Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 21:14, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста қарастырылып отырған сұрақ жалпы сапа менеджменті туралы түсінік беру, даму кезеңдерін қарастыру және басқарудың заманауи және кеңестік модельдеріне тоқталуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылады:
Сапа менеджментінің қалыптасуы және дамуы
Сапаны басқарудың Кеңестік модельдері
Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................................2
Бөлім 1 Сапа менеджменті жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Сапа менеджментінің қалыптасуы ....................................................................3
Сапа менеджментінің даму кезеңдері ...............................................................5
Бөлім 2 Сапаны басқарудың Кеңестік модельдері ................................................10
Бөлім 3 Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері ....................................13
Қорытынды ...............................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 494.69 Кб (Скачать документ)

         Бұл жүйедегі жабдықтаушылар және тұтынушылармен қарым-қатынас  - статистикалық қабылдап бақылау стандартты кестелері талаптарын орындау негізінде құрылған. Сапа жөніндегі қызмет органдары құрылды, олардың техникалық бақылау бөлімдерінен (ТББ) айырмашылығы - өнімді іріктеумен айналысу емес, ал партиядан шағын іріктемелерді бақылау жолымен, өндірісте сапаны қамтамасыз ететін жүйенің жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

         Үшінші кезең (1951-1980 жж.) – сапа негізінде жалпыға ортақ басқару жүйесі (Тotal Quality Control), мұндағы «control» деген ағылшын сөзін, бақылау емес, басқару деп түсіну қажет.

         Бұл кезең жүйесінің екі кезең жүйелерінен басты ерекшелігі – негізін салушыларда. Бұл жүйеге бірден өз үлестерін үш ғалым қосты. Сонымен, олар – сапа  менеджменті қолданбалы ғылымының классиктері, данышпан архитекторлары, «гуру», Жапон ғажайып экономикасының жетелеушілері Эдвардс Деминг, Джозеф Джуран жене Каору Исикава (4-сур. қараңыз, ).

            Жүйе – кәсіпорынды басқаруға Демингтің 14 ұстанымдарын және РDSА циклін, кәсіпорын  барлық бөлімшелерінің сапа саласындағы  жауаптылықты, уәкілеттікті және өзара әрекеттестікті белгілейтін  құжатталған сапа жүйелерін енгізумен сипатталады. Сонымен қатар, жүйе өнімнің өмірлік циклінің (ӨӨЦ) барлық кезеңдерінде сапаны бақылау тұжырымдамасынан сапа негізінде жалпыға ортақ басқару тұжырымдамасына (TQC) ауысуымен ерекшеленеді.

  Жүйенің мақсаты – ұйымды басқарудың барлық салалары мен  деңгейлерінде басқару мен үдерістер сапасын арттыру, мұнда әрбір қызметкер көңілі қалаған мәжбүрлеусіз еркін еңбектен қанағат, қуаныш, ғанибет және жайлылық алады.

  Бұл жүйеде сапа түсінігі келесідей анықталады, сапа – бұл өнім мен үдерістер қызметі сипаттамаларының нарық талаптарына сәйкестігі ретінде түсіндіріледі.

  Уәждеу жүйесі – адамгершілік фактор жағына жылжи бастыды, қызметкерлерді сапаны қамтамасыз ету іс-әрекетіне тарту түрінде  моральдық ынталандырудың маңызы көбейді.

  Оқыту жүйесі – барлық қызметкерлердің TQC игеруге негізделген және ынталандырылған.

         Жабдықтаушылармен қарым-қатынас олардың өнім сапасына ИСО сертификаты бар болуына құрылған. Жабдықтаушылар сапаны қамтамасыз етудегі серіктестер ретінде саналған. Маркетинг зерттеулер негізінде тұтынушылар мұқтажы шындап зерделенді.

        Осылайша, үшінші кезеңнің де жүйесін қарастырып бітірдік.

        Ендігі төртінші кезеңге тоқталатын болсақ, бұл кезең 1980 – 1990 жылдар аралығын қамтиды және сапа негізінде жалпыға ортақ менеджмент жүйесі немесе TQM деп аталады.

        Жүйенің негізгі идеялары сапа менеджменті ғылымы «гурулары»  – Генити Тагутидің және Филип Кросбидің (5-сур. қараңыз, ) ғылыми еңбектерінде қисынға келтірілген.

