"Мұнайгазқұрылыс" ЖШС-на жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 08:57, реферат

Краткое описание

«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Маңғыстау облысы және Батыс Қазақстан аймағындағы ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Компания 1964 жылы құрылған. Компанияның бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық кешенді орындап, объектіні дайын күйінде тапсыратын бас мердігерлік құрылыс мекемесі болып табылады.
Компания келесі бөлімшелерден тұрады:
• Компанияның басқару аппараты
• Механизация және автокөлік басқармасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

otchet.doc

— 306.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Кесте 4

 

«Қор қайтарым өсімін есептеу үшін бастапқы мәліметтер»

 

Көрсеткіштер

Базистік жыл

Есептік жыл

(2012 жыл)

Абсолютті өзгеріс

мың  тг.

Өсу

коэф.

1. Өнім көлемі, мың тг.

56997,8

152617

+95619

2,8

2. Негізгі қорлардың орта  жылдық құны

66735

 

73855

+7120

1,107

3.Қорқайтарым, тенге

0,854

2,066

+1,212

2,419

4. Негізгі қорлардың қорқайтарымы

1,171

0,484

-0,687

0,413


 

Есептік жылда өнім көлемі 95619 мың тенгеге өсті, оның ішінде:

    1. Негізгі қорлар көлемінің өсуі есебінен:

ΔQ(Ф) = ФОо(Ф1 - Фо)     (2.15)

   ΔQ(Ф) = 0,854 · 7120 = 6080,48 тг.

 

  1. Негізгі қорларды тиімді қолдану есебінен:

ΔQ(Ф) = (ФО1 - ФОо) · Ф1     (2.16)

ΔQ(Ф) = 1,212 · 73855 = 89512,26 тг.

 

  Осы екі фактордың бірігу әсерінен өндіріс өнімі 95619 мың тг. өседі. Осы жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай өндіріс өнімінің өсімі негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың есебінен болып отыр. Өнім шығару көлеміне осы 2 фактордың әсер ету арақатынасы өндіріс рентабельділігінің өсуіне шарт болады.

Өнімнің қор сыйымдылығын былтырғы жылға қарағанда 41%-ке төмендегені негізгі қорлардың салыстырмалы үнемдеу мөлшерінің бар екенін көрсетеді, ол келесіндей анықталады:

 

Эопф = ОПФ1 - ОПФо    (2.17)

 

мұндағы IBП - өндірістік өнім көлемінің индексі.

 

Эопф = 73855 – 66735 · 2,8 = 19936 мың тг.

Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды терең талдау мақсатымен қорқайтарым көрсеткіші барлық негізгі қорлар бойынша анықталады.

Сәйкесінше қорқайтарым формуласындағы жалпы ортажылдық құнын негізгі қорлардың активті бөлігінің  орташа құнымен алмастырамыз.

ФОo = 56997,8/16352 = 3,485 тенге

ФО1 = 152617/23991 = 6,4 тенге

Осы есептеулерден негізгі қорлардың активті бөлігінің қорқайтарым көрсеткішінің өсуі байқалады.

Бұл 2001 жылы кәсіпорын өнім өндірісі процесінде машиналар және құрал-жабдықтарды аса тиімді пайдалағаны айқындалады.

 

 

 

2.2 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау

 

Құрал-жабдықтар – бұл негізгі қорлардың үлкен бір активті бөлігі болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі прогрессивті тенденция болып саналады. Талдау процесінде өндірістік-өнеркәсіптік негізгі қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құнының үлесін санаумен қатар кәсіпорынның машина және құрал-жабдықтармен мөлшерлі қамтылуы, олардың техникалық деңгейі анықталады.

Кәсіпорынның өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оны тиімді қолданудың анализін жүргізгенде барлық құрал-жабдықтарды оның өндіріс процесіне қатысуы бойынша мақсатқа сай топтау қажет.

Құрал-жабдықтар сәйкесінше келесі негізгі құраушыларды кірістіреді: нақты бары, орнатылғаны және әрекеттегісі. Нақты құрал-жабдықтарға кәсіпорынның иелігіндегі барлық, қай жерде орналасқанына (цехтарда, складта) және қандай жағдайда екеніне байланыссыз құрал-жабдықтар кіреді. Орнатылған құрал-жабдықтарға жұмысқа дайындалған және жөнделген цехтарда орналасқан, тіпті орнатылған құрал-жабдықтардың бір бөлігі резервте, жоспарлық жөндеуде, концервацияда, модернизациялауда болуы да мүмкін құрал-жабдықтар кіреді. Әрекеттегі құрал-жабдықтар – бұл ұзақтығына байланыссыз есептік кезеңде іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар.

Құрал-жабдықтарды толық пайдалану мәселесін орнатылмаған әрекетсіз құрал-жабдықтардың санын минимумге түсіруден қорытындыланады. Осы мақсатпен нақты бар, орнатылған және жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың мөлшерін сипаттайтын шамаларын жақындастыру қажет. «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС бойынша құрал-жабдықтар мәліметтері №5 кестеде келтірілген.

 

 

 

 

 

Кесте №5.

«Құрал-жабдықтар бойынша мәліметтер».

 

Құрал-жабдықтар

 

Базистік жыл

 

Есептік жыл

 

Ауытқу

1. Нақты бары, бірлік

59

68

+9

1.1. Орнатылған, бірлік 

41

51

+10

1.1.1. Қозғалыстағы, бірлік 

26

31

+5

1.1.2. Қозғалысқа түспегендігі,  бірлік

15

11

-4

1.2. Орнатылмағаны, бірлік

18

17

-1


 

Таблица мәліметтерінен 2012 жылы кәсіпорынның 17 бірлік орнатылмаған құрал-жабдықтар бар екенін көріп отырмыз. Бұл  құрал-жабдықтар 2 жылға тоқтатып қойылған. Есепті жылды базистік жылмен салыстырғанда әрекеттегі құрал-жабдықтар 5 бірлікке көбейген, бұл өндірісте оң мәнге ие. Әрекетте жоқ құрал-жабдықтардың саны бұрын жөндеуде, модернизацияда жатқан құрал-жабдықтарды іске қосу есебінен 4 бірлікке қысқарған.

Қолда бар құрал-жабдықтарды өндіріске қатыстыру дәрежесі және оны өндірісте қолдануды келесі көрсеткіштер сипаттайды, ол көрсеткіштерді есептеу үшін №5 кесте мәліметтерін пайдаланамыз.

Пайдаланымға берілген құрал-жабдықтардың үлесі – бұл орнатылған құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.

2011 ж. = 41/59 = 0,69   2012 ж. = 51/68=0,75

Іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі – қозғаалыстағы құрал-жабдықтардың орнатылған құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады:

2011 ж. = 26/41 = 0,63   2012 ж. = 31/51 = 0,61

Паркте бар құрал-жабдықтардың пайдалану дәрежесі – бұл қозғалыстағы құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.

  2011 ж. = 26/59 = 0,44   2012 ж. = 31/68 = 0,46

Бұл есептеулерден көріп отырғанымыздай есептік жылы пайдалануға берілген құрал-жабдықтар үлесі 0,06(0.75 – 0.69) көбейген, бұл орнатылмаған құрал-жабдықтар санының азаюына алып келеді.

Нақты жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі 0,02 (0,61–0,63) төмендеген, берілген жағдайда бұл көрсеткіштің төмендеуі құрал-жабдықтардың тозуы және пайдалануға жарамсыздық себебінен үлкен көлемде құрал-жабдықтардың жұмыстан шығу есебінен болып отыр.

Нақты бар құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесінің көрсеткіші 0,02 (0,46 – 0,44) өскен, бұл көрсеткіштің өсуі кәсіпорын паркте бар құрал-жабдықтарды тиімді қолданатынын сипаттайды

 


 

 

 


 


 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбанұсқа 2. Өндірістік процесіне қатысуы бойынша құрал-жабдықтардың топталуы.

 

Бірақ та паркте бар құрал-жабдықтарды пайдалану деңгейінің өсуі құрал-жабдықтардың қайтарымының өсуіне алып келмейді. Материалдық өндіріс сферасында күрделі проблема болып құрал-жабдықтардың толық сменалық және ішкі сменалық тұрып қалуларын қысқарту табылады.

Жұмыс жасап тұрған құрал-жабдықтарды тиімді арттыру 2 жолмен жүргізіледі: экстенсивті (уақыт бойынша) және интенсивті (қуаттылығы бойынша).

Құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті жолын сипаттайтын көрсеткіштер - құрал-жабдықтар саны, соның ішінде әрекетте жоқ еңбек құралдарының үлесі, істен шыққан уақыты (машина уақыт), машина және станок паркінің құрылымы.

Құрал-жабдықтарды интенсивті пайдалану 1 машина/уақытта өнім шығару көрсеткіштерімен сипатталады, яғни оның өнімділігімен. Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалануды талдау оның жұмысының уақыт балансын қарастырумен байланысты, ол келесі уақыт қорларын қосады:

  • құрал-жабдық өлшемінің календарлы уақыт қоры (талданатын кезеңге календарлы күндер санының көбеюі арқылы есептелінеді);
  • номиналды уақыт қоры (бір кезеңде жұмыс сменасының көбеюі жұмыс сменасының  уақыттық ұзақтығына тең);
  • тиімді уақыт қоры жоспарланған кезеңнің ішінде тиімді пайдаланылатын уақыт мөлшерімен анықталады. Ол номиналды уақыт қорына тең, тек оның ішінен жөндеуге, модернизацияға, профилактикаға және құрал-жабдықтардың жапсырмаға кететін уақытын шегерімен тасталады.
  • пайдалы уақыт – құрал-жабдықтардың нақты жұмыс уақыты, жоспарлық емес тұрып қалуларды шегеріп тастағандығы тиімді жұмыс уақыт қоры секілді анықталады.

 

2011 жыл

●  календарлы уақыт қоры = 365 · 24 = 8760 сағ.

● номиналды уақыт қоры  = 258 · 2·6 = 310 сағ.

● тиімді уақыт қоры = 3107 – 459 = 2648 сағ.

● пайдалы уақыт қоры = 2648 – 904 = 1744 сағ.

2012 жыл

● календарлы уақыт қоры = 365 ·24 = 8760 сағ.

● номиналды уақыт қоры = 260·2·6 = 3120 сағ.

● тиімді уақыт қоры  = 3120 – 362 = 2758 сағ.

● пайдалы уақыт уақыт = 2758 – 847 = 1911 сағ.

 

Уақыт қорының жиынтығы құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын талдауға мүмкіндік береді. Клендарлы және номиналды уақыт қорларын салыстыру ауыстыру икоэффициентін жоғарылату есебінен, ал номиналды және тиімді – құрал-жабдықтарды жақсы пайдалану есебінен, жұмыс уақытында жөндеуге кететін уақыт шығынын қысқарту есебінен жақсы пайдалануды анықтауға мүмкіндік береді.

Талданып отырған кәсіпорын бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс уақыт қорлары туралы мәліметтер №6 кестеде көрсетілген:

 

 

 

Кесте №6

«Уақыт қорларының бастапқы мәліметтері»

Көрсеткіштер

Базистік жыл (2011)

Есептік жыл (2012)

%

орындалуы

Абсолютті

өзгеріс

1. Календарлы уақыт қорлар

8760

8760

100

 

2. Номиналды уақыт қорлар

3107

3120

100,4

13

3. Тиімді уақыт қорлар

2648

2758

104,2

110

4. Пайдалы уақыт қорлар

1744

1911

109,6

167

5. Жоспарлы уақыт қорлар

1723

1936

112,4

213


 

2012 жылы уақыт бойынша  құрал-жабдықтарды пайдалану коэффициенттері:

Календарлы уақыт қоры = 1911/8760 = 0,218

Номиналды уақыт қоры = 1911/3120 = 0,613

Тиімді уақыт қоры = 1911/2758 = 0,693

Жоспарлы уақыт қоры = 1911/1936 = 0,987

Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша былай қорытынды жасауға болады: базистік жылмен салыстырғанда нақты номиналды уақыт қоры 100,4% құрайды. Құрал-жабдықтар жұмысының календарлы (100%) және номиналды (100,4%) уақыт қорының проценттерінің әр түрлі болуы нақты жұмыс күндерінің саны және ауыстырылу коэффициенті ескерілгеннен сәл төмен болғанын көрсетеді. Базистік кезеңге тиімді уақыт қоры 104,2% құрады. Базистік жылда құрал-жабдықтарды жөндеуге 459 маш./сағ. (3107 - 2648) кеткен. Нақты есептік жылда жөндеуге 362 маш./сағ. (3120 - 2758) кеткен немесе алдыңғы жылға қарағанда 97 маш./сағ. кем болған.

Базистік жылда құрал-жабдықтардың белгіленген көлемінде оның тиімді жұмыс қоры 2648 ма./сағ. құрады. Ал өндіріс бойынша жоспарды орындауға қажетті уақыт – 1723 маш./сағ. Сәйкесінше құрал-жабдықтардың белгіленген көлемінде кәсіпорынның 925 маш./сағ. (2648 - 1723) пайдаланбаған уақыты қалады. Бұл 1999 жылы құрал-жабдықтардың жоспардан тыс тұрып қалулары болған. Жоспар бойынша өнім шығаруға 1936 маш./сағ., демек, нәтижесінде 25 маш./сағ. (1911-1936) құрал-жабдықтардың тұрып қалулары болған. Бұдан басқа кәсіпорын 847 маш./сағ. (2758-1911) тиімді немесе мүмкін уақытын пайдаланбады. Осылайша тиімді пайдаланбаған және тіпті пайдаланбаған уақыттың толық көлемі (97+925+847)=1869 маш./сағ. құрады.

Бұл кәсіпорынның жіберіп алған мүмкіндіктеріне айғақ болады. Кәсіпорынға құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту қажет. Есептеуіш техникалық қолдануына негізделетін автоматтандырылған жұмыс уақытын бақылайтын және есептейтін құралдар қолданған орынды.

Кәсіпрынның технологиялық саясатын жасау үшін негізгі қорлардың тиімді қолдану көрсеткіштерінің тереңдетілген талдануы қажет және бірінші кезекте қор қайтарым көрсеткішін.

Қор қайтарым деңгейінің жоғарылауына мыналар себепті болады:

● өндірісті механизациялау және автоматизациялау прогрессивті технологияны қолдану, әрекеттегі құрал-жабдықтардың модернизациясы;

●   құрал-жабдықтардың уақытын көбейту;

●  құрал-жабдықтардың жұмысының интенсивтілігін көтеру, соның ішінде техноологиялық процестердің талабына сай келетін шикізат және материалдардың сапалығын қамтамасыз ету жолымен және өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың квалификациясын көтеру.

● негізгі қорлардың активті бөлігінің үлес салмағын көтеру, қозғалыстағы құрал-жабдықтардың үлесін көтеру.

Информация о работе "Мұнайгазқұрылыс" ЖШС-на жалпы сипаттама