Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 08:57, реферат
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Маңғыстау облысы және Батыс Қазақстан аймағындағы ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Компания 1964 жылы құрылған. Компанияның бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық кешенді орындап, объектіні дайын күйінде тапсыратын бас мердігерлік құрылыс мекемесі болып табылады.
Компания келесі бөлімшелерден тұрады:
• Компанияның басқару аппараты
• Механизация және автокөлік басқармасы
І."Мұнайгазқұрылыс" ЖШС-на жалпы сипаттама
1.1 "Мұнайгазқұрылыс" ЖШС туралы ақпарат
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Маңғыстау облысы және Батыс Қазақстан аймағындағы ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Компания 1964 жылы құрылған. Компанияның бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық кешенді орындап, объектіні дайын күйінде тапсыратын бас мердігерлік құрылыс мекемесі болып табылады.
Компания келесі бөлімшелерден тұрады:
Компанияның құрылыс жағрафиясы:
Компанияның аймақтық өкілдік кеңселері Атырау, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Ақсай қалаларында орналасқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Ақтау, Ақсай, Атырау қалаларында, Теңіз вахталық поселкесінде, Баутино, Құрық поселкелерінде, Қаражанбас, Қарақұдық, Оңтүстік Бозашы, Доңға кенорындарында құрылыс және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдар нысандарына ие.
Бұлар әкімшілік ғимараттар, жөндеу – механикалық шеберханалар, автокөліктер үшін жабық бокстар, жылдың қысқы мерзімдерінде автокөліктерді жөндеу үшін жабық ангарлар, БӨП, диспетчерлер бөлмелері, медициналық бөлмелер, тауар – материалдар қоймалары, техникалық газ сақтау қоймасы, май қоймасы, жанармай стансалары, вахталық поселкелер және дала қалашықтары, жатақханалар, тұрмыстық бөлмелер, асханалар және т.б.
Тұрақты қаржы жағдайы МГҚ ЖШС-не уақытында және қажетті мөлшерде машиналар және механизмдер паркін жаңартуға мүмкіншілік береді. Бүгінгі күнде компания заманауи құрылыс, жол құрылысы техникалары және автотехникалар паркіне ие: Вольво, Рено жүктік өзіаударғыштары, Катерпиллар, Коматцу, Вольво, Хитачи және т.б. маркалардағы өрімтасымалдағыштар, құбыртасымалдағыштар, жүктік және арнаулы автокөтергіштер, автошығырандар, құбыртөсегіштер, экскаваторлар, автогрейдерлер. Теңгерімде барлығы 500-ден астам, қызмет көрсетуге дайын авто және арнайы техника бар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-де жоғары өнімділіктегі құйматас зауыты, жинақы құйматасараластырғыш құрылғысы, құйматас тасымалы сораптары және т. б. бар.
Құрылыс материалдарын және құрылымдарды заманауи зерттеудің толық спектрлерін қамтитын жоғары технологиялық құрылыс зертханасы жасақталған.
Стандарттан тыс жабдықтар мен құрылғылар үшін тауарлық өнімдер (құйматас, темірқұйматас бұйымдар, металл құрылымдар, тұрғын және өндiрiстiк мақсаттағы модульдар және т.б.) шығарылады.
Компания құрамында қажеттi және жеткiлiктi диагностикалық құрылғылармен жабдықталған, аттестациядан өткен, штатында жоғары кәсіби инженерлері, ақауанықтағыштары және дәнекерлеушілері бар зертхана жұмыс жасайды.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ның құрылымдары өздерінің құрылған кезеңінен бастап Маңғыстау облысының мұнай кен орындарының (Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас) және газ (Теңге, Батыс Теңге, Тасболат, Оңтүстік Жетібай) кен орындарының кешенді өнеркәсіптік жайластыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындады; Қаламқас, Жетібай, Өзен және Таушық кен орындарында қосалқы резервуарлар паркі бар, 4 мұнай айдау стансасы, 2 газ айдау стансасы (Сай-Өтес, Өзен) құрылыстарын жүзеге асырды, электр желісі жүйесін және мұнай құбыры торабын салуға қатынасты, одан басқа да сутехникалық құрылыстар тұрғызды.
Оның ішінде Қаражанбас кен орнында кірме дамбасы бар сутартқы, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын Каспий теңізінің тасқынынан қорғайтын бөгет, сонымен қатар Қаламқас кен орнының сортаң жерлерінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бейімдеп сорықтыру жұмыстарын атқарды.
«Мұнайгазқұрылыс» компаниясының құрамындағы құрылыс мекемелері Теңгіз кен орнын жайластыруды бірінші бастап, Каспий маңайы аймағының барлық жұмыстарын жүргізді. Барлығы 10 мың шақырымнан астам құбырлар, 720 шақырымға жуық электр жүйесі желілерін тартты. Сонымен қатар компания қала салу жұмыстарымен де айналысты: құрылысшылар күшімен шөл далада мұнайшылар қаласы Жаңаөзен салынды.
Соңғы кездерде «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС Маңғыстау және Атырау облыс отарында қайта қалыптастыру және мұнай сақтайтын қосалқы парктерді ауыстыру жобаларын жүргізу үстінде және де Маңғыстау облысындағы жаңа кен орын: Доңға, Сотүстік Бозашыларды жайластыруда. 1997-1998 жылдары «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – ауа райының қолайсыздығына қарамастан мемлекетіміздің аса қажетті деп табылатын объектісі Каспий теңізінің Қайдақ шығанағындағы «Сай-Өтес - Бозашы» ұзындығы 16 шақырым, шеңберінің орталық тартымдылығы 530 мм. Су асты құбырын ойдағыдай салып бітіріп, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешті.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС сонымен қатар машиндермен механизмдерді пайдалануға береді; автокөлікпен жүк тасу, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және де өндірістік байланыс қызметін көрсетеді.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС негізгі іс тапсырушылары болып өз облысымыздың мұнай өндіретін мекемелері: «Маңғыстаумұнайгаз» ЖШС, «Қаражанбас» АҚ, НКТН «КазТрансОйл», соңғы кездерде Маңғыстау облысындағы жаңа мұнай газ кен орындарын игеріп жатқан шетелдік фирмалар «Тексако Норс Бузачи, Инк.», «Оман Ойл Компани Лтд.» және басқалар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС өз құрамында жалпықұрылыс жұмыстарын және құрылысты механизациялау жұмыстарын жүргізетін, барлық жұмыс бабына қажетті өндірістік алаңдары, техникасы және жабдықтары сай құрылымдары бар және де радиотелефондарға қызмет көрсететін базалық жабдығы 8 каналды системалы өндірістік байланыс цехы бар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС кәсіпқой және мақсатшыл адамдар жұмыс жасайды. Қоғам басшысының саясаты жақсы маман кадрлармен іскер жұмысшыларды іріктеу.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС құрылыс және құрастыру жұмыстарын іс тапсырушыларға өз күштерімен жүргізіп қоймай, арнайы мамандырылған мекемелерге жасатады және де осы мекемелердің атынан тендерге, тіпті келісім-шартпен де отыра алатын экслюзивтік құқығы бар. Осы мекемелердің барлығының Маңғыстау аймағының құрылыс саласында маңызды жұмыс тәжірибесі бар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС жоспарында мекеменің өндірістік күштерін одан әрі дамыту, жұмыс бағытын кеңейту, құрылыс-құрастыру жұмыстарын Қазақстанның басқа аймақтарында жүзеге асыру.
Негізгі қызмет бағыттары
Компания жұмыстың барлық түрлері бойынша, соның ішінде өз қызметінің негізгі бағыттары үшін қажетті рұқсаттама және лицензияларға ие:
Кесте №1.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау 2010-2012 жж.
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлік |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
Өзгерісі 2011-2012 ж.ж | |
+,- |
% | |||||
1. Өнімді өткізуден түскен табыс |
Мың тг |
6160233 |
4313902 |
7314840 |
+3000938 |
169,5 |
2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
Мың тг |
5589834 |
3622370 |
6457315 |
+2834945 |
178,3 |
3. Жалпы табыс (зиян) |
Мың тг |
570399 |
691532 |
857525 |
+165993 |
124,0 |
4. Таза табыс (зиян) |
Мың тг |
29012 |
122577 |
124820 |
+2243 |
101,8 |
5. Негізгі қорлардың құны |
Мың тг |
351800 |
2232138 |
2384391 |
+152253 |
106,8 |
6. Айналым қорларының құны |
Мың тг |
1719964 |
1163398 |
2192316 |
+1028918 |
188,4 |
7.Жұмысшылар саны |
адам |
6570 |
6655 |
6760 |
+105 |
101,6 |
8. Еңбек ақы қоры |
Мың тг |
51854 |
64510 |
83279 |
+18769 |
130,0 |
9. Орташа айлық еңбек ақы |
тенге |
28429,0 |
31438,0 |
35773 |
+4335 |
113,8 |
10. Дебиторлық қарыз |
Мың теңге |
1066085 |
172103 |
970184 |
+798081 |
5,6 есе |
11. Кредиторлық қарыз |
Мың теңге |
648728 |
133847 |
13030 |
-120817 |
9,7 |
12. Еңбек өнімділігі |
Мың тг/адам |
40527,8 |
25227,5 |
37705,4 |
+12477,9 |
149,4 |
13. Қор қайтарымдылығы |
теңге |
1,75 |
1,93 |
3,07 |
+1,14 |
- |
14. Қор сыйымдылығы |
теңге |
0,06 |
0,52 |
0,32 |
-0,2 |
- |
15. Қормен жарақтандыру |
Мың теңге |
2314,5 |
13053,4 |
12291,0 |
-762,4 |
- |
16. Рентабелділік |
% |
0,52 |
3,4 |
1,9 |
-1,5 |
- |
Ескерту – «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтерін пайдалана отырып есептелді. |
Бұл кестеде 2010-2012 жж. «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ның технико-экономикалық көрсеткіштері берілген, бұл кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің де көлемі артып отырғанын байқаймыз. Мысалы еңбек өнімділігі 2012 жылы 12477,9 мың теңгеге өскен бұның өсу себебі өндіріс көлемі артып өнімді өткізуден түскен табыс артқан, үш жылдада қор қайтарымдылығы көрсеткіші қор сыйымдылығы көрсеткішінен жоғары болып отыр, бұл жақсы нәтиже, 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда қордың қайтарымдылығы коэффициенті 1,14 пунктке жоғарлаған. Кәсіпорын 2010 жылы 0,52 пайыз, 2011 жылы 3,4 пайыз рентабелділікпен шықса, 2012 жылы 1,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 1,5 пайызға азайған, азаю себебі өткізілген өнімнің өзіндік құны есепті жылы жоғары болып отыр. Жалпы кәсіпорынның нарықтағы жағдайы тұрақты деп қорытынды шығаруға болады, жылдан жылға кәсіпорынның өндірістік ауқымы ұлғайып байқаймыз.
2012 жылы жұмысшылардың орташа тиімділік саны 6760 адамды құрады, ал 2011 жылмен салыстырғанда 101,6% - ға артқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ның 2010-2012 жылғы жылдық есептемелердің мәліметтерін пайдаланып келесі мүліктік жағдайын бағалайтын және кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштерін есептейміз:
Нег. қор. баланстық құны
Бал
2011 жылы 2012 жылы
Кн..қ. өсу = 67460/63270=1,07 83047/77330=1,07
Нег. қор. түсуі
Жыл аяғындағы баланстық құн
Кн..қ.жаңару = 1090/67460 = 0,02 17227/83047 = 0,21
Ағымды активтердің құны
Кн..қ.нақты құны =22266/40788 = 0,5 33841/43283 = 0,78
Ағымды міндеттемелер
Кжалпы өтімділік = 40788/10746 = 3,8 43283/15904 = 2,72
Информация о работе "Мұнайгазқұрылыс" ЖШС-на жалпы сипаттама