабілетін қалыптастырып, оның музыкалық шығармашылығындағы айтылған ойлар мен сезімді, «Әннің де естісі бар есері бар» деп, ұлы ақынның өзі айтқандай, музыканы жүрекпен сезіне қабылдай білуге дағдыландырады.

                 Түптеп келгенде, Абай шығармалары заман өзгерістерінің қай кезеңдерінде болмасын өзінің құндылығын, тәрбиелік мәнін жойған емес және жоймайды да.

Абай әндерін көптеген қазақ композиторлары өздерінің шығармаларына арқау етіп енгізіп оның әндері мен өлеңдеріне жеке аспаптарға, шағын ансамбльге және үлкен аркестрге арнап шығармалар жазды. Абай әндері «Абай» операсының шырайын кіргізіп, хор ұжымдарының тұрақты репертуарына айналса, мектеп пәндері    бағдарламасына енгізіліп, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда да кең көлемінде пайдаланып келеді.

                 Осы жоғарыда айтылғандардың  бәрі ғұлама- ағартушы идеясының, ой-пікірі мен ақыл -өсиетінің  өміршендігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе бүгінгі таңда, қоғамның  жаңаруы демократиялануы процесінде, еліміздің егемендік алып, тарих  қайта құралып жатқан кезде жеткіншек ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін ,музыкалық –эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рол атқара түсуге тиіс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық  - педагогикалық көзқарасы арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің мазмұны

 

 

2.1 Абай Құнанбаев мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі

 

Қазіргі педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.

Қазіргі әлеуметтік мәдениет жағдайында музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің педагогикалық негізі-болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби даярлығын жаңаша көзқараста қалыптастыруды қажет етеді /1/.

Бастауыш мектепте музыкалық білім мен тәрбие жүйесін ұйымдастырудың бір түрі – музыка сабағы. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яки сәби шағынан басталып, жүйелі жалғасын тапқанда ғана көркемдікті, әдемілікті терең сезіне біліп, жан-жақты, ақылды, парасатты, тәрбиелі болуға баулуға болады және ол тек музыка мұғаліміне байланысты.

Әрбір музыка пәні мұғалімінің шығармашылығы - әр сабақтағы іс-әрекетіне байланысты қаншалықты жаңалық әкелуімен, өзіндік ізденуімен бағаланса керек. Мұғалімнің ешкімге ұқсамайтын өзгешелігі, сабақта ұстанатын мәнері әрқалай көрінеді. Алайда, шығармашылық ізденістің бағыты, мүмкіндігі шексіз. Әр мұғалім белгілі бір оқыту бағдарламасына сүйене отырып, өзінің ойлары мен сезімін көрсете алады.  Бұл ретте әрбір тақырыпты ашудың мәні - оқушылардың музыкалық ойлауын жетілдіретін,  қабілеттерін қалыптастыратын, қызығушылықтарын дамытатын, тек бүгінгі күндік емес, болашақтың да кәдесіне жарайтын  тиянақты білім беруде жатыр.

Сабақ беру – «үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол үшін жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп Жүсіпбек Аймауытов атап көрсеткендей, сабақтастырылған, жаңа технологияларды кірістіре өткізген сабақ ғана шығармашылық ойлау қабілеттіліктерін дамытып, танымдық деңгейін көтереді.

Соңғы жылдары білім беруде оқытудың дамытушылық жағына, шығармашылық әрекетке, мектептің білім мазмұнын байытудың жаңа жолдарын іздестіруде (көпдеңгейлі оқыту, интегративті оқыту, ауқымды білім беру және т.б.) ерекше мән берілуде.

Скаткин М.Н: «Оқу жоспарындағы пәндер құрылымында бүтін жеке-жеке бөліктермен бүркемеленеді деген қауіп бар. Бұл қауіптен құтылу үшін оқыту мазмұнында интеграция бөліктерді біртұтас етіп біріктіруі қажет» деп жазды /2/.

Интеграция - шығармашылықпен жұмыс істейтін бірде-бір мұғалімнің назарын аудармай қоймайтындығын байқау қиын емес. Бұл оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жаңаша көзқарас ретінде мойындалып отыр.

Бүгінгі білім мазмұнын интеграциялап, оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда оқушыларға музыка, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерінің интеграциялану арқылы эстетикалық тәрбие беру міндеті туып отыр.

Өнердің қай түрінен болмасын М.Жұмабаев айтқандай: «Әр  адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреуі музыкадан, біреуі сұлу суреттен, енді біреудің поэзиядан әсер алуы мүмкін. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды» /3/.

Оқушы әр өнер туындысында жан толғанысынан туған өзіндік қайталанбас өнер құдіретімен танысады. Өнегелі оқиғалар, үлгілі кейіпкер-образдар арқылы жас өспірімді тәрбиелеу, адамгершілік биіктікке үндеудің маңызы ерекше, орны бөлек.

Егер музыка, сурет (картина), көркем шығарма бір-біріне үндесіп келсе, өтіліп отырған сабақтың мәні мен мазмұны да жан-жақты ашылып, оны тереңірек тануға болады. Осы істердің барысында 4-сыныптағы музыка пәніндегі «Абай және оның әндері» тақырыбын әдебиет (ана тілі) бейнелеу өнері пәндерімен интеграциялап «Табиғат сұлулығы Абай шығармаларында» атты 4-сыныпқа арналған интеграциялық сабақ жоспарының үлгісін ұсынып отырмыз.

ТАБИҒАТ СҰЛУЛЫҒЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА (Интеграцияланған сабақ жоспары)

 

Мақсаты:

а) Абайдың табиғат лирикасына арналған әндерін тыңдай отырып, айналадағы көркемдікті нәзік сезініп, шебер бейнеленген жырлары мен әндері арқылы композиция құрып, шығарма (эссе) жазу.

ә) «Табиғат сұлулығы Абай шығармаларында» деген қағида бойынша Абай өлеңдеріндегі табиғат сұлулығын сезіндіре отырып, оқушыларды туған өлкесінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

б) Өнер пәндері бойынша табиғаттың таңқаларлық ғажайып сұлулығын қиялдау, суреттеу, Абай өлеңдері мен әндерінің ерекшеліктерін талғампаздықпен сұрыптау, есте сақтау, тыңдау, үйрену орындау т.б. қабілеттерін дамыту, музыка, әдебиет, бейнелеу өнері көркемөнердің ажырамас бөліктері екендігін жаңа тәсілмен дәлелдеу.

Сабақтың түрі: Интеграцияланған сабақ

Пәнаралық байланыс: Музыка, әдебиет, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті, домбыра аспабы, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар, түрлі-түсті бояулар, қағаз.

Сабақ барысы: 

- Балалар, бәріміз жайғасып отырып болсақ, /балалар алдын-ала 3 топқа бөлініп отырады/ мына өлең жолдарына назар аударыңыздаршы, кімнің өлеңінен үзінді?

                                -Ұйықтап жатқан жүректі ән  оятар,

                                  Әннің тәтті оралған мәні оятар…,

немесе:

     -  Қараша, желтоқсанмен  сол бір екі ай,

  Қыстың басы бірі ерте, біреуі  жәй.

- Әрине, Абай Құнанбаевтың өлеңі  екен. Атамыздың тағы қандай өлеңдерін

білесіңдер?

- Абай өлеңдері көбінесе қандай  тақырыпқа арналған?

- Дұрыс айтасыз, табиғат лирикасы, жыл мезгілдері.

- Абай – алғаш қазақ әдебиетіне табиғат лирикасын енгізді. Ол жырлаған табиғат түр жағынан да мазмұны жағынан да өзгеше. Ол елін шексіз сүйіп елінің қамын ойлай білетін туған табиғат пен адам өмірінің шексіз байланысын сезінген – ұлылықпен жырлай білген. Олай болса, өлеңдерін оқи отырып, Абайды біздер кім деп танимыз – ақын. (Бәрі хормен)

Информация о работе Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру