Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Ауырлатылган-жагдайда-қасакана-адам-олтіру.docx

— 109.13 Кб (Скачать документ)

Екінші  жағдайда шетел мемлекеттерінің  қылмыстық заңын ҚР қылмыстық  кодексімен сәйкестендіру керек. Германия, Въетнам, Испания, Канада, Польша, Франция  елдерінің қылмыстық кодекстерінде  қылмыстардың классификациясы әртүрлі  болса да, ауырлатылған жағдайда, жеңілдетілген  жағдайда, ауырлатылған немесе жеңілдетілген  жағдайсыз адам өлтіру шегіне кіреді.

Бұрын 97, 98, 99, 100, 101 -баптар бойынша соттылығы бар адамдардың екінші рет адам өлтіруі бұл баппен саралануға жатпайды. Бұл ҚР – ң Жоғарғы Сотының нормативтік 2007 жылғы 11 мамыр №1 қаулысында баяндалған.

Сонымен қатар бұл Жоғарғы Сот Нормативтік қаулысында бұрын қылмысы үшін сотталмаған адамның тағы адам өлтіруі ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағымен саралануға жатады деген. Бірақ, оған ешқандай түсіндірме жазбаған.

Мүмкін  қаулыда 11 – бапта көзделгендей мұндай қылмыстық әрекет неғұрлым қатаң жазалау түрінде санкция белгілейді және бұдан ол қатаң түрде жазаланады деген шешімге келген шығар. Бірақ та, егер бұрын адам өлтірген кінәлінің әрекеті дәл осы 96-баптың екінші бөлігінде кезкелген тармағында көзделген адам өлтірсе, онда ол бұрыңғы қылмысы үшін әділ жаза алмайтын мүмкіншілігі бар деген сөз  ғой.

Бұдан сұрақ туындайды: неліктен кінәлінің  бұрыңғы адам өлтіруін фактілі түрде  кешіруіміз керек, тек соңғы адам өлтіргені үшін жазалаймыз. Мұнда бұрыңғы адам өлтіргені үшін сотталған адам мен, құүқық қорғау органдарынан қашып жүріп адам өлтірген кінәлінің арасында әділетсіздік айқын көрініп тұр.

Сот тәжірбиесінде бұрын адам өлтіруге оқталған немесе қатысушы болған тұлғаның тағы адам өлтіруін ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағымен саралауға жата ма, сұрақ туады. Онда бұл Жоғарғы  Сотының нормативтік қаулысында жазылғандай қылмыстардың жиынтығы бойынша жеке саралануы керек.

ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы  бойынша дұрыс саралау үшін соттылықтың  жойылуы немесе алынуы үлкен роль атқарады. Егер де соттылық жойылып, немесе алынса немесе ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты соттылығы жоқ  болса онда бұл тармақ бойынша кінәлі әрекеті сараланбайды.

  1. Бұрын 97, 98, 99, 100, 101 -баптар бойынша соттылығы бар адамдардың екінші рет адам өлтіруі бұл баппен саралануға жатпайды.
  2. ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы қолдануға жатады егер, кінәлі әртүрлі уақытта екі адам өлтірсе. Алғашқы адам өлтіргені үшін сотталмаса да.

3. Егер де соттылық жойылып, немесе  алынса немесе ескіру мерзімінің  өтіп кетуіне байланысты соттылығы  жоқ болса онда бұл тармақ  бойынша кінәлі әрекеті сараланбайды.

 

    Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында адам өміріне қастандық жасалса не дәл сол мақсаттарда мемлекеттік немесе қоғам қайраткер қасақана өлтірілсе немесе оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату мақсатында, сондай – ақ көрсетілген адамдар осындай қызметі үшін кек алу мақсатында өлтірсе іс - әрекет ҚК 233-бабының 4-тармағы бойынша саралануы тиіс және жасалған әрекет ҚК 96-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

Сот төрелігін немесе істі алдын ала  тергеуді жүзеге асыратын адамның заңды  қызметіне кедергі жасау ҚК 340 – бабы бойынша саралануы тиіс. Егер көрсетілген адамдардың өміріне  қастандық жасау өзге шеттер бойынша  және олардың қызметтік міндеттерін  орындаумен байланысты болмаса, әрекет саралау белгілерінің бар болуына  байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануы қажет.

Сот төрелігін немесе іс тергеуді нақты  жүзеге асырмаған, бірақ кінәлі адамға өзін сондай етіп көрсеткен және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттерді  орындаған адамды өлтіру ҚК 96- бабы екінші бөлігінің «б» тармағы  бойынша саралануға тиіс.

Қоғамнан  оқшаулауды қамтамасыз ететін түзеу  мекемелерінің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу кезінде бас бостандығынан  айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан немесе тағайындалған бұлтартпау шарасына байланысты қамауға алынған не жаппай тәртіп бұзушылыққа қатысушы адамның адам өлтіруі, сондай – ақ билікті немесе қызмет өкілеттіктерін теріс пайдалануы кезінде адам өлтіру осы қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарымен қамтылмайды, сондықтан ол ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша жеке саралануы қажет, ал кінәлінің барлық әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мен осы бітіру жұмысымды жазу барысында адам өлтірудің ауырлататын жағдайларын зерттеп, тәжірбиеде кездесетін адам өлтіру қылмыстарының  қалай сараланатынын анықтадым. Бұл өте қатігез қылмыс болғанымен, өмірде, біздің қазіргі заманымызда орын алуда.

Қазақстан Республикамыздың бұл қылмысты, әсіресе  ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіргені үшін неғұрлым қатаң санкция  белгілесе де, менім ойымша ол жеткілікті емес, менімен келісетін адамдар  аз емес. Осыған орай шығарылған заңдар, бұл қылмысқа орай ауырлататын жағдайда адам өлтіру әрекетін дұрыс саралау  үшін қаулылар қабылданып, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне  адам өлтіру, жалпы адамзатқа қарсы  қылмыстарды дұрыс түсініп, саралауға, заңи тұрғыдан бағалауға үйрететін әдебиеттер көптеп шыққанымен оның ішінде біздің отандастырымыз шығарған әдебиеттер санаулы ғана, әлі де кемшіліктер бар. Мен жеке өзім ҚР ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінде көрсетілген ауырлататын жағдайларға қоса, кінәлінің өзінің ата – анасын өлтірген қылмыс пен, жасөспірімдерді  (мысал ретінде жас шегін көрсете отырып 5 жасқа дейін) балаларды өлтіру қылмыстарын жатқызатын едім.  Себебі ата – анасын өлтіру бұл құлаққа сыйымсыз, адамгершіліктен жат, аморальдық әрекет. Көптеген шет мемлекеттерде (Болгария, Румыния, Франция және т.б.) мұндай қылмыс түрі қылмыстық кодкстерінде жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде енгізілген. Тіптен ғалым Н.С. Таганцевтің ерте замандағы елдердің қасақана адам өлтіру жайында зерттеген еңбектерінен бұл қылмыс Египет, Үндістан, Қытай, Рим, Иудей елдерінің заңнамаларында ең ауыр қылмыс деп танылғанын білуге болады41. Ата – анасын өлтірген адам, басқа адамды өмірінен айыру қолынан оңай келеді, бұл қоғамға  қауіпті адам екендігін айқын көрсетеді. Сондай – ақ кішкентай балаларды, оларды періште деп те атауға болады, бұл адам өлтіру мүлдем кешірімсіз әрекет деп санаймын. Әрине бұл адам өлтіруде де әлі көптеген жағдайларды, кінәлінің  ниетін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын анықтау қажет дегенмен де мен осы екі жағдайды қосатын едім. Жұмысты жаза келе көптеген ауылатылған жағдайда адам өлтіруге қатысты қылмыстық істермен, сот істерімен таныстым. Әсіресе осы қылмыс түрін саралау қиынға соғатынына  көзім жетті. Мұнда ең бастысы әділеттілік қағидасын басшылыққа алып, сот алдында екі жақтан да таразыда адам өмірі тұрғанын ұмытпау керек.   

Қылмысқа  квалификация жасауды құқық қорғау органдарының қызметінде аса жауаптылықпен  қарайтын жұмыс ретінде бағалау  керек, әсіресе осы өмірге қарсы  қылмыстардың ішінде қасақана адам өлтіру. Өйткені қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қылмыстық заңның баптарын дұрыс қолданбағанда, адамның іс - әрекеттері басқа қылмыс ретінде бағаланып, жауаптылық дұрыс белгіленбейді және мұның салдары жаза тағайындау кезінде байқалып қылмыскер өзі жасағаннан жеңіл немесе ауыр қылмыс үшін жауаптылыққа тартылған болып шығады.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруды мақсат тұтады. Құықтық мемлекет қашанда қоғамдағы  елеулі деп танылатын қоғамдық қатынастарды  заң жүзінде реттеумен айналысып  ғана қоймай, ол сонымен бірге құқықтық қатынас


Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру