Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 16:16, лекция
Дисфагия – тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында ең жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы, мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық таралуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Алғашқыда қою, сосын жұмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Қатерлі ісіктің ыдырауы кезінде уақытша болса да өңештің өткізгіштігі қалпына келгендей сезім пайда болады. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішік қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады
Зертханалық зерттеу
Қанның, зәрдің жалпы анализы,
қанның биохимиялық анализы асқазан
ауруларында қосымша
Қанның сарысуындағы гастринді зерттеу. Гастрин асқазанның антралды бөлігінің, 12 елі ішектің, ұйқы безінің кілегей қабатының G-клеткаларынан түзілетін гастроинтестиналды гормон. Сарысулық гастрин радиоиммунды әдіспен зерттеледі. Гастрин мөлшерінің аздап көбеюі асқазанның 12 елі ішекке өтетін тесігінің тарылуын, В-12 тапшылық анемияны, созылмалы бүйрек жеткілікксіздігін, т.б. ауруларды көрсетеді. Оның негізгі мәні – Золлингер- Эллисон синдромын анықтау, бұл кезде сарысулық гастрин мөлшері бірнеше есе көбейеді.
Нәжісті зерттеу. Асқазаннанижәне ішектен қан кетудің жасырынды түрін Грегерсон реакциясын (бензидин сынығы) қою арқылы анықтауға болады. Сынақты дұрыс өткізу маңызды, сондықтан науқас зерттеуге дейінгі үш күн ішінде ет, балық тағамдарын, жасыл өсімдіктерді, құрамында темірі бар дәрі-дәрмектерді қабылдамау керек. Сондай-ақ қан кетудің басқа да себептерін (мұрыннан, қызыл иектен, өңештен, геморроидалдық түйіндерден қан кетуі) ескерген жөн.
Асқазанда ас қорыту бұзылған шақта, нәжісті микроскопиялық әдіспен қарағанда көп мөлшерде өсімдік клетчаткаларын, қорытылмаған ет талшықтарын, оксалат кристалдарын, бактерияларды көруге болады.
Иммунологиялық диагностика. Асқазан ауруларын анықтауда бұл әдіс соңғы жылдары өзінің маңызын арттырып келеді. Кілегей қабатының антигендерінде бар екендігі дәлелденген, ол көбінесе созылмалы атрофиялық гастрит тұсында, қатерлі ісіктерде одан да жиірек кездеседі. Көбіне анықталатын аутоантиденелер, олар клетка мембранасы антигендерімен бірігеді. Сөл бөлінілік иммуноглобулин А-ның және иммуноглобулин G-дің асқазан мөлшері ойық жара ауруы тұсында жоғарылайды, иммунокомплекстер көбейеді, Т-клеткалардың белсенділігі азаяды.
Иммуноферменттік анализ (ИФА). Иммунопреципитация, иммуно- цитохимия әдістерімен плазма сарысуындағы арнайы антигеликобактериялық антиденелерді (А және G кластарының) анықтайды.
ІШЕК
НЕГІЗГІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Сұрастыру
Шағымдар. Ішек ауруларының негізгі шағымдарына ауру сезімі, метеоризм (іштің кебуі), ішек қозғалысының бұзылуы (іштің қатуы немесе өтуі), ішектен қан кету ағу сияқты симптомдар жатады.
Ауруы. Науқастың іш ауруына шағымдануы кезінде ауырудың таралуына, берілуіне, басымдылығына, сипатына, оның ұзақтығына және ауырудың бәсеңдететін жағдайларға көңіл бөлу қажет. Асқазан ауруларынан ішек ауруларының айырмашылығы мынада:
мысалы, көлденең тоқ ішектегі
қабыну үдерісінің үдеуі кезінде (трансверзит)
ауру іште тамақтан соң пайда болады.
Осы аурудың механизмі
ішектің босау кезеңінен кейін азаяды;
басылуы.
Ішек аурулары сипатына қарай
сыздап және толғақ тәрізді (ішек шаншуы),
ұстама түрде ауыруы мүмкін. Шаншу
тәрізді аурулар қысқа
Ауру ішектің қабыну ауруларына
тән. Ауру сезімі берілетін жерді
дәл анықтаудың маңызы зор. Ауыру
сезімі оң мықын аймағында аппендицит,
қатерлі ісік, туберкулез, соқыр
ішектің қабынуы (тифлит) кезінде
беріледі. Сол жақ мықын аймағында
іш жүрмей қалғанда, сигма тәрізді
ішек қабынғанда (сигмоидит), қатты
ауру пайда болады. Кіндік аймағының
ауруы ащы ішек қабынғанда (энтерит),
тоқ ішектің қабынуы мен
Төменгі өрлеме ішек қатты зақымданғанда (дизентерия) ауыру сезімі сегізкөз аумағына беріледі. Ауыру сезімі жылу, спазмалитикалық дәрілер қолданғанда, газ шыққанда, ішектің босауы кезінде бәсеңдеуі немесе басылуы мүмкін.
Ішек ауруларының пайда болуына негізінен ішек қызметінің және қозғалысының бұзылуы себеп болады. Ішек ауруларының көпшілігі ішектің тегіс бұлшық етінің қатты жиырылуынан (спастикалық ауру), не ішектің газға толуы себепті керілінен (дистензионды ауру) пайда болады. Кейде ауруға осы механизмнің екеуі де болады.
Спастикалық түрдегі аурулар мына себептерге байланысты болуы мүмкін: 1) ішектің (спастикалық) жиырылуы; 2) энтерит, колит, ішек ісіктері, күшәлә, қорғасынмен улану, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі ауруларға байланысты ішектен басталатын тітіркендіру.
Дистензионды аурулар ішектің газға толуына байланысты, ішек пен шажырқайдың керіліу мен тітіркену нәтижесінде пайда болады.
бірте бәсеңсиді.
қалғанда, іште үнемі шаншу тәрізді ауыру пайда болады және осы ауыру бір ғана жерге беріледі (кіндік аумағы мен тоқ ішекке). Сонымен қатар ауыру ішек перистальтикасына байланысты күшейеді.
Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің аумағында шаншу пайда болғанда, ауыру алдымен кіндік аумағы мен кіндік үсті аумағына беріледі де, сол жерде ұлғаяды. Ал кейде ауыру тек оң жақ мықын аумағына беріледі.
Ақырында тік ішектің шаншуы пайда болады. Ішек пен қыспақтың (сфинктердің) тырысып жиырылуымен байланысты тік ішектің шаншуы жиі болады және ол төмен қарай тартып ауырады. Бұл кезде нәжіс сыртқа шықпайды, тек кілей түйіршіктері ғана шығады. Нәжіс шығарда ауырудың пайда болуына мына себептер сәйкес келеді: үлкен дәретке отырар алдындағы ауру – сигма тәрізді ішектің қабынуына, ал нәжіс шығар кездегі ауыру – ол геморрой, тік ішек жарығы, қатерлі ісік ауруларына байланысты болады.
Метеоризм (іш кебуі) – ішке жел толу. Науқас іштің кебуін, ішектің кернеуін сезеді. Оның себептері:
ашитын тағам (капуста, көк бұршақ тұқымдас) қолданғанда күшейе түседі;
байланысты;
көбеюі);
Іштің кебіуі бүкіл ішіне беріле ме, әлде белгілі бір бөлігіне беріле ме немесе үнемі бір бөлігіне беріле ме, іштің кебуі үнемі бір орында болады ма осыларды анықтайды. Іш жүрмей қалғанда науқастың ішінің кебуі шектеулі болады. Науқас ішектің шұрылын, құйылуын, перстальтикалық қозғалысынң күшейгенін сезеді.
Іш өту механизмі өте күрделі үрдіс. Іш өту механизмінің біріне ішектің перстальтикасының күшеюі жатады. Соның салдарынан тамақ ботқасы тез жылжыды да, қорытылмаған тамақ сыртқа шығады. Ішек қабырғасының зақымдануы, сіңіру үдерісін реттеуші механимнің бұзылуы, су алмасуының бұзылуы сіңірудің тез өзгеруі мен іш өтудің пайда болуына әкеліп соғады.
Нәжістің сұйылуына ішекте қабыну үдерісінің болуы да себепші болады.
Кейде іш өтуге ішектің ашытқыш және шіріткіш флорасының тепе-теңдігінің бұзылуы да себеп болады. Ашытқыш флора көбейгенде ашытқы диспенсия пайда болады. Бұл кезде нәжістің реакциясы қышқыл, құрамында көп мөлшерде крахмал дәндері, өсімдік клетчаткасы, йодфилді микробтар болады және нәжіс ботқа тәрізді, әрі ауа көпіршігі көп болады. Бұл жағдайда үлкен дәретке күніне 2-3 рет шығады. Себебі құрамында көмір суы болғандықтан олардың сіңірілінің бұзылуына байланысты болады.
Іріңді диспепсия. Бұл асқазанның секреторлық қызметінің жетіспеушілігінде жиірек кездеседі. Тұз (хлорлы) қышқылының болмауына байланысты асқазан сөлінің бактериоцидтік әсері жойылады. Соның әсерінен жеткілікті қорытылмаған тамақ асқазаннан ішекке тез өтіп кетеді де, белоктардың қорытылуына кері әсерін тигізеді. Бұл іріңді диспепсияның дамуына әкеліп соғады. Іріңді диспепсияда нәжіс сұйық, қоңыр түсті рекациясы қышқыл болады. Құрамында қорытылмаған ас қалдығы және іріңді исі болады. Нәжісті микроскопиялық әдіспен зерттегенде көптеген май және бұлшық ет талшықтары табылады. Нәжістің құрамындағы органикалық заттар көбейеді, иодофилді флора жойылады.
Тоқ ішектің органикалық зақымдануы кезінде іш өту онша көп болмайды және ол науқастың жағдайына онша теріс әсер етпейді. Ал ащы ішек зақымданғанда ішектің қозғалу және сіңіру үдерістерінің бұзылуына байланысты қатты іш өтеді, сонымен қатар ас қорыту үдерісі және организмдегі зат алмасу үдерістері және организмдегі зат алмасу үдерістері (белок, термір, витамин, электролиттердің сіңірілуінің) бұзылады.
Іштің қатуы (obstipation) – ол нәжістің ішекте ұзақ уақыт (48 сағаттан көп) тұрып қалуы. Іштің қатуы ұзақтығы тек патологиялық жағдайға ғана емес, сонымен қатар тұрыс жағдайы тамақтану тәртібіне де байланысты. Өсімдік тектес тағамды көп қолданғанда, күніне 2-3 рет үлкен дәретке шығады, ал етті тағам көп қолданғанда, дәретке сирегірек шығады. Күнделікті қолданылатын тағамның әр түрлілігі іштің қатуын болдырмайды. Аз қозғалу, ашығу үлкен дәретке шығудың арасындағы үзілісті ұзартады. Іштің қатуында ішектегі заттар тоқ ішек пен тік ішекте тұрып қалады.
Іштің қатуын органикалық және функционалдық деп бөледі. Органикалық іш қату ішектің қуысының тарылуы мен ісікке байланысты болады. Сол сияқты ішектің даму кезіндегі ауытқұларына да байланысты болады.
Функциноналдық іштің қатуы:
Ішектен қан кету. Ол ас қорыту жүйесінде ойық жара пайда болғанда,
құрт түскенде, ауыр инфекциялық ауруларда (іш сүзегі, бациллярлық дизентерия), шажырқай қан тамырларының тромбозы кезінде, ойық жаралық колитте кездеседі, т.б. себептерден ішектен қан кетуі мүмкін.
Анамнез. Науқастан жас кезінен бастап ауру пайда болғанға дейін қалай
тамақтанғанын, уланды ма, жоқ па, қандай тағамды жақсы көретінін мұқият сұрау қажет. Сонымен қатар алкоголь қолданды ма темекі шегеді ме, тамақтану уақытын сақтай ма, тағамның тек бір түрімен ғана тамақтана ма, жоқ па, міне осының бәрін сұрау керек. Бұрын ішек ауруларының болуы, басқа органдардың патологиялық өзгерістері де кейде ішектің зақымдануына әкеліп соғады.
ФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Қарап тексеру
Қоректік заттардың
Ішек ауруларында тіл көбінесе бүлдірген түстес қызыл болады (кардиалді тіл), тіл бүртіктері тегістеледі. Қызыл иек жұмсарып ісінеді және ол қанағыш келеді.
Ішті қарағанда – оның пішініне көңіл бөлу керек. Іш қалыптағыдай болады. Егер ішшемені, іш кебуі болса – үлкейеді. Бауыр ұлғайғанда, іштің жоғарғы жағы ісінеді, ал жатыр ұлғайғанда іштің төменгі жағы үлкейеді.
Науқасты «ішпен дем алдырып»
құрасқ қабырғасының қозғалысын тексереді.
Ауыру сезімі пайда болғанда, науқас
терең тыныс ала алмайды. Осыдан
кейін науқастың басын жоғары
көтергізіп, іштің тік бұлшық еттің
бір-бірінен бөлінуіне көңіл