Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 18:08, реферат
Өкпеде газдардың алмасуы майда бронхиолалардан басталатын өкпе ұяшықтарында болады. Сау адамдарда тыныс алуға қатысатын өкпенің беті 160-200 теңеледі. Газдардың алмасуын қамтамасыз ететін бұл алаңда 100 000-дай респирондар деп аталатын өкпенің терминалдық тыныстық бірлігі және бірнеше миллиондаған өкпе ұяшықтары болады. Олар өкпе артериолаларымен келетін веналық қанмен қамтамасыз етіледі. Бұл артериолалар қылтамырларға тармақталып, ұяшықтарды жанжағынан қоршап тұрады және ары қарай өкпе көктамырларына ауысады. Веналық қан оттегіні қабылдап, көмірқышқыл газын өкпе ұяшықтарына шығарып, артериалық қанға айналады.
I Кіріспе
Сыртқы тыныс патофизиологиясы
II Негізгі бөлім
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенездік түрлері
Бронхиалық демікпе . Демікпелік күй
Асфиксиялық синдром
Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
Өкпе ісінуі, гипертензиясы, эмфиземасы,
Ішкі тыныс патофизиологиясы
III Қорытынды:
IV Пайдаланылған әдебиеттер:
Өкпені жасанды желдетудің патогенездік негіздері
Қарқынды емдеу жолдарында өкпені жасанды желдету әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдісті қолдану арқылы веналық қан организмнің мұқтаждығына сәйкес оттегімен қанықтырылады және көмірқышқылы газының артығы организмнен сыртқа шығарылады. Осы мақсатта өкпе аурулары және сыртқы тыныстың реттелулерінің бұзылыстары (жіті тыныстық дистресс-синдром, бронхиалық демікпе ұстамасы, есірткілердің, ұйықтататын және наркоздық дәрілердің тыныс орталығын тежеуі) кездерінде өкпені жасанды желдетуге (ӨЮК) мәжбүрлік пайда болады. Оны өткізу үшін сыртқы тыныс қызметі мен өкпеде газ алмасуының мына көрсеткіштерінің маңызы бар (19-кесте В.Ю.Шанин, 1998, бойынша).
Артериалық қанда оттегінің үлестік қысымы қатты төмендеуі және көмірқышқылы газының үлестік қысымы тым көбеюі сыртқы тыныстың әлсіреген қызметі организмнің мұқтаждығына сәйкес келмеуін көрсетеді. ӨЖЖ-дiң екінші бір жағымды жағы болып, жүрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі кезінде жүректің көктамырлардан қанды сору қызметіне әсері есептеледі. Өйткені ӨЖЖ кезінде тыныстық бұлшықеттер, науқасқа енгізілген миорелаксанттардың әсерінен, дем алуға белсенді түрде қатыспайды. Сол себепті олар oттегіні артық пайдаланбай, басқа ағзалардың О2-ні үнемдеп пайдалануына қолайлы жағдай туындатады. Бұл кезде тыныстық бұлшықеттepдiң белсенді қозғалыстары болмағандықтан оң жүрекке келетін мөлшері кеміп, минуттық қан көлемі азаяды. Осыдан жүректің насостық қызметі жеңілденеді. Ауыр жарақат, жаралану, күйік, хирургиялық әрекеттерден кейін, сепсис, жүйелі қабынулық серпіліс т.с.с кездерінде өкпеде оттегінің жеткіліксіз сорылуы, жүрек қызметінің әлсіреуі тыныстық-қанайналымдық араласқан гипоксия дамытады. Сонымен қатар, бұл жағдайлaрда тыныстық бұлшықеттер мен жүрек ауыр қызмет атқаруларына байланысты тіндердің oттeгiгe деген мұқтаждығы және оны пайдалануы артып кетуі де гипоксия дамуын одан сайын ушықтырады. Организмнің 02-ге деген жоғары мұқтаждығы тыныс алу және қанайналым жүйелерінің әдeттeгi қызметтерімен қамтамасыз етілмейді. Сол себепті тыныстық бұлшықетгердің қызмет атқаруын тоқтатудан организмде oттегінің пайдаланыуы азаюы тыныстық-циркуляциялық гипоксияны тоқтатады немесе оның өту дәрежесін жеңілдетеді .