Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 21:14, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста қарастырылып отырған сұрақ жалпы сапа менеджменті туралы түсінік беру, даму кезеңдерін қарастыру және басқарудың заманауи және кеңестік модельдеріне тоқталуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылады:
Сапа менеджментінің қалыптасуы және дамуы
Сапаны басқарудың Кеңестік модельдері
Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................................2
Бөлім 1 Сапа менеджменті жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Сапа менеджментінің қалыптасуы ....................................................................3
Сапа менеджментінің даму кезеңдері ...............................................................5
Бөлім 2 Сапаны басқарудың Кеңестік модельдері ................................................10
Бөлім 3 Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері ....................................13
Қорытынды ...............................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 494.69 Кб (Скачать документ)

- сапаға жұмсалатын шығындарды  есепке алу;

- сапаны үнемі арттыру  бағдарламасы.

          1970-1980 жж. американдық бизнес нарыққа төмен бағамен сапалы тауарлар ұсынған жапондық және европалық фирмалар жағынан қатаң бәсекелестікпен қақтығысты. Америка көптеген өнім түрлерінің жетілгендігі деңгейі жөнінде өзінің көшбасшылығын жоғалта бастады. Ең танымалы сапа саласындағы американдық мамандардың бірі Дж.Харрингтон [10] бұл кезеңді «80-ші жылдардың ірі шайқасы, соғыс әрекеттерінен көрініс емес, ал өнеркәсіптік соғысы, және бүкіл әлемде бұл соғыстан түскен олжа тұтынушылар болып табылады» деп атапты.

Осы кезеңде АҚШ-да «сапа қозғалысының атасы» Э.Демингтің «Дағдарыстан шығу» және «Сапа, өнімділік және  бәсекеге қабілеттілік» атты екі кітабы басылып шығырылды, мұнда ол өзінің жалпыға ортақ сапа менеджменті теориясының негізінде жатқан атақты 14 ұстанымын келтіреді [11,12,15].

АҚШ мамандары  сапа негізінде басқаруды жетілдіруге үміт арта бастады. Олар мыналардан тұрады: басшылар сана-сезімін түбегейлі өзгерту, бірлескен мәдениетті қайта қарау және ұйымның барлық деңгейлерінде өнім сапасын ұдайы арттыруға жол іздеуге күшті үнемі жұмылдыру.

Көрнекі американдық маманның айтуынша (А.Фейгенбаум [6-сур.қараңыз] ), «Сапа – бұл евангелизм (інжілдік) емес, өнертабыстық ұсыныс емес және ұран да емес; бұл өмір сүру дағдысы».

Сапа саласындағы революцияның өзегі болып тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру табылады. Әр жұмысшы конвейерде алдыңғылардың  өнімінің тұтынушысы болып табылады, сондықтан жұмысшының міндеті – кейінгілерді өзінің жұмыс сапасы бойынша қанағаттандыру.

Сапаны арттырудағы жалпыұлттық науқанның басты міндеттерінің бірі  – іс жүзінде  «Сапа - ең әуелі» ұранын іске асыруға жету. Осы ұранмен, 1987 ж. бастап жыл сайын ел Президентімен ең үздік үш фирмаға сапа саласындағы жетістіктері үшін Болдридж атындағы ұлттық сыйлық беріледі.

Сапа саласындағы американдық тәжірибесін талдап [13], оның келесі сипатты ерекшеліктерін белгілеген:

· білім, ғылым және адами фактордың дамуына бюджеттік қаржыландыру көлемінің өсуі;

· әкімшілік тарапынан өнім өндіру сапасын математикалық  статистика әдістерін пайдаланып катаң бақылау;

· өндірісті  сапалық көрсеткіштері бойынша жоспарлау үдерісіне көтеріңкі көңіл бөлу;

·  айқын  рәсімделген сапа негізінде басқару жүйесінің және «адам – машина - ақпарат» сызбасы бойынша шараларды енгізетін реттелген бағдарламасының болуы.

Еуропада өнім мен қызметтің  жоғары сапасына  белсенді қозғалыс, еуропалық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, біріккен нарықты сыртқы интервенциядан қорғау қажеттілігіне байланысты ХХ ғасырдың 80-ші ж. басталды.

Осы кезеңде технологиялық регламенттерге бірыңғай  стандарттар шығарылды, 9000 сериялы ISO ХС негізінде құрылған сапа жүйелеріне ұлттық стандарттар үйлестірілді, олардың 29000 сериялы ЕN еуропалық аналогтары іске асырылды.

9000 сериялы ISO және 29000 ЕN  стандарттары негізінде сапа  жүйесін кеңінен енгізу өндірушілерді  сапа саласындағы жаңа жетістіктерге  ынталандыруға мүмкіндік туғызады.

Өндіріс технологиясы, өндірушінің нарық талаптарына сәйкестігі бірыңғай заң шығаратын талаптарды, бірыңғай стандарттарды, бірыңғай тексеру рәсімдерін қабылдау арқасында қатаң бақылауға тартылды. 

Сапаны жақсарту бойынша ұйымдастыру жұмысына талаптар дайындалды:

- өнім сапасы тұтынушылар  талаптарымен және үлгінің параметрлеріне  қатаң сәйкестігімен қамтамасыз  етіледі ;

- сапа тауарға ең алғашқы  сатысында кірістірілуі тиіс, себебі  өндірілген өнімнің сапасын бағалаудың  мәні жоқ;

- орындаушылардың жауаптылығы  мен біліктілігі тауар сапасының  кепілдігі болып табылады;

- егжей-тегжейлі және  айқын спецификацияның, яғни сипаттама  құжатының болуы сапалы өндірістік   инспекцияны қамтамасыз етеді;

- тауарды серияға жіберместен  бұрын, оның үлгісі өндірісте жұмыс істейтін барлық қызметкерлермен мұқият зерделену қажет .

Бәсекелестікті табысты жүргізу үшін алпауыт еуропалық компаниялар күштерін біріктіріп сапа негізінде басқарудың  прогрессивті нысандары мен әдістерін дайындау мен еңгізуге бағыттады. Олар сапа негізінде басқару жүйесі құрал-сайман мен жабдықтардың  технологиялық дәлдігін ұстап тұруда озық жүйелерінің, өнімді бағалайтын және сынайтын жаңа метрологиялық құралдарының және кадрлар дайындайтын тиімді жүйесінің мұқтаждығын ұғынды.

Сапа жүйесін бағалау мен сертификаттау бойынша Еуропалык комитет жұмыс атқарады. Аса ірі компаниялармен 1988 жылы Еуропалық сапаны басқару фонды  құрылды (ЕСБФ), 1992 жылдан бастап жылсайын үздік  фирмаларға  сапа саласындағы  тағайындалған Еуропалық сыйлық беріледі.

 Сапа мәселелерін шешудің  еуропалық амалдарының ерекше  өзгешіліктері [14]:

- сапаны бағалау мен  растауға байланысты барлық жұмыстарды  жүргізуге заңшығарушы негіз;

-  ұлттық стандартардың, ережелердің және  сертификаттау  рәсімдер талаптарын үйлестіру;

- өнім мен сапа жүйесін  сертификаттау, лабораторияларды аккредиттеу,  сапа саласындағы мамандықтарды  тіркеу және т.б. жұмыстарды жүргізуге  уәкілдігі бар өңірлік инфрақұрылымын  және ұлттық ұйымдар торабын  құру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

           Сапа менеджмент жүйесі ұғымы  өте терең. Мұндай жүйені құру  көптеген ғалымдардың, қоғамның  күшін, уақыттың ұзақтылығын талап  етті. Курстық жұмыста қарастырылған  сұрақ бойынша, біз сапаны басқарудың  қалыптасу кезеңдеріне және сапаны  басқарудың модельдеріне тоқталдық. Сапа менеджментінің даму кезеңдеріне  тоқтала келе, әр кезеңнің өз  атауы, өз негізін салушылары  бар екенін білдік. Жүйелердің  мән-мақсатын, уәждеу және оқыту  жүйелерінің ерекшеліктерін талқыладық. Сапа менеджменті жүйесінің дамуын 6 кезеңге бөлінгенін, олардың уақыт  аралықтарын қарастырдық.

           Келесі бөлімде біз сапаны басқарудың Кеңестік жүйелерін немесе модельдеріне тоқталдық. Бұл бөлімде КСРО заманындағы сапаны басқаруға қандай бағытта, қандай мақсатта көңіл бөлгендігі айтылады. Ол кездегі модельдер сапаны жақсартуға, оны әрі қарай дамытуға үлесін барынша, толық түрде тигізе алмады. Өйткені, олардың экономиканы дамытуға аса үлкен қызығушылықтары болмады, адам факторын, адам еңбегін тиісінше пайдаланбады, басқарушылар мен қызметкерлердің біріге жұмыс атқарулары мүлдем қарастырылмады. Дәл осындай көптеген факторлар себебінен Кеңестік жүйелер өз істерін тоқтатты. Осыған орай, сапаны басқару ісіне қазіргі заманғы, шетелдік жүйелер кірісе бастады. Үшінші бөлімде дәл осы жүйелерге тоқталып кеттік. Бұл жүйелердің басы Жапониядан таралған. Олар, ең алдымен, тұтынушыларды қанағаттандыруды алға тарту мақсатында, өндірілетін өнімдердің сапалы болуын қадағалады. Персоналмен біріге жұмыс атқаруды, сапалы өнім шығаруды, басшылар мен персонал арасындағы сыйластықты, персоналдың өмір бойы өз жұмысына адал қызмет атқаруын, тұтынушылар талабын мүлтіксіз орындауды, ақаулы өнімдерді шығарылуын басынан тоқтатуды және тағы да осы сияқты сапаны басқаруға оң әсерін тигізетін жұмыстарды атқаруды алға тартты. Осындай жүйелерге өз үлесін қосқан көптеген ғалымдардың, докторлардың ұстанымдары да бар.

           Курстық жұмысты А.В.Луначарскийдің [17] : «Әр адам өзінің басқаларды басқара аламын деген болжамда болса, онда үнемі әрі ұдайы оқу оқуын тоқтатпауы қажет» деген сөздермен қорытындылаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Маркушина, Е.Г. Менеджмент качества: журнал для руководителей и менеджеров. /Е.Г. Маркушина // Конвергенция наук в модели организационного совершенства предприятия - 2011. -  №6 (40) – 40 б.
  2. Мендебаев, Т.М. Стандарттау, метрология және сертификаттау: оқулық. / Т.М. Мендебаев, Е.С. Асқаров, А.Ө. Ермекбаева, И.Ж. Жаханова // Алматы, 2011. – 252 б.
  3. Молдашев, Ғ.Қ. Сапа менеджмент жүйесі пәні бойынша дәрістер. /Ғ.Қ. Молдашев// Орал, 2014. 1-дәріс
  4. Молдашев, Ғ.Қ. Сапа менеджмент жүйелері: оқу құралы – ISO.  / Ғ.Қ. Молдашев // Орал, 2013. – 17-18 б. 
  5. Молдашев, Ғ.Қ. Сапа менеджмент жүйелері: оқу құралы.  / Ғ.Қ. Молдашев // Орал, 2013. – 19-23 б. 
  6. Молдашев, Ғ.Қ. Сапа менеджмент жүйелері / Ғ.Қ. Молдашев // Орал, 2013. – 35 б.
  7. Лапидус, В.А. Менеджмент качества: журнал для руководителей и менеджеров. /В.А. Лапидус // Люди. Системы. Процессы - 2011. - №2-3 (37)  – 30 б.
  8. Окрепилов, В. В. Управление качеством: ЖОО-ры үшін арналған оқулық. / В. В. Окрепилов – М.: Экономика, - 2000. - 696 б.
  9. Адлер, Ю.П. Японский подход к обеспечению качества / Ю. П. Адлер // Надежность и контроль качества – 1995. - №4.
  10. Харрингтон, Д. Управление качеством в американских корпорациях / Д. Харрингтон. -  М.: Экономика, 1990. – 272 б.
  11. Деминг, Э. Выход из кризиса : ағылшын тілінен ауд.  / Э.Деминг. – М. : Альпина Бизнес Букс, 2007. – 370 б.
  12. Конарева, Л. Теория доктора Деминга / Л. Конарева // Стандарты и качество. – 2002. - №11 - 46-49 б.
  13. Джуран, Д. Все о качестве: Зарубежный опыт. Выпуск 2. Высший уровень руководства и качество / Д. Джуран – М., 1993.
  14. Мазур, И. И. Управление качеством: оқу құралы. / И. И. Мазур, В.Д. Шапиро / - М.: Издательство Омега-Л, 2006. – 400 б.
  15. Рубаник,Ю.Т. 14 пунктов Деминга – Программа действия для выживания производителей России / Ю. Т. Рубаник //Стандарты и качество – 1995 - №8. – 39-43 б
  16. Қаржаубаев, К.Е. Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару: оқу құралы  /К.Е. Қаржаубаев // Алматы,  2011. – 76 б.
  17. Луначарский, А.В. Менеджмент качества : журнал для руководителей и менеджеров. /А.В. Луначарский// Система менеджмента качества – 2010. - № 1 (31) – 9 б.
  18. http://www.peoples.ru/  Сапа менеджменті жүйесінің негізін салушылар туралы ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар:

 

1.

 

1.1-сурет. Сапа жұлдызы

 

2.

1.2-сурет. Фридерик Тейлор (1856-1915)

 

 

 

 

 

3.

1.3-сурет. Уальтер Шухарт (1891-1967)

 

4.

 

1.4-сурет. Эдвардс Деминг(1900-1993), Джозеф Джуран (1904-2008), Каору Исикава (1915-1989) 

 

 

 

 

 

 

 

5.

1.5-сурет.  Генити Тагути (1924-2012)       Филип Кросби (1926-2001)

 

6.

 

1.6-сурет. Арманд Фейгенбаум (1922ж.)

 

 

 

 

 

 

 

7.

 

1.7-сурет. Уильям Билл Гейтс (1955 ж.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері