ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 13:31, курсовая работа

Краткое описание

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз - байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Содержание

Кіріспе 3
1. Жұмыссыздықтың теоретикалық аспектілері 5
1.1 Жұмыссыздық түсінігі және негізгі нысандары 5
1.2 Жұмыссыздықтың негізгі түрлері, көрсеткіштері 7
1.3 Жұмыссыздықтың әлеуметтік экономикалық салдары 9
2. ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы 12
2.1 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту саясаты 12
2.2 ҚР – да жұмыссыздық деңгейін талдау 17
2.3 Жұмыссыздық пен инфляцияның өз ара байланысы. Филипс қисығы 21
3. Жұмыссыздықпен күресудің мемлекеттің іс – шаралары 24
Қортынды 30
Қолданылған әдебиет 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

жумыссыздык курсовая.docx

— 394.47 Кб (Скачать документ)

Ал дұрысы - әр адам қазірден бастап өзінің мойнына қаншалықты жауапкершілік түсетінін білуге тиіс. Қазір біз табысқа амнистия (кешірім жасау) керек деп жатырмыз, сондықтан сол амнистиядан дұрыс нәтиже болу үшін, жарты жылдан кейін бе, бір жылдан соң ба, жалпыға бірдей декларациясын енгізу керек.

Жұмыссыздықпен, кедейлікпен  күрес – экономикалық тәсіл арқылы шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай, 3 жыл ішінде 400 мыңдай жұмыс орныны ашылу тиіс.

Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру

Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылып, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2006 жылға  белгіленген  еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4пайыз орындалады.

Республика бойынша 2006 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос жұмыс орнына орта есеппен 25 адам, ауылдық жерде – 137 адам таласты.

Жеке аймақтар бойынша алып қарағанда  Қарағанда облысында бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзінде 32,0 мың адам орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық, Солтүстік Қазақстан облысында – 5,1 мың адам, яғни 30,9 пайыз.Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,9 мың және 9,5 мың адам  немесе 20,1пайыз.,Қызылордада – 4,0 мың және 5,0 мың яғни 25,0 пайыз, Ақмола облысында – 5,0 мың және 6,0 мың, яғни 19,6 пайыз артық орналастырылды.

Жұмыссыздарды еңбекпен қамтудың төменгі көрсеткіштері бұрынғысынша Жамбыл облысында, бұл облыста жұмыс сұрап келгендердің тек 13,9 пайызы ғана орналыстырылған. Бағдарламада көрсетілген жоспарлы тапсырма бес облыста орындалмай қалды.

Еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің бір пошымы – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола. Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар.

Жаңа жұмыс орынын құру бағдарламасы бойынша 2000 жылы 146,2 мың жұмыс орнын құру болжамдалды , 2001 жылғы 1 қантарға 264,9 мың жұмыс орны құрылды , оның 204,6 мыңы (77 %) – тұрақты жұмыс орындары. Сөйтіп, республика бойынша бағдарламада белгіленген жоспар 181,2 пайыз орындалды.

Ең көп жұмыс орны (83,3 мың) шағын бизнес саласында ,өнеркәсіпте – 63,0 мың және шаруашылығында – 30,2 мың жұмыс орны құрылды .

Бағдарламада қаралған жоспарлы тапсырма тек үш облысты – Павлодарда (44,1 %) , Ақмолада (56,9 %) , Қызылордада (61 %) – ғана орындалмай қалды .

Бағдарламадығы жұмыс орнын құру жөніндегі жоспарлы тапсырманы орындау көрсеткішінің ампилитудасы 110 және 515 пайыз аралығында болды. Жұмыс орнын құру мына облыстарда белсенді жүгізілді : Қарағандыда – 424,3% , Оңтүстік Қазақстанда – 515,3 % , Солтүстік Қазақстанда – 497,2 %.

Бұл көрсеткіштер қаржы жұмсау мүмкіндігінің және тұтас алғанда , экономиканың жандана бастағанының куәсі бола алады . Алайда , жұмыс орындарын құрудың қарқыны еңбек базарындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейін толық мөлшерде қанағаттандырмайды .

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота бекітілген-ді. Квота есебінен 2005 жылы 23,0 мың адам (20 жасқа дейінгі жастар, кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз басты және көп балалы ата-аналар, оралмандар, бір жылдан астам жұмыссыз жүрген адамдар және басқалар) еңбекке орналастырылды .

Алайда, әлеуметтік қолдауға аса зәру азаматтарды жұмысқа алу үшін жұмыс берушілерде айтарлықтай экономикалық ынта жоқ, бұл оларды жұмысқа орналастыруды қиындатады .

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңында халықтың еңбекке орналасуда қиыншылық көріп отырған атаулы топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту белгіленген . Ол топтар : жеткілікті қамтамасыз етілмегендер; 21 жасқа дейінгі азаматтар, жетім балалар және ата-ананың көмегінсіз қалған балалар; кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жеке басты және көп балалы ата-аналар ; Казақстан Республикасы заңдарына сәйкес қарамағында үнемі көрсетілетін күтімге, көмек пен бақылауға мұқтаж деп танылған адамдары бар азаматтар; зейнеткерлікке шығар алдындағы жастағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығарға екі жыл қалған), мүгедектер; Қазақстан қарулы күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыратын жерлерден және ықтиярсыз емдеуден босатылған адамдар; оралмандар .

2006 жылдың 1 каңтарына қоғамдық  жұмыстарға 116,3 мың жұмыссыз қатысты , бұл жұмыспен қамту органдарына  өтінішпен келген азаматтардың  жалпы санының 31,6 пайызын құрайды  яғни 2005 жылдың 1 қантарына (59,3мың адам  болған) қарағанда екі есе көп . Бағдарламада республика бойынша  қоғамдык жұмыстарға 71,8 мың адамды  катыстыру көзделсе , іс жүсінде 114,1 жұмыссыз осындай жұмыспен  қамтылды , яғни жоспар 158,9пайыз орындалды . Жоспарлы тапсырманы республиканың  барлық аймақтары орындап шықты . Ең жоғары көрсеткіш Алматы  облысында – 6,8есе және тапсырма  Қостанай , Ақтөбе , Атырау , Маңғыстау  облыстарында және Алматы қаласында  орта есеппен 2,5 орындалды .

Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуі  барлығы 897,5 миллион теңге белгіленгенді , одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион теңге , яғни жалпы соманың 68,8 пайызы .

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне акы төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс . Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық ақысы 2,5 теңге болды және ол 2005 жылға ең төменгі жалақыдан (2680 теңге) асқан жоқ . Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқадай төлемдер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік салық ұсталады . Сондықтан 897,5 миллион теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан кейін бағдарламаны жүзеге асыруға 664,2 миллион теңге қалады , бұл өз кезегінде істелетін жұмыстың көлемін де , онымен қамтылатындардың санын да кемітеді . Табыс салығы ақша төленетін жерде ұсталады және оның көлемі 125 теңгедей . Сөйтіп жұмыссыздар қолына қоғамдық жұмыс үшін 2375 теңге алады .

Республиканың «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру , каржыландыру және төлеу тәртібі өзгертілді.

Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады , ол республикалық және жергілікті бюджеттен , сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырылады .

Жалпы экономикалық ахуалды ескере отырып , (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы күшіне сұранымның төмендеуі , жаңа жұмыс орындарын құрудың төмен қарқыны , жұмыс берушілердің жергілікті жұмысқа орналастыру органдарына бос орындар жайына ақпарат беруге ынтасының төмендеуі , кәсіптік  оқытуға міндетті түрде төрт жақты келісім шарт жасау жатады) бағдарламаны әзірлеу кезінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту басым бағытқа жатқызылды . Осыған байланысты бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларына қараған қаражаттан 2005 жылы қоғамдық жұмысқа 72,4 пайызы , кәсіби оқытуға 17,5 пайызы жоспарланды .

Бағдарлама бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа орналастырылды , 272адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды .

Бағдарлама бойынша жұмыссыздарды оқыту жөніндегі тапсырманы қамтамасыз етпегендер : Солтүстік Қазақстан облысы – 12,7% , Жамбыл – 19,8% , Павлодар – 62,2% , Алматы – 76,4% , Шығыс Қазақстан – 77,0% , Қызылордада – 77,1% , Ақмола – 84,0% .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Cонымен қорытындылай  айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі  қазіргі кезде бүкіл дүние  жүзі бойынша ауқымды да, күрделі  мәселеге айналып отыр. Американдық  еңбек базарында жүргізілген  көптеген зерттеулер жұмыссыздық  негізгі мінездемелерін анықтап  берді. Олар қатарына жұмыссыздық  дәрежелері арасында жасы, жынысы  және еңбек тәжірибелеріне байланысты  ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру  мен жұмыссыздықты өсіруі және  азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің  циклдік сипатта болуы, көпшілік  тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз  қалуы жатады.

Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.

Біздің елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады

Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға     болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.

Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік - саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыру және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.

Республика бойынша және оның  жеке аймақтары бойынша да кедей адамдар да , жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамадар есебінен көмек көрсету керек. 

Біздің болашағымыз -  жас өспірімдер. Жұмыссыз жас өспірімдердің көбі  -  жұмыс күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Егер жастардың жұмыс іздеуге кеткен уақыты қысқартылған болса, онда олардың арасындағы жұмыссыздықты азайтуға болар еді. Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.

Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз керек:

Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу керек, жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте жалақыны өсіру.

Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп, олардың өз кәсібін ашуына көмек жасауға көмек көрсету.

Шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскелер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орындарына мамандығы мен білікті бар адмдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай  ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы қажет.

Сонымен, жұмыссызыдық деңгейін төмендету шараларын асыруға қажетпіз. Біз Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуі тисті және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруымыз біздің міндеттімізге жатады.Біздің  көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет

 

 

1  Ө.Шеденов «Жалпы экономикалық  теория» Алматы - 2002ж. 100бет.

2  А.Мейірбеков «Кәсіпорын экономикасы»  Алматы - 2003ж. 240 бет.

4  В.Крымова «Экономикалық теория»  Алматы - 2003ж.  300 бет.

5  Н.Мамыров «Макроэкономика»  Алматы - 2003ж. 160 бет.

6  А.Куликов  «Экономикалық теория негіздері» Шымкент - 1993ж.

7 Б.Медешев «Нарықтық экономика теориясына кіріспе» Алматы - 1995ж. 40 бет.

  8 Мауленова С.С. Экономикалық теория, Алматы-2004 жыл.

  9 Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу, Ақиқат-№2, 2003жыл.

10 Қазақстан әйелдері мен ерлері (статистикалық жинақ), Астана-2007жыл.

11 Кедейлікпен және жұмыссыздықпен  күрес жөніндегі 2000-2002 жылдар. 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы