Халықаралық жеке құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:21, лекция

Краткое описание

Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы.
Халықаралық жеке құқықтың пәні: негізгі белгілері.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8 Сборник лекций Туризмдегі бух.есептің ерекшеліктері.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

Халықаралық жария құқықтан халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың  субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер  халықаралық жария құқытың негізгі  субъектісі болып табылады.  Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық жеке құқықта қатысушылар мемлекет қана емес ( бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар – бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар – бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.

Халықаралық жеке құқықты  халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық шарт халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық жеке құқықта  да халықаралық шартардың алатын орны ерекше, бірақ, олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды.

Халықаралық жеке құқықта  маңызды орынды таза ішкі сипаттағы  заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.

2-сұрақ. Біздің отандық ілім халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарасты ұстанады. Осылайша, халықаралық жеке құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да айта кету керек.

Ең біріншіден, мүліктік қатынастағы халықаралық құқық шетелдік элементке ие екендігі туралы айтылуы керек. Осындай шетелдік элемент бар мүліктік қатынастардың негізгі деген үш тобын бөліп қарастыруға болады:

    1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шет мемлекеттің азаматы, шет мемлекеттің заңды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, қазақсатныдық өнеркәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады.
    2. Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік қатынастар (мәселен, мұрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел аумағында болатын болса.
    3. Заңды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты  мүліктік қатынастар ( зиян келтіру, шарт жасау, өлім т.б.).

Отандық ілім халықаралық  жеке құқық, сонымен қатар, халықаралық  азаматтық іс жүргізу мәселелерін  де қарастырады. Мұның астарында, азаматтық  істе шетелдік элементтің болуы әлдебір  процессуалдық салдар туғызады деген пікір бар.

Халықаралық жеке құқықтың тарихи негізін коллизиялық нормалар құраған. Шетелдік элементі бар азаматтық  құқықтық қатынастардың реттеудің  басты ерекшелігі – көп жағдайда халықаралық жеке құқық мәселелерін  шешуде тікелей ереже және қолданылатын ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнама қолданылуы керек екендігі туралы меңзейді. Мұндай сипаттағы ережелер коллизиялық деп аталады.

Халықаралық жеке құқық  басқа құқық  салаларымен, атап айтқанда, азаматтық құқықпен ұқсас болып  келеді. Жалпы бөлімде, халықаралық жеке құқықтың принциптері мен негізгі бастамаларына байланысты жалпы ережелер де айтылған. Бұлардың қатарына коллизиялық ережелердің қызмет етуі, шетелдік құқықты қолдануды шектеу мәселелері, сыртқы мәселелер мен ішкі заңнаманың арақатынасы, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына ерекше құқықтық режимді белгілеу сияқты ережелерді жатқызуға болады.

Халықаралық жеке құқықтың ерекше бөлімі, әдеи\ттегідей, негізгі  инститтуттардан тұрады: азаматтардың азаматтық құқықтық жағдайлары, мемлекеттердің ерекше құқықтық қатынасқа түсуші ретіндегі ерекшеліктері, меншік құқығы, мәмілелер, түрлі сипаттағы шарттар, зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер, интеллектуалдық меншік құқығымен байланысты нормалар, мұрагерлік, отбасы-некелік, сонымен қатар, еңбектік қатынастар. Халықаралық жеке құқық жүйесінде халықаралық арбитраж туралы мәселе ерекше бөліп қарастырылады. Оны халықаралық жеке құқықтың құқықтық саласына енгізу бірқатар қиындықтар туғызады. Бұл тұрғыда көбіне айтылатын халықаралық арбитраж халықаралық жеке құқықтың аясында қалып қоймай, сонымен қатар халықаралық процестің сұрағы болып табылады.

Дегенмен, халықаралық коммерциялық арбитражды халықаралық жеке құқықтың аясына жатқызған кезде оның мақсаты  мен қолданылуын еске алсақ жетерліктей болатын сияқты.

Оны азаматтық процеске қосудың  қажеттігі жоқ, себебіұлттық құқықтың бұл саласы сот мекемелерінің  қызметін реттейді, ал арбитраж болса, қоғамдық аралық соттарды білдіреді.

Пайдаланатын  әдебиеттер:

      1. Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек.2000
      2. Ерпылева Н.Ю. Международное частное право: Учебник. – М.: ТК Велби, Изд.проспект, 2004
      3. Кудашкина В.К. Актуальные вопросы международного частного права. –М.: 2004
      4. Сулейменов М.К. Международное частное право. Алматы, 1996

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-дәріс. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері.

Дәріс жоспары:

1.Халықаралық жеке  құқық субъектілері мен оларға  қолданылатын құқықтық режим. 

2.Шетел азаматтары  мен азаматтығы жоқ тұлғалардың  Қазақстан Республикасындағы құқықтық  жағдайы.

  1. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтық жағдайы.
  2. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.

Жеке тұлғаның жеке заңын  қолдану аясына жеке тұлғаның азаматтық  құқықтық мәртебесі, оның құқығы мен  әрекет қабілеттілігі, жеке құқықтары, неке жіне отбасы қатынастары мен  мұрагерлік қатынастарға байланысты құқықтары жатады.

Жеке заң екі вариантта  қолданылады: азамттық заң (ұлттық заң) lex patrie   және тұрғылықты жер заңы lex domicilii. Азамттық заң бұл жеке –  тұлғаның азамттығы болып табылатын  мемлекеттің заңына бағынуды айтамыз. Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп болған 1804 жылғы Франсуз азаматтық кодексі онда шетелде жүрген ,Француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген.

Кейіннен ұлттық заң  мәселелері 1865жылы Италияның Азаматтық  Кодекісіндеде, 1896 жылы Герман Азаматтық  заңында бекітіледі, ал Англо, Американдық  құқықтағы домицили концепциясы  басқа құқық жүйелерінен ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген, ал англо- саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша, пайда болу домицилиясымен (шыққан тегімен) таңдау домицилиясына бөлінеді.

Мысалы, некемен туған  бала әкесінің домийилиясына, некесіз  туған бала шешесінің домицилиясына тиісті болады.

Дәл осылай отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Яғни жеке заң және domisilii заңы бойынша.

ҚР-ның Азаматтық Кодексінде «жеке тұлғалардың жеке заңы атты»  арнайы 1094- бап бар.

ҚР-ның заңы бойынша  жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.

Адамның екі немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің  құқығы лның жеке заңы болып саналады.

Мысалы, Қазақстанның Австрия  мен Турцияның Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес егер тұлға бір неше мемлекеттің азаматы болса оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.

Жеке тұлғалардың  азаматтық құқық қабілттілігі және әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады.

Шетел азаматтары дегеніміз - ол ҚР-ның азаматтығында жоқ  және басқа мемлекеттің азаматында болатын тұлғалар.

Жеке тұлғалардың  құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік  

Жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесі туралы мәселе тұлға бір уақытта екі мемлекеттің азаматы болған кезде (қос азаматтық) күрделенеді.

Мысалы, әке-шешсі Қазақстандықтар  болып табылатын жаңа туған бала шетелде, яғни бұл ел заңы бойынша  өз жерінде туғандардың барлығын мемлекет өз атына жатқызады (jus solii қағидасы), бұл жерде Қазақстан заңы бойынша Қазақстандық ата-анадан туған бала Қазақстан азаматы болып табылады (jus sanguines қағидасы қолданылады).

Жеке тұлғалардың азаматтық  құқықтық жағдайы оның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арқылы анықталады. Бірақ бұл екі қабілеттілікте кейбір құқық жүйелерінде терминологиясы бойынша ерекшеленеді.

Мысалы, Англия мен Францияда  құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігі 

Бір терминмен анықталады. Яғни «қабілеттілік» деген бір ғана терминмен анықталады.

Герман азаматтық құқығының  Француз және Ағылшын құқығынан  ерекшелігі Германияда үш термин қолданылады  «әрекет қабілеттілігі», «құқық қабілеттілігі», «деликтік қабілеттілік».

Деликтік қабілеттілік- бұл азаматтардың құқыққа қайшы әрекетінің негізінде келтірген шығынға азаматтық құқықтық жауапкершілікте болу қабілеттілігі.

Деликтік қабілеттілік Герман құқығының ерекшелігі болып  табылады. Ал РФ- да құқық қабілеттілігі  мен әрекет қабілеттілігінен басқа  мәміле қабілеттілігі мен деликт қабілеттілігі терминдері қолданылады.

Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы тұлғаның жеке заңы арқылы анықталады.

Жеке тұлғаның жеке заңы өз алдына азаматтық заң (lex potriaie) және тұрғылықты жерінің (lex domisilii) заңы болып  бөлінеді.

Әр түрлі құқық жүйелерінде жеке заңға әр түрлі көзқараста қаралады.

Мысалы, «жалпы құқық» мемлекетте (АҚШ, Ұлыбритания) азаматтың тұрғылықты жер заңы қағидасы қолданылады.

Ал, континенталдық құқық  жүйесі мемлекетінде (Франция, Германия, сонымен қатар ҚР-сы) азаматтық заң қағидасын басшылыққа алады. ҚР-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстандық азаматтармен тең азаматтық әрекет қабілеттілікке ие.

Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігінің коллезиялық мәселелері көбінде әртүрлі мемлекеттердің заңдары әрекет қабілеттілігі жасын, яғни кәмелетке толу жасын әртүрлі белгілеу салдарынан туындайды.

Мысалы, Франция АК-нің 488- бабына сәйкес, толық әрекет қабілеттілігі 18 жастың соңғы күні біткен кезде  пайда болады. Ал, Англияның 1969 жылғы  «Отбасы құқығын реформалау туралы» заңда адам 18 жасқа толған күні кәмелетке толды деп есептеледі.

АҚШ штаттарында кәмелетке  толу жасы әртүрлі белгіленген, ол 18-21 жас аралығы.

ҚР-да ҚР-ның АК-нің 17- бабына сәйкес адам кәмелетке 18 жасқа  толғанда ие болады.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеуде мемлекеттерде бірдей бола бермейді.

Мысалы, Германия Азаматтық  заңына сәйкес 7 жасқа толған бала толық  түрде әрекетке қабілетсіз болып  есептеледі. 7 жастан 18 жасқа дейін  әрекет қабілеттілігі шектеулі.

2.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы.

Шетел азаматтары және азамттығы жоқ  адамдар да әкімшілік құқықтық субьектілері болып табылады және Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығындай құқықты  пайдаланады. Сонымен бірге оларға қойылатын кейбір шектеулер де бар. Мысалы, олар мемлекеттік билік органдарын сайлай алмайды және оған сайлана да алмайды, әскери міндет атқармайды. Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұра алмайды, саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға қақы жоқ. Олар Қазақстан Республикасының Қонституциясын құрметтеуге, Қазақстан аумағында тұру және орын ауыстыру үшін рұқсат алуға міндетті. Бұл талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке (әкімшілік және қылмыстық) тартылуы мүмкін. Дипломаттардың құқықтық жағдайы халықаралық ережелермен реттеліп отырады.

ӘҚБтК-нің 394 бабы шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан  Республикасында болу қағидаларын  бұзуы болып табылады.

Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ  адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тiркелу мерзiмдерiн не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың тәртiбiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттерді әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаса он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.  

Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ  адамның Қазақстан Республикасына заңсыз келуiнен, белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден  жалтаруынан, келу мақсатының визада не тiркеу кезiнде көшi-қон карточкасында көрсетiлген мақсаттарға сай болмауынан, сондай-ақ нақты тұратын жерi тiркеу кезiнде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуiнен, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жол жүру қағидаларын сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

Информация о работе Халықаралық жеке құқықтың түсінігі