Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Ауырлатылган-жагдайда-қасакана-адам-олтіру.docx

— 109.13 Кб (Скачать документ)

Адам  өлтіруді қылмыстық қарулы топтардың  ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстардың жиынтығы бойынша  ҚК 237-бабының тиісті бөліктері  және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з»  тармағы бойынша саралануға жатады.

Қарақшылық  шабуылды немесе қорқытып алуды жасыру мақсатында жәбірленушіге қатысты  аталған қылмыстардан кейін қасақана құқыққа қарсы қаза келтіру осы  әрекеттер үшін жауаптылықты көздейтін  қылмыстық заң нормалары бойынша  және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к»  тармағы бойынша саралануға жатады.        

Соңғы жылдары пәтерлік қылмыстар көбейіп  келе жатыр. Яғни зейнеткерлер, мүгедектерге олардың пәтерлерінің ақысына өмір ьойына қамқоршылыққа аламыз деп, пәтерді  өз атына аударып алғаннан кейін, оларды өлтіреді. Бұл қылмыс тікелей  ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен сараланатынына күмән жоқ.

Сот тәжірбиесінде заңмен реттелмейтін бағалы затты бөлісу кезінде, мысалы ұрланған мүлікті бөлісу, пайда табу мақсатында қаза келтіру сияқты істер  де кездеседі.

Пайда табу мақсатымен жасалған қылмыс жәбірленушінің кім болатынынан тәуелсіз: мүліктің (бағалы заттың) иесі немесе ол мүлік  пайдалануында болған тұлға, немесе оны өлтіру арқылы мүлкін иеленіп  алуға мүмкіндік беретін тұлға  да болуы мүмкін.

Пайда табу мақсатында адам өлтіру кезде  кімнің пайда табатынын анықтау  қажет емес; кінәлінің өзі немесе оның жақындары. Мұндай ниет тек тікелей  қасақаналықпен болады.

Ал  А.В. Наумовтың айтуынша пайда табу мақсатында қарақшылықпен адам өлтіруде жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін дейді.  31

Әдебиеттерде  және кейбір қызметшілер тәжірбиесінде  пайда табу мақсатында қарақшылық жасау  қаза келтірудің тәсіліне байланысты деп айтылады. Қарақшылық, яғни бөтен  мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі  мен денсаулығына қауіпті күш  көрсетумен немесе тікелей осындай  күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.  Қарақшылық жасау  кезінде адам өлтіру ашық жүзеге асырылады  және мұнда жәбірленушінің өзінің мүлкінен айыру мақсатында өмірінен айырылатынын білуі керек. Ал пайда табу мақсатында қаза келтіру ашық түрде де, жасырын  түрде де болуы мүмкін. Сонымен  қатар қарақшылықпен ұштасқан кезде  мүлік қылмыскердің қолына бірде  өтеді, ал пайда табу мақсатымен адам өлтіруде мүлік кінәліге кейін өтеді.32

Сондай  – ақ адам өлтіруді пайда табу мақсатында жасалды деп, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің  «з» тармағымен саралау үшін кінәлінің  мүлікті иеленіп алу ниеті  адам өлтіргенге дейін пайда болғанын міндетті түрде анықтау керек. Себебі, егер де кінәлі қаза келтіргеннен кейін  ғана мүлікті иеленіп алу  туралы ой кеелсе, онда қаза келтіру ауырлататын  жағдайсыз, ал мүлікті иеленіп алу  ұрлық деп саралау қажет.

Қарақшылықта  ешкіммен сөз байласпаған адамның  қаза келтіруі мүмкін, ал бандитизммен ұштасқан кезде бір топ яғни банданың пайда табу мақсатында қаза келтіру  ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен сараланады.

Пайда табу мақсатымен қарақшылықпен, бандитизммен ұштасқан адам өлтіру мен пайда табу мақсатымен қарақшылық, бандитизммен ұштаспаған адам өлтіру қылмыстарын  айыру критерийлері болып: Біріншіден, адамды өлтіру шабуыл жасау арқылы жүзеге асырылса; екіншіден, материалдық  құндылықтарды иеленіп алу мақсатымен жүзеге асырылса; үшіншіден,егер мүлікті иеленіп алу қаза келтіру кезінде немесе кейін болса, онда пайда табу мақсатымен ұштасқан қарақшылық, бандитизм жиынтығы айқын көдрініп тұр.

Қорқытып  алушылықпен ұштасқан адам өлтіруде көбінесе жәбірленуші мүлкін өз еркімен  беруден бас тартқан жағдайда орын алады. Мысалы, өсиет жаздыру  талабы, немесе мүліктің жартысын өз еркімен  беру талабы және т.б.

Пайда табу мақсатымен жасалған адам өлтіруді басқа мотивпен  жүзеге асырылған  адам өлтіру қылмыстарынан айыра  білу өте қажет.

Ұрлық жасаған адамды өлтіру пайда табу мақсатында жасалған қылмыс деп санауға  болмайды. Ол тек ұрланған зат үшін кек алу мақсатында жасалып, ешқандай пайда таппағанын ескеру керек.

Сондай  – ақ жәбірленушінің бұрын алған қарызды қайтармауына байланысты оны өлтіру де ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен саралауға болмайды. Себебі, кінәлі мұнда пайда тұрмақ, енді өз қарызын да қайтарып ала алмайды, демек пайда таппайды.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы  бойынша алған қорытындылар:

  1. Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс деп танылу керек.
  2. пайдакүнемдікпен адам өлтіру болып: қарақшылық немесе бандитизммен ұштасқан мүлікті иеленіп алу, немесе қорқытып алу арқылы мүлікті иелену, сақтандыру соммасын алу, ауру немесе қарт адамдарды қамқоршылыққа алудан жалтару, көлікті, тұрғын үйді иеленіп алу, жасаған қылмысы үшін сыйақы алу және т.б.
  3. Бұл баппен саралу үшін кінәлінің мүлікті немесе материалдық құндылықтарды иеленіп алу мақсаты адам өлтірге дейін пайда болғанын анықтау керек.
  4. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша қылмыс аяқталған деп тану үшін кінәлі адам өлтіру кезінде мақсат тұтқан мүлік немесе құндылықты алған – алмағын ескеру қажет емес.
  5. Қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан пайда табу мақсатымен адам өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен және ҚК 179,181, 237 баптарымен саралануға жатады.
  6. жәбірленушімен бірге тапқан мүлікті иеленіп алу үшін оны өлтіру тек ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен  сараланады.
  7. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен бойынша жалданып адам өлтіруді саралау кезінде орындаушының пайда табу ниетінің болғанын анықтау керек; жалдаушыда пайдакүнемдік ниетпен қатар басқа да ниет болуы мүмкін.

 

    И) Бұзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы)

 

Бұзақылықтан  туындаған адам өлтіруді және өзара  жек көру қатынасы негізінде, ұрыс –  керіс немесе төбелес кезінде  жасалған адам өлтіруді ажырату қажет. Осы мәселені шешкен кезде кінәлі мен жәбірленушінің өзара қатынасын, жанжалдың негізін және себебін  анықтау және ескеру, кімнің оны  бастағанын, екеуінің әрекетінің белсенділігі мен сипатын және басқа да мән-жайларды анықтау қажет. Мұндай жағдайда қылмыстық істегі мән – жайларды мейлінше мұқият тексеру керек: төбелесті кім шығарғаны,онда адам өлтіру мақсат болды ма.

Бұзақылық ниетпен жасалған қылмыста мақсатты анықтау қиын. Көбіне мұндай қылмыстар  ешқандай себепсіз жасалады. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы бойынша қоғамды көрінеу сыйламау, адамгершілік нормаларын өрескел бұзу және кінәлінің қылығы қоғамдық тәртіпке ашық қарсы тұру және кінәлінің айналадағыларға өзін қарсы қойып немесе оларға өзінің артықшылығын немесе жек көрушілігін көрсету ниетімен ұштасқан адам өлтіруді саралау керек. Осындай адам өлтіру көбінесе ешқандай негізсіз немесе адам өлтіру үшін маңызы шамалы себеп пайдаланылып жасалады.

Егер  бұзақылық пиғылмен бір адамды өлтірген кезде кінәлі басқа адамдардың денсаулығына қасақана ауыр не орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда жасалған әрекеттерді тұтастай алғанда қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы және бұзақылық пиғылымен денсаулыққа келтірілген зиян белгілері үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша саралау керек.

Бұзақылыққа барған адамдардың көпшілігі (90%) мас  күйінде болған. Бірақ мас күйінде  болу бұзақылық ниетпен адам өлтіруге дәлел болмайды. 

Адам  өлтіруге дейін де, кейін де жасалған және олармен біртұтас ниеттегі байланыста емес, бұзақылық ниетпен жасалған бұзақылық әрекеттер ҚК 257-бабының  тиісті бөлігі бойынша дербес саралануға жатады.

Егер, адам өлтіру денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтіру, қызғаныш, кек  алу, бас араздығы және өзара қатынастар негізінде пайда болған ниеттерден немесе ұрыс – керіске немесе төбелеске  бастамашы болған жәбірленушінің заңға  қарсы мінез – құлығынан туындаса, ол қоғамдық орындарда немесе басқа  адамдардың қатысуымен жасалғаны үшін ғана бұзақылық ниетпен жасалды  деп қаралуы тиіс емес.   

Бұзақылық ниет деп, субъектінің қоғамдық тәртіпке қарсы тұру, адамгершілік нормаларын бұзғанына қанағаттануды айтуға болады33.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағын дұрыс қолданудың шарты болып  қылмысты жасау мотиві табылады. Егер қылмыс жасауда мотивті анықтамаса, онда қылмыс бұзақылық ниетпен жасалды  деп саралауға негіз жоқ.

Кінәлінің басқаға, яғни жәбірленушіге қарсы  әрекеті туралы айтылатындықтан, мотивті  анықтау үшін жәбірленушінің де әрекеті, екеуінің арасындағы қарым – қатынасын  анықтау маңызды роль атқарады.

Ең  жиі кездесетін жағдай бұзақылық  ниетпен адам өлтіру бұзақылық әрекеттердің жалғасы болып табылады. Осылай облыстық сотта қаралған іс бойынша азамат.М. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы және ҚК 257- бабы бойынша сотталды. Ол түнде мас күйінде жұмысшылар жатаханасына кіріп, бұзақылық жасады: әр бөлмеге кіріп шулап, шамын жағып, айқайлап, балағат сөздер айтып, төсекте жатқан азамат Л. пышақ салды, нәтижесінде ол сол жерде қайтыс болды.

Сондай-ақ кейбір жағдайларда жәбірленуші  болып бұзақыға оның жағымсыз қылығы туралы айтқан азаматтар да болуы  мүмкін.

Көбінде соттардың тәжірбиесіне үңілсек, мен  өзім бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстарда кінәлі мас күйінде  болған, яғни өзінің әрекеттерін дұрыс  бағалай білмегендіктен жасағанын  байқадым.

Бұзақылық ниетпен адам өлтіру қылмысын кек  алу мақсатымен немесе қызғаныштан  өлтіру қылмыстарынан айыра білу әрекеттерді саралауда өте маңызды.

А.Наумовтың  айтуы бойынша қылмысты тек қызғанышқа негізінің болмағандықтан бұзақылық  ниетпен жасалған деп  тануға болмайды34.

Кінәлі  қылмыс жасауға негіз деп тапқан жәбірленушінің әрекетін анықтау маңызды  болып табылады.

Сонымен қатар бұзақылық ниетпен адам өлтіру мен ұрыс-керіс үстінде  адам өлтіруді айыра білу қажет. Бір  әдебиеттерде қылмыс субъектісі ұрыс – керістің бастамасы болып, белсенділік  танытса, онда бұл адам өлтіру бұзақылық  ниетпен деп саралау керек  деген пікір айтылды.35

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағында адам өлтіру ниеті тікелей де, жанама да болуы мүмкін.

Егер  бұзақылық қаза келтірумен ұштасса, кінәлінің әрекеті тек қаза келтірген  үшін көзделген бап бойынша саралануға жатады.Шишов О. өз еңбегінде жазды. Бұл өте қате пікір, себебі айтып  кеткенімдей бұзақылық ниетпен  адам өлтіру бұзақылық әрекеттің жалғасы болғандықтан фактілі түрде екі жеке қылмыс жасалып отыр, демек екеуі де әділетті заңдық бағасын алуы керек.

  1. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағын қолдану үшін кінәлінің әрекетінің анализін қылмысқа дейін де, кейін де бағалау керек.
  2. Бұзақылық ниетпен адам өлтіру тікелей, жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін.
  3. Қылмыс жасау мотивін анықтамау, бұл баппен саралауға жол бермейді.

 

К) Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру. (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы )

 

Адам  өлтіру, субъектінің немесе басқа  адамның жаңа немесе бұрын жасалған адам өлтіруін жеңілдету және жасыру жолымен жәбірленушінің өмірін қиюға ұмтылу болып табылатын адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша және өз ниетін орындау үшін адам өлтіргенге дейін немесе кейін кінәлі жасаған қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық заң нормалары бойынша саралау керек. Адам өлтірудің аталған себебі белгілі болған кезде жәбірленушінің өзіне немесе басқа адамдарға қатысты жасырылып отырған қылмыстың немесе басқа қылмыстың немесе басқа қылмыстың жасалуы болжануы, осы қылмыс ауырлығы бойынша қандай санатқа жататыны, осы қылмыстардың жасалған уақыты мен тәсілі, жасырын қылмысты адам өлтірген субъектінің өзі немесе адам өлтіргеннен кейін жаңа қылмыс жасауға ниеті бар басқа адам жасады ма, жасалған жасырын қылмыс туралы тиісті органдарға хабар түсті ме, кінәлі адам өлтіру нәтижесінде өз мақсатына жетті ме, маңызды емес.

  Басқа  қылмысты жасыру немесе  оның жасалуын жеңілдету мақсатында  жасалған адам өлтіруді саралау  осы адам өлтірудің басқа себептерін  және мақсатын көздейтін ҚК 96-бабы  екінші бөлігінің «б», «з»,  «и», «л», «м» тармақтары бойынша  саралау мүмкіндігін жоққа шығарады.

   Басқа қылмысты жасыру немесе  оны жасауды жеңілдету мақсатымен  адам өлтіру бір тұлғамен, немесе  алдын ала сөз байласқан адамдар  тобы мен де жасалуы мүмкін. Бірінші жағдайда кінәлінің әрекетін  ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к»  тармағымен саралануға жатады. Екінші  жағдайда қатысушылыққа байланысты  жауаптылыққа жалпы ережелері  бойынша тартылады.

Адам  өлтіру мен басқа қылмыс әртүрлі  уақытта жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» және «б» тармақтары бойынша саралауды  айыру жөнінде сұрақ туындайды. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы  бойынша кінәлі әрекеті саралануға тек болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы билік органдарына  хабарланып қоймаса ғана жатады. Егер де жәбірленуші арыз жазып қойса, және ол туралы кінәлі білген жағдайда оның әрекеті ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша саралануға жатады.

  Зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы  әрекеттерге ұштасқан адам өлтіру  деп аталған қылмыстарды жасауға  оқталу кезінде немесе оларды  жасау процесінде жәбірленушіге  қасақана қаза келтіруді ұғыну  керек.

Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру