Медициналық сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 06:33, реферат

Краткое описание

Батыс елдерінде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру дамымаған. Неге сақтандырудың осы түрі кенжелеп отыр? Медициналық сақтандырудың қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру немесе міндетті сақтандыру ма? Жалпы медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қазақстанға міндетті медициналылық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға түскен еді. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірінен ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау жүйесі; міндетті сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асатын денсаулық сақтау; жеке яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер тәжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Батыс елдерінде кез.docx

— 71.71 Кб (Скачать документ)

 

      Әскери қызметте  жүрген адамдарға медициналық  сақтандыру жүйесiнде медициналық  көмек әскери медициналық-санитарлық қызмет күшiмен көрсетiледi.

      Әскери қызметшiлерге  барлық жедел, кезек күтпес  және төтенше медициналық көмектi әскери медициналық-санитарлық қызмет күшiмен көрсету мүмкiн болмаған жағдайда, ондай көмек республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен азаматтық емдеу-профилактикалық мекемелерде көрсетiледi.

      Әскери қызметшiлерге  жасалатын медициналық көмектiң  барлық түрiн әскери медициналық-санитарлық қызмет күшiмен көрсету мүмкiн болмаған жағдайда (мамандардың жетiспеуi, жер шалғайлығынан), ондай көмек республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен көрсетiледi.

      Қазақстан  Республикасының аумағында орналасқан  Қарулы Күштер қызметшiлерiне медициналық көмек республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен азаматтық емдеу-профилактикалық мекемелерде көрсетiледi.

      Әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне медициналық көмек жұмыс берушiлер есебiнен бұлай болмаған жағдайда республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен көрсетiледi.

      Әскери қызметшiлерге  және олардың отбасы мүшелерiне ақылы қызмет Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтi актiлерiне сәйкес көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы

  Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1174 қаулысына N 12 қосымша 

 

 

 

        Түрмеде  жазасын өтеп жүрген немесе қамауда отырған

            адамдарға медициналық сақтандыру жүйесiнде

                 медициналық көмек көрсету туралы 

 

                           Е Р Е Ж Е

 

      Түрмеде  жазасын өтеп жүрген адамдарға  мiндеттi медициналық сақтандыру  жүйесiнде медициналық көмек Қазақстан  республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң  медициналық-санитарлық қызмет күшiмен көрсетiледi.

      Түрмеде  жазасын өтеп жүрген адамдарға  жедел, кезек күттiрмейтiн және  төтенше медициналық көмектi Қазақстан  Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң  медициналық-санитарлық қызмет күшiмен көрсету мүмкiн болмаған жағдайда, ондай көмек республикалық және жергiлiктi қаржы есебiнен азаматтық емдеу-профилактикалық мекемелерiнде көрсетiледi.

      Түрмеде  жазасын өтеп жүрген адамдарға  арнайы медициналық-санитарлық көмектiң барлық түрiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медициналық-санитарлық қызмет күшiмен көрсету мүмкiн болмаған жағдайда (мамандардың жетiспеуiнен, жер шалғайлығынан) ондай көмек республикалық және жергiлiктi қаржы есебiнен көрсетiледi.

      Қамауда  отырған адамдарға медициналық  сақтандыру жүйесiнде медициналық  көмек "Қазақстан Республикасында  халық денсаулығын сақтау туралы" және "Азаматтарды медициналық  сақтандыру туралы" Қазақстан  Республикасының Заңдары негiзiнде көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы

  Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1174 қаулысына N 13 қосымша 

 

 

 

               АЗАМАТТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА 

                     ЖАРНА ТӨЛЕУ ТӘРТIБI

 

                  Медициналық сақтандыру жарнасы 

 

      1. Мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi төлемдi Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық жұмыс берушiлер мен жеке еңбек қызметiмен айналысатын азаматтар енгiзедi.

      2. Медициналық  сақтандыру төлемi еңбекке ақы төлеу қорынан процент есебiмен шығарылып келесi айдың 20-сынан кешiктiрмей, аумақтық медициналық сақтандыру қорына аударылады.

      3. Фермерлiк  қожалық мүшелерi және жеке  еңбек қызметiмен айналысатын  адамдар мiндеттi медициналық  сақтандыру жарғысын тоқсан сайын  келесi тоқсанның алғашқы айының 20-сынан қалдырмай төлеп отырады.

      4. Сақтандыру  төлемiн төлеу мерзiмiн өткiзiп  алған әрбiр күнтiзбелiк күнi  үшiн сақтанушыға 0,5 процент өсiм есептеледi.

      Сақтандырушы  сақтандыру төлемдерiмен өтем жасаудың дұрыстығын тексеруге құқылы. Сақтандыру өкiлiнiң сақтандыру төлемдерiмен өтем жасауды есептеуге байланысты сақтанушының барлық құжаттарымен танысуға құқы бар. Сақтандырушы алынған мәлiметтердiң құпиялығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      6. Сақтандырушылар  мен сақтандырғыштар арасында  сақтандыру төлем төлеу немесе  өтем жасау мәселелерi жөнiндегi дауларды атқарушы өкiмет органдары жанындағы медициналық сақтандыру комиссиясы шешедi. Егер дауласушының бiр жағы комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда, онда дау қолданылып жүрген заң тәртiбiмен шешiледi. Төлем фактiсi немесе сақтандыру төлемiнiң мөлшерi жөнiндегi дау оларды өндiрiп алуға бөгет бола алмайды.

Қазақстан Республикасы

  Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1174 қаулысымен  N 14 қосымша 

 

 

 

                Мiндеттi медициналық сақтандырудың

 

                       К А Р Т А С Ы

 Компанияның аты топтың  коды сақтандырылған азаматтың  жеке коды  1. Фамилиясы, аты-жөнi_______________________________________________ 2. Туған жылы, айы, күнi_____________________________________________ 3. Мекен-жайы: облыс, қала, аудан____________________________________ көшесi______________________үй N________________пәтерi____________ 4. Дәрiгердiң фамилиясы, аты-жөнi (терапевт, балалар дәрiгерi, әйелдер дәрiгерi)_________________________дәрiгердiң қолы_________________ 5. Тiс дәрiгерiнiң фамилиясы, аты-жөнi_________дәрiгердiң қолы_______ 6. Амбулаторлық мекеме немесе жеке тәжiрибеленушi дәрiгердiң мекен-жайы а)______________________________________________________________ (емхана)  б)______________________________________________________________ (тiс емдейтiн емхана)  Сақтандыру компаниясы төрағасының фамилиясы, аты-жөнi  М.О. ___________қолы  МСМ-нiң ЖОЛДАМАСЫ ТҮБIРТЕК  Сақтаушының фамилиясы, аты-жөнi Маманның фамилиясы, аты-жөнi _______________________________ _____________________________ _______________________________ Қорытынды диагноз____________ Туған күнi_____________________ _____________________________ Үй мекен-жайы__________________ _____________________________ _______________________________ Емдеу құны___________________ Сақтандырушы кәсiпорын__________ _____________________________ ________________________________ _____________________________ Шартты диагнозы_________________ (сомасы жазумен) Дәрiгердiң фамилиясы, аты-жөнi Қайда жiберiлдi_________________ _____________________________ ________________________________ Дәрiгердiң қолы______________ ________________________________ Сақтандыру сомасы_______________ Берiлген күнi____________________ М.О. Директор_________________________   

 

Сақтандырудың негізгі мақсаты

 

Нысан иелерінің жауапкершілігін  міндетті сақтандырудың мақсаты  қызметі үшінші тарапқа зиян келтіру  қаупімен байланысты нысандағы апаттың  нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келген үшінші тараптың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін төлеу арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

 

Нысан иелерінің жауапкершілігін  міндетті сақтандырудың негізгі  принциптері мыналар: үшінші тараптың мүліктік мүдделерінің қорғалуын өз мөлшерімен және ретімен қамтамасыз ету, нысан иелерінің жауапкершілігін  міндетті сақтандырудың келісім-шартына  сәйкес тараптардың өз міндеттемелерін  орындауын қамтамасыз ету.

 

Сақтандыру сомасының  мөлшері 

 

Сақтандыру сомасының  мөлшерлері сәйкес қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есеп көрсеткіштерімен есептеледі.

 

Сақтандыру сыйақысының  мөлшері 

 

Нысан иелерінің жауапкершілігін  міндетті сақтандырудың келісім-шартына  сәйкес сақтандыру сыйақысының мөлшері  қызметі үшінші тарапқа зиян келтіру қаупімен байланысты нысанның категориясына қарай, тараптардың келісуімен сақтандыру сомасының мөлшерінің 0,72-ден 2,02 пайызына дейінгі шамада бекітіледі.

 

Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің мөлшері

 

Нысан иелерінің жауапкершілігін  міндетті сақтандырудың келісім-шартына  сәйкес сақтандыру жағдайы болып  қызметі үшінші тарапқа зиян келтіру  қаупімен байланысты нысандағы апаттың  нәтижесінде үшінші тараптың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға қатысты сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің орын алу жағдайы саналады. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы апаттың себептерін тексеру құжатының, сот шешімдерінің және келтірілген зиянның мөлшері туралы мәліметтері бар басқа да материалдардың негізінде анықтайды.

 

Әрбір үшінші тараптың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері осы Ережелерге (сәйкес қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есеп көрсеткіштерімен) сәйкес бекітіледі және мынаны құрайды:

қайтыс болуға әкеп соқса- 600;

мүгедектік белгіленсе:

 

- I тобы - 500;

- II тобы - 400;

- III тобы - 300;

мертігу, жарақат немесе денсаулыққа  мүгедектік белгіленбейтін басқа да зақым келген болса — амбулаторлық және (немесе) стационарлық емделудің  нақты шығындарының мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес. Бұл ретте стационарлық емделудің әрбір күні үшін сақтандыру төлемінің мөлшері кемінде 1,5 айлық есеп көрсеткішті құрауы тиіс.


Информация о работе Медициналық сақтандыру