Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Математиканы оқыту әдістемесі - болашақ мұғалімдерді оқыту мен
тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі
қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті
білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен
біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі с аналы меңгеруін қамтамасыз ету
болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың
жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін,
әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің
жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

15 курсовая (Автосохраненный).docx

— 63.08 Кб (Скачать документ)

тууы, оны дамытуда белгілі бір ғалымның қосқан үлесін, проблеманың есеп

түрінде қойылуын қысқаша әңгімелеудің рөлі зор.

       Факультативтік  курстың  маңыздылығын  арттыру  жолдарының бірі  –  практикалық  жұмыстар  орындау.  Сабақтың  бұл  түрі  оқу  процесін

білімді іс жүзінде қолданумен ұштастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім  ең

алдымен  оқушыларды  практикалық  жұмыстың  мақсатымен,  жұмыс  істеу

тәртібімен таныстыруы, қажетті нұсқаулар беруі тиіс. Берілетін практикалық

тапсырмаларды  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  берген  дұрыс,  ал  жұмыс

нәтижесін  күллі  топтың  қызметі  ретінде  бағалау  керек.   Мәселен, «Көпжақтар»  тақырыбы  бойынша  практикалық  жұмыс  жүргізгенде

көпжақтардың  эскизін,  олардың  жазбалары  мен  модельдерін  салу  керек.

Дұрыс көпжақтардың  модельдерін әр  оқушы жеке, ал күрделі көпжақтарды

2-3  оқушы  бірлесіп  орындағаны  дұрыс.  Мұның  өзі  ұжымдық  еңбекке 

баулиды.  Факультативтік  курстың  материалдарын  терең  игеру  жолдарының бірі  –  күрделі  есептерді  эвристикалық  жолмен  шығару.  Алайда,  есептерді оқушылардың  ынта  –  ықыласына  сай  іріктеп  алса,  оның  тиімділігі  арта түспек.  Алдымен  даярлық  есептер  оқушылардың  өздігінен  шығармашылық қызмет ету қабілетін дамытатындай, проблемалық ахуал ретінде берілуі тиіс.

  

 

2.2 Математикалық  олимпиада және математикалық  конференция

 

      Математикалық  олимпиада  оқушылардың  математикалық  білімінің

артуына  ерекше  жағдай  жасап,  олардың  ойлауын,  қызығушылығын,  білімге құштарлығын  тәрбиелеуде  және  олардың  білімдерін  тереңдетуде  үлкен  рөл атқарады.   Олимпиадалық  есептерді  үнемі  шығару  арқылы  оқушылардың өзіндік  жұмыстар  жүргізуіне,  ғылыми  көпшілік  әдебиеттерді  пайдалана білуге  бейімделіп,  білім–білік  дағдысы  артады.   Математикалық  олимпиада математиканы  оқытудың  жалпы  деңгейін  жақсартады,  оқушылардың  алған білімінің сапасының артуына мүмкіндіктер жасайды.

        Олимпиада жыл бойында жекелеген тәртіппен  келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, биология, химия.

        Олимпиаданы өткізудегі мақсат – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.

 

  1. Олимпиаданың міндеттері:

 

       1.жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;

       2.шығармашылық қабілеттерін, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке деген қызығушылықтарын  анықтау мен дамыту;

       3.жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдете оқытатын сыныптарды ұйымдастыруда мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы;

      4.үйірмелердің, арнайы курстардың, факультативтердің жұмысын белсендіру;

      5.дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай туғызу, жастар арасында ғылыми білімді тарату мен таныту.

 

  1. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

 

      1.Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңі қашықтықта оқыту формасы арқылы үш күрделі деңгейдегі жаттықтыру тапсырмалары арқылы жүргізіледі. Қорытынды кезең іштей оқыту  формасында Олимпиаданы өткізу жоспарына сәйкес жүргізіледі.  Олимпиаданы өткізу тәртібін ұйымдастырушылар анықтайды.

      2.Олимпиаданың Қорытынды кезеңіне іріктеу кезеңінде үш күрделілік деңгейіндегі тапсырманың әрқайсысын 50%-ын орындаған қатысушылар қатыса алады. Қатысушы оқушылары бар мектептер қазылар алқасының қарауына Олимпиадының қорытынды кезеңіне арналған 5 тапсырма ұсына алады.

     3.Қорытынды кезеңнің өткізілу уақыты астрономиялық 4 сағат. Қазылар алқасы аяқ астынан туындаған жайттарға байланысты қорытынды кезеңнің уақытын ұзарта алады.

     4.Тапсырманы орындау кезінде жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, ұялы байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады. Қатысушылар өзімен бірге ақ парақ пен жазу жазатын құраларды ғана ала алады.

   5.Тапсырманы орындау кезінде қатысушылар тек қазылар алқасы өкілдерімен ғана қарым-қатынас жасай алады.

   6.Тапсырманың шартына байланысты сұрақтар қазылар алқасына тапсырманы орындаудың бірінші сағатында жазбаша түрде беріледі.

   7.Тапсырманы шешілу нұсқасымен қатысушылар қазылар алқасына екi реттен артық сұрақ қоя алмайды.

   8. Олимпиада ережесін бұзған қатысушы Олимпиададан шығарылады.  

 

  1. Олимпиаданы ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы

 

   1.Олимпиаданы өткізу мерзімін, тәртібін, орнын келіседі.

   2.Жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған, қалалық, ауылдық жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінен қазылар алқасының құрамын жасақтайды.

   3.Олимпиада кезеңдерін өткізу барысында туындаған даулы жағдайларды қарастырады.

   4.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді.

   5.Олимпиада тапсырмалары мен оны  бағалау өлшемдері әзірлейді.

   6.Олимпиадалық тапсырмалардың шешімін жариялайды және Олимпиада ержесіне сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

  Олимпиаданың қазылар алқасы:

   1.Олимпиадаға қатысушылардың тексерілген жұмыстарын бағалайды және бақылайды.

   2.Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлер кандидатурасын анықтайды.

   3.Олимпиада тапсырмаларының әдістемелік және мазмұндық бірлігін бағалайды.

   4.Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.  

 

   4 . Олимпиада қатысушалары

 

     1.Олимпиадаға орта (толық) жалпы білім берудің жалпы орта білім бағдарламаларын меңгеретін облыстық білім беру мекемелері мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектептердің  7-8 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.

    2.Тапсырыс саны көп болған жағдайда ұйымдастырушылар қазылар алқасына қосымша іріктеу кезеңін өткізуді жүктей алады. 

 

 

 

  1. Бағалау жүйесі

 

     1.Ұсынылған тапсырмалардың күрделілік деңгейі белгілі шекте болуы керек. Тапсырмалардың күрделілігі білімді оқушылардың өз білімі мен қабілеттерін толық дәрежеде көрсете алатынындай, ал қатысушылардың басым көпшілігі берілген тапсырмаларды шешуге қол жеткізе алатындай болуы тиіс.

    2.Қатысушылардың шешімін бағалау жүйесі дұрыс орындалған тапсырмалардың әрбіріне белгілі ұпай санын қоюды қарастырады. 

 

  1. Олимпиада қорытындысын шығару

 

      1.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қорытынды кезең нәтижесі бойынша 60%-дан астам ұпай  жинаған қатысушылар қатарынан анықталады. Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

     2.Қорытынды кезеңнің қатысушылары Олимпиада қатысушысы сертификатына ие болады.

     3.Олимпиада өткізілгеннен кейін екі күн ішінде қорытынды кезеңге қатысқан оқушылардың рейтингісі www.bilim.kz  сайтына шығарылады. 

 

        7. Олимпиаданы қаржылық қамтамасыз ету

      Олимпиаданы өткізудің қаржылық қамтамасыз етілуі қаржылық ресурстардың қолайлылығы шеңберінде жүзеге асырылады. Олимпиадаға қатысушылардан ақша алуға тыйым салынады. 

 

     Ауызша олимпиаданың ережесі 

 

    Ауызша олимпиада кезінде есептің шешуі дәптерге жазылып тапсырылмай қазылар алқасына ауызша айтылады.  Олимпиада бірінші және екінші кезеңнен тұрады. 

 

      Қорытындыға дейінгі тұжырымдар (Бірінші кезең) 

 

      Олимпиаданың басында қатысушыларға жауап беру парақшасы таратылады. Жауап беру парақшасына қатысушы аты-жөнін, мектебін, сыныбын толық жазу керек. Осы парақшамен қатысушы жауап беруге шығады. Олимпиада аяқталған соң бұл парақша міндетті түрде тапсырылады.

Бірінші кезең тапсырмасын орындауға 2 сағат беріледі. Олимпиада ауызша болғандықтан есептің шешуі қазылар алқасына ауызша айтылады. Есептің толық шешуін дәптерге жазу қажет емес, бірақ дәптерде есептің шығару жолдарының жоспары және есеп кезінде пайдаланатын негізгі теңсіздіктер мен формулалар жазылуы керек.

Бір немесе бірнеше есепті шығарған оқушы жауап беру парақшасымен қазылар алқасына жауап беруге шығады. Жауап беру кезінде түсініксіз жағдайларда тиісті сұрақтар қойылады. Қатысушы тек қана жауап беру кезінде қателерін түзете алады, егерде сол уақытта үлгермесе, дұрыс емес деген шешім қабылданады.

Әр есеп бойынша қатысушы екі рет қана жақындай алады. Екі ретінде де дұрыс толық жауап берілмесе, бұл есеп шығарылмаған деп есептеледі.

Келесі кезеңнің есептерін алу үшін, бірінші кезеңнің 5 есебінің 3-н шығару қажет. Егерде берілген уақыт ішінде 3 есеп шығарылмаса, қатысушы екінші кезеңге қатыса алмайды, сонымен олимпиада бұл оқушы үшін аяқталды деп саналады.

 

  Қорытынды (Екінші кезең) 

 

         Екінші кезеңге өткен оқушы басқа аудиторияға ауысады.

Осы қезеңге берілген қосымша есепті шығаруға 2 сағат беріледі. Жауап беру кезінде қатысушы жаңа есептің шешуімен бірге (егерде жауап беру мүмкіндігін толық пайдаланбаса) бірінші кезеңдегі есептің шешу жолдарын айта алады.

        Екі кезеңге бөлінген уақыт өткен соң, олимпиада аяқталады.

Қорытынды шығару кезінде қатысушының қазылар алқасына жауап беруге жақындаған саны емес, толық шығарылған есептер саны есептеледі.

 

       Математикалық  олимпиадалар  –  дайындығы  неғұрлым  жоғары

оқушылармен  жүргізілетін  жарыс.  Мұнда  белгілі  табыстарға  жету  үшін

алдын  ала  даярлық  жұмысын  жүргізген  жөн.  Мәселен,  алғашқы  кезеңде

бұрынғы олимпиадада пайдаланылