Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 16:16, лекция
Дисфагия – тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында ең жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы, мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық таралуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Алғашқыда қою, сосын жұмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Қатерлі ісіктің ыдырауы кезінде уақытша болса да өңештің өткізгіштігі қалпына келгендей сезім пайда болады. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішік қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады
Перкуссия
Құрсақ қуысына топографиялық
перкуссия жүргізу өте
Асқазан мен ішектерді перкуссия әдісімен ажырату қиынға түседі. Н.Д. Стражеско осындай жағдайда әлсіз, жеңіл түрде саусақ басымен қағу арқылы анықтауды ұсынған болатын. В.П.Образцов бойынша, бір саусақпен сырғымалы перкуторлы пальпация әдісін қолданады. Ал асқазанның төменгі шекарасындағы жағдайда анықтау үшін, перкуссиямен бірге пальпация және перкусссиямен бірге аускультация әдістері қатар қолданылады.
Аускультация
Ішті тыңдағанда, қалыпты жағдайда ішектердің перистальтикасын анықтауға болады. Дыбыстардың қатты естілуі ішек қызметінің, перистальтикасының күшеюінен және ішектердің жиырылуынан пайда болады.
Аса көңіл аударатын симптом, ол дыбыстың ішектерден естілмеуі, бұл ішектерді қозғалтатын нерв жүйелерінің әлсіреуі кезіне кездеседі және бұндай жағдай жайылған перитонитте де байқалады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Рентгенологиялық зерттеу
Науқасты гастроскопия әдісімен тексеру мүмкіндігі болмаған кезде, асқазанды рентген әдісімен зерттеу басты тәсіл болып табылады. Бұл әдіспен асқазанның пішінін, көлемін, орналасуын, қозғалысын, ойық жара және ісіктің қай жерде орналасқаның, кілегей қабатының қатпарларының бағытын, оның эвакуаторлық қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Рентген әдісімен зерттеуге
науқасты алдын ала дайындау керек.
Ол үшін екі қайтара (алдыңғы күні
кешкісін және зерттейтін күні таңда)
ішекті клизмамен тазартады. Сұйық
барий сульфаты (100-150 грамы 200 мл. суға
ерітілген) контраст ретінде қолданылады.
Рентгенолог алдымен кеуде
Асқазанның кілегей қабаты
қатпарларының бағытының
Қалыпты жағдайда 200 мл барий сульфатының қойыртқысы асқазаннан 1,-3 сағаттан соң түгел шығады. Ал асқазанның он екі елі ішек жағының тарылуы кезінде 24 сағат өткеннен кейін де контраст асқазанда көп мөлшерде сақталып қалады.
Қазіргі кезде рентген әдісінің басқа да түрлері кеңінен қолданылып келеді, әсіресе электронды-оптикалық күшейткіштермен, телевидео түрлері оның диагностикалық маңызын арттыруға жәрдемдеседі.
Гастроскопия
Гастроскопия бұл асқазан ауруларын зерттеудегі негізгі әдіс болып табылады. Осы әдістің көмегімен асқазан рагы ерте анықталады, бұл басқа да ісіктердің қатерлігін, кілегей қабатының эрозияларын, бетінің тегістігін, ойық жараларды анықтауға мүмкінді береді.
Гастроскопия асқазанның
кілегей қабатының жағдайы
Асқазанның, оның қорыту жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кеткен шақта эндоскопиялық әдіспен оның себептері анықталады және оны электрокоагуляция жасау арқылы тоқтатуға болады. Гасторскопия әдісін қолдана отырып емдік шаралар өткізіледі: ойық жараға дәрілер енгізіледі, лазер сәулелер ендіріледі, түймешіктерді және тағы басқа бөтен заттарды алып тастауға да болады. Қазіргі уақытта эндоскопиялық аппараттардың жақсаруына байланысты гастроскопия әдісі қатерсіз дерлік эндоскопия, рентген әдісімен бірін-бірі толықтырып отырады.
Морфологиялық зерттеу
Бұл әдіс өспелердің бар-жоғын,
қатерлілігін анықтау үшін қолданылады.
Гастроскопиялық биопсия
Ультрадыбыстық зерттеу
Соңғы жылдары асқазан
ауруларын зерттеуде
Сөл бөлу қызметін (секрецисын) бөлу
Асқазанды кешенді тексеру
әдістерінің бірі – оның сөл бөлуды
қызметін, яғни асқазанның қышқылдық
– пептидтік себеп-шарттар
Сүңгілеу әдісі. Жіңішке
сүңгі дегеніміз – сыртқы диаметрі
4-5мм, ішкісі 2-3 мм созылмалы рещеңке
түтік. Асқазанға енетін жабық шетінің
екі бүйірінде бірден-бір
Асқазанның сөл бөлу қызметін анықтау үшін оның қалыпты жағдайдағы (алғашқы қалыпты секрецисы) және қоздырудан кейінгі (қоздырғаннан кейінгі секреция) көрсеткіштерін салыстырып қарау қажет. Сүңгілеу әдістеріне аспирациялық-титрлік, асқазанішілік рһ-метрия, радиометрия әдістер жатады.
Аспирациялық–титрлік әдіс. Бастапқы бір сағат ішінде алғашқы қалыпты секреция (15 минуттық 4 үлес), келесі 1 сағатта қоздырылған секреция зерттеледі. Қоздырғыш ретінде парентералды (гистамин, пентагастрин, инсулин) және энтерал (кофеин, сорпа, капустаның шырыны т.б.) қолданылады. Субмаксималды қоздыру кезінде гистаминді адам салмағының 1 кг-на 0,01 мг есебімен, ал максималды қоздыру кезінде 0,04 мг/кг деп есептеп, тері астына енгізеді. Гистаминді жүрек-қан тамырлар жүйесінің органикалық өзгеруі, аллергиялық аурулар, жоғары қан қысымы, жақында болған (2-3 апта) қан кету жағдайларында қолдануға болмайды.
Пентагастрин – гистаминнің синтетикалық аналогы. Оның тері астына енгізетін мөлшерін 6 мкг/кг есебімен есептейді. Оның науқасқа теріс әсері болмағандықтан кеңінен қолданылады.
Сұйық энтералды қоздырғыштарға: ет сорпасы, 5% алкоголь, кофейн ерітіндісі (300 мл суға 0,2г), капустаны пісірген 7% -ті су, т.б. жатады. Н.И. Лепорский әдісі бойынша, базалды секреттің төрт үлесін жинаған соң сүңгі арқылы 300 мл капуста суы (20 титрлік өлшемі), 10 минуттан кейін 10мл, келесі 15 минуттан соң – асқазанның барлық сұйықтығын сорып алады. Осы төрт үлес таза асқазан сөлі болып саналады. Әр үлесті бөлек ыдысқа жинап, көлемі көрсетіледі. Бір сағат ішінде бөлінетін асқазан сөлінің орташа көрсеткіші (үзілмелі аспирация) – 60 мл шамасындай болады.
Асқазан сөлінің лестеріне қарай отырып, оның түсін, консистенциясын, қоспасы бар-жоғын, иісін анықтайды. Әдетте асқазан сөлі түссіз дерлік (өт араласса сарғаяды, қан араласса қоңыр қара түсті, ал алқызыл қан көп мөлшерде болса, зерттеуді тоқтату қажет), консистенциясы сұйық (шырын көп араласса созылмалы, жабысқақ болып өзгереді), патологиялық қоспалары жоқ (кеш қабылдаған ас қалдықтарынан тұрады) болады.
Асқазан сөлінің химиялық жолмен зерттеу. Сыртқы белгілерін зерттеп болған соң, асқазан сөліндегі әр үлесіндегі бос тұз қышқылын, байланған тұз қышқылын, сүт қышқылын, ең қышқыл порциядан – песин көлемін анықтайды. Асқазанның қышқыл түзгіш қызметі туралы толық мәлімет алу үшін тұз қышқылының дебит сағатын есептеп шығарады. Ол үшін асқазан сөліндегі қышқылдар концентрациясының көрсеткіштерін, оның сөл бөлінуін сағаттық мөлшеріне көбейтіп, оны қышқыл концентрациясы мэкв/л-мен көрсетілсе 1000-ға, %-пен көрсетілсе 100-ге бөлеміз. Дебит-сағат бір сағат ішінде бөлінген қышқыл мөлшеріне сипаттайды.
Пепсинді В. Н. Туголуковтың әдісі бойынша анықтайды. Оның қалыпты жағдайдағы мөлшері -0 –21 мг %.
Асқазан сөлінде сүт қышқылының анықталуының өзіндік диагностикалық маңызы бар. Ол асқазанда тұз қышқылы мүлдем болмаған кезде қатерлі ісік клеткаларында өтетін анаэробты гликолиз нәтижесінде түзіледі. Сондықтан асқазан сөлінде сүт қышқылының анықталуы (Уффельман реакциясы бойынша) науқасты зерттеуде белгілі бағытқа жасалынады.
Көрсеткіштер |
Алғашқы қалыпты секреция (1 сағ. ішінде) |
Қоздырылғаннан кейінгі сөл бөлінуі (1 сағ. ішінде) | |||
Капуста суымен |
Гистаминмен суб-максималды |
Гистамин- мен мак- сималды |
Пента- гастрин- мен | ||
Секреция көлемі (мл/сағ) |
50-100 |
50-110 |
100-150 |
180-220 |
180-220 |
Жалпы қышқылдық (титр. ед) |
40-60 |
40-60 |
80-100 |
100-120 |
100-120 |
Тұз қышқылы- ның дебит-саға ты (мэкв/сағ) |
1,5-5,5 (БАО)* |
1,5-6,0 |
8-14 (SAO)** |
18-26 (MAO)*** |
18-26 |
(БАО)* - (Basal Acid Output) – базалды қышқыл көлемі (бір сағат ішіндегі).
(SAO)** - (Submaximali Acid Output) – субмаксималды қышқыл көлемі.
(MAO)*** - (Maximali Acid Output) – максималды қышқыл көлемі.
Асқазан сөлін микроскопиялық зерттеу. Ішілген тағам қалдықтарының анықталуы (май, май қышқылы, ет талшықтары, клетчатка) асқазанның эвакуаторлық қызметінің нашарлауын көрсетеді. Егер сөлдің қышқылдық реакциясы болса – сарциндер, қышқыл мүлдем болмаса – сүттік-қышқылдық ашудың таяқшалары пайда болады. Эритроциттердің көп мөлшерде анықталуы ойық жара, ісіктер, эрозивті гастрит ауруларының жоқтығын дәлелдеуді қажет етеді. Асқазан сөлін зерттеуде соңғы жылдары қолданылып жүрген әдістердің бірі – эксфолиативті цитология. Оның негізінде рак клеткаларының өзара осал бірігуі жатады, осы қасиетіне байланысты олар оңай сыдырылады, сөйтіп ол асқазан сөлінен анықталады. Әдісті әдейі беті кедір-бұдырлы баллон бекітілген асқазан зондымен жасайды (баллонға ауа жіберіледі).
Гастроскопия кезінде алынған биоптаттар да цитологиялық әдіспен зерттеледі.
Асқазанішілік рН-метрия. Бұл әдіспен асқазандағы (Н+) иондарының концентрациясын әр түрлі деңгйеде анықтайды. Интрагастралды рН-метрия титрлеу әдісіне қарағанда асқазан сөлі қышқылдығын дәлірек анықтайды, әдіс қарапайымдылығымен және тез өтімен ыңғайлы, әр түрлі қоздырғыштар беру кезінде олардың әсерін сол бойда бақылауға мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда базалды секреция үшін рН = 1,6 – 2,0; қоздырылған секреция үшін – 1,21 – 2,0 көрсеткіштері қалыптылық деп бағаланады.
Асқазанның шырыш бөлу қызметін зерттеу
Асқазан шырышының құрамын және оның бөлінуін зерттеу үшін шырыш гликопротеиндерінің (фукоза, N-ацетилнейрамин қышқылы) сөлдегі концентрациясын және жалпы мөлшерін анықтайды. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанның кілегей қабатының қорғанышты қасиетін бағалау мүмкіндігі пайда болады. Ол үшін кілегей және сірлі қабаттар арасындағы электрлік потенциалдардың айырмашылығы өлшенеді. Қалыпты жағдайда асқазанның кілегей қабаты сірлі қабатқа қарағанда теріс зарядты болып келеді.
Асқазанның моторлық-
Радиотелеметриялық әдіс
Соңғы кезде бұл әдіс өте кең түрде қолданылып келеді. Ұшына радиокапсулалар бекітілген арнайы сүңгі (эндорадиозонд) асқазан мен 12 елі ішек қуысына енгізіледі де, олардан келетін сигналдар тіркеледі. Соңғы кезде шыққан кқп каналды аппараттардың көмегімен асқазанның РН көрсеткішін, қозғалыс қызметі туралы, асқазанның тонусын, оның аш қарындағы және тамақ ішкеннен кейінгі перистальтикасын, асқазанішілік қысым және эвакуаторлық қызметін зерттеу ас қорыту жүйесінің үш бірдей нүктесінен бір мезгілде тіркеу арқылы зерттеледі. Моторлық қызметінің бұл түрін және олардың бұзылуын анықтау үшін, әр түрлі зерттеу әдістері: ауруды сұрау, физикалық зерттеу әдістері, баллонды-кимографиялық, электрогастрографиялық, радиометриялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады. Бірақ бұл әдістердің бәрі де асқазанның моторлық қызметі туралы толық мәлімет бере алмайды. Тек олардың әрқайсысы осы күрделі үдерістің әр түрлі жақтарын зерттейді.