Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 08:57, реферат
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Маңғыстау облысы және Батыс Қазақстан аймағындағы ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Компания 1964 жылы құрылған. Компанияның бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық кешенді орындап, объектіні дайын күйінде тапсыратын бас мердігерлік құрылыс мекемесі болып табылады.
Компания келесі бөлімшелерден тұрады:
• Компанияның басқару аппараты
• Механизация және автокөлік басқармасы
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды көтерудің, жоспарлаудың негізгі формасы болып техникалық дамуының, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның техникалық қайта құралдануының жоспары табылады.
Техникалық даму және өндірісті ұйымдастыру жоспарында негізгі өндірістік қорларды пайдалануды көтеру шаралары келесі тарауларға топталған:
Қорытынды
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-де жоғары өнімділіктегі құйматас зауыты, жинақы құйматасараластырғыш құрылғысы, құйматас тасымалы сораптары және т. б. бар.
Құрылыс материалдарын және құрылымдарды заманауи зерттеудің толық спектрлерін қамтитын жоғары технологиялық құрылыс зертханасы жасақталған.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і құрылыс-құрастыру жұмыстарының барлық түрімен айналысады.
Құрылыс шаруашылығының экономикалық тиімділік көрсеткіштер жүйесіне еңбек өнімділігі және құрылыс ұйымдарының негізгі өндірістік қорларын пайдалану деңгейі басты орын алады. Құрылыс шаруашылығы өнеркәсіпке қарағанда өндірістік негізгі қорлардың белсенді құрылымына ие болады. Құрылыс ұйымдарының өндірістік қорларында басты орынды машиналар және құрал-жабдықтар алады, сонымен қатар едәуір мөлшерде технологиялық функцияларды орындайтын көлік құралдары.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
2) перспективаға мақсатталу.
Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:
2011 жылы ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге
2012 жылы ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге
2012 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.
Қор қайтарымның өзгерісін сипаттайтын индекс:
Iфо = ФО1/ФОо
Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%
яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:
Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.
Кәсіпорынның өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оны тиімді қолданудың анализін жүргізгенде барлық құрал-жабдықтарды оның өндіріс процесіне қатысуы бойынша мақсатқа сай топтау қажет.
Құрал-жабдықтар сәйкесінше келесі негізгі құраушыларды кірістіреді: нақты бары, орнатылғаны және әрекеттегісі. Нақты құрал-жабдықтарға кәсіпорынның иелігіндегі барлық, қай жерде орналасқанына (цехтарда, складта) және қандай жағдайда екеніне байланыссыз құрал-жабдықтар кіреді. Орнатылған құрал-жабдықтарға жұмысқа дайындалған және жөнделген цехтарда орналасқан, тіпті орнатылған құрал-жабдықтардың бір бөлігі резервте, жоспарлық жөндеуде, концервацияда, модернизациялауда болуы да мүмкін құрал-жабдықтар кіреді. Әрекеттегі құрал-жабдықтар – бұл ұзақтығына байланыссыз есептік кезеңде іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе "Мұнайгазқұрылыс" ЖШС-на жалпы сипаттама