Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Математиканы оқыту әдістемесі - болашақ мұғалімдерді оқыту мен
тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі
қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті
білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен
біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі с аналы меңгеруін қамтамасыз ету
болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың
жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін,
әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің
жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

15 курсовая (Автосохраненный).docx

— 63.08 Кб (Скачать документ)

       Мұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай. Математикалық ойын элементтерін қолдану оқушылардың арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі  тиіс.

      Мұғалім  де әрбір ойын жөнінде терең  толғанып, оның оқу және тәрбиелік  маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға  қойылған сұрақ қысқа, түсінікті  болуы шарт. Ойын процесінде мүмкіншілігінше  ойынның бірнеше түрін кезектестіріп  отыруы керек, әйтпесе бізде көбіне  бағдарламаға байланысты бір  сарыңды оқыту әдіске айналған. Бұл оқушыны жалықтырады. Сондықтан  сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар  енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге  деген құштарлығын артатындығы  сөзсіз.

      Балалар  ойын барысында өздерін еркін  сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық  қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы  түрлі психологиялық түсінікпен  сезім әрекетіне сүйенеді. Ойын  үстінде бала қуаныш пенреніш  сезімдерін сезімдерін сезінеді.

     Көрнекті нидерланд  оқымыстысы Иохан Хейзинганың  «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне  кең тараған еңбегінде: «ойын  адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы. Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам», - дейді.

Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді. 

      Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады.Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек.Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс.Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.  
Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды.

 

    Көңілді тапқырлар клубы (КТК) бұл күнде жастардың қызығып ойнайтын, көпшіліктің тамсана тамашалайтын ойындарының бірі.

      КТК – талантты жастардың белгілі қоғамдық қозғалысы, ол ұжымдық театрлық өнердің, ой-өрісті дамытудың, эстетикалық тәрбиелеудің және оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастырудың бірегей құралы болып табылады.

    Көңілді тапқырлар клубының мақсаты: 

Эстрадалық театрлық өнер құралдарымен оқушылардың шығармашылығының дамуы үшін жағдай жасау және КТК-ның оқушылар командаларының өнерінің мүмкіндігін дамыту, оқушылар ортасында халықаралық көңілді тапқырлар клубының қозғалысын дәріптеу.

    Көңілді тапқырлар клубының міндеттері:

  • өнерлі, дарынды оқушыларды табу;
  • оқушылардың әлеуметтік бастамаларын дамыту;
  • оқушылардың бос уақытын мағыналы ұйымдастыру;
  • КТК оқушылар қозғалысын сақтау және дамыту;
  • оқушылар  шығармашылығының бірі ретінде КТК ойындарын дәріптеу.

          Мұғалімдердің негізгі әдісі – сыныптан тыс жұмыстардың сапасын көтеру, оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру. Мұғалім математика пәніне оқушылардың қызығушылығын тудырту үшін ойындар ұйымдастыру.  Ойынның бір түрі көңілді тапқырлар клубының  бірін өз назарларыңызға ұсынамын.

   

 

 

 

 

Тәрбие  сағаты

 

Сабақтың  тақырыбы:  Математика және ..........

Мақсаттары: 

1)  Білімділік:  Математика  пәніне  деген  қызығушылықтарын  арттыру;

2)  Дамытушылық:  Студенттердің  ой-  өрісін  кеңейтіп, шығармашылық  қабілетін  дамыту; 

3)  Тәрбиелік:  Студенттерді  алғырлыққа,  тапқырлыққа,  шапшаңдыққа  тәрбиелеу.

Әдісі:  Топ  бойынша  жұмыс.

Әр  тапсырма 3,4,5,6  балдық  жүйемен  бағаланады.

Кіріспе  сөз.

Бүгінгі  шәкірт- ертеңгі  азамат.  Сол  азамат  бойында  тапқырлықты, алғырлықты  қалыптастыру  мектеп  қабырғасынан  басталады.

« Білімді  азамат- ел  ертеңі»,  «Білікті  бірді,  білімді  мыңды  жығар» деген  халықтың  даналық  сөзі  бар,-дей  отырып  сіздерге  ақ  жол  тілейміз.

Жүргізуші:

 

 «Математика және .................» атты «КТК»   сайысына  қош келдіңіздер! 

 

Армысыз, құрметті барша қауым!

Көруге келген екен халқым менің.

Әзіл- оспақ, өнер де болар бізде,

«КТК» ашайық қане бірге.

 

Сайыстың шарттары:

 

1.Таныстыру кезеңі(әр команда өздерін таныстырады)  /4-5 минут/

2.Көңілді прогрессия немесе жамбы ату(әр топ әзіл айтып жарысады, әр айналымнан кейін сапасы төмен әзіл айтқан топ ойыннан шығып отырады) /15 минут/

3. Киноконкурс(әр команда өзі түсірілген видеоролик немесе белгілі кино үзінділерін пайдаланып, әзілге айналдыру.) /4-5 минут/

4. Капитандар жарысы( команда капитандарына  алдын-ала  жюри  дайындаған сұрақтар қойылады және команда капмтандары өзара бір-біріне  сұрақ қойып, қызықты жауап қайтару керек.) /10 минут/

5.Үй тапсырмасы. (әр командаға 10 минут беріледі)

 

Жүргізуші:

 

Енді сайысымызды  бастамас бұрын әділ бағасын қоятын әділ қазы алқаларымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3

4. 

5.

 

Жүргізуші:

 

Ту тігілді, халқымның бүгін бағына

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата- баба арына!

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ- болар елдің ертеңі! –

деп, ортаға  сайысқа  қатысушы командаларды шақырамыз:

8 сынып оқушылары  «Тапқырлар» , 9 сынып оқушылары  «7 керемет», 10 сынып оқушылары  «Ергежейлілер», 11 сынып оқушылары  «MMDANCE»

 

1.Таныстыру кезеңі(әр команда өздерін таныстырады)  /4-5 минут/

 

8 сынып оқушылары  «Тапқырлар» , 9 сынып оқушылары  «7 керемет», 10 сынып оқушылары  «Ергежейлілер», 11 сынып оқушылары  «MMDANCE»

 

             (әділ қазылар алқасы бағаларын  беріп отырады)

 

2.Көңілді прогрессия немесе жамбы ату(әр топ әзіл айтып жарысады, әр айналымнан кейін сапасы төмен әзіл айтқан топ ойыннан шығып отырады) /15 минут/

 

8 сынып оқушылары  «Тапқырлар» , 9 сынып оқушылары  «7 керемет», 10 сынып оқушылары  «Ергежейлілер», 11 сынып оқушылары  «MMDANCE»

 

             (әділ қазылар алқасы бағаларын  беріп отырады)

 

3. Киноконкурс (әр команда өзі түсірілген видеоролик немесе белгілі кино үзінділерін пайдаланып, әзілге айналдыру.) 4-5 минут

 

8 сынып оқушылары  «Тапқырлар» , 9 сынып оқушылары  «7 керемет», 10 сынып оқушылары  «Ергежейлілер», 11 сынып оқушылары  «MMDANCE»

 

             (әділ қазылар алқасы бағаларын  беріп отырады)

 

4. Капитандар жарысы( команда капитандарына  алдын-ала  жюри  дайындаған сұрақтар қойылады және команда капмтандары өзара бір-біріне  сұрақ қойып, қызықты жауап қайтару керек.) 10 минут

 

8 сынып оқушылары  «Тапқырлар» , 9 сынып оқушылары  «7 керемет», 10 сынып оқушылары  «Ергежейлілер», 11 сынып оқушылары  «MMDANCE»

 

             (әділ қазылар алқасы бағаларын  беріп отырады)

 

5.Үй тапсырмасы. (әр командаға 10 минут беріледі)

 

8 сынып оқушылары  «Тапқырлар» , 9 сынып оқушылары  «7 керемет», 10 сынып оқушылары  «Ергежейлілер», 11 сынып оқушылары  «MMDANCE»

 

             (әділ қазылар алқасы бағаларын  беріп отырады)

 

(әділ  қазылар алқасы бағаларын беріп, марапаттайды)

10 сынып оқушылары «Ергежейлілер»,11сынып оқушылары DANCE» -1орын (бас жүлде)

9 сынып оқушылары  «7 керемет»-2 орын

8 сынып оқушылары  «Тапқырлар» -3 орын

 

Жүргізуші:

Отан деген- әрбір жүрек дірілі,

Отан үшін болсын жастар үлгілі.

Менің, сенің үмітіміз ертеңгі,

Қазақстан- келешектің ертеңі,-

дегендей, біздің еліміздің болашағы- сендерсіңдер, құрметті оқушылар !

 

Сол себепті сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып өсулерің керексіңдер. Ол үшін адам көп оқып, көп еңбектену керек.  

   Бүгінгі  сайысқа  қатысқан оқушыларға көп рахмет айтамыз. Осымен, бүгінгі жиынымыз аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

 

Осындай  қызықты сайыстарды мектептеде өткізуге болады. Мектеп оқушыларын көңілді тапқырлар клубы арқылы математика пәніне қызығушылығы арта түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Математикадан  сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  қызықты, әрі тартымды, жалықтыртпайтындай  болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен  өтетін  сабақтардан оқушылар  жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі, ондай сабақтар баланың  есепке деген қызығушылығын жояды. Сол себепті, қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

     Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын, бар ынтасымен атқаруы қажет.

         

 

 


Информация о работе Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру