Медициналық сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 06:33, реферат

Краткое описание

Батыс елдерінде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру дамымаған. Неге сақтандырудың осы түрі кенжелеп отыр? Медициналық сақтандырудың қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру немесе міндетті сақтандыру ма? Жалпы медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қазақстанға міндетті медициналылық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға түскен еді. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірінен ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау жүйесі; міндетті сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асатын денсаулық сақтау; жеке яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер тәжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Батыс елдерінде кез.docx

— 71.71 Кб (Скачать документ)

Франция денсаулық сақтау жүйесіне тоқталатын болсақ, бұл денсаулық  сақтау жүйесі өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл жүйеде медициналық  көмек көрсету және денсаулық  сақтауды қаржыландыру мемлкеттік және жеке секторды біріктіре отырып, міндетті медициналық сақтандыру негізінде жұмыс істейді. Медициналық көмек кең көлемде ауруханалардың деңгейде ғана емес, амбулаториялық деңгейде де жүзеге асырады. Денсаулық сақтау жүйесі Франция халқының сұранысына толықтай жауап береді. Евро Кеңестегі өзге елдерге қарағанда Францияда туылу және өлім деңгейі жақсы көрсеткішке жетті, алайда СПИД індетіне шалдыққандар және алкоголь мен шылым пайдалану деңгейінің жоғары болуы жақсы көрсеткіштерге кері әсер етеді. Медициналық көмекке халықтың бір деңгейде қолжетімділігін Ұлттық медициналық сақтандыру қамтамасыз етеді. Ұлттық медициналық сақтандыру Франция халқының 99% қамтиды. Франция азаматының медициналық сақтандыруына қаржы азаматтың жалақысынан ұсталып отырады. Тіпті зейнеткерлерден де медициналық сақтандыруға ақша ұсталады. Азамат аяқ астынан ауруханаға түскен кезде оның емінің ақысын медициналық сақтандыру төлейді.

Франциямен бірге үздік  ондыққа кіретін Австрия мемлекетінің денсаулық сақтау жүйесі сақтандыруымен ерекше. Бұл елдің әлеуметтік саясаты өте тиімді жұмыс істейді. Австрия ден-саулық сақтау саласына жалпы табысының 8,3% жұмсайды. Австирялық дәрігерлер табиғат апаттарының салдарын жою жағынан жақсы жұмысымен атақты, ал Австрияда медициналық жабдықтары ерекше сұраныс-қа ие. Австрия мемлкеті бірінші болып 2005 жылы электронды медициналық қызмет көрсетуді енгізді. Барлық азаматтарда элетронды карта болады. Бұл картада азамат туралы барлық ақпарат сақталады, оның жеке,әлеуметтік, медициналық сақтандырулардың нөмері. Осы карта арқылы азамат Австрияның кез келген жерінде медициналық көмек алуына, дәріханадан дәрі сатып алуына да мүмкіндік туды. Е-карта арқылы емделуші туралы барлық ақпарат комьпютерлік базада сақталады. Дәрігер е-карта номерін енгізу арқылы науқас туралы толық ақпаратты компьютер базасынан алады. Бұл карта адам дүниеге келгеннен бастап қолданысқа беріледі.

БДҰ-ның стандартына сай Италия ең үздік медициналық қызмет көрсететін мемлкеттер қатарына жатады. БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, Италияда орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 76 жас, әйел адамдарда 82 жас. Бұл елде дәрігерлер өте көп, 160 адамға 1дәрігерден келеді. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш. Италия үкіметі денсаулық сақтау жүйесіне жалпы табысының 6% жұмсайды. Италия медициналық сақтандырудан Франциядан кейінгі екінші орын алады. Италияның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жергілікті денсаулық сақтау органдарымен басқарылып, Евро кеңестің азаматтарына тегін немесе өте арзан медициналық қызмет көрсетеді. Шетел азаматтары да Италия жеріне аяқ басқаннан кейін медицианлық сақтандыруды алуға міндетті. Италия жерінде медициналық сақтандырусыз тұру заңға қайшы келеді. Медициналық сақтандыру жеке және мемлкеттік болып бөлінеді. Әр азамат медициналық сақтандырудың өзі қалағанын таңдауға құқылы. Әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау жүйесі ретінде саналатын Испанияның медициналық қызметі БДҰ –ның рейтингінде үздік ондыққа кіреді. Испанияның медициналық қызмет көрсету саласы «көп нұсқалы» болып келеді. Бұл елдің Ұлттық днесаулық сақтау жүйесі халықты түгелдей қамтиды және медицианлық қызметке тең деңгейде қолжетімділік принціпіне негізделген. Денсаулық сақтау саласы салықтың арқасында қаржыландырылады. Қазіргі кезде халықтың 93,9% тегін медицианылқ көмек алуына құқылы. Испанияның мемлекеттік медициналық мекемелерінде емделу тегін. Дегенмен, емделуші ішетін дәрілер бағасының 40% төлеуге міндетті. Бірақ қазіргі уақытта зейнеткерлер мен жұмыссыздарға дәрілер тегін жіберіледі. Сонымен қатар Испания үкіметі алкоголь мен темекіге төленетін салықты көбейту арқылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражатты арттырды. Испанияда жедел жәрдем қызметі өте жақсы дамыған. Әр бір мемлекеттік медициналық мекемеде міндетті түрде жедел жәрдем қызметі жұмыс істейді. Әр әкімшілік округте білікті мамандар жұмыс істейтін, жоғары сапалы жабдықталған мемлекеттік медициналық мекеме болуға тиіс. Сонымен қатар өзге де европа елдеріндегідей Испанияда да сақтандыру жүйесі жақсы дамыған. Көптеген медициналық сақтандыру компаниялары бар. Компаниялар сан түрлі медициналық сақтандыруды ұсынады. Жеке сақтандырудан бастап, отбасылық сақтандыруға дейін бар.

Канаданың денсаулық сақтау жүйесі» үкіметі мақтан тұтатын  салалардың бірі. Медициналық қызмет көрсету Medicare деп аталатын денсаулық сақтау бағдарламасымен жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша медицианлық қызмет көрсету жергілікті басқару, федаралды басқару органдары арқылы үкімет белгілейтін ортақ принциппен жүзеге асырылады. Қаржыландыру да жергілікті округтің бюджетінен жүргізіледі. Канада десаулық сақтау саласы алғашқы емдеу, яғни, терапевттік жүйесіне негізделеді. Терапевттердің жұмысына ерекше көңіл аударылады. Канадада медициналық қызмет көрсету тегін. Америкамен салыстырғанда Канадада медициналық қызмет қолжетімді.

Ал Европаның саяси  тұрақты елдерінің бірі әрдайым сапалы медициналық қызметпен ерекшеленген. Бұл « Швейцария. Швейцария денсаулық сақтау жүйесінің негізі « міндетті медициналық сақтандыру. Аты айтып тұрғандай, медициналық сақтандыруды барлық азаматтар жасауға міндетті. Бұл жерде медициналық сақтандырудың тек жеке түрі ғана бар. Бірақ бұл мемлекетке де, азамат-тарға да өте тиімді. Ал медицина Швейцарияда өте қымбат. Мысалы дәрігерге жай қаралу 200 доллар тұрса, толықтай диагностикалық тексеруден өту 2000 доллар шамасында болады. Швейцария нейрохирургия, кардиохирургия , онкология және пластикалық хирургиядан алғашқы қатардан көрінеді. Сонымен қатар Швейцария дәрі шығарудан да әлемдік көшбасшыладың бірі.

Қорытынды: Бұл әлемдегі ең үздік Денсаулық сақтау жүйесімен  ерекшеленетін мемлекеттер туралы ақпарат болды. Әрбір елдің денсаулық  сақтау саласында өзіне тән ерекшеліктер бар. Қазақстан денсаулық сақтау жүйесі Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының тізімінде 64-орында тұр. Отандық денсаулық сақтау жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар жасалып, түрлі бағдарламалар қабылданды, қаржыландыру да жақсарды. Денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктерді жою арқылы болашақ ұрпаққа жарқын өмір сыйлайтынымызға сенейік. «Дәрігерге сау болып кіріп, ауру болып шықтым» деп, дәрігер емдеудің орнына керісінше боламайтынына қашан сенімді боламыз? Біздің Денсаулық сақтау саласында «Бірыңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесі» бар, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бар. Бүгін, ертен жағдайдың жақсаратынына сенейік. Астана бір күнде салынған жоқ. Әр бір істің сәтті аяқталуына уақыт керек. Тек істің соңы шала болмауына кім кепіл?!

 

Медициналық сақтандыру міндеттеле ме? 

 

04.07.12.

1996-1998 жылдары Қазақстанда  міндетті медициналық сақтандыру  жүйесі іске қосылған. Алайда  сол кезде-ақ бұл тәжірибеміз  аяқсыз қалған еді. Енді міндетті  медициналық сақтандыру мәселесі  тағы да көтерілді. Жуырда ғана  осы саланың мамандары елімізде  міндетті медициналық сақтандыру  бағдарламасын талқылауға сақтандыру  компаниялары қатысуы керек деген  пікірін алға тартты.

 

Бірқатар дамыған мемлекеттерде сақтан­дыру медицинасы өз жұмысын сәтті жүргізіп келеді. Мәселен, Ұлыбританияда міндетті медициналық сақтандыруға азаматтардың төлеген салығынан ақша бөлінсе, Германия, Франция сияқты елдерде әлеуметтік салым салынады. Ал өзге мемлекеттерде жұмыс беруші өз қызметкері үшін медициналық сақтандыруға ақша құяды. АҚШ-та медициналық сақтан­дыруға ақша бө­лу - әр азаматтың өз құзырын­дағы мәселе. Дегенмен полиссіз дәрігердің көмегіне жүгіну қиын. Сол себепті де сақтандыру мәселесі АҚШ-та алғашқы орынға қойылған. Ал біздің елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі арагідік тал­қы­ға түсіп келеді. Бұған дейін ел аумағында

өз қалауымен медициналық  сақтан­ды­рудан өтушілер ғана болған. Яки шетелдік ком­па­ния­ның талабы бойынша, қызметкер медициналық  сақ­тандыруға тіркеледі. Әйткенмен, өз еркімен денсаулығын сақтандыру­ға шетелдік компания болмаса, жер­гілікті компаниялар һәм жұмыс бе­рушілер мүдделі емес. «Архимедес Қа­зақ­стан» медициналық сақтандыру компаниясының мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы сақтандыру компанияларының сыйақы мөлшерлемесі

83,6 миллион долларды құраса, төлем құны 

61 мың миллион долларға  теңестірілген. Ал медициналық көмекке ел халқы өткен жылы 2,8 миллиард доллар жұмсаған. Соңғы жылда өз еркімен медициналық сақтандыруға тіркелу жүйесі қарқын алды. Бір жыл ішінде бұл нарық 36 пайызға ұлғайған.

Қазақстанның медициналық  көмек көрсетуі тегін екені баршаға аян. Мемлекет бюджет қаржысы есебінен әрбір азаматқа аккредитациядан өткен, яки мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінде кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық көмекке жұмсалатын мемлекеттік шығын көлемі жалпы ішкі өнімнің үш пайызын құрап отыр. Әйтсе де, ел аумағында әрқилы қызметін ұсынатын жекеменшік медициналық мекемелер жетерлік. Мойындау керек, науқастар мемлекетке қарасты емханадан гөрі, жекеменшік медициналық мекеменің табалдырығын тоз­дырады. Себебі жекеменшік меке­менің қыз­мет көрсету сапасы әлдеқайда жоғары әрі сергелдеңі де аз. Сондықтан да сақтандыру саласының мамандары елімізде міндетті медициналық сақ­тандыру жүйесін енгізу қажет деп санайды. «Осылайша денсаулық сақтау мекемелерінің қызмет көрсету сапасы артып, халыққа әрбір медициналық көмек қолжетімді болады һәм әр адам өз денсаулығына мұқият мән береді» дейді мамандар.

Соңғысын, яки еліміздегі әрбір аза­­маттың өз денсаулығына жауапкер­шілікпен қарауы үшін денсаулық сақтау жүйесін дамыту қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та биылғы халық­қа Жолдауында тілге тиек еткен болатын. Бірақ міндетті медициналық сақтандыру енгізуге мемлекет асығар емес. Мамандар алдағы бір-екі жылдың ішінде бұл мәселе оңтайлы шеші­мін табады деген сенімде. «БТА Сақтандыру компаниясының» басқарма төрағасы Сергей Лаврентьев міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілсе, медициналық қызмет көр­сетілетін тұтынушылар саны көбейіп, сапа арта түседі деген сенімде. «2010 жылы денсаулық сақтау саласына жалпы ішкі өнімнің 4 пайызы бөлінді. Бұл аз қаржы емес. Бұған дейін тек 2,3 пайыз ғана бөлінетін. Ал 4 пайыздық көрсеткіш біздің еліміз үшін көп қаражат. Егер сақтандыру компаниялары да өсе бастаса, бұл қаражат көлемі артып, қызмет көрсету сапасы да жоғарылай түседі» дейді ол.

Міндетті медициналық  сақтандыру жүйесін енгізу қажет-ақ. Біріншіден, Қазақстанда медициналық көмек көрсету нарығы әлдеқа­шан дамыған. Оның үстіне, елімізде тегін медидциналық қызмет көрсету жүйесі қол­да­­ныс­та болғанымен кейбір қызмет түрі ақылы. Халықтың өз денсаулығына мән беріп, мемлекетке иек артпай, өзіне қажетті дәрі-дәрмегіне ақша жинауы керек. Сонда ғана сапалы қызмет көрсетіліп, ел ішінде түрлі дертке шалдығатындардың саны азаяр ма еді...

 

Медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын сақтау мүддесін қорғау түрі болып табылады. Оның мақсаты – сақтандыру жағдайы болған кезде азаматтарға жиналған қор есебінен дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және аурудың алдын ала емдеуді қаражаттандыру.

 

Медициналық сақтандыру жеке сақтандыру түріне жатады. Ол сақтанушының денсаулығына қауіп-қатер төнген жағдайда сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді.

 

Медициналық сақтандырудың  келесі түрлері болады: амбулаторлық ем алу шығындарының, хирургиялық  шығындарының, ауруханада болу шығындарын, ауруға диагноз қою шығындары бойынша сақтандыру.

 

Медициналық сақтандыру екі  түрде – міндетті және ерікті болып  жүргізіледі. Міндетті медициналық  сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың құрамдас бөлігі болып  табылады. Ол медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес барлық ел азаматтарына медициналыұ және емдік көмек алуда тең мүмкіндіктер береді. Ерікті медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасы негізінде іске асырылады. Ол азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы белгілеген қызметтердің үстіне қосымша басқа да медициналық қызметтерді көрсетеді. Ерікті сақтандыру топтық және жеке түрде болуы мүмкін.

 

Туризм саласында ерікті медициналық сақтандыру келесі тұлғаларға таралады:

 

-   шетелге баратын  азаматтарға;

 

-   ел территориясына  уақытша келген шетелдік азаматтарға.

 

Шетелде медициналық қызмет көрсету басқа ел азаматтарына ақылы  әрі өте қымбатқа түседі. Мысалы, Израилде аппендицитке операция жасау кемінде 1500-2000 долларға түседі. Тіс дәрігерінің қабылдауы 250 доллардан кем болмайды. Және де шетелде дәрігердің нұсқау қағазынсыз ешқайдан тіпті өз есебіні де дәрі-дәрмек ала алмайды. ТМД елдерінің жіберуші фирмалары жиі туристерді сақтандырмайды. Шетелдік фирмалармен келісім-шартта медициналық қызмет көрсету мәселелерін қарастырудан көп кездерде жалтарады. Бұндай жағдайды тәжірибе жүзіндебіле тұра туристердің саяхат кезінде мүмкін болатын қауіпті жағдайлар мен ауруына байланысты мәселелерін шешіп бермейтін кездері де болады. Туристердің сақтандыру компаниясынан қауіпті жағдайдан сақтандыру шартына отырғаны ұтымдырақ болады. Сақтандыру полисін алып қана қоймай, оның қандай компоненттерден тұратынын және құны қалай немен анықталатынын білу қажет. Сақтандыру полисі – бұл саяхаттың құрамдас бөліктерінің бірі, сондықтан оны алған дұрыс. Басқадай жағдайда саяхатшы қауіпті жағдайда қалғанда денсаулығына қауіп төнсе, оның шығындарын айтарлықтай азайтады. Қандайда бір медициналық қызмет түрі сақтандыру полисінің құрамына енгізілмеуі мүмкін. Сақтандыру полисін турист өзі ме әлде туристік фирма ала ма оны сақтандыру шарттарымен таныса отырып білу керек. Сақтандыру полисі франшизалы немесе франшизасыз екендігін де білген жөн.

 

Франшиза деп сақтандыру компаниясы емес туристің өзінің төлейтін медициналық шығындарының бөлігін атаймыз. Франшизасыз сақтандыру полисінің құны арзанырақ тұрады, бірақ бұл түрі туристке қауіп төнген жағдайда бірталай қиындықтар туғызуы мүмкін. Франшиза шартты және шартсыз.болып 2 түрге бөлінеді.Шартты франшизалы сақтандыру полисін алу тиімдірек, себебі егер алған зақымның шығыны көрсетілген сомадан асып кетсе, шығын толығымен өтеледі.

 

Сақтандыру полисінде  зардап шегуші қандай оқиғаларда ем алу  шығындары төленетіні, қандай оқиғалар сақтандыруға жатпайтындығы және қай  кезде турист өз шығындарын көтеретіні көрсетілуі тиіс. Сақтандыру полисі кенеттен болған ауру немесе қауіпті жағдайлардан туристің науқастануына байланысты емдік көмек алуын қарастырады. Ұзақ өмір бойы ауырып келе жатқан аурулары бар адамдар сақтандыру компаниясының есебінен ем ала алмайды. Олар саяхат алдында өздерін емдейтін дәрігеріне міндетті түрде қаралуы керек. Саяхат кезінде дәрігердің барлық ұсыныстарын орындап, ұсынылған диетанықатаң түрде сақтау қажет (әсіресе, тағамдары «өзгеше» болып келетін елдерде). Ұстамалы және рецептивті аурулар кезінде әрине алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі, бірақ ары қарайғы туристің ем алуы өз есебінен болады. Сақтандыру компаниясы саяхатшының ішімдік ішкен немесе есірткі шеккен кезінде алған зақым, жарақаттары үшін шығындарын төлемейді.

 

Сақтандыру полисі бойынша  төленьейтін аурулар қатарына әртүрлі  жұқпалы аурулар жатады. Кейбір жағдайларда, бір жағынан сақтандыруға жататын, мысалы, кенеттен тістің ауруы сақтандыру полисінің шегінде төленбеуі де мүмкін. Егер турист өзінің тісі ауыратынын білсе, онда тіс ауруы кезінде шығындары өтелуі қарастырылған бағдарламасы бар полисін қымбатырақ болса да алғаны ұтымды болады. Бұндай жағдайда сақтандыру компаниясы клиентке тісінің ем алу шығындарын төлеп беруге міндетті болады. Сақтандыру полисінде бұл бағдарлама қарастырылмаса, тісті емдету едәуір қымбатқа түседі.

 

Емдік қызметтің сапасы, тегін  көмек алу процесі тікелей  ассистанспен байланысты. Медициналық  мекеме мен сақтандыру компаниясының  ынтымақтаса жұмыс істейтін делдалмен  байланысты болады. Ассистанс қаншалықты ірі орнықты болса, соншалықты емнің сапасыоны тегін алу процедурасыжақсырақ болады. Көрсетілген дәрігерлік қызмет көрсетуде төлемнің 2 түрі бар. Бірінші тәсілінде төлемді сақтандыру компаниясы тікелей өзі жүзеге асырады, клиент тек дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті ғана сатып алады. Екінші тәсілінде медициналық мекемелермен клиент өзі сол жерде төлем жасайды, ал сақтандыру компаниясы оған келген соң шығындарын чек немесе басқа да құжаттар арқылы қайтарып береді. Бірінші тәсіл айтарлықтай ыңғайлы болады.

Информация о работе Медициналық сақтандыру