Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
2.
Фактілік қателікте, кінәлі
3 Кінәлі жүкті әйелді өлтірдім деп ойлаған, бірақ жәбірленуші нақтылы жүкті болмаған жағдайда, қылмыскердің әрекеті басқа саралайтын белгілер болмаған кезде ҚК – тің 96 – бабы бірінші бөлігі бойынша сараланады.
Д) Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру. (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «д» тармағы)
Аса
қатігездікпен, саддизммен, қорлаумен,
жәбірленушіні қинап қылмыс жасау
– кінәлінің және жасалған қылмыстың
қоғамға қауіптілігінің аса жоғары
екендігін сипаттайтын бұл
Аса қатігездікпен өлтіргенде айыпкер өзінің іс - әрекетінде аса қатігездік сипат бар екендігін түсінуге, соны қалауға немесе оған жол беруге тиіс. Аса қатігездік тек объективтік әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар айыпкердің психикалық қатынасымен сипатталады. «Аса қатігездік» түсінігі медициналық емес, құқықтық түсінік. Адам өлтірудің бұл саралаушы нышанының бар – жоғын қоғамда қалыптасқан моральдық, тұрмыстық көзқарастарға сүйене отырып тергеу және сот органдары анықтайды.
Айрықша қатігездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының және т.б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы – қасіретке әкелетінін біле отырып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, қамқоршылар мен бағып – қағуға алғандар, солардың қолындағылар, т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін 18.
Аса қатігездік, сондай-ақ адам өлтіру жәбірленушінің жақын адамдарының көз алдында жасалғанда болуы мүмкін. Жақындары деп- ҚІЖК 7-бабы 24 тармағында көрсетілген туыстық қатынаста тұратын адамдар ғана емес, сонымен қатар жәбірленушімен қалыптасқан өзара қатынасқа байланысты жәбірленушіге қадірлі адамдар. (ерлі-зайыптылар, нақтылы неке қатынасында тұратын адамдар, күйеу мен қалыңдық, қорғаншы, қамқоршы және т.с.с.) танылуы мүмкін. Адам өлтіруді жәбірленушіге жақын адамдардың көз алдында аса қатігездікпен жасау белгісі бойынша саралағанда, ол адам өлтірген кезде аталған адамдардың болу фактісін ғана емес, кінәлінің қылмысты олардың көз алдында жасайтынын білгенін және оларға рухани жан азабы мен күйзелісін тартқызу ниеті болғанын анықтау қажет.
Заң аса қатігездікті айқындау критерийлерін көрсетпейді. Кейбір судьялар мен тергеушілер оны сот – медициналық сараптама қорытындысы деп біледі. Бірақ бұл қате ой, себебі сот – медициналық сараптамасы өлудің себебі мен дене жарақаттарының сипатымен айналысады. Ал «аса қатігездік» - медициналық емес, заңи түсінік екенін естен шығармау керек.
Бұл тармақпен саралаған кезде кінәлінің ниеті міндетті түрде адамды аса қатігездікпен бағытталған адам өлтіру болуы керек. Яғни бұл қатігездікті қылмыстың субъективтік жағын анализдеу кезінде анықтау керек. Сот тәжірбиесінде мұндай істерді қарау кезінде, олар қатігездікті ауырлатататын жағдай ретінде емес, адам өлтірудің әдеттегі әдісі деп қарауда жиі қателеседі.
Көптеген заң әдебиеттерінде аса қатігездік белгісін анықтау, оның қатігездікпен адам өлтіруге байланыста ниетін анықтаумен байланысты болады делінген19.
Сот шешім шығарғанда аса қатігездікпен көрініс тапқан істерде қателесуі мүмкін. Осылай, азаматша С. Қылмыстық әрекетін ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «д»тармағымен саралап, соттады. Бірақ істі Жоғары Сот Кеңесі қайта қараған кезде, олар азаматша С. ҚК 96-баптың 1- бөлігімен соттады, себебі, азаматша С. Жәбірленушіні қатыгездікпен өлтіру мақсатымен емес, өзін және өзінің анасын қорғау мақсатында балтамен бірнеше рет соққы берді. Өйткені азамат В. күні бұрын аз.С. мен анасын өлтіруге уәде берген еді.
КСРО-ның
Жоғарғы Сот Кеңесінің
Кейбір әдебиеттерде21 адамның дене мүшелерін кесу аса қатігездіктің белгісі деген пікір айтылады. Сот тәжірбиесін зерделей келе барлық жағдайда мұндай пікір дұрыс бола бермейді. Себебі, адамның дене мүшелерін кесу, көбінесе қылмыстың іздерін жасыру, мәйітті жою мақсатымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды, егер де кінәлінің әрекетінде басқа да адамның тірі кезінде немесе өлтіру барысында аса қатігездік белгілері анықталмаса, олардың әрекетін ҚК 96-бабы, 1- бөлігімен немесе 275бап. саралау керек.
Бәрін зерттей келе келесідей қорытындылар жасауға болады:
Е) Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК – тің 96-бабы 2-бөлігінің «е»тармағы)
Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады.Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.
Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері жатады. Мұндай ретте кінәлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша. ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты ,келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Заңда бұған орай қауіпті тәсіл қандай қарулар мен заттар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігі жазылған. ҚК 54-бабы 1-тармағының «к» тармақшасында: қару, оқ-дәрі, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанантын және жаңғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық – фармокологиялық дәрі – дәрімекттер пайдаланып, сондай – ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қуіпті әдіс қолданып қылмыс жасау.
Мұндай сипаттағы қылмыста көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсіл айқын көрінсе осы баппен саралауға болады. Мысалы, азамат М. өзінің әйелін өлтіру мақсатымен оның автобуста болған кезде сумкасына жарылғыш зат салып қояды. Нәтижесінде автобус жарылып, 3 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. Әрине, мұндай жағдайда қоғамға қауіпті тәсіл айқын көрініп, ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен саралау еш күмән туғызбайды. Алайда дәл осындай әрекет адамдар тобы жоқ жерде орын алған жағдайда, осы баппен саралауға жол берілмейді. Сондықтан адамдар өміріне қауіпті тәсіл абстрактілі түрде бағаланбай, қылмысты жүзеге асыру нақты жағдайға байланысты қарау керек.
Сонымен қатар Н.-ның әрекетін саралау кезінде аудандық соттың шешімі бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «е» тармағымен сараланды. Н. мас күйінде белгісіз себептермен мылтықтан адамдар тобы тұрған жерге қарай бірнеше рет атты, екі оқ У.-ға тиген соң М. және К. одан мылтықты алып алды. Облыстық сотта істі қайта қарауда олар сот-медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес оған тиген оқ аңшы мылтығы болғандықтан басқа адамдарға мұндай қашықтықта зиян келтірмейтіндігін анықтады. Ал У.-ң денесіне ол 6м жерден атылғандықтан оның оң жақ бүйіріне зақым келгенін және сүйектін ішіне 5мм кіріп кішкене талқандағаны анықталды. Бұл қылмысты ауырлататын жағдайсыз ҚК 96-бабы бірінші бөлігімен саралады.22
Қоғамға қауіпті тәсілді жалпы қалай түсінуге болатынына және адамдардың қандай санына қауіпті тәсілмен жасалған қылмыс, ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен сараланады. Бұл сот тәжірбиесінде жиі кездесетін сұрақ. Көптеген адамдар өміріне қауіпті тәсіл деп қасақана адам өлтіруге бағытталған, жәбірленушіден басқа ең болмағанда бір адамның өміріне қауіп төндіретін тәсіл деп түсінуі керек деп Ресей Федерациясының Жоғарғы Сот Пленумының №9 қаулысында баяндалған. Қылмысты саралауда субъективті жағының белгілерін зерттеуде көп көңіл аудару керек, себебі тәжірбиеде ауырлатылған жағының жоқтығы туралы шешімге келген кезде, қылмыстық әрекеттің зардабына негізделеді, бұл қылмыстың субъективті жағын толық сипаттайды. Мысалы, Сот медициналық сарапшының қорытындысы бойынша азамат С.-ға атылған оқ оған 20см қашықтықтан тиді, яғни барлық заряд мәйіттің денесінде қалды, сондықтан мұндай қылмыс қоғамға қауіпті тәсілмен жасалған жоқ, бірақ бұл қылмыс адамдар саны көп шоғырланған жерде орын алды. Басқа адамдарға қаіпті тәсілмен жасалмағандықтан сот кінәлінің әрекетін ҚК-тің 96-бабтың 1-бөлігімен саралады. Сонымен қатар, ешкімге зиян келтіруге мақсаты жоқ, жанама ниетпен көптеген адамдар тобына қауіпті тәсілмен адам өлтіріп қойған жағдайда оның әрекетін қалай саралауға болатыны туралы сұрақ туындайды. Осылай азамат Ф. Ауылда өзінің бау-бақшасын ұрлықшылардан қорғау мақсатында бақшасын сыммен қоршап, 220 вольттық электр желісіне қосып қояды. Ауыл тұрғындары сымды шешуді сұрағанымен азамат Ф. Бас тартып, сымды шешпейді. Күндіз, бұл бақшадан алма ұрламақшы болып жасырын түрде 3бала кіреді, нәтижесінде 7 жасар бала З. Сымды ұстап тоққа түсіп қайтыс болады. Сот отырысында азамат Ф. Бұл қоршамды белгілі бір адамды қоғамға қауіпті тәсілмен өлтіру үшін емес екендігін ескеріп, сот ҚК-тің 96-баптың 1-тармағымен соттады.
М.Д.Шаргородскийдің айтуы бойынша ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен саралаған кезде егер адам өлімінен басқа, басқа адамдарға дене жарақаты салынса, ол қосымша саралауды қажет етеді23.
Еге де кінәлі көптеген адамдар өміріне қауіпті тәсілмен бірнеше адамды өмірінен айырса, оның әрекеті ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е» және «а» тармақтарымен сараланады. Сұрақтарды қарай келе, мынадай шешімдерге келуге болады:
Ж) Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру.(ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағы)
Бұл жағдайда ауырлататын жағдайлар қатарына жатқызылуы заңды болып табылады, өйткені кез келген топтық қылмыстың қоғамға қаіптілігі барлық уақытта жоғары сипатты иемденеді. Егер адам өлтіру алдын ала сөз байласпастан әрекет ететін екі немесе одан да көп қылмыс жасаушылардың бірлескен әрекетімен іске асырылса, оны адамдар тобы болып жасаған қылмыс деп тану керек.
Егер адамдар бірігіп қылмыс жасау туралы алдын ала келісіп алса, ал кейіннен олардың әрқайсысы оны жүзеге асыруға қатысса, олардың барлығы да қоса орындаушылар болғанына немесе олардың кейбіреуінің қылмысқа қатысу нысаны өзгеше болуына (ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушілер) қарамастан алдын-ала сөз байласып адамдар тобымен жасалған қылмыс деп танылуы керек. ҚК 28-бабының екінші бөлігіне сәйкес, бір ниетпен әрекет еткен, осыған орай қылмыс жасау процесіне тікелей өздері қатысқан не жасына, ақыл-есі дұрыс еместігіне немесе ҚК көзделген басқа да жағдайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайтын басқа да адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған, сондай-ақ тетіктер мен жануарлардың көмегімен қылмыс жасаған адамдарды қылмыстың орындаушылары деп тану керек. Адам өлтіру қылмысының субъектісі болып табылмайтын адамдардың қолымен қылмыс жасалып, қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы тәрізді рольдерді атқарғанымен, олардың әрекеттері топ адамдар жасаған қылмысы деп бағалануы керек. Себебі мұндай жағдайда, қылмыстың субъектісі болып саналмайтын адам, қылмыстың құралы ретінде пайдаланылады. Роль бөліп қылмысқа қатысуда бір адам қылмыстың субъектісі бола алмайтын екінші адамды қылмыс істеуге айдап салса, мұндай жағдайда қылмысқа қатысу жоқ деп танылады. Яғни сол айдап салушы адамның өзі сол қылмыстың орындаушысы болып табылады. Дәлірек айтқанда қылмысы біреу арқылы орындайды. Ал есі дұрыс емес нмесе жауаптылық жасына жетпеген бір адамды қылмыс жасауға бірнеше адамдар айдап салса қылмыстың орындаушысы бір ғана адам емес, сол бір тектес айдап салушылық әрекеттер жасаған адамдардың барлығы да орын,даушылар болып табылады, яғни мұндай жағдайларда топ адамдардың қылмыс жасауы болып есептеледі.
Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру