Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Екі және одан да көп орындаушымен жасалған, сондай-ақ орындаушы мен өзге де қылмысқа қатысушылар алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларымен жасалған адам өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағы бойынша саралануға жатады.
Бір
немесе бірнеше қылмыстарды жасау
үшін алдын ала біріккен тұрақты
адамдар тобы жасаған адам өлтіруді
ұйымдасқан топ жасаған қылмыс ретінде
тану керек. Бұл ретте, қылмыстық
топтың ұйымдастырушысы және басшысы
ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны
және оны басқарғаны үшін ҚК 235-бабының
тиісті бөліктері бойынша және жасалуына
тікелей өзі қатысқан не қылмыстық
топтардың басқа
Заң адам өлтіруді бөледі: 1. адамдар тобымен; 2. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен; 3. ұйымдасқан топпен жасалған.
Осыған байланысты дәл осы қылмысты қылмыстық сыбайластық жасаса ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен сараланады ма деген сұрақ туындайды.
Бұл адам өлтірудің қауіптілігі, алдын ала соз байласуда емес, адамдар тобы болғандықтан жәбірленушіге қарсылық көрсетуге күшінің жетпеуі, қарсылы көрсете алмауы.
Тәжірбиеге сәйкес адам өлтірудің көбінесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалады. Адамды өлтіру кезінде процеске басқа адамның қосылуы да ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен сараланады.
Бұл баппен сотталғандар алдын ала сөз байласқандарын немесе ұйымдасқан топ құрғандарын мойындамайды. Мұндай жағдайлар сотпен мынадай жағдайлар арқылы айқындалады: қылмысты жасауды алдын ала жоспарлау, өлтіру объектісін таңдай, қиыншылықты жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыру, топ қатысушылары арасында рольдерді бөлісу, қылмыстың қаруларын дайындау, қылмысты аяқтағаннан кейін әр қатысушының іс-қимыл тактикасын айқындау.
Қатысушылар арасындағы екі жақты байланыстың алдын – ала келісім болмайтын қылмысқа қатысушылықта болатынын мынадай мысалмен негіздеуге болады. Х. және Ф. түн уақытында көшеде отырып арақ ішеді. Бұлар таныс емес, көшеде кетіп бара жатқан П.-ны тоқтатып, «темекі» сұрап тиіседі. П. «темекі жоқ» дегенде Х. қолындағы бөтелкемен оның басынан ұрады. Жерге құлаған П.-ны Х. қосылып Ф.-та тепкілейді. Екеуі мұнан кейін жәбірленушінің киімін шешіп алып, оны көшенің арығына сүйреп әкеліп тастайды. П. сот-медициналық сараптамасы актісінің көрсетуі бойынша аса ауыр дене жарақатынан қайтыс болады.
Тергеу органдары Х. және Ф. қылмысты әрекеттерін ҚК 96 бабы екінші бөлігінің «и», «ж» тармақтарымен бағалаған25.
Қылмыс жасаған адамдар тобы туралы туындаған сұрақ, кімді қатысушы деп тану керек туралы сұрақпен тығыз байланысты.
КСРО Жоғарғы Соты қатысушыларды анықтаған кезде кеткен қателіктерге назар аударды:
Алдын ала сөз байласу арқылы құрылған топ ретінде: алдын ала сөз байласып алып бір адамға қылмыс жасауды тапсыру қылмысын жатқызу үлкен қателік. Ал егер де адам өлтіруді екі немесе одан көп адамдар жүзеге асырса, онда ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағын қолдану күмән туғызбайды.
Соңғы жылдары адам өлтіру ұйымдасқан топтың жүзеге асыру тенденциясы айқындалды, олар бір немесе бірнеше адам өлтіру қылмысын жасау үшін құрылады. Көбінесе мұндай топтар пайда табу мақсатымен, адамдар мен ұйымдардың меншігіндегі үйлерді, көліктерді, ақша және басқа бағалы заттарды алып алу мақсатымен жүзеге асырады.
Ресей Федерациясының көптеген қалаларында Сібір, Орал, Санкт-Петербург, Мәскеу адам өлтіру ақша табудың жалғыз көзі болған ұйымдасқан топтар ұсталды. Топтардың қатысушылары болып Ауғанстан, Чечня, Карабах соғыстарына қатысқан әскери қызметшілер, бұрыңғы спортсмендер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқалар болды.26
Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.
Қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару – қатысушылықпен немесе қатысып орындаушылықпен жасалған қылмыстарда қылмысқа әрбір қатысушы тұлғаның рольдері ашылып анықталуы тиіс. Қылмыс жасағанда аса белсенділік танытқан тұлға қылмыстың басқа қатысушыларына қарағанда қауіптілігімен ерекшеленеді. Кінәлінің аса белсенді ролі ауырлататын жағдай ретінде оның белсенділігін сипаттайтын нақты әрекеттерді көрсете отырып соттың үкімінде негізделуі тиіс.
Адам өлтіру қылмысында орындаушылар мен бірге ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші яғни қатысушылар болған жағдайда олардың әрекеттерін ҚК 29-бабының тиісті тармақтарымен және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралау қажет.
Бородин С.Б. пікірінше ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағында қылмыстық сыбайластық туралы ештеңе жазылмаған27, ол дұрыс. Себебі, қылмыстық сыбайластықтың адам өлтіруі ұйымдасқан топ сияқты мүмкін емес. Қылмыстық істерден қылмыстық сыбайластық адам өлтіру туралы шешім қабылдаса, олар оны өз мүшелерінің біреуіне немесе басқа адамға тапсыратынын көруге болады. Адам өлтіру туралы сөз байласқан қылмыстық сыбайластықтың мүшелері бұл қылмыс жасалған жағдайда ұйымдасқан топ мүшелері қандай жауаптылыққа тартылса, дәл сол негіздер бойынша жауапқа тартылу керек. Мұнда қылмыстық сыбайластықтың басшысы туралы айтылады. Басшылық еткен адам оларды ұйымдастырғаны және басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса (ҚК 31 – бабы 5бөлігі) бойынша, және айдап салушы, ұйымдастырушы немесе көмектесуші жауапқа тартылуы тиіс. Олардың әрекетін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралайды. Адам өлтіруді ұйымдастырғанда қатыспаған, айдап салмаған, және оған көмектеспеген, және ол туралы хабардар болмаған қылмыстық сыбайластықтың мүшелері жауапқа тартылмайды.
Соңғы
жылдары ҚР-ның құқық қорғау органдары
өте жақсы қаруланған, бес аспап
қылмыстық құрамалармен күресуде, олардың
кейбіреулерінің билікті
Төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
З) Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы)
Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық (мүліктік құқық, тұрғын үйге құқық және с.с.) пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан (қарызды қайтару, көрсетілген қызметті төлеу, алимент төлеу, материалдық міндеттемелер мен төлемдер төлеу және т.с.с.) құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады.
Бұл құрамның міндетті элементі пайда табудың себеп болуы. С.И.Ожеговтың анықтамасы бойынша, пайда табу кез келген жолмен материалдық пайда табуға ұмтылу. Пайда табу мақсатында адам өлтірудің тәсілдері әрқилы: белсенді әрекет жасап тікелей шабуыл жасаудан уландыруға дейін немесе ешқандай әрекет жасамай өлтіруге дейін болады.
Қазіргі қылмыстық кодекс кейбір қылмыстық актілердің байланысын ескере отырып, қылмыстық құқықта күрделі қылмыс құрамды деп аталатын, мысал ретінде көп объектілі құрам, екі немесе одан көп объектіге қастандық жасауға жауаптылықты анықтайтын нормалар енгізілген.
Алдыңғы қылмыстық кодексіне қарағанда 1997 жылғы ҚР ҚК – нің 96 бап екінші бөлігінің «з» тармағында пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру кең ауқымда тараған.
Өзінің құқықтық табиғаты бойынша қарақшылық, қорқытып алушылық, жалданып пайда табу мақсатымен жасалатын қылмыстар тобына жатқызылады. Бірақ та, бұл жерде «пайда табу мақсатымен адам өлтіру» мен «жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіру» бір бірінен айырмашылығы бар екендігін ұмытпаған жөн.
С.М.
Әпеновтың пікірінше ҚР ҚК 96 бап
екінші бөлігінің «з» тармағы
мазмұны жағынан дұрыс
Әдетте
адам өлтіру объектісі болып –
басқа адамның өмірі, ал бандитизмде
қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.
Бұдан қылмыстың мазмұны
Қоғамдық қауіпсіздік ретінде халықтың тыныштықта өмір сүруі, мекемелер мен ұйымдардың дұрыс қызметі және т.б. түсінуге болады. Заңсыз, тұрақты қарулы топ құрылған кезден бастап осы халықтың, қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төне бастайды. Сондықтан қоғам қауіпсіздігі, жеке адамның өміріне қарағанда ауқымды түсінік. Бұдан «адам өлтіру» мен «бандитизм» бір қылмыс құрамы ретінде қарастырылуы мүмкін емес.
Екінші айта кететін жайт, 2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында банды ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 237-бабының тиісті бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады делінген. Алайда, 2003 жылғы 11 шілде ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес бандының шабуылы кезінде денсаулыққа жеңіл немесе орташа дәрежелі зиян келтіру ҚК 104, 105 баптарымен қосымша саралауды қажет етпейді делінген.
Сондай – ақ, 2006 жылғы 23 маусым ҚР Жоғарғы Сотының «қорқытып алу істері бойынша сот тәжірбиесі туралы» нормативтік қаулысында дәл солай қорқытып алушылықпен қасақана адам өлтіру кінәлінің әрекетін қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды ұсынады.
ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында мұндай ұсыныс енгізілгеніне тек мынадай себеп келтіруге болады, егер де ҚР ҚК 179, 181, 237 баптарында жауапқа тарту мерзімі 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, 96 баптың екінші бөліміне сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы делінген.
Адам өлтіруді сыйақы алу үшін жасаған адамдардың әрекетін жалданып адам өлтіру ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша, ал осы адам өлтіруді ұйымдастырған немесе орындаушыны сыйақы үшін адам өлтіруге көндірген адамның әрекетін ҚК 28-бабының үшінші немесе төртінші бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралау керек. Тапсырыс бойынша адам өлтіруді біз бұрын шетелдік баспасөздерден ғана оқушы едік, қазір ірі бизнесмендерді, журналистерді, банкирлерді, саяси қызметкерлерді өлтіріп кетіпті дегендерді жиі естиміз. Тапсырыс бойынша адам өлтіру біздің елімізде алғаш рет 1992 жылы болды29.
Егер
кінәлінің ниеті қарақшылық шабуыл
жасау немесе қорқытып алу және осы
қылмыстарды жасау кезеңінде
жәбірленушіге күш көрсету
Жалдаумен, қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде - өлтіру пайдакүнемдік ниетпен жасалды деп қосымша саралау белгісін қолданудың қажеті жоқ.
Егер мүлікті иемдену ниеті адамға қаза келтіргеннен кейін пайда болса және пайдакүнемдік мақсаты адам өлтіру себебі болмаса, онда жәбірленушінің өмірін қиғаннан кейін оның мүлкін иемденуге байланысты кінәлінің әрекеттерін бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК баптары бойынша, ал адам өлтіруді, саралау белгілерінің болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша саралау керек.
Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру