Халықаралық жеке құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:21, лекция

Краткое описание

Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы.
Халықаралық жеке құқықтың пәні: негізгі белгілері.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8 Сборник лекций Туризмдегі бух.есептің ерекшеліктері.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

Дәріс конспектілері

1 – дәріс. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі.

Дәріс жоспары:

  1. Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы.
  2. Халықаралық жеке құқықтың пәні: негізгі белгілері.
  3. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

 

1. Халқаралық жеке құқық ол  шетел элементінің қатысуынан болатын азаматтық  құқықтық  қатынастарды  ретттейтін нормалар жиынтығы. халқаралық жеке құқықтың мақсаты- әр түрлі елдердің фирмаларымен ұйымдардың арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады. Халқаралық құқықтағы сияқты, халқаралық жеке құқықта да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғалардың мудделері толығымен ескерлуге жатады.

Халқаралық жеке құқық шетелдіктердің жеке мүліктік және мүлікті емес құқықтары  туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы мәселелер қарастырылады. Халқаралық жеке құқық нормалары қазақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтарымыздың шетел мемлекетіндегі құқықтық жағдайын анықтайды. Халқаралық жеке құқықтың реттеу пәні  халқаралық  өмірде пайда болатын азаматтардың құқтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады. Халқаралық жеке құқықтық өз бетіндік, тәуелсіз құқық болып табылады. Халқаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқтық қатынастарды реттейді. Халқаралық жеке құқық  халқаралық  жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әр түрлілігінде. Халқаралық жария құқықта мемлекеттер арасысындағы саяси  қарым  қатынастар, бейбітшілікпен халқаралық  қауіпсіздігі, мемлекеттің егемендігі мәселелеріндегі, мемлекет  ісіне араласпау, қарусыздану  сияқты  мәселелер  қарастырылады,  ал халқаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Мысалы, ең  біріншіден  мүліктік қатынастар  мәселен, авторлық пен патенттік  құқық  саласысда, яғни олар халықаралық жеке құқықтан  реттеу аясында жататын қатынастар  болып табылады.

Екіншіден халқаралық жария құқықтан  халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәні мен ғана емес, сол қатынастардың  субьектілеріменде  ерекшеленеді. Мемлекеттер халқаралық жария құқықтыңнегізгі субьектілері болып табылады, онымен қатар, халқаралық ұйымдармен өз  тәуелсіздігі  мен бостандығы  үшін күресуші  ұлттарда  осы топқа  жатқызылады . Ал халқаралық жеке құқықа  қатысушылар  мемлекет ғана  емес, ең басты қатысушылары жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар  болып табылады. Жеке тұлғалар бұлар азаматттар,  ал  заңды тұлғалар  бұл мемлекеттік ұймдар, және фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар. Халқаралық жеке құқық өзге құқық салалпрына қарағанда бертін пайда болды. Оның негізін қалаушы американдық  зерттеуші Жозеф Сторн  аталды. 1834 жылы  оның  « Заңдар палезиясының камементарий  деген» кітабында алғаш рет  халқаралық жеке құқық термині қолданылған  болатын, халқаралық жеке құқық келесі сипатта болды.

1. Жеке сипатта –  мемлекет деңгейінде емес, жеке  құқықтық сипатта болды 

2. Халықаралық  сипатта – бір мемлекет көлемінде емес бір неше мемлекеттер арасында болады.

Халықаралық жеке құқықты  халқаралық жария құқықтан ерекшелейтін

3.  Үшінші белгісін атап өтуге болады.  Ол оның қайнар көздерінде.

Халықаралық шарттар  халқаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі  қайнар көзі болып  табылады. Халқаралық жеке құқықта да, халықаралық шарттардың алатын орны, ерекше  бірақ олардың  ережелері  кейбір мемлекеттердің  заңнамасына сәйкес келсе,  кейбір  мемлекеттің  заңнамасына сәйкес келмейді.

Халықаралық жеке құқық  мызды орында ішкі  сипаттағы заңнама,  сот және арбитраж  тәжірибесі  алады.

 

 

 

2. Халықаралық жеке құқық бұл шетел элементінің  қатысуымен болатын  қатынастарды реттейді.

1. Шетелдік  болып табылатын субьектінің қатысуымен болатын  мүліктік  қатынастар. Бұл шетел  мемлекетінің  азаматы, шетел мемлекетінің  заңды  тұлғасы  немесе тіпті шетелдік  мемлекеттің  өзі де болуы мүмкін.  Мысалы, қазақстандық  өнер кәсіп орны  ағылшындық  фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент  болып ағылшындық фирма болып табылады.

2. Тиісті қатынастардан  пайда болатын обьект шетел  аумағында болатын болса  мысалы, мұрагерлік мүлік.

3. Заңды  факт шетел аумағында орын алу керек мысалы, зиян келтіру, шарт жасасу, өлім т.б

Шетел элементі  бар азаматтық – құқықтық қатынастарды реттеудің басты ерекшелігі – көп жағдайда халқаралық жеке құқық  мәселелерін шешуде тікелей ереже  және қолданылатын  ереже  жоқ. Бұл ережелер тек  қай заңнама қолданылуы керек екендігін көздейді. Мұндай сипаттағы ережелер колезиялық  деп аталады. Заң тұрғысынан алғанда колезиялық нормалар халқаралық жеке құқық  құрамына кіретін  аса күрделі нормаларды  білдіреді.

Мемлекеттер  қолданылатын  осындай  нормалардың  жиынтығы  колезиялық  құқықты  құрайды.

Халықаралық жеке құқықтың, қоғамдық қатынастарының екі белгісін шығарып айтуға болады.

Олар: 1 халқаралық 2 азаматтық  – құқықтық болып табылады. Тек  қана осы екі белгінің  бір кезде кездесуі ғана  қоғамдық қатынастардың құрамынан  халқаралық жеке құқықтың  пәні болып табылатын  қатынастарды бөліп  қарастыруға болады мысалы,  қазақстан азаматының өлімінен  кейін оның  қазақстандағы  мұрасы ашылады және оған сәйкес  мұрагерлері анықталады.

Бұнда азаматтық құқықтық  қатынастар туындайды. Егер осы мұра  басқа бір мемлекет аумағында ашылса  немесе мұрагерлер  шетелдік  азаматтар  болып шықса, онда бұл халқаралық жеке құқықтың  көмегіне жүгінетін қатынас болып табылады.

Яғни  халқаралық жеке құқықтың  пәні болып –  халқаралық, азаматтық құқықтық  қатынастар болып табылады.

Қорыта айтқанда

1. Халықаралық жеке  құқық   кең ауқымда  алғанда халқаралық  құқыққа  жатады.

2. Халықаралық жеке  құқық   мемлекеттің ішкі  заңнамасының  құрамына кіреді.

3. Халықаралық жеке  құқық құқықтың  кешенді саласы болып табылады. 

Халықаралық жария  құқық   барлық мемлекеттерге  тән құқықтың  аясында  өмір сүретін  болса, халқаралық жеке құқық  бұл жекелеген  мемлекеттердің  құқық жүйесінде  өмір сүреді, мысалы, қазақстандық халқаралық жеке құқық,  ресейлік халқаралық жеке құқық, италияның  халқаралық жеке құқық.  

Сонымен, халықаралық  жеке құқық -  бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық  қатынастарды реттейтін,  мемлекеттің  унификацияланған  жеке құқықтық және колезиялық құқықтық нормаларының  жүйесі  болып табылады. 

 

3. Халқаралық жеке құқық – құқықтың бір саласы ретінде  басқа құқық  салаларынан ерекшеленеді. Халқаралық жеке құқық  2 бөлімнен тұрады 

1. жалпы; 

2. ерекше;

Жалпы бөлімде халқаралық жеке құқықтың  принциптерімен  негізгі бастамаларына  байланысты  жалпы ережелер  қаралады. Бұлардың қатарына колезиялық ережелердің қызмет етуі, шетелдік құқықты қолдануды шектеу мәселелері, сыртқы  мәселелермен  ішкі заңнаманың  ара – қатынасы, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына  ерекше құқықтық  режимді  белгілеу  сияқты  ережелерді жатқызуға болады.

Халқаралық жеке құқықтың  ерекше бөлімі  негізгі институттарынан  тұрады. Азаматтардың  азаматтық құқықтық  жағдайы, мемлекеттердің ерекше құқықтық қатынасқа түсүші  ретіндегі  ерекшеліктері,  меншік құқығы, мәмілелер, түрлі сипаттағы шарттар, зиян келтіру салдарынан  пайда  болатын міндеттемелер, интеллектуалдық  меншік құқығымен байланы нормалар, мұрагерлік, отбасы, неке сонымен қатар  еңбек қатынастары.

Халқаралық жеке құқық  жүйесінде халқаралық арбитраж туралы мәселе  ерекше  бөліп қарастырылады.

Студенттерге  тапсырмалар:

  1. Халықаралық жеке құқық түсінігі.
  2. Халықаралық жеке құқықтың жүйесі.
  3. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі алатын орны.
  4. Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан айырмашылығы.

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1994. 294- бет.
  2. Нысанбекова Л.Б., Халықаралық жеке құқық, оқу құралы, Алматы:  Жеті жарғы, 2006 ж.
  3. Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек.2000
  4. Лунц Л.А., Марышева Н.И.. Садикова О.Н. Международное частное право. М., 1984

 

 

2-дәріс. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері.

Дәріс жоспары:

    1. Халықаралық жеке құқық қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері.
    2. Халықаралық шарт.
    3. Халықаралық жеке құқық бойынша неке және отбасы кодексі, Азаматтық іс-жүргізу кодексі және Қазақстан Республикасының басқа заңдылығы.

Халықаралық жеке құқықтың мазмұнында оның басты қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, халықаралық келісім шарт, ішкі заңдылықтар, салт-дәстүр т.б. жатады. Әр мемлекет халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі бірдей емес, әр түрлі болып келеді.

Халықаралық шартқа байланысты мәселелер қазiргi кезде негiзгi үш келiсiмдермен реттеледі – 1969 жылғы  Халықаралық шарттар құқығының  Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердiң құқыққа иеленушiлiк жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледi. Олардын ішіндегі ең маңыздысы болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық шарт деп – мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекiтiлiп, мұндай келісімнің бiр құжатта не бiрнеше өзара байланысы бар құжаттарда бар болуына, не оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім түсіндірілуі мүмкін.

Халықаралық жеке құқықтың ішкі заңдылықтарының қайнар көзі болып  ҚР Конституциясы жатады. Қаулының негізгі бөлімі осы құқыққа байланысты бөлімшесі «Азаматтық құқықтың» 7-ші бөлімінде көрсетілген.

Халықаралық жеке құқық  нормалары сонымен қатар ҚР-ң  «Неке және отбасы», Еңбек құқығы, Шетелдік инвестиция, Валютаның реттелуі заңдарында мазмұндалған.

Шетелдік элементтердің  құқықтық қарым-қатынастарында әрқашан  бір сұрақ туындайды: ол мәселені шұғыл шешу, қай заң қолдануға жатады.

Халықаралық жеке құқықта  материалды-құқықтық және коллизияны әдіспен реттелуі екі аспектімен қарастырылады.

  • Коллизионды норма ішкі материалдық құқықтық нормамен бірлесе жүріп, азаматтық айналым қатысушыларының жүру қалпын үлғі етеді.
  • Халықаралық жеке құқық – материалды құқықтық нормаларды ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қосыла отырып, ішкі заңдылықтарға халықаралық келісімшарттар және әдеп-ғұрыптарға негізделген.

Халықаралық жеке құқықтың құрамына шетелдік элементтердің жеке құқықтық байланысын реттеп отыратын арнайы нормалар кіреді.

Халықаралық жеке құқықта  азаматтық құқықтық ереже екі  аспектіде қарастырылады.

  • Мемлекеттің шекарадан тыс жерде жүрген, өз азаматтарының қарым-қатынастары қаралады.
  • Мемлекеттің аумағында жүрген шетел азаматтарымен, азаматтығы жоқ адамдармен қарым-қатынасы қарастырылады.

Шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі халықаралық құқық  пен нормалар және жалпы қабылданған  принциптерге негіздемеге сай қалыптасады. Шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясында 4 бөлімінің 12 бабында көрсетілген. «Шетел және азаматтығы жоқ азаматтар ҚР-да құқыққа, бостандыққа ерікті».

Шетел азаматтарының  құқықтық ережелері ҚР Президентінің  қакулысы бойынша «ҚР-ғы шетел азаматтарының құқықтық ережелері» 19.06.1995 ж.Бұл Қаулыда Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары мен олардың міндеттері анықталған.

2-сұрақ. Біздің отандық ілім халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарасты ұстанады. Осылайша, халықаралық жеке құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да айта кету керек.

Ең біріншіден, мүліктік қатынастағы халықаралық құқық  шетелдік элементке ие екендігі туралы айтылуы керек. Осындай шетелдік элемент бар мүліктік қатынастардың негізгі деген үш тобын бөліп қарастыруға болады:

    1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шет мемлекеттің азаматы, шет мемлекеттің заңды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, қазақсатныдық өнеркәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады.
    2. Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік қатынастар (мәселен, мұрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел аумағында болатын болса.
    3. Заңды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты  мүліктік қатынастар ( зиян келтіру, шарт жасау, өлім т.б.).

Отандық ілім халықаралық жеке құқық, сонымен қатар, халықаралық азаматтық іс жүргізу мәселелерін де қарастырады. Мұның астарында, азаматтық істе шетелдік элементтің болуы әлдебір процессуалдық салдар туғызады деген пікір бар.

Информация о работе Халықаралық жеке құқықтың түсінігі