Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Э.Ф. Побегайлоның пікірінше
Адам өлтірумен ұштасқан зорлау тікелей де, жанама ниетпен жасалуы мүмкін. Тікелей ниетпен кінәлі алдын ала, зорлағаннан кейін өлтіруге дайындалған жағдайда. Ал бір топ адамдардың зорлау кезінде жиі қатігездікпен сипатталады, сондықтан ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағымен бірге «д» тармағы қолданады. Жәбірленушінің қарсылық көрсетуін басу кезінде өлтіру жанама ниетпен өлтіру болып есептелінеді.
Күш қолданып жасалған зорлау не жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу, нақ солай жыныстық қатынас, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері аяқталғаннан кейінгі жасалған әрекетті жасыру не көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша сараланады. Кінәлілердің аталған әрекеттерін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша саралағанда қылмыстық процесті жүргізетін орган іс бойынша анықталған, ҚК 96-бабының екінші бөлігінің басқа тармақтарында және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген өзге де саралау белгілерін көрсетуі тиіс.
Зорлау
не нәпсіқұмарлық сипаттағы күш
қолдану әрекет жасау не аталған
қылмыстарды жасауға оқталу кезінде
жәбірленушілердің
Денсаулыққа
келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
бұйрығымен бекітілген сот- медициналық
сараптама жүргізуді
Әдебиеттерді зерделей келе, мынадай шешімдерге келдік:
Л) Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру. (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы)
Қазақстан
Республикасының
Мұндай себептермен адам өлтіргенде кінәлі адам белгілі бір ұлтқа, нәсілге, қандай да бір дінге немесе конфессияға жатқандықтан жәбірленушінің толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді. Қылмыстық мақсатқа әртүрлі іс - әрекеттер жатады: ұлтаралық өшпенділікті өршітуден бастап дінді ұстамағандық үшін кек алуға дейін.
Адам өлтірудің мұндай түрі соңғы уақытта барған сайын кең тарала түсуде, әсіресе бұл ұлттық жек көрушілік немесе араздық себептері бойынша адам өлтіруге қатысты. Бұған көбінесе дұрыс ойластырылмаған ұлттық саясат итермелейді. Соңғы уақытта барған сайын ұлттың өзін - өзі дәріптеу идеясы өршіп барады. Бұл идеялар табиғи құбылыс болып табылады және ұлтаралық араздық пен алауыздықты бұл идеялар тудырмайды. Бірақ, өкінішке орай, ұлттық жеккөрушілік пен алауыздықты тұтандыруға мүдделі күштер бар.
Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы бойынша саралаған кезде кінәлінің әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық немесе қанды кек негізінде әрекет еткенін растайтын дәлелдер анықталуы керек. Атап айтқанда, кінәлі қанды кек алу дәстүрін танитын халық тобына жата ма, осы қылмыс жасағанға дейін адам өлтіру фактісі орын алды ма, кінәлі онымен туыстық қатынаста болды ма, оның туысының өмірін күштеп қиюды жәбірленушінің немесе оның туыстарының жасағаны қандай ақпарат көздерінен оған белгілі болды және басқа да мән – жайларды анықтау керек. Осы саралау белгісі бойынша адам өлтіруді саралауға негіз болатын адам өлтіру ниеті ретінде қанды кек алуды алдында кінәлінің туысын өлтіруге байланысты бұрын туындаған бас араздығы негізінде жасалған адам өлтіруден ажырату қажет.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділікке немесе жауласуға байланысты жасалған адам өлтіруді саралаған кезде жәбірленушінің халықтың белгілі бір бөлігіне тиістілігі, оның діни сенімі қылмысты жасауға себеп болғанын анықтау қажет. Бұл ретте, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы бойынша адам өлтіруді саралау үшін қылмыстың құрбаны болған нақты адамға не қатарына жәбірленуші кіретін, қоғамда белгілі әлеуметтік жағдайға ие басқа дін, ұлт адамдарының белгісіз тобына қатысты жаулық немесе өшпенділік қатынасын анықтау жеткілікті.
Бұл мотив бойынша адам өлтіру сот тәжірбиесінде сирек кездеседі. Және бұл норма жаңадан қосылған норма болып табылады.
Ал қанды кек алу бұрыннан келе жатқан ырым десек те болады. Мұнда қаза тапқан адамның туыстары өздерін ренжіген деп санап, ренжіткен адамнан немесе оның туыстарынан кек алуға «құқылымыз» деп білуі. Біреудің қолынан қаза тапқан туысы үшін өш алу кейбір ұлтта ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан дәстүр.
Қанды
кек бойынша адам өлтіруді саралауға
сүйекке түскен дақ негіз болады.
Қылмыстың бұл түрінің
Әдебиетте қанды кек ырымы тек ер адамға тән, яғни тек ер адамның ұрпақтары бойынша таралады, субъектісі ер адам болады делінген38. Әйелден кек алу ер адамның өзін - өзі қорлағаны болып табылады.
Кінәлінің бұл қылмыс түрін жасай отырып, қанды кек ырымын қолдайтын адамдар тобына кіретінін міндетті түрде анықтау керек. Ал жәбірленушінің мұндай ырымды қолдайтынын анықтау қажет емес дегенді айта кету керек.
Мотивтен
басқа, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л»
тармағы бойынша кінәлінің
1. егер де адам өлтірудің басқа мотивтері болса (пайдакүнемдік, бұзақылық) бұл баппен саралау үшін әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, немесе діни өшпенділік мотиві басшылық етуі тиіс.
2.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л»
тармағы бойныша саралау
3.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л»
тармағын қолдану үшін
М) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру.(ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы)
Бұл тармақты қосу қажеттілігі қазіргі медицинаның дамуы, органдар мен тканьдерді пайдалану мүмкіншілігінің кеңеюімен ұштасады.
Адамдардың
органдары мен тіндері деп: жүрек,
бауыр, бүйрек, өкпе, мисүйек және т.б.
қосымшаны ҚР-ң Денсаулық
Заңда тікелей көзделгендей органдар мен тіндер сатып алу – сатудың заты бола алмайды.
ҚК
96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы
адам өлтіру кез-келген тұлғамен, сонымен
қатар медициналық
Бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыс мотиві болып: пайда табу, немесе бастыққа жағу мақсатымен, өзінің туысын басқа адамды өлтіру арқылы, органын алу арқылы құтқару болуы мүмкін.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағында көзделген қылмысты, әртүрлі жағдайларға байланысты біруақытта басқа тармақтармен («а», «в», «д», «ж», «з», «н») саралауға болады.
Адамның ағза мүшелері мен тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіруді адамның ағза мүшелері мен тінін алуға мәжбүрлеген кезде не оның ағза мүшелері мен тінін күштеп алу нәтижесінде оны абайсызда өлтіруден айыру қажет, соңғылар үшін жауаптылық тиісінше ҚК 103-бабының үшінші бөлігінде және 113-бабының үшінші бөлігінде көзделген.
Кінәлінің ниеті жәбірленушіні өлтіруге бағытталған, ал өлтірілген адамның ағза мүшелері мен тіндерін пайдалану мақсаты оны жасаудың себебі болса, іс - әрекет ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы бойынша саралануға жатады. Мұндай мақсат оларды медициналық әрі өзге де мақсаттарда пайдалану (мысалы, адам етін жеу) ниетін көздейді. Бұл ретте, осы саралану белгісі бойынша адам өлтіруді саралау үшін өлтірілгеннен кейін өлген адамның ағза мүшелерін және талшықтарын нақтылы пайдалнған – пайдаланбағаны маңызды емес.
Н) Бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы)
Бұрын
ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағыда
көзделген адам өлтірген адамның
адам өлтіруінің саралау белгісі
кінәлі адам қылмыс жасаған сәтте
ҚК 96-бабы (ҚССР ҚК 88-бабы) бойынша соттылығы
алынбаған және жойылмаған жағдайларда
қолданылуы тиіс және бұл белгі осыған
тікелей қатысты адамның
Бұрын
кісі өлтірген деп, кінәлі Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Кінәлінің
аса қауіпті екендігін, оның оған
қолданылған қылмыстық –
Адам өлтіруді орындаушы адамның бірнеше мәрте адам өлтіргеніне байланысты мән – жайларының бар екені туралы оларға алдын ала белгілі болған жағдайларда ғана адам өлтіруді ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші адамдар ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша жауапты болады.
Егер адам бірыңғай ниетпен тұтастырылмаған, бірнеше рет адам өлтірсе, олардың бірде біреуі үшін сотталмаса (ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа) және егер, бұл ретте, алдыңғы адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпесе, онда барлық әрекеттер ҚК 11-бабының 5-тармағының талаптарына сәйкес ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша (негіз бар болған кезде және басқа да тиісті тармақтар бойынша) саралануы тиіс. Бұл ретте, уақыты бойынша бірінші жасалған адам өлтіруді ҚК 96-бабының бірінші немесе екінші бөлігі бойынша жеке саралау талап етілмейді.
Адам өлтірген кезде және адам өлтіруге оқталған кезде әрбір іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде жеке саралануы тиіс.
Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінде біз қарастырып отырған бұрын кісі өлтірген адамның қайталап кісі өлтіруі деген тармақ 8 желтоқсан 2003 жылы алынып тасталды. Сондай – ақ, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деген 16 бап декриминализацияға ұшырап отыр. Бұл жағдайдың өзі Ресей ғалымдарының арасында дау – дамай пікірлер тудыруда. Әсіресе ол екі немесе одан да көп адамды өлтіру бір қылмыс па, әлде қылмыстың жиынтығы ережесіне сай саралануы қажет пе деген сұрақтардың төңірегінде болып отыр.
Келесі бір мәселе, 96 баптың 2 бөлігінің «н» тармағындағы көрсетілген қазақша мәтіннің құлаққа жағымсыз тиіп, әсіресе студенттерге ұғыну қиындығы. Заңда былай берілген: «...бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру». Біздің ойымызша, егер орысша мәтіннің аударымы қалатын болса, онда, берілген сөйлем құрылысын былай өзгертуге болады «... бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіру» немесе «...бірнеше рет адам өлтіру» деп беруге болатын сияқты40.
Бұл тармақ бойынша адам өлтіруді қарай келе, 2 сұрақ туындайды:
Бірінші
жағдайда одақтас республикалардың
қылмыстық кодекстерінде
Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру