ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 13:31, курсовая работа

Краткое описание

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз - байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Содержание

Кіріспе 3
1. Жұмыссыздықтың теоретикалық аспектілері 5
1.1 Жұмыссыздық түсінігі және негізгі нысандары 5
1.2 Жұмыссыздықтың негізгі түрлері, көрсеткіштері 7
1.3 Жұмыссыздықтың әлеуметтік экономикалық салдары 9
2. ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы 12
2.1 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту саясаты 12
2.2 ҚР – да жұмыссыздық деңгейін талдау 17
2.3 Жұмыссыздық пен инфляцияның өз ара байланысы. Филипс қисығы 21
3. Жұмыссыздықпен күресудің мемлекеттің іс – шаралары 24
Қортынды 30
Қолданылған әдебиет 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

жумыссыздык курсовая.docx

— 394.47 Кб (Скачать документ)

 

Сурет 5 - Жастардың саны 15-24 жастағы және оның Жалпы халық санының 1999 – 2009 жылдары (бастапқы кезең) көлемі бойынша. 

 

 

Халықтың санының өсуімен бірге Қазақстан Республикасының жастар санының өсу тенденциясы байқалады. 15 - 24 жастағы 2008 жылы 3044,8 мың.адамға дейін, және кейбіреуі түсіп саны 2009 жылдың басында 3029,0 мың.адамға жетті.

Қазақстан Республикасының статистикасы жұмыссыздардың жалпы саны жастар үлесі (15 – 24 жас) 17,3% және 96,6 мың.адам. Жастардың жұмыссыздық деңгейі 2001 – 2008 жылдар кезеңінде  19,1% - дан 7,4% - ға дейін төмендеп жалпы жұмыссыздық деңгейімен тең болды. 

 

Сурет 6 - Жастардың және үлкендердің  жұмыссыздық деңгейі 1999 – 2008 жылдары, пайызбен.

 

Қазақстанда білім бойынша негізгі топ жастардың жұмыссыздығы 15 жастан – 24 жасқа дейін жас адмдар орта біліммен болып келеді. Назар аудару қажет, білім деңгейі бойынша жастардың жұмыссыздық 15 – 19 жастағы еңбек нарығында жас адамдар орта жалпы білімімен (55,8%  2008 жылы) ұсынылған, орта мамандандырылған (19,3%), жоғары немесе жоғары оқу орынын аяқтамаағн (14,2% және 16,9% құрайды). Жалпы айтқанда жастардың жұмыссыздық 20 – 24 жастан жоғары, 15 – 19 жастағы топ 78% - ға дейін жастардың мамандандырылған білімі жоқ және төмен мамандандырылған болып келеді.

 

Сурет 7 - Жастардың жұмыссыздық білімінің деңгейі жасқа байланысты топ 2001 – 2008 жыл.

 

15-19 жас

20-24 жас


 

 

 

2.3 Жұмыссыздық  пен инфляцияның өз ара байланысы. Филипс қисығы

 

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың жұмысыздық қатары тағы бір көрінісі – ол инфляция.    

 Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады.

Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар. 
  Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:  
   - Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі;

     - Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді;

        - Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі;  
 - Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі;

   - Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

    Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.

Инфляция деңгейі % мұның мағынасы: жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.

 К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

  Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді.

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлеккеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу, инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филипс (1914 ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал «Филипс қисығы» деп аталды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба 1 – Филипс қисығы

 

Неоклассикалық теорияға сыймайтын екінші мҗн жалақыныһ озгерту мі мен сңраным мҡлшері аралығындағы байланыстан туындайды. 1958 жылы

Экономикалық мектептің профессоры А. В. Филлипс рольдіктегі 1861 жылыдан 1957 жылға дейінгі жалақыны5 зерттеді нәтижесі көрсетіледі.

Филлипс қисық сызығы жұмыс мөлшері мен ақшалай жалақы мөлшерінің аралығындағы қарама қарсыдлық. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлұм төмендей береді. Басқаша айтқанда, жалақы инфляциясы мен жалақы өзара байланыс бар.

  Филлипс қисық сызығы жалақы инфлядиясыныһ мөлшері жұмыссыздық мөлшері бойынша көбейетінін көрсетеді. Осы кезеңдегі жалақы—W, күткен си-гі жалақыны W.t, жалақы инфляциясының мөлшерін gw деп белгіленеді.

 

 

3. Жұмыссыздықпен күресудің мемлекеттің іс – шаралары  

 

Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының  қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір - біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:

  • кадр дефициті
  • жұмыссыздық.

Университеттер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет:

- жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән;

- жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады;

-  жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.

Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:

-  білім беру;

-  жұмыс табуға көмек т.б.

Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн. 

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы”, “Әлеуметтік атаулы көмек туралы” заңдарын, “кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасын” іске асыру бойынша жұмысы өткізілуде.

Жұмыспен қамту Департаменті қызметкерлерінің айтуы бойынша, “мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға кепілдік береді, халықтың мақсатты топтарының жұмысқа орналастыруына, бірінші кезекте тұрмыс жағдайы нашарларға, 21 жасқа дейінгі жастарға, жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, 25 жасқа дейінгі ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, жалғыз басты және көп балалы аналарға, мүгедектерге  көмек көрсету жөніндегі қосымша шараларды қамтамасыз етеді.

Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған  және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету табылады.

Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолдарымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру, әлеуметтік  бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде  кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмақ. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндетті көзделіп отыр.

Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, бағдарламада  оның негізгі себептеріне де айрықша көңіл бөлінеді. Оларды анықтау бағдарламада кедейлік пен жұмыссыздықпен күресті ұйымдастырудың алғы шартты іспетті болды. Ашығын айтсақ, мемлекет ештеңені де жасырып отырған жоқ, жасыру мүмкін де емес. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі  өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа да адамдар есебінен көмек көрсету керек. Оларға қайтіп көмектесуге болады? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын өсіру. Бұл жөнінде бағдарламада ашық жазылмаса да, жалақыны 2005 жылға дейін 30 пайызға өсіру белгіленіп отыр. Осы мәселе жөнінде Елбасының да берген тапсырмасы бар. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға көмек жасалмақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға қоймақпыз.

Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.

Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық  жұмыстарға  уақытша орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен  қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.

Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.

Бағдарламада халықтың еңбекке жарамайтын топтарына әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада қаралады.

Бағдарламада жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу қарастырылған. Республикада 46 балалар үйі және 180отбасына ұқсас балалар үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек көрсетіледі.

Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге болаты, оның әр саласы бойынша анықталған.

2003-2006 жылдары жұмыс орныдарын  құрудың басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық  тыңайтқыш өндіру, машина жасау                                          сондайақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты салалары жатады.

Қазіргі кезде атаулы көмек көрсету жөнінде заң жобасын дайындалып, ол парламент мәжілісінде бірінші оқылымда құлданды. Әрине біз адамдарды жатып ішерлікке итермелеуіміз керек қой. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуымыз керек. Бұрынғы жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі.  Еңбек етпеген адам жатыпішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғаны да есімізде.

 Бағдарламаның жүзеге  асуын қадағалап,  отыру үшін  оның өлшемін жетілдіру керек.  Сондықтан біздің алдымызда тұрған  бір мақсат – халықтың тұрмыс  деңгейін өлшеу тетіктерін жетілдіру. Әйтпесе болмайды. Шынын айтсақ, бүгінгі күнгі Мемлекеттік статистика  агенттігінің халықтың табыс  деңгейі туралы келтіріліп миллиондай, ал оның салық төлейтіні 3,0 миллиондай  ғана. Көп адамдар ұсақ саудамен  айналысып, табыс алады. Бірақ табысын  жасырып, салық төлемейді.Табыстың  басқа да толып жатқан көздері  бар. Бірақ жаппай табыс декларациясы  болмағандықтан әр адамнан қалай  және қанша табыс тауып жатқанын  ешкім сұрамайды.

Информация о работе ҚР – да жұмыссыздықтың жағдайы және дамуы