Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 16:16, лекция
Дисфагия – тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында ең жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы, мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық таралуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Алғашқыда қою, сосын жұмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Қатерлі ісіктің ыдырауы кезінде уақытша болса да өңештің өткізгіштігі қалпына келгендей сезім пайда болады. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішік қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады
Құсу асқазан ауруларының
ішіндегі маңызды симптомдардың
бірі болып табылады. Асқазанға байланысты
құсу асқазанның кілегей қабатынынң
рецепторларының қабыну үрдістерімен
тітіркенінен (жіті созылмалы гастрит,
асқазан жарасы); асқазанға күшті
қышқыл және сілтілердің түсуінен;
сонымен бірге асқазан
Ас қабылдағаннна соң 10-15 минуттан кейін құсу, асқазанның ойық жарасы мен асқазанның кардиалды бөлігінің қатерлі ісігінде және жіті гастритте кездеседі. Ас ішкеннен 1-3 сағаттан кейін құсу – асқазанның жарасы мен онда пайда болған қатерлі ісігіне байланысты болады. Он екі елі ішекпен асқазанның төменгі бөлігінің жарасында құсу 4-6 сағат өткеннен кейін байқалады. Ал ас қабылдағаннан кейін 1-2 күн бұрын желінген тағамның құсықта байқалуы асқазанның тарылуына байланысты болады. Ойық жара ауруларымен сырқаттанған науқастарда құсу қатты ауырғанда пайда болады. Кейін өзінен-өзі қояды, бұл осы ауруды сипаттайтын бірден-бір белгі.
Құсықтың иісі көбінесе қышқылтым, кейде шірік иісті де болады (асқазандағы шіру үдерісіне байланысты), сондай-ақ онда нәжіс иісі сияқты иіс те сезілуі мүмкін (асқазан мен көлденең тоқ ішектің арасында тесік болса).
Құсық массаларының реакциясы әр түрлі болады: қышқыл болса, онда ол тұз қышқылына байланысты болғаны; сілтілі болса, аммиак қосындыларына байланысты болғаны (асқазан қалтқысының тарылуынада, бүйрек жұмысының жетіпеушілігінде және он екі елі ішектегі сұйықтық асқазанға кері құйылған жағдайда). Құсықта қан, кілегей көп мөлшерде болса, ол созылмалы гастритке тән. Құсу мынадай ауруларда қатар жүреді: жіті гастрит, созылмалы гастриттің асқынуы, ойық жара аурулары, он екі елі ішектің түйілуі мен органикалық тарылуы, асқазанның қатерлі ісігі.
Ауру (dolor) – бұл асқазан ауруларының кқп симптомдарының ішінде ең маңызды белгісі. Іш-асқазан аймағында аурудың пайда болуы, асқазан ауруларына байланысты бола бермейді. Іш аймағындағы ауру барлық ауруларда да кездеседі. Атап айтқанда, ол бауыр ауруларына, ұйқы без ауруларына, іштің ақ сызығының жарығына байланысты болуы мүмкін. Бұнымен қатар құрсақ қуысында орналасқан ағзалардың ауруларынан, кейде оның сыртындағы ағзалардың ауруынан болкы да сөзсіз, іш аймағындағы ауру висцеровисцеральды рефлекс жолымен де пайда болады. (жедел аппендицит, инфаркт миокарды, диафрагмалық өкпе қабының зақымдануы және т.б.). Аурудың дәл орналасқан орнын анықтау үшін науқастан мына жағдайларды нақтылап сұрау қажет:
жерін саусақпен көрсетуін өтіну керек);
уақыттарда, тұрақты болатындығын немесе мерзімдік – көктемде, не күзде екендігін;
тығыздығымен (консистенциясын) байланыстылығын;
астына беріліуін, таралуын;
екендігі) құсқаннан кейінгі, ас қабылдағаннан кейінгі, жылулық қолданғаннан кейінгі, спазмолитикалық дәрілерді және ас содасын қолданғаннан кейінгі жағдайларын;
толқуға байланыстылығы; сонымен қатар аурудың сипаты (шаншу, сыздау т.б.);
өткенде де байқалу мүмкін.
Төс асты аймағындағы мезгіл-мезгіл, ұстамалы ауру сезімі үлкен ми қыртысының функционалдық қызметінің бұзылуына байланысты, кезбе нервтің орталығынан келетін күшті импульстердің әсерінен, привратник бұлшық етінің жиырылуынан болады. Қарын қатпаршасының жиырылуна асқазан қызметін басқаратын кезбе нерв қуатының жоғарылауы әсерінен, асқазан сөлінің қышқылдығының көбеюі де себеп болады. Мезгіл-мезгіл болатын, яғни ұстамалы ауыру сезімінің тағамды қабылдағаннан кейін пайда болу уақытына байланысты: 30-40 минуттан кейін – ерте болатын ауру, 1,5-2 сағаттан кейін – кеш болатын ауру деп, түнгі және аш қарынға, ас ішкеннен кейін қалыпқа түсетін деп бөліп ажыратады. Егер аууру сезімі сөлін көбейтетін тағамдардан кейін болса (экстрактивті заттар, қышқыл, тұзды, қақталған тағамдар), онда бұл аурудың дамуында асқазан қышқылының әсері болғанын көрсетеді. Бұндай жағдайда ауыру эпигастральды аймаққа орналасып, арқаға беріледі, ол үдемелі сипатта болады; құсқаннан кейін, тамақты, антиспастикалық дәрілерді қабылдағаннан кейін (асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін) және жылылық қолданғаннан кейін ауырғаны басылады.
Аурудың мерзімділігі, яғни
асқынуы күзде немесе көктеме
байқалады, ол әсіресе ойық жараның
пилористің маңындағы аймаққа орналасуына
байланысты болады. Тұрақты қатты
аурулар асқазанның кілегей қабығындағы
және кілегей қабығындағы және кілегей
асты негізіндегі орналасқан нерв элементтерінің
тітіркенуінен болады. Бұл аурулар
ас қабылдағаннан кейін күшейеді.
Тұрақты қатты аурулар
Перигастритте (асқазанды жауып тұрған іш перденің созылмалы қабынуы және оның көрші ағзаларға өсіп-бітіп кетуі) ауыру тамақ қабылдағаннан кейін, оның мөлшері мен сапасына қарамастан пайда болады. Бұл кезде асқазанның созылуы байланысқан жердегі нерв талшықтары мен рецепторларын тітіркендіреді. Перигастритте және асқазан мен көрші ағзалардың жабысуында ауру науқас денесін сәл қозғалтқанда да пайда болады. Асқазанның шығатын ауруларға оның арқаға, жауырынаралық кеңістіктің төменгі жағына және сол жақ қабырға астына берілуі тән.
Асқазаннан қан кету – бұл әрқашан да маңызды симптом. Ол қара май тәрізді нәжіс (melaena) және қан аралас құсық түрінде (haematomesis) көрініуі мүмкін. Көбінесе асқазаннан қан кету қан қоспасымен құсу арқылы көрінеді. Құсық массаларының боялуы қанның асқазанда қанша уақыт тұрғандығына байланысты. Егер қан асқазанда көп тұрса, асқазан сөлінің тұз қышқылының әсерінен тұз қышқылды гематин түзіледі (құсық массаларының түсі қоңыр кофе түсті болады). Ірі қан тамырлары зақымданып, көп қан кеткен жағдайда құсық массаларында көп мөлшерде алқызыл қан байқалады. Қан құсу асқазан ауруларында, асқазан поипінде және қатерлі ісігінде, эрозиялық гастритте, саркомада, асқазан мерезі мен туберкулезінде болады. Науқаста қара май тустес нәжіс болғанда асқазаннан қан кетіп жатқанын болжауға болады.
Аурудың анамнезін жинағанда оның тамақтану ерекшелігін білген жөн. Оның ас қабылдау мерзімін сақтауын (мерзімін сақтамау асқазан ауруларының этиологиясында маңызды фактор), бір жолғы қабылдағандағы астың мөлшерін, оның қорытылуын сұрап біліу керек. Науқастың жұмыстағы, үйдегі ас қабылдау ерекшеліктерін анықтау керек. Асқазан ауруларының этиологиясында арақ-шарап ішу, темекі тарту, тағы сол сияқты зиянды факторларды анықтаудың маңызы зор.
Асқазан дертімен ауыратын науқастардың жалпы жағдайында соңғы кезде қандай өзгерістер болғанын (қаны аздық, салмағының азаюы, қан құсудың пайда болуы, нәжістің қараюы) сұрап біліп, міне осы мәліметтерді (жәйттерді) салыстырған жөн. Аурудың дамуында асқазан-ішек жолдары ауруларының, құрсақ қуысына жасалған хирургиялық операциялардың, ұзақ уақыт асқазанның кілегей қабатын қоздыратын, тітіркендіретін дәрілерді (ацетилсалицил қышқылы, резерпин, сиероидты гормондар, калий хлориді) қолданудың әсері елеулі екені сөзсіз.
ФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Қарап тексеру
Жалпы көріп тексергенде ең алдымен науқастың жүдегені білінеді, бұл асқазанның ойық жарасында, қарын қалтқысының тарылуында болады. Терінің бозаруын асқазаннан қан аққаннан кейін байқауға болады. Асқазан ойық жарасының асқынбаған түрімен ауыратын науқастар сырт көзбен қарағанда, қалыпты жағдайда көрінеді.
Ауыз қуысын қарағанда, оның
кілегейлі қабатының, тістерінің, тілдің
жағдайын анықтап, зер сала қарау
керек. Тістерінің біразының болмауы
астың ауызында дұрыс шайналмауына,
оның майдаланбауына әкеліп соғады. Шірік
тістің болуы асқазанға
Өте жүдеу адамда асқазанның контуры мен перистальтикасы көрініп тұруы мүмкін. Патологиялық жағдайларда қарын қалтқысының тарылуы кезінде, перистальтикалық қозғалыстар құрсақ қабырғасын көтеріп тұрғандай болып көрінеді. Кейде бұл жағдайдың өте асқынған кезеңінде құрсақ қабырғасының ісік сиқты томпайып тұрғанын көруге болады.
Пальпация
Асқазанның көлемі мен
формасына және оның консистенциясына,
орналасуына байланысты әр бөлімдеріне
арнайы пальпация жасалынады. Дені
сау адамдарды қарағанда
Асқазанның үлкен иініне пальпация жүргізу. Патологиялық жағдайды айтпағанның өзінде қалыпты жағдайда асқазанның үлкен иінінің орналасу әр түрлі болып келеді. Сондықтан да пальпация әдісімен зерттеуді бастамыс бұрын, асқазанның төменгі шекарасын шамалап жобалаған жөн, ол кейде үлкен жамбас қуысында жатуы да мүмкін.
В.П. Образцов соққылау арқылы сипап сезу әдісін ұсынған болатын. Ол әрбір дені сау адамның өзінде тамақтанғаннан кейін 4-5 сағаттан соң асқазанда ауа аралас сұйықтықтың болатының айқындай отырып осындай зерттеу әдісіне барған. Егер осы жағдайда асқазанға перкуссия жасалса, одан шуыл естіледі, сол дыбыспен асқазанды маңындағы көрші ағзалардан айыруға болады. В.П. Образцов әдісі бойынша қолданылатын зерттеу төмендегіше жүргізіледі: оң қолдың саусақ басын жеңіл ғана бүгіп, бауырдың төменгі шекарасынан, яғни эпигастралды аймақтың жоғарғы бөлігінен бастайды. Ол үшін теріні жайлап қана жоғары көтереді де, құрсақ беткейіне қысқа, жылдам соққыны жеңіл бүгілген саусақтардың ұшымен жылжыта жүргізу арқылы жасайды. Ауаны асқазанның жоғарғы бөлігінен итеріп, сұйықтықпен біркелкі бірге тарату үшін сол қолдың саусақ басымен науқастың бүйірінен төс сүйегіне қарай көтере басқан жөн. Осы кезде оң қолдың саусақ басымен соққылағанда, шалпыл естілуі тиіс. Ортаңғы сызық бойымен төмен қарай шалпыл естілмеген жерге дейін пальпация жүргізеді, бұл асқазанның төменгі шекарасы болып табылады. Орташа тамақтанғаннан соң асқазанның төменгі шекарасы ер кісілерде 3-4 см-дей кіндіктен жоғары жатады. Асқазанның төменгі шекарасын анықтау үшін тағы бір әдісті қолданады, ол аускультативті перкуссия. Бұл әдіс бойынша асқазан аймағы (асқазандағы жиналған газдың резонансына байланысты) дыбысының күшеюі ішектерге қарағанда күштірек болады. Осы әдіспен перкуссия кезінде пайда болған дыбыс фонендоскоппен жақсы естіледі. Ол фонендоскопты эпигастралді аймаққа қою арқылы жүргізіледі. Перкуторлық соққы дегенімз оң қолдың бір саусағымен ортаңғы сызықтың сол жағынан құрсақ қабырғасына тікелей төменнен жоғары қарай перкуссия жасауды айтады, сонда дыбыстың күшеюіне қарап, асқазанның төменгі шекарасын анықтауға болады. Асқазанның төменгі шекарасын тапқаннан соң, оның үлкен иінін терең жылжымалы пальпация арқылы зерттейді.
Бірінші кезең, әрине саусақты қадағалап дұрыс қою. Жеңіл ғана бүгілген соң оң қолдың саусақ басын көлденең жағдайда асқазанның төменгі шекарасы деңгейіне қойып, ортаңғы саусақ ортаңғы сызық бойынша бағытталып, алақанның беті төмен қаратылуы тиіс.
Екінші кезең, ол теріні жылжыту. Теріні беткейлі жылжыту арқылы, бүгілген саусақтар басымен тері қатпарларын жинайды.
Үшінші кезеңдегі тексеру – саусақ басын құрасқ қуысына терең енгізу арқылы жасалынады; дем шығаруға сәйкес құрсақ қабырғасының босаңсуын пайдалана отырып саусақ басын құрсақ қуысысының артқы қабырға бойымен қабырға жотасына қарай енгізу арқылы сипап зерттеп, сезуге болады.
Төртінші кезең, онда қолды сырғымалы жылжыту әдісімен жоғарыдан төмен қарай бағыттай отырып құрсақ қуысының артқы қабырғасына омыртқа жотасы бойымен жылжытып апарады.
Егер бесінші пальпация күмән келтірсе, осы әдісті қайта жүргізеді, бірақ алғашқыға қарағанда саусақтарды бірнеше сантиметрге батырып жүргізу әдісін қолданады.
Асқазанның үлкен иіні қалыпты жағдайда В.П.Образцов әдісі бойынша 50-60% жағдайда омыртқа жотасының екі жағынан да формасы доға тәрізді, жұмсақ, қатпарлы болып сезіледі және ол ауырмайды.
Оны науқастың төс сүйегінен бастап іштің ортаңғы сызығы аралығынан табуға болады.
Асқазан қалытқысының пальпациясы. Бүйен салыстырмалы түрде қалыпты жағдайда іштің артқы қабатында (жағында) орналасқан. Пальпация әдісімен зерттеуді бастамыс бұрын, бүйеннің орналасатын жерін сырттай көріп, анықтап алған жөн. Бұл үшін іштің ортаңғы сызығынан, яғни кіндіктен 3-4 см жоғары іштің оң жақ бойынан перпендикуляр сызық жүргіземіз. Осыдан алынған тік бұрышты тең екі ге бөлсек, жүргізілген биссектриса бүйеннің орналасу бағытын көрсетеді.
Дәрігердің науқасты қарау
тәртібі мен науқастың
Бірінші кезеңде қолдың жеңіл
иілген саусақтарын пальпация
Екінші кезеңдегі уақыт жылжымалы қозғалыс жасауға саусақтардың астына тері қыртысын жинауға кетеді.
Үшінші кезеңде саусақ басын құрсақ қуысына терең енгізу арқылы дем шығаруға сәйкес құрсақ қабырғасының босаңсуын пайдалана отырып, әдетте оң қолдың саусақ басын құрсақ қуысының артқы қабырғасына қарай енгізеді.
Төртінші кезеңде сырғымалы жылжыту әдісі арқылы жүзеге асырылады. Құрсақ қуысының артқы қабырғасынан қолды көтермей, саусақтардың басын зерттелетін ағзаның үстімен сырғымалы түрде жылжытады.