Науқастың арыз-шағымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 16:16, лекция

Краткое описание

Дисфагия – тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында ең жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы, мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық таралуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Алғашқыда қою, сосын жұмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Қатерлі ісіктің ыдырауы кезінде уақытша болса да өңештің өткізгіштігі қалпына келгендей сезім пайда болады. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішік қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады

Прикрепленные файлы: 1 файл

ишки аурулар.docx

— 72.18 Кб (Скачать документ)

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ

ӨҢЕШ 

НЕГІЗГІ ЗЕРТТЕУ  ӘДІСТЕРІ

Сұрастыру

Науқастың арыз-шағымдары 

 

Дисфагия – тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында ең жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы, мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық таралуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Алғашқыда қою, сосын жұмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Қатерлі ісіктің ыдырауы кезінде уақытша болса да өңештің өткізгіштігі қалпына келгендей сезім пайда болады. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішік қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады. Сонымен қатар ол өңешке сыртқы денелердің батып, оның қысылуынан, көбінесе қолқа аневризмасы кезінде, жүрек қабының ісігінің әсерінен де пайда болуы мүмкін. Өңештің функционалдық тарылуы өңеш бұлшық еттерінің рефректорлы болуынан, яғни невроз кезінде иннервациясының бұзылуы себебінен екені сөзсіз, сол сияқты оған өңеш бұлшық еттерінің қатты тартылып, жиырылуы да әсер етеді.

Ауру (dolor) – бұл өңештің кілегей қабатының қабынуы кезінде, яғни эзофагит ауруында байқалады. Өңештің ішкі қабаты сілтілер мен қышқылдардың әсерінен күйіп қалғанында, науқас ауырғанын бүкіл өңештің ұзына бойына сезінеді. Өңештің ауруы жауырынынң екі ортасына беріледі. Кардия ахалазиясы ауруында ауру сезімі әдетте арқаға, төс сүйегінің жоғарғы жағына қарай, мойынға, иек асты, жақ сүйекке беріледі. Аурудың ұзақтығы бірнеше минутқа немесе сағатқа мүмкін. Кеуде пердесіндегі өңеш тесігінің жарығы және асқазан-өңеш рефлюкс ауруы кезінде ауырғаны кеуде клеткасының сол жағынақарай беріледі жіне ол жүрек ауруы сиқты сезіледі.

Құсу (emesis, vomitus) – бұл өңештің таралуынан болады. Тағам өңештің тарылған жерінен жоғары кеңейген жеріне жиналады да, оның бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде тағамды сыртқа рефлекс түрінде итеріп шығарады. Құсу бірнеше белгілермен ерекшеленеді: ол лоқсусыз болады, науқас тағам тұрып қалған сияқты сезінеді. Құсықтың құрамын зерттегенде, онда қорытылмаған ас қалдығы немесе тұз қышқылы, пепсин бар-жоқтығына көз жеткізу керек. Егер құсықта шіріген иіс пайда болса, ол өңеш дивертикуласын немесе қатерлі ісіктің ыдырауын көрсетеді.

Тамақтың өңештен кері қайтарылуы, ол өңештің тарылған жерінен  өте алмағандығынан болады. Бқл белгі  көбінесе нерв жүйесі сырқаттарында жиі байқалады. Сонымен бірге ол өңештің төменгі бөлігінің тарылуынан да болуы мүмкін.

Сілекейдің ағуы – бұл белгі эзофагит ауруында кезеседі. Өңештің тесігінің (тырысып, бүрісіп) тарылуы, кейде қатерлі ісіктің салдарынан да болады.

Шірік иісті сезіну – өңештің қатерлі ісігінде және кардия ахалазиясын кезінде ас қалдықтарының жиналып қалуынан және оның шіруінен пайда болады.

Қыжылдау (pirosis) симптомы – ол төстің төменгі жағынан сезіледі. Ол асқазандағы ас қалдығы өңештің төменгі бөлігіне қайта түсуінен және сол сияқты эзофагит рефлюксінің (кері ағуның) әсерінен де болады.

Қан кету. Ол өңештің жарасы кезінде байқалады, сондай-ақ бөгде заттардың әсерінен өңештің жарақаттануынан, қатерлі ісіктің ыдырауынан болады. Кейде өңештің кеңейген вена қан тамырынан қан кету себебінен, оның кілегей қабатының өңеш пен асқазанның кардиалды бөлігінің байланысынан, оның аймағындағы кернеудің күшеюінен, тамырлардың кішігірім жарылуынан пайда болады (Меллори – Вейса синдромы).

Ауру тарихы. Аурудың ағымы өңештің органикалық зақымдануы кезінде күшейіп, оның функционалдық ауруларында (ахалазия кардии) психикалық себеп-шарттарға байланысты кейде қайталап кезек-кезек алмасып отыруы мүмкін. Науқастың өмір тарихын сұраудың нәтижесінде өңештің күйгенін (сілтімен, қышқылмен) анықтауға болады. Бұрын басқа қандай аурумен ауырғанын, әсіресе мерез ауруымен ауырған-ауырмағанын білген жөн. Науқастың арыз-шағымы дисфагияға, кейде сифилистік өзгерістеріне байланысты болады. Өңеш бүйірқалтасының болуы бұрын ауырған бронхоаденит, әсіресе туберкулез ауруына байланысты болуы мүмкін.

 

Физикалық зерттеу  әдістері

Өңеш ауруларының диагностикасында физикалық зерттеу әдістерінің  маңызы айтарлықтпай емес, ол өңештің  анатомо-топографиялық орналасуна және тікелей зерттеу әдістерін  қолдану мүмкіндігінің аздығына байланысты. Жалпы қарау кезінде  науқастың қатты жүдегенін байқауға болады, себебі өңеш рагы және ахалазиясы кезінде астың өңеш бойымен жүруі  бұзылады. Ұзақ уақыттқа созылған өңештің  тарылуы кезінде оның жоғарырақ  орналасқан бөлігі біршама кеңейеді, ол біртіндеп өкпені қысып, тыныстың рестрикивті тарылуын тудыру мүмкін.

 

Аспаптық және зертханалық зерттеу дістері 

Рентгенологиялық  зерттеу. Рентген әдісімен зерттеу кезінде науқас контрастты затты жұтады, оның өңешпен өтуі кезінде кілегей қабатының жағдайы, қозғалу қызметі, орналасуы, пішіні, көлемі және контуры зерттеледі. Қазіргі кезде рентген әдісінің мына төмендегідей түрлері қолданылады:  контрасттау әдісі, рентгенокимография, рентгенотелевидение, рентгенокинематография, компьютерлік томография,  пневмомедиастинография, ядерлі-магнитті резонанс және т.б. Әсіресе науқастың қалпын әр түрлі жағдайда өзгертіп отырып рентгенге түсіру көп мәлімет береді.

 

 

Эзофагоскопия

Эзофагоскопия өңештің обырын, ойық жарасын, кілегей қабытының  зақымдануын (қабынуы, атрофиясы, геморрагиялық  және эрозивті өзгерістер) сипаттауда рентген әдісіне қарағанда көбірек  мәлімет береді. Қажет болған кезде  өңештің кілегей қабатынан биоптат  алынады, алынған материал гистологиялық  және бактериологиялық зерттеуге бағытталады. Эзофагоскопия бірқатар емдік манипуляциялар өткізуге мүмкіндік береді: өңешті кеңейту (бұждау), варикозды кеңейген веналарды склероздату, полиэктомия, қан ағып тұрған тамырды электр ағымымен күйдіру.

 

Басқа да зерттеу  әдістері

Цитологиялық  зерттеу. Бұл әдіс өңештің қатерлі ісіктерін зерттеуде қолданылады. Материал ретінде өңешті жуып-шайған су немесе кілегей қабатының зақымдалған, не күдікті деген жерінен алынған қырынды зерттейді.

Өңешішілік рН-метрия. 10 сеукнд ішінде өлшенген өңешішілік рН көрсеткішінің 4,0-тен төмен болуы асқазанның қышқыл құрамының үнемі өңешке түсіп көтеріліп отыруының (гастроэзфагалды рефлекс) белгісі болып табылады.

Өңештің манометрия. Бұл әдіс өңештің бұлшық еттерінің жиырылуы қабілетін зерттейді. Өңештің әр түрлі деңгейіне әдейі сенсорлар орналастырылады. Науқасқа су жұтқызады. Қалыпты жағдайда өңештің төменгі сфинктерінің тұсындағы қысым 20-40мм. Сынап бағанасына тең. Ахалазия кезінде қысым жоғары көтеріледі және сфинктердің босаңсу қабілеті төмендейді.

Баллонкимографиялық әдіс. Бұл әдіс өңештің функционалдық және құрылымдық өзгеістерін анықтау үшін қолданылады. Шетінде жұқа резеңкеден жасалған баллон орнатылған сүңгіні науқасқа жұттырады, оған шамамен 100-200 мл. ауа жіберіледі. Сүңгңнің екінші шетін тіркейтін құралға жалғап, эзофагограмма отырады. Бұл әдіспен өңеш бұлшық еттерінің күшін, ырғағын, жиырылу жиілігін (қалыпты жағдайда минутына 3 рет), толқи жиырылуын анықтауға болады.

Фармаколгиялық  сынақтар. Науқасқа тіл астына нитроглицерин беріледі немесе атропин ертіндісін тері ішіне енгізеді. Функционалдық сипатты өзгерістер тұсында дәрілердің әсерінен өңештің тарылған бөлігінің тонусы төмендейді де, оның өткізгіштігі жақсарады. Ал өңештің органикалық тарылуында мұндай құбылыс байқалмайды.

 

АСҚАЗАН

НЕГІЗГІ ЗЕРТТЕУ  ӘДІСТЕРІ

Сұрастыру

 

Шағымдары. Асқазан ауруларымен сырқаттанған науқастар негізінен тәбеттің бұзылуы, кекірі, жүрек қыжылы, оның айнуы, құсу, құрсақ аймағының ауруы, қан кету сияқты шағымдарды айтып дәрігерге келеді. Қан кетуден басқа аталған барлық симптомдар түгелдей дерлік диспепсиялық шағымдар тобына жатады (диспепсия – ас қорытылуының бұзылуы). Асқазан ауруымен ауратын науқастарды сұрау кезінде әрбір шағымды талдап жіктеу керек.

Тәбеттің бұзылуы (жоғарылауы немесе төмендеуі) көбінесе жұқпалы ауруларда, зат алмасу  үрдістерінің патологиясында кездеседі. Асқазан ауруларында тәбеттің  төмендеуі және тәбеттің толық жоғалуы (анорексия) көбінесе жедел гастритте және асқазанның қатерлі ісігінде кездеседі (обыр). Бұл симптом аурудың алғашқы белгілеріне жатады. Ойық жара ауруларында, әсіресе он екі елі ішек жарасында науқастың асқа тәбеті көбінесе арта түседі. Науқастың ас қабылдағанда, қорқып ас қабылдамай қоятын шақтары да болады, міне мұны ажырата білі керек. Бұндай жағдай ойық жара аурумен сырқаттанған науқастардың ішінде, әсіресе асқазанның ойық жарасы бар науқастарда олардың асқа тәбеті жоғары болуына қарамастан жиі кездеседі. Науқастың кейде жеуге жарамсыз заттарға деген құмарлығы артады (керосин, көмір, бор). Асқа тәбеттің өзгеруі, әсіресе аяғы ауыр әйелдерде, сол сияқты алхлоргидриядан зардап шегетін адамдарда жиі кездеседі.

Асқазан және басқа ағзалардың қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың да етке тәбеті төмендеуі мүмкін. Тәбеттің пайда болу механизмі гипоталамустағы «тағам орталығының» қозуына байланысты. Ал бұл орталықтың қозу қандағы қоректік заттардың азаюына және асқазандағы проприорецепторлардан импульстің күшейіп келуіне байланысты. Тағам орталығының тонусы сопақша мидағы вегатативтік орталықтардың жай-күйіне байланысты (құсу орталығының қозуы кезінде тәбеттің өте төмендеп кетуі байқалады) және де ас қорыту ағзаларының рефлекторлық әсеріне, үлкен ми қыртысының қызметтік күйіне байланысты. Тағам орталығына әсер ететін себеп-шарттардың көптігінен тәбеттің әр түрлі ауытқу мүмкіншіліктері байқалады.

Дәмнің өзгеруі. Бұл ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы мен дәм сезудің төмендеуі. Көбіне бұл ауыз қуысындағы патологиялық өзгерістерге байланысты (шіріген тістер, созылмалы тонзиллит). Қабыршақтанған тіл де ауыз қуысында жағымсыз дәмнің пайда болуын туғызады.

Кекіру (eructation, regurgitation) – деп екі түрлі құбылысты түсінеміз: ауамен кекіру асқазанда немесе өңеште жиналып қалған ауаның ауыздан күтпеген жағдайда және дыбыспен шығуы (eructatio); аспен кекіру (regurgitation) – ауамен кекірген кезде ауызға асқазан сұйықтығының келуі. Кекіру асқазанның кардиалды бөлігіндегі тесік ашық кезінде, асқазан бұлшық еттерінің жиырылуынан пайда болады. Ауамен кекіру атмосфералық ауаны жқтудан болуы мүмкін (аэрофагия). Ол қашықтан білінеді және көбінесе психоневроз ауруларында жиі кездеседі. Ол асқазанның қозғалыс қызметі төмендегенде байқалады. Бұл кезде асқазанда ашу, шірі үдерістері орын алуы мүмкін. Бірінші жағдайда асқазандағы шіру үдерісінің әсерінен пайда болған май қышқылы, сүт қышқылы және де басқа органикалық қышқылдардың әсерінен газ бен шіріген жұмыртқанынң иісі сезіледі. Бұндай кекіру (белокты заттардың) құрамында күкірті бар белокты заттардың қатты ыдырауын көрсетеді. Бұндай кекіру асқазан мен он екі елі ішектің арасындағы сфинктердің тарылуына, көбінесе асқазанның кеңеюіне және онда астың тұрып қалуына байланысты болады. Қышқылды кекіру асқазан сөлінің гиперсекрециясында және асқазанның ойық жарасында кездеседі. Ащы кекіру он екі елі ішектен асқазанға қайта өт өткенде, сонымен қатар асқазан сөлінің жоғары қышқылдығында және пептонның ащы дәміне байланысты болады. Шірік иіспен кекіру асқазанның үлкеюіне, онда астың тұрып қалған жағдайында гипохлоргидрия немесе ахилияда (асқазан рагінде) кездеседі.

Жүректің қыжылдауы (pyrosis) дегеніміз төстің астыында және эпигастралды аймақта пайда болатын қыжыл. Жүректің қыжылдауы асқазан-өңештік рефлекске байланысты болады. Бұл белгінің пайда болуында өңештің төменгі бөлімінің, асқазанның кардиалды бөлігінің функциясы бұзылуы, сол сияқты өңештің кілегей қабатының сезімталдығы артуының маңызы зор. Жүректің қыжылдауы асқазанның кілегей қабатының әр түрлі секреторлық фонында, көбінесе асқазан сөлінің, қышқылдығының жоғарлауына байланысты, ас қорыту жүйесінің әр түрлі ауруларында (жара ауруы, холецистит), диафрагманың өңеш маңындагы жарығында, аяғы ауыр әйелдерде де кездеседі. Сау адамдардың жүрегінің қыжылдауы кейбір тағамдық заттарға да байланысты болуы мумкін.

Жүректің айнуы (nausea). Бұл симптом – асқазан аймағында қиын анықталатын, ауыр қысым сезімімен байқалатын, кезбе нервтің қозуымен байланысты рефлекторлы акт. Кейде жүректің айнуы терінің бозаруымен, жалпы әлсіздікпен бас айналу, тер бөліну, сілекей ағуымен, артериалдық қан қысымының төмендеуімен, аяқ-қолдың тоңуымен, кейде жартылай естен тану жағдайларымен қатар жүреді. Жүрек айнуы көбінесе құсу, лоқсуға әкеліп соғады, кейде өздігінен де болады. Жүрек айнуының механизмі әлі күнге дейін анықталмаған. Көбінесе оны құсу орталығының қозуының алғашқы белгісі деп түсінуге болады. Жүрек айнуының пайда болуы асқазан ауруларында, оның тонусына байланысты болмауы да мүмкін, мысалы әйелдердің жүкті кезінде, бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде, ми қан айналысының бұзылуында, кейде сау адамдарда жаман иістен, не жаман нәрсені ойлағанда да пайда болады. Кейбір асқазан ауруларында, әсіресе жіті гастритте, асқазаннның қатерлі ісігінде жүрек айнуы жиі кездеседі. Бұл жағдайдағы жүрек айнуының ерекшелігі – оның тағамды қабылдағаннан кейін пайда болуы, әсіресе астың белгілі бір түрін, мысалы майлы тағамды қабылдағанда. Бұл кезде пайда болған жүрек айнуы асқазанның секреторлық жетіспеушілігінен болады.

Құсу (emesis, vomitus). Құсу арқылы қабылданған, яғни ішкен ас, не сұйықтық өңеш, жұтқыншақ, ауыз, кейде мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Ол құсу орталығының қозуынан болатын күрделі рефрек орлы акт. Құсу жағымсыз тағамды қабылдағанда, вестибулярлық, көру және иіс сезу анализаторларының рецепторларын тітіркендіргенде, ас қорыту жолдарының, бүйректің, бауырды және т.б. ағзалардың ауруларында пайда болады. Көптеген жағдайларда құсар алдында жүрек айнуы, кейде сілекей шығуы мүмкін.

Құсу рефлексінің пайда  болуына әсер ететін себеп-шарттар  өте көп. Бұл себеп-шарттар былай  бөлінеді:

  1. нерв жүйесіне байланысты құсу;
  2. висцералды (перифериялық, рефлекторлық) құсу;
  3. уланып құсу.

Информация о работе Науқастың арыз-шағымдары