  Бұл жүйенің басты ерекшелігі - ТQC-н  TQM-ға ауысуы. Осыған орай, сапа менеджментінің әдіснамасы болған және кәсіпорын қызметінің барлық салалары мен қызметкерлерін (сапаны жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және жақсарту) қамтитын  және сапаны ӨӨЦ барлық сатыларында жүргізілетін кешенді шаралардың нәтижесі ретінде қарастыратын 9000 сериялы ISO ХС (1987 ж.) енгізумен сипатталады.    

         Жүйе мақсаты – сапаны үнемі жақсарту жолымен ақау мен өндірістік емес шығындарды мүлдем жоюға, жеткізілімге «дәл мерзіміне» талпыну. Мұнда, бұл шектерге қол жеткізу мүмкін еместігі ұғынылады, бірақ бұған қол жеткен нәтижелерге тоқтамай талпыну қажет деп түсіндіріледі.

         Сапа - тұтынушылар мен  персонал сұраныстарын қанағаттандыру ретінде анықталады.

         Тагути мен Кросбидің бұл жүйесінде уәждеу және оқыту жүйелері келесі түрдегідей қарастырылған, бірінші , уәждеу жүйесі – ұжымда көшбасшылық, өзара сыйластық, сенімділік, қызметтестік, адам еңбегін мойындау, жұмысқа берілгендік, маңсап мүмкіншілігімен жұмыс орнына кепілдік ахуалын алдын-ала құруды  қарастырған, осыған орай, екінші, оқыту жүйесі – инновацияларды, соның ішінде TQM тетіктерін игеру бойынша үздіксіз, жалпыға ортақ және белсенді болып қалыптасатын жүйе.

  Жабдықтаушылар және тұтынушылармен қарам-қатынас – олардың   кәсіпорын сапа менеджменті жүйесіне  9001 ИСО ХС сертификаты бар болуына байланысты құрылған.

  Кешенді менеджмент жүйесі – 1990- 1999 жылдарды қамтып отырған бесінші кезеңде пайда болған жүйе болып табылады. Бұл жүйе толығымен Арманд Фейгенбаумның (6-сур. қараңыз, ) еңбектерінде дайындалған.

 Кезеңді экологиялық жағдайдың нашарлануына байланысты өнеркәсіптің қарсы жауабы ретінде есептеуге болады. Осыған орай, қоршаған орта мен өндіріс арасындағы қайшылықты, өндірістік үдерістің барлық жақтарын гуманизациялау және жалпы қоғамда, өндіріс саласында да қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру арқылы жою қажеттілігі пайда болды. Бұл ISO 14001, QS 9000 стандарттарының туындап енгізілуіне, Европалық және Американдық сапа сыйлығы модельдері бойынша өзін-өзі бағалау әдістеріне, сапа негізінде басқаруда маркетингтің, ақпараттың және бенчмаркингтің ролінің күрт өсуіне алып келгендігін көрсетеді.

  Әр компания  тек нарықта сұранысы бар ноу-хау негізінде басқалардан нені жақсы істей алады, тек соны ғана өндіретіні анық.

  Фейгенбаумның бұл жүйесінде сапа дегеніміз – бұл  қоғамның, акционерлердің, тұтынушылардың, персоналдың талаптарын қанағаттандыру ретінде түсіндіріледі және кәсіпорынның  тұрақты даму стратегиясына айналады.

  Уәждеу жүйесі – әлеуметтік-психологиялық әдістерді, сапа негізінде басқаруға қызметкерлерді тартуды, сапаны өзіндік бағалауды және басқаларды қолдануды қарастырады.

  Оқыту жүйесі – жұмыс орындарында тәлімгерлік, өздігінен білім алу және өз бетімен оқу ұйымын құру арқылы үздіксіз және жалпыға ортақ ИМЖ  игеруіне  негізделеді, уәждеу бөлшегіне айналады.

  Жабдықтаушылар және  тұтынушылармен қарым-қатынас – олардың   ИМЖ бойынша сертификаттарының бар болуына құрылған.

  Соңғы алтыншы кезең (XXI ғасырдың басы) – жоғары жылдамдықпен этикалық өндіріс жүйесі болып табылады.

  Жүйенің негізін салушы - Билл Гейтс (7-сур.қараңыз, ), Майкрософт трансұлттық корпорациясының басқарушысы, ғаламшардың төртінші табысты милиардер-бизнесмені  (2013 ж. басында қаржылық ауқаттылығы  54 млрд. долларды құраған). Б.Гейтс «Бизнес со скоростью мысли» кітабында осы кезеңнің дүниетаным негізін баяндайды: «Таяудағы он жылда  бизнес өткен 50 жылмен салыстырғанда катты өзгереді».

  Соңғы кезең жүйесі ӨӨЦ барлық кезеңдерінде интегрелген (біріккен) менеджмент жүйесі бойынша (ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, SA 8000) өнім мен бизнес-үдерістердің сапасы жоғары жылдамдықпен өсуімен,  «виртуалды кәсіпорындардың» құрылуымен, қоғамның кеңістіктік шекарасының кеңейуімен, ақпараттық-коммуникативті технологияларды (АКТ) енгізумен сипатталады. Табысты фирмалар клиенттермен жұмыс істегенде кеңсешілік пен жемқорлықты жойып, өзіндік электронды инфрақұрылым негізінде жоғары шапшаңдықпен басқарып, 24 сағаттық экономика тәртібінде жұмыс атқаратыны туралы айтылған.

  Билл Гейтстің еңбектеріне сүйенсек, сапа ұғымы ауқымды түрде анықтама берілгендігін  көреміз. Олай болса, сапа – қоғам сұраныстарын тұрақты даму және әлеуметтік этика ұстанымдары негізінде, өнім мен қызметтің барлық өмірлік цикл кезеңдерінде компьютерлік,  ақпараттық технологиялармен катализдейтін тұтынушылардың жеке жобалары бойынша даусыз кепілдемелермен дәл уақытында және алдын ала қанағаттандыру.

  Бес жүйеде де көрсетілген уәждеу және оқыту жүйесіне алтыншы кезең жүйесінде тоқталып кетсек, онда уәждеу жүйесі – персоналдың бенчмаркинг ұстанымдары арқасында ақпараттық озу әдістерін пайдалануын мадақтайтыны, ал оқыту жүйесі – қашықтықтан, жалпыға ортақ, адын ору, үздіксіз, айқын және жұмыс орындарында ақпараттық технологияларды, ИМЖ және жағдаят менеджментін қызметкерлерге ыңғайлы қарқында және оқу траекториясында  игеруге  негізделетінін көреміз.

  Бұл кезең жүйесіндегі жабдықтаушылар және тұтынушылармен қарым-қатынас жүйесі олардың  ИМЖ бойынша сертификаттарының бар болуына құрылғандығы айтылады.

  Жоғарыда айтылған барлық кезеңді қорытындылай келе, әр кезеңнің уақыты мен негізін салушыларында  айырмашылық болғанымен, барлығының көздегені – сапаны үнемі және ұдайы жақсарту, тұтынушыларды толықтай қанағаттандыру және  бәсекеге қабілетті, сапалы, төмен бағалы өнім шығару [5].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2 Сапаны басқарудың Кеңестік модельдері

 

          Бұрынғы КСРО – да 1950 – 1980 жылдары, әсіресе әскери – өнеркәсіптік кешенде және көпшілік тұтынатын тауарлар өндіру саласында бірнеше тиімді сапа негізінде басқару жүйелері құрылып та, пайдаланылып та отырды.

         1967 жылы Мемлекеттік сапа белгісі  бекітілді, ол сапаны «жоғары»  деп мойындалған көпшілік тұтынатын  және өндірістік – техникалық  бағыттағы тауарларға қойылатын  болған.

         Сондай – ақ маңызды практикалық  мағынасы бар болған 1970 жылы шығарылған  КСРО Үкіметінің «Шығарылатын  өнім сапасын жақсартудағы стандарттардың маңызын көтеру туралы» қаулысы да бар.

         Сапа негізінде басқарудың теориялық  аспектілерінің дамуына кеңес  ғалымдары Гличев А.В., Азгальдов  Г.Г., Бойцов В.В., Субетто А.И., Воронин Г.П., Лапидус В.А., Калита П.Я., Адлер Ю.П., Рубаник Ю.Т., Рождественский В.Л. және тағы да басқа үлкен үлес қосты.

         Сапа негізінде басқару бойынша бір қатар кешенді жүйелер дайындалған болатын, соларға тоқталып кетсек:

         БИП – Саратовтық ақаусыз өнім дайындау жүйесі, 1955 ж. Бұл жүйе мәні – технологиялық  операцияларды қатаң орындау, жақсы жағы – техникалық құжаттардан шегінбейтін өнім дайындауды қамтамасыз ететін алғы шартын құру, сапа критерийі - өнімнің ТББ алғашқы ұсынылып тапсырылған пайызы, кемшіліктері – іс әрекет саласының шектелгендігі (негізгі өндіріс).

         КАНАРСПИ – алғашқы бұйымдардан бастап сапа, сенімділік, ресурс, Горький қаласы, 1958 ж. Жүйенің мәні – құрылымның және өндірістің технологиялық дайындығының жоғары деңгейі, жақсы жағы – бұйымның сенімділігін арттыру, сапа критериі – бұйым сапасының белгіленген талаптарға сәйкестігі, кемшіліктері – тұтынушыға тиісті бейімделудің жоқтығы.

         НОРМ – қозғалтқыштардың моторесурстарын көбейту бойынша жұмысты ғылыми ұйымдастыру, Ярославль қаласы, 1964 ж.  Жүйе мәні – бұйымдар сапасын және техникалық деңгейді арттыру, артықшылығы – қозғалтқыштардың ресурстарын ұлғайту, сапа критериі – моторесурстың жоспарланған деңгейінің  бірінші күрделі жөндеуге дейінгі сәйкестігі, кемшіліктері–  тұтынушыға тиісті бейімділігінің жоқтығы.

         КС УКП – өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі, Львов қаласы, 1975 ж. Жүйенің негізі мәні – өнім сапасын  стандарттау негізінде басқару, артықшылығы – бәсекеге қабілетті өнім жасау, сапа критериі – өнім сапасының әлемдік аналогтарына сәйкестігі, кемшіліктері – кәсіпорындардың экономикалық  қызығушылық танытпайтыны.

         ЕСГУКП – өнім сапасын бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі, 1978 ж. КСРОР Мемлекеттік стандарты даярлаған. Жүйе бойынша өнім сапасын басқару орталықтандырылған болуы тиіс, бірақ елдің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында ол өзінің өзектілігін іс жүзінде жоғалтты.

         Жоғарыда аталған жүйелердің  бірнеше оң белгілері болған, олар: сапа негізінде басқарудың  кейбір мәселелерін шешуде табысқа  жетуді қамтамасыз еткен, өндірісті  жетілдіруде ауқымды жұмыстар  атқарылған. Бірақ олардың көпшілігі, ең алдымен, өндірушінің мүдделерін бейнелеген және өндіру мен өтімнің барлық мәселелерін тиісті дәрежеде қамтымаған, өнімнің тұтынушысы мүддесіне бағытталмаған.

         Сонымен қатар, аталған жүйелердің  кейбір ұстанымдары 9000 сериялы ИСО  ХС тұжырымдамасына өте жақын  болған, мысалы, өнімнің маркетингісінен  бастап жоюға дейін «Сапа ілмегінің»  негізі кезеңдері. «Сапа ілмегінің» барлық кезеңдері іс жүзінде КС УКП (өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі) моделінде ӨӨЦ кезеңдері және сатылары  ретінде немесе сапаны басқарудың функциясы түрінде болды деп айтуға болады. Сапа 5 – жылдықтары жарияланды, үздік бұйымдарға «Сапа белгісі» берілді, бірақ  Мемқабылдау (Мемстандарттың жазалау семсері) және ТББ (технологиялық бақылау бөлімі) КСРО – да келесі себептермен өмір сүре алмады:

  • кәсіпорындардың өнім сапасын арттыруда экономикалық қызығушылығының болмауы;
  • кейбір кәсіпорындарының белгілі номенклатурадағы өнімдерді шығаруы монополизация жағдайында бәсекелестіктің болмауы;
  • «адам факторын» толық пайдаланбау – сыртқы және ішкі тұтынушы, сатып алушы (адам) – қоғам винтигі ретінде сапа мәселелерінен алшақтатылды, оның пікірімен санаспады;
  • өнімді бақылайтын жүйе мен әдістердің жетілмегендігі, яғни өнім сапасы негізінде оның шығысында бақыланды;
  • өндірістік қызметте үдерістік және жүйелі амалдар мүлдем қолданылмады;
  • ел өзінің жаппай көрсетінді, жасанды, жалған сапа жетістіктерімен батпаққа терең батты;
  • бірінші басшылар тарапынан сапа негізінде басқаруды ұйымдастыруға салғырт қарауы және сапаның жағдайы үшін барлық жауаптылықты ТББ жетекшісіне жүктеуі, олардың арасында «сапа үшін» және «жоспар ушін» жұмыстарында қарама – қайшылықтар тудырды;
  • өнім сапасы жоғарыдан әкімшілік мәжбүрлеумен ынталандырылды және негізінен бақыланды, бірақ басқарылған емес;
  • ақаулы бұйымдар үлесі жоғары болды (30-40%), оларды жою мемлекет үшін тиімсіз болғандықтан, олар жасырылды.

Информация о работе Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері