Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 14:32, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі.

Содержание

КІРІСПЕ. ...................................................................................................3
1. XX-XXI ғғ. басындағы Қытайдағы энергетикалық саясатының сипаты
1.1 Қытайдың сыртқы энергетикалық саясатының дамуының алғышарттары және жалпы сипаты.....................................................................................................9
1.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен сыртқы экономикалық саясатындағы ұстанған бағыт-бағдары............................................................................................13

2. Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан байланыстары.
2.1 Қытайдың энергетикалық сұраныстары Қазақстандағы сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды қалыптастыру факторы ретінде.... .....30
2.2 Қытай мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен жобалары................................................................35
2.3 Қазақстан – Қытай : энергетика саласындағы екіжақты қатынастардың басымдықтары мен проблемалары..........................................................................40

Қорытынды.............................................................................................46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

кытайййййййййй.doc

— 313.00 Кб (Скачать документ)

Экономикалық дамудың  жоғарғы қарқыны мемлекеттік шығындардың салыстырмалы мөлшерінің төмендеуіне алып келді. Тіпті, маңызды әлеуметтік жүктеме жоқ болуы жағдайында мемлекет бюджет өз мойнына экономиканың мемлекеттік секторын қолдау шығындарын алған, ал реформалар жүргізілген бүкіл уақыт аралығында экономиканы мемлекеттік қаржыландыру ұлғайып отырған17.

Қытай арзан тауар  өндірісінің әлемдік орталығына айналып, оған білікті жұмыс күші мен еңбекақы деңгейлерін қамтамасыз еткен артылықшылықтарды пайдаланды, бұл Тайваньда, Кореяда, Малайзиядағыдан өте аз үлесті құрайтын. Осының нәтижесінде Қытайдың дамуының қандай да бір бөлігі және сауда балансындағы ұлан ғайыр сальдо, осы жылы 30млрд. долларға жетіп, дамудың бәсеңдеуінемесе экономикалық құлдырауынан зардап шеккен Корея, Тайвань, Сингапур, Жапония есебінен мүмкін болды. Қытайдың 80-жылдары 10%,      90-жылдары 9%  құраған өсу қарқыны бәсеңдеуде. Бірақ егер ол өзінің қаржы мәселелерін реттей алса (мемлекеттік банктердің шығынға ұшырауы), өсу қарқыны 6-7% деңгейде ұстай алады. Және ол жылдам реформалануын жалғастыруда. Жақында Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына өтті, ол халықаралық құқықтық тәртіп шеңберіндегі ғаламдық экономикаға қосылу үшін идеологиялық рубиконды аттап өтті.

Осылайша, Қытайда қазіргі  таңда тауар өндірісінде жетекшілік етеді, бірақ қызмет көрсету биліктілігі жоқ жұмысшылар арасында маңызды деңгейде қарқын алуда, сәйкесінше экспорттық тауарлар және ішкі тұтынуға арналғандары 2006ж. 383,61 млн.АҚШ долларына , 2007ж. 297 млн. доллар өндірсе, ал қызмет көрсету 2006ж. 156,9 млн. доллар, ал 2007ж. 159,7 долларды құраған.

Қытайда ауыл шаруашылығын реформалау 2005 жылға дейінгі бірінші  кезеңде өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жан басы өнімімен ел халқын азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз етудің екі  еселенуіне мүмкіндік берді. Ауылды жерлерден қалаларға көшуге тұрғындарға рұхсат етілмеді.

Бұл Қытайда өткен  екі жылда ауылшаруашылығы қызмет көрсету өндірісінің ұлғаюына мүмкіндік  беріп, шамамен сальдо 66,3-78,4млн. долларды құрап, ол 12,1-ге тең болды.

 

 

Сурет 1 – Уақыт бойынша шынайы ІЖӨ мен инфляция индексі өзгерістері

 


ҚХР экономикасының жоғарғы  өсу қарқыны мен Орталық, Шығыс  Еуропа, ТМД елдері арасында соңғы  жиырма жылда орын алған контраст зерттеушілер қызығушылығын туғызды.

Осылайша, елдің дамуындағы көзге көрініп тұрған ілгерілеушілік энергетикалық ресурстарға сұраныстың үлкендігін дәлелдейді.

Ең алдымен, қоғамда  энергетикалық ресурстардың шектеулілігі мен қоршаған ортаны аялау қажеттілігі  туралы түсінікті орнықтыру керек. Энергоресурстарға және экологияға қатысты жаңаша көзқарас Батысты өткен ғасырдың 70-жылдарынан қалыптасқан, бұл ғаламдық  бірнші энергетикалық дағдарысқа жауап ретінде қалыптасқан. Энергияны сақтаудың қажеттілігін кейінге қалдырмауды түсіну тиімділікті арттыру технологиясының пайда болуы мен таралуына және энергияны жұмсаудың қысқаруына, қоршаған ортаның ластануының азаюына алып келді. Қытайда мұндай тұрғы енді ғана қалыптаса бастады.

АҚШ пен Жапония тәжірибесі көрсеткендей энергияны үнемдеу  саясатын жүзеге асыру үшін қазір  Қытайда жетісе бермейтін едәуір бюджеті және мамандар штаты бар мамандандырылған үкіметтік агенттіктер қажет.

Халықшаруашылығының түрлі  салаоарындағы тиімді энергия үнемдеу  заң актілері мен ережелерінің детальді жүйесін жасауды қажет етеді.

Энергия үнемдеуді жетілдіру  және табиғи ортаның ластануын азайту  үшін тыйым салу шараларымен бірге, фискальді тәртіп түріндегі қолдау шаралары көбірек қыжет. 1994ж. кейінгі реформалар барысында салық жүйесі нашарлады немесе энергия үнемдеуші өндірістерге дем беруші салықтық және несиелік жеңілдіктер алынып тасталған еді. Осы шараларға енді оралу қажет.

Қазіргі таңда орындалып  жатқан әлеуметтік-экономикалық дамудың  бес жылдық жоспары қытай ғалымдары, технологтары, инженерлері алдына энергия  үнемдеуші технология мен құрал  жабдықтар ойлап шығару міндетін қойып отырған жоқ. Мүмкін, бұл тапсырма келесі бесжылдықта қозғалатын шығар, бірақ оған алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені пайдаланғанның өзінде аз уақыт кетпейді.

Энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін бірінші ретте  экономикалық стимулдену жүйесі рөл  атқарады , бұл жерде оның құрылуына жауапкершілікті мемлекет өз міндетіне алады. Мұндай тұрғы әлемдік тәжірибеге сай келеді. Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша энергия үнемдеу потенциалын ашудағы нарықтық факторлар үлесі 20% аспайды. Бұл, ең алдымен төмендегі жағдайларға қатысты нарықтың шектеулі мүмкіндіктерімен анықталады:

Ағымдағы нарықтық конъюнктура  ұзақ мерзімді мүддені көрсетпейді.

  • Инвесторлар ең алдымен энергетикалық ресурстарды игеруге бағдар алады.
  • Өндірісте және энергия пайдаланудағы табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіруге кеткен шығын оның құнына кірмейді.
  • Энергияны тұтынушыларда оны үнемдеу туралы ақпарат пен дағдылар жеткіліксіз.

Энергия үнемдеуге мемлекеттің  рационалды емес қаржы және салық  саясаты ықпал етпейді.

Осыған байланыст, негізгі  бағыт энергоресурстарды шетелден, әсіресе Қазақстаннан сатып алу болады.

 

 

 

1.2. Қытайдың  Орталық Азия елдерімен сыртқы  энергетикалық саясатында ұстанған  бағыт-бадары

Қытайдың энергетикалық  саясатының басты нүктесі, Қытайды  әлемніңұлы державасына айналдырумен қатар, елдің көмірсутекті энергия ресурстарына кедейлігіне қатысты түсінікке қызмет етеді. Қытайдың жан басына шаққанда қамтамасыз ету есебінде 2006ж. мұнай қоры – 2,6т., табиғи газ – 1074м³,   көмір – 90т. болып, әлемдік орташа деңгейде 11,1;  4,3 және 55,4%-ды құрады.

 

 

Сурет 2 – 2006ж. ҚХР қызмет ресурстарының көрсеткіштері


Қытай басшылығы елдің  энергетикалық мәселелеріне және адекватты  энергетикалық стратегиясын жасауға  бірінші деңгейде көңіл бөледі. Мұны, әсіресе, арнаулы Мұнай қорларының мемлекеттік кеңсесінің құрылуы, даму мен реформалар бойынша мемлекеттік комитет құрамындағы энергетикалық басқарманың , түрлі мүдделі ведомстволар тарапынан Энергетикалық стратегияны дайындаудың мемлекеттік проблемалық топтарының құрылуы дәлелдейді.

Мемлекеттің кезек күттірмес реакциялар ұзақ мерзімді энергетикалық міндеттерді шешуде ғана емес, елде өткен жылдың екінші жартысында қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты да қажет болған еді. Елдің көптеген провинциялары мен ірі қалалрында авто май құю бекеттерін бензинмен және дизельді отынмен қамтамасыз етудегі туындаған қиындықтар үкіметтің мұнай өнімдері бағасын көтеруіне алып келді. Жыл соңында ішкі автотасымалдау бағалары өсті. 22 провинцияда, автономды аудандар мен орталық басқаруындағы қалаларда электр энергиясының жетіспеушілігінен оқтын-оқтын өшірулер басталып, ірі өндірістік және кен өндіру кәсіпорындарындағы өндірістің үрдістердің ішінара тоқтауы мен экономикалық үлкен шығындарға алып келді.

Энергия тапшылығы ел ішінде түрлі қауесет туындатты. Оны Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі , соғысқа дайындалумен байланыстырды. Іс жүзінде тапшылықтың тікелей себебі болып отырған энергетикалық тұтынушылыққа болжам жасау барысындағы есептен жаңылушылық еді.

2003ж. сәуірде жарық  көрген Электро энергиясы кәсіпорындары ассоцияциясы баяндамасында 2003ж. электро энергиясын тұтыну 9-10%-ға ұлғаяады деп қарастырылса, іс жүзінде ол 15% асты. 25 жылдағы ең жоғарғы қарқын бәрінен бұрын ішкі жан басы өнімінің күтпеген жерден өсуі және кейбір ауа-райы себептерінен орын алды. 2003ж. көшірді тұтыну 3% өседі деп болжанса, ал шынайылықта ол 6-8%-ға жетті; ол тұрғын үй құрылысы, болат құю және автомобиль өнеркәсібінің жылдам өсуінен көрінді.

Осылайша, мемлекеттік  энергия үнемдеу саласына энергия  бағасын бекіту, фискальді және басқа  шараларды анықтау, заңдар мен стандарттардықабылдау, ақпарат тарату, зерттеулер мен жаңалықтарды қаржыландыру сияқты және тағы басқа қызметтердің кең жиынтығы жатады. Бірінші деңгейлік рөл атқаратын  энергия үнемдеуге материалдық жағынан дем беру жатады.

Энергия үнемдеудегі ең негізгі әдістердің бірі энергия тиімділігінің құрал-жабдықтарға сәйкес тиімділік стандарттарын дайындау мен енгізу болып табылады, олар соңғы пайдаланушы үшін арналған (тұрмыстық электр құралдары да бар: жарықтандыру қондырғылары, тоңазытқыштар, теледидарлар, кір машиналары, кондиционерлер, электр моторлары, желдеткіштер, су помпалары, комрпессорлары, сондай-ақ өндірістік қазандықтар). Бұл 2020 жылға дейін әр қайсысы 1млн.кВт-қ қуаттығы 10электр бекеттері өндіретін электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік берді деп күтілуде. АҚШ Энергетикалық қорының директоры орынбасары Ян Фуцян пікірінше, сұйық отын тиімділігі стандарттарын енгізу тек мұнайға ғана Санься кешенін тұрғызуға керек жалпы шығындар сомасын үнемдеуге болады екен.

Сонымен бірге, басқа салалардан қалыңқы келе жатқан энергетикадағы нарықтық реформаларды жеделдету және тереңдету қажет деп саналады. 1992ж. кейін жүзеге асырылған қаржы, салық саласы, бағаны қалыптастыру саласындағы дәл осы нарықтық реформалар энергия тиімділігін едәуір артуы мен энергия үнемдеудегі интенсивтілікке алып келді. Әлі күнге дейін, көмір бағасы толық либерализацияланбаған, мұнай, газ, элетроэнергиясы салалары әлі күнге дейін көп мөлшерде монополияланған.

Элетр энергиясында жүйелік  шаруашылықты электроэнергиясы өндірісінен бөлу енді ғана басталды. Басқа да салалардағыдай, мұнда бәсекені дамытуға жағдай жасау және аралас экономиканы қалыптасуына ықпал етуші түрлі меншік түрлерінің өзара қабысуын кеңейту көзделуде. Біртіндеп электр энергиясының біртұтас жалпыұлттық нарығын құру, соңғы тұтынушының таңдау еркіндігін қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірушілер, сатушылар арасындағы бәсекелестікті жандандыру қолға алынды. Беруші және бөлуші жүйеден тұратын жүйелі шаруашылық бұрынғыдай біртұтас монополия ретінде қабылданғанымен, біртіндеп біріншісі екіншісінен бөлінеді.

Электр энергиясын құрылымдық реформалаудағы оны монополистік сипатынан  арылту және электр энергиясының бәсекелестік нарығын қалыптастыру жетекші күш  Қытай сарапшылары пікірінше  үкімет болу керек. Бұндай реформаларды жүзеге асыруға монополия қабілетсіз; қайта құрулар оның жүруі барысында мүддесі зардап шегетін тараптан жүзеге асырылады деу, ақылға қонымсыз18.

Мұнай-газ саласында  баға қалыптастыру миханизмін реформалау, мемлекеттің мұнай өнімдері мен  табиғи газға баға қалыптастыруда тікелей араласуын қысқарту мәселесі тұр. Аймақтың монополияға нүкте қойып, негізгі үш корпорацияның іскерлік белсенділігі саласын бөлуді тоқтатып, жан-жақты бәсекелестікті дамыеып қарастыруда. Әр қарайғы даму ашықтық саясатын иеленіп, сауда және инвестициялық барьерлерді төмендету арқылы шетелдік және жеке ұлттық капиталға мұнай барлау, іздеу, тасымалдау, өңдеу істеріне және мұнай өнімдерін сатуға (көтерме және бөлшек) қатысуға мүмкіндік туғызу. Мемлекттік емес  инвестицияны газ құбырлары құрылысына тарту көзделуде.

Көмір өнеркәсібінің  алдында жеке меншік қатынастарын реформалау, жабдықтаудың ескірген мемлекеттік  жүйесін қайта жаңарту; Қытай  және әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі мен рентабельдігін көтеру қажеттілігі тұр, сондай-ақ оның алдында әлеуметтік сала мен техника қауіпсіздігінде өте үлкен және күрделі мәселелерді шешу міндеттері тұр.

Қытай энергетикасы НИОКР-ге ассигнациялар тапшылығынан зардап шегеді. 2000ж. ол  5,7млрд юаньды (Жапониядағы  көрсеткіштің тек 1,8%) құрап, елдегі НИОКРге бөлінетін шығынның 6,43%-на тең. Жапонияда бұл цифрлар бірнеше есе жоғары. Техниклық және технологиялық инновациялар механизмі де аяқталмаған. Осы саладағы ахуалды түбірімен жақсартпай энергетикалық стратегия мақсаттарын жүзеге асыру мүмкін емес.

Отын-энергетикалық баланс жиырма жылда ең жоғарғы шекке  жетуі керек. Көмірдің үлесі максимальді  сценарий бойынша 66,7%-дан 63,2%-ке дейін  қысқарса , минимальді түрде 59,4%-ке дейін  қысқарады. Табиғи газдың үлестік салмағы  максимальді сценарий бойынша 2,8%-дан 6,7%-ға жетсе, ең аз көрсеткіш болса – 8,9%. Ал мұнайға келсек, оның үлесі кез-келген нұсқада аз ғана өзгеріске ұшырайды: максимальді сценарийде ол 25%-дан 26,7%-ға ұлғаяды, ал минимальді жағдайда 25,9%. Газды тұтынудың өсуі орта жылдық қарқыны үш сценарийде де орташа деңгейден жоғары блуы қарастырылады. Сондай-ақ гидроэнергетикалық және ядролық электр бекеттер салу, жаңартылған энергияны пайдалануды кеңейту қарастырылады.

Қытайдың отын-энергетика балансын оптимизациялау алдыңғы он жылдықта дамыған тенденцияны жалғастыруда. 1990 жылдан 2002 жылға дейінгі осы үрдістің қарқыны 2020 жылға дейінгі кезеңге дейін қарағанда жылдамырақ болды: көмір үлесі 76,2%-дан 66,1% дейін қысқарды. Бұл тенденция Қытай энергияның ішкі көздерімен қатар ресурстарға қарауға алып келеді, табиғи ортаға тигізілетін зиянды азайтады.

Энергия тұтынудың салалық  құрылымы өзгереді. Энергияның негізгі  тұтынушысы  бұрынғысынша өнеркәсіп  қалады, бірақ оның үлесі 2000ж. 72,7%-дан  – 2020ж. 56,7-58,7% қысқарады. Көлік пен  құрылыстың үлестік салмағы кәдімгідей өседі.(11,1%-16,3-17,1%)(16,2%-25,0-26,7%).

Сондықтан, энергия үнемдеудің негізгі  шығыны өнеркәсіпке түседі. Тәжірибе көрсеткендей, басты тиімділікті 70-80% дейін өндірістің құрылымын реттеу берсе, ал қалған 20-30% - техникалық прогресс негізінде өнім бірлігіне энергетикалық шығынның төмендеуі есебінен.

Энергия үнемдеуге маңызды үлес қосатын экономиканың басқа салалары қазіргі таңда отынның автомобильдің 100 шақырым жолына орташа жұмсалуы Қытайда  дамыған елдерге қарағанда 20%-ға жоғары. Бұл шығындарды таяу маңда отынға салық енгізу жолымен (сарапшылар,таяудағы 3-5жылда салық бензин мен дизельді отынның құнының 60% құрауы керек дейді) және оны пайдалану тиімділігін арттыру арқылы қысқарту көзделуде. Сондай-ақ қалалық жоспарлау және көлік жүйелерін, автомагистральдердің басымдықтағы құрылысын  жетілдіру қарастырылуда. Бұл шаруалар, көлікте 2020жылға дейін 87млн. т. мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл оның қазіргі өндіріліп жатқан көлемінің жартысы дерлік.

Энергияны экономдау үшін құрылыста да мүмкіндіктер де аз емес. Энергия қуатын үнемдеу стратегиясында аталған сала әлсіз болып табылады. Қытай ғимараттарды жылыту және кондиционерлеу үшін бір құрылыс көлемдік есебіне қарай энергия қуат шығыны, басқа осы жағрафиялық территорияда орналасқан мемлекеттерге қарағанда, үш есе көп. Жанармай отынды  үнемдеуі құрылыс саласында 160млн. т. құрайды.

Информация о работе Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан байланыстары