ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 13:31, курсовая работа

Краткое описание

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз - байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Содержание

Кіріспе 3
1. Жұмыссыздықтың теоретикалық аспектілері 5
1.1 Жұмыссыздық түсінігі және негізгі нысандары 5
1.2 Жұмыссыздықтың негізгі түрлері, көрсеткіштері 7
1.3 Жұмыссыздықтың әлеуметтік экономикалық салдары 9
2. ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы 12
2.1 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту саясаты 12
2.2 ҚР – да жұмыссыздық деңгейін талдау 17
2.3 Жұмыссыздық пен инфляцияның өз ара байланысы. Филипс қисығы 21
3. Жұмыссыздықпен күресудің мемлекеттің іс – шаралары 24
Қортынды 30
Қолданылған әдебиет 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

жумыссыздык курсовая.docx

— 394.47 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе           3

1.  Жұмыссыздықтың теоретикалық аспектілері     5

1.1  Жұмыссыздық түсінігі және негізгі нысандары     5

1.2  Жұмыссыздықтың негізгі түрлері, көрсеткіштері    7

1.3  Жұмыссыздықтың әлеуметтік экономикалық салдары    9

2.  ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы     12

2.1  Жұмыссыздарды жұмыспен қамту саясаты      12

2.2 ҚР – да жұмыссыздық деңгейін талдау      17

2.3  Жұмыссыздық пен инфляцияның өз ара байланысы. Филипс қисығы  21

3.  Жұмыссыздықпен күресудің мемлекеттің іс – шаралары   24

Қортынды           30

Қолданылған әдебиет         32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

    Жұмыссыздық  әлемдегі орталық проблеммалардың  бірі болып табылады және де  ол бір жүйеден екіншісіне  өтетін елдерде кең байқалады.

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз - байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Жұмыссыздық  – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.

Берілген курстық жұмысты таңдағанымның негізгі себебі мынада: ҚР – да жұмыссыздық ең маңызды проблемалардың бірі. Олармен танысу, шешу жолдарын табу, көрсеткіштерді зерттеп, жұмыссыздық деңгейін талдау және жұмыссыздықпен күресіу іс – шаралары мен жолдарын табу.

Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.

Тақырыптың өзектілігі берілген курстық жұмыстың мақсатын да анықтап берді – жұмыссыздықтың мәнін, олардың түрлерімен және жұмыссыздықпен күресу жолдарын табу.

Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыстың  бірінші бөлімінде Жұмыссыздықтың  теоретикалық аспектілері жалпы  сұрақтарын қарастырылдым, оның  ішінде жұмыссыздық тұсінігі  және негізгі нысаны, негізгі  түрлері, көрсеткіштері және  жұмыссыздық  әлеуметтік экономикалық салдары  тоқталу міндет болды.

Ал курстық жұмыстың екінші бөлімінде ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы, оның деңгейін талдау, жұмыссыздық деңгейін анықтау қарастырдым.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімін Жұмыссыздықпен күресудің мемлекеттік іс – шаралары қарастырған едім.

 Анықтама бойынша  жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің  жасауға қабілетті жұмыс таба  алмау.

Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда.

Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.

Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Жұмыссыздықтың  теоретикалық аспектілері

 

 

    1. Жұмыссыздық түсінігі және негізгі нысандары

 

Тұрғындар дегенде қоғамның басты құрамы – адамдар өмірінің жиынтығындағы ұдайы өндірістегі қайталанбалы үдерісте табиғи тарихи қалыптасуы түсініледі.

Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді – еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бойынша жарамды жанның жұмысқа қабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресірстары қалыптасады (жұмыс күштері) – қоғамдық өндіріске кіруге дайын немесе кіріскен бөлігі. Еңбек ресурстардың құрамында табыс әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар – экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады.

Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және оларды еңбекке қосымша салалар бойынша бөлумен сипатталады.

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынығы және қазіргі тарихында ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлы мектепөкілдеріәртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік ториябұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспенедігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы – жұмыссыздықжалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады,яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері – «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.

Жұмыссыздық – еңбек нарығының бір тұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.   

Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Жұмыссыздық – еңбекке қабілетті адамдардың (жұмыс күші) жұмыс істемеуі.

Жұмыс күші (ересектер-16 жастан 58 жасқа дейін) =жұмыс істейтіндер саны + жұмыс істемейтіндер саны.

Жұмыс күшіне жатпайтындар – 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар.

 

Жұмыссыздық  – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.

Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.

Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.

Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.

Жұмыссыздық туралы экономистердің көзқарастары:

К. Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден – капиталдың қорлануымен, екіншіден - техника прогрессімен болатындығын айтады.

Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымының төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді.

Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисті Кембридж университетінің профессоры А.Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теориясы» кітабында баяндады.

Жұмыссыздық – қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұранытан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді дегенді білдіреді. Жұмыссыздықтың нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір шамасы болады. Егер жұмыссыздар саны сол шамадан асып кетсе, онда ол нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал қажетті деңгейінде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Нарықтытық экономика сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарықтық экономикаға жұмысқа қабілеті бар қызметкерлер ғана қажет.

  Халықты жұмыспен қамту өте өткір проблеманың бірі болып отыр. Оның түп негізгі елімізде жаңа жұмыс орындарын құрудың экономикалық және құқықтық тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң қабылдау күн тәртібінде тұруы тиіс.

Дамыған елдерде соңғы 20 – 25 жыл ішінде жұмыссыздық деңгейіне айтарлықтай өсіп оты (8 – 12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін төмендетеді нәтижесінде біліктілігі жоқ мамандар арасындағы төлем ақының көлемі төмендейді.  Ше-телдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды.

 

 

    1. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері,  көрсеткіштері

 

Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін – жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі  болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.

Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.

Енді жұмыспен толық қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты  – құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз.

 Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыссыздық еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.

Экономистер «құрылымдық» терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.

Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді.

Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады. Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.

Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды

Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды

1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңейе түсті. Осы аталған жылдық желтоқсан айының өзінде-ақ 138 (адам) мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.

Ымыраға келмеушілік – еңбек нарығының әрдайым өзгерістерге болуынан туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері жұмыс істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса,  енді бірі оны жұмыстан босатып жатады. Адамға жұмыс табу үшін уақыт қажет.

Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз -  жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық.

Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффиценті құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орнынан екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б. Осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды.

Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.

Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.

Информация о работе ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы