Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 21:14, курсовая работа
Бұл жұмыста қарастырылып отырған сұрақ жалпы сапа менеджменті туралы түсінік беру, даму кезеңдерін қарастыру және басқарудың заманауи және кеңестік модельдеріне тоқталуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылады:
Сапа менеджментінің қалыптасуы және дамуы
Сапаны басқарудың Кеңестік модельдері
Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері
Кіріспе ........................................................................................................................2
Бөлім 1 Сапа менеджменті жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Сапа менеджментінің қалыптасуы ....................................................................3
Сапа менеджментінің даму кезеңдері ...............................................................5
Бөлім 2 Сапаны басқарудың Кеңестік модельдері ................................................10
Бөлім 3 Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері ....................................13
Қорытынды ...............................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................
Мазмұны:
Кіріспе ..............................
Бөлім 1 Сапа менеджменті жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Бөлім 2 Сапаны басқарудың Кеңестік
модельдері ..............................
Бөлім 3 Сапаны басқарудың қазіргі
заманғы модельдері ..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
..............................
Қосымшалар ..............................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сапа менеджментінің эволюциясы және оны басқарудың модельдері.
Бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы сапа менеджментінің қалыптасуы мен оны басқарудың модельдері болып табылады.
Бұл жұмыста қарастырылып отырған сұрақ жалпы сапа менеджменті туралы түсінік беру, даму кезеңдерін қарастыру және басқарудың заманауи және кеңестік модельдеріне тоқталуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылады:
Жоғарыда көрсетілген тақырыптарды тереңірек ашу мақсатында, сапа менеджменті жүйесін құрушы ғалымдардың ойларын, жүйелерін қарастырамыз. СМЖ – нің даму кезеңдеріне бөлек – бөлек тоқталып, мағыналарына тереңірек үнілеміз. Сапаны басқару кезінде қолданылған кеңестік және қазіргі заманғы модельдерін салыстыру тұрғысында жан – жақты қарастырамыз.
Жалпы, сапа менеджменті – бұл сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы өнімді жасау, өндіру, эксплуатация және тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету және ұстап тұру болып табылады. Сапа менеджменті, яғни тауардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде (ену, өсу, толысу, сұранысты ұстап тұру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдық, техникалық және басқа да шаралар. Ал, сапа менеджмент жүйесі– бірімен бірі байланысты және бірге әрекет жасайтын элементтердің жиынтығы, сапа саласында саясат және мақсатты орындау үшін және іс – әрекетті жұмылдыру арқылы осы мақсаттарға жету, оның бағытын анықтау, талдау бойынша және сапа туралы мекемені басқару.
Сапа менеджмент жүйесінің [16]-шы кітапта көрсетілгендей, ең негізгі тапсырмасы – өнімнің әрбір бірлігін бақылау емес, жұмыста қателікке, ақауға алып келетін мүмкіндіктің ( төмен сапалы өнімдер және қызмет ) болмауын қарастыру. СМЖ кәсіпорындарының өнімдерін және қызметтің сапасын қамтамасыз етуге істелінген жұмыстың мақсаты – ол тұтынушылардың сұранысына қарай осы сапа арқылы олардың «ойынан шығу» .
Сапа менеджментінің әр түрлі салада болмасын, қоғамда болмасын өзіндік орны ерекше. Сапа менеджменті жоқ жерде, өндіріс те, бәсекелстік те, экономикалық даму да жоқ. Сол себепті, курстық жұмысымның тақырыбы сапа менеджментінің қалыптасуы мен дамуын және басқару модельдерін қарастыратын болғасын, оны түсінікті әрі жан- жақты ашу – басты мақсатым болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – қарастырылатын сұрақтарға толық тоқталып, жұмыс тақырыбын терең түрде ашу.
1 Сапа менеджмент жүйесінің қалыптасуы және дамуы
1.1 Сапа менеджментінің қалыптасуы
Қазіргі кезде кәсіпорынды басқару сапасын тікелей қызмет көрсету және өндірілетін өнімнің сапасымен, тұтынушылардың, қызызушылық танытқан жақтың талаптарын қанағаттандыру қабілеттілігімен, экономика және қоғамның жүйелік процесіне әрекет етуімен байланыстырады [1].
Тарихи тұрғыдан бірнеше отандық және шетелдік ғалымдардың пікірінше, сапа менеджменті кәсіпорынды сапа негізінде басқару туралы қолданбалы ғылым болып саналады.
Сапа – күрделі және көп критерийлі түсінік. Сапа критерийі функционалдық (тұтынушылық), эргономикалық, қолданушылық, эстетикалық және басқа да көрсеткіштер болуы мүмкін. Әртүрлі өнімдерде әрбір критерийдің мағынасы әртүрлі болады.
Сапалы өнім алу үшін бірнеше талаптар жиынтығын орындау керектігі түсінікті. Алдымен объективті факторлар:
Бұлар сапалы өнім алу үшін қажет объективті компоненттер. Бірақ олар сапалы бәсекеге қабілетті өнімді тұрақты және ұзақ алу үшін жеткіліксіз. Көп мәнге өндірістің субъективті факторлары ие. Олар: жұмысшылардың өз жұмыстарына қатынасы, мекеме басшыларының рөлі, жұмысшылар арасындағы қатынас және тағы басқа [2].
Менеджмент – ағылшын сөзі
«басқару», қоғамды қанағаттандыру
және пайда алу мақсатында
өндірісті ұтымды басқару
Жүйе – көзделген мақсатқа жету үшін құрылған өзара байланысты алуан элементтер жиынтығы.
Сапа менеджмент жүйесі – бұл кәсіпорынды, жүйені айқын ғылыми, ізгі басқару үшін және тұтынушыларды қанағаттандыру үшін өнімнің, үдерістің, басқару жүйесінің сапасын үнемі жақсартуды қамтамасыз ету үшін қажетті өзара байланысқан алуан бөлімшелер, үдерістер, ресурстар және нормативтік құжаттар жиынтығын қамтитын басшылықтың ИСО стандарттары бойынша қолданылатын құралы [3].
Сапа жүйесін дамытудың негізгі кезеңдерін гранкалық көрсету үшін кеңестік өңдірісте жақсы белгілі – «Сапа белгісі» қолданылды. Бұл фигураның шекарасы «Пентагон», бес тармақты жұлдызбен толтырылады және шыққан нәрсе «Сапа жұлдызы» деп аталады (1-сур. қараңыз, ).
Сапаны басқаруға көзқарастар
ХХ ғасырдың басы 20 жылдар
30-40 жылдар
50-60 жылдар
70-80 жылдар
90 жылдар
ХХІ ғасырдың басы
1.2 Сапа менеджментінің даму кезеңдері
Сапа менеджменті аясында
Американдық ғалым, инженер, менеджер,
«ғылыми менеджмент»
Жүйеге толығырақ тоқталатын болсақ, ол әр бұйымның сапасын оны дайындағаннан кейін, өтпелі және өтпелі емес калибрлерге өлшеуіш құралдар көмегімен – шаблондармен дәлдеп, шығыс бақылаумен сипатталатынын көреміз.
Тейлор жүйесінің мақсаты –
ақаулы өнімді сұрыптап және
жөндеп тұтынушыға жарамсыз
Фридерик Тейлор бұл жүйеде:
«Сапа – дайын өнім
Қандай да жүйені қарамасақ та, олардың өзіндік тірегі болады, сол сияқты, Тейлор жүйесіндегі ең басты тірек - өндіріс тиімділігін арттыруға жасалған, ондағы адам орнына механикалық қарау, оның барлық қызметін физикалық заңдарға теңеп және қызметкерден барлық адамшылықты бөлектеу.
Оқыту жүйесі - өлшеу қондырғысымен
кәсіптік жұмыс дағдысын
Жабдықтаушылар және
Тейлор жүйесі әр нақты бұйымның сапасын басқарудың тетігін берді, бірақ өндіріс – бұл үдерістер. Осыған орай көп кешікпей үдерістерді басқару қажеттілігі түсінікті болды.
1924 – 1950 жылдар аралығын қамтитын екінші кезең – сапаны статистикалық бақылау жүйесі немесе SQC деп аталады. Бұл жүйенің негізін қалаған американдық инженер және математикалық статистика саласындағы ғалым Уальтер Шухарт (3-сур. қараңыз, ).
Шухарт осы жүйені жетілдіру мақсатында өзінің бақылау карталары және өнім сапасын оны өндіру үдерісінде бағалау үшін Х. Доджаның стандарттық статистикалық қабылдайтын бақылау кестелерін енгізді, яғни жүйе жаппай бақылаумен және бөлек алынған дайын бұйымдардың ақауын, өндірістік үдерістерді талдау және басқару негізінде, олардың себептерін табу мен жою арқылы анықтаумен, олардың алдын алуға ауысуымен сипатталады.
Шухарт бұл жүйені құру кезінде жүйенің жетілуіне байланысты мақсат қойды, ол - технологиялық үдерістер тұрақтылығын қамтамасыз ету және өзгергіштіктерді азайту есебінен дайын бұйымдардың шығымын көбейту және сапасын жақсарту.
Уальтер Шухарттың анықтамасына мән берсек, сапа - өнім сипаттамаларының және технологиялық үдерістер тұрақтылығының стандарт талаптарына сәйкестігі ретінде түсіндіріледі. Тейлор ұсынған анықтамадан айырмашылығы, мұнда технологиялық үдерістер тұрақтылығының талаптарға сәйкестігіне көңіл бөлген. Осыған орай, Шухарттың бұл жүйесінің негізгі ұстанымдарын қарастырайық. Олар:
Уәждеу жүесі - сапалы қызмет ету үшін ақшалай сыйлық ақы ретінде материалдық ынталандыруды қарастырды, ал оқыту жүйесі - өнім және үдеріс сапасын талдау мен бағалаудың статистикалық әдістерін игеруге негізделген.
Информация о работе Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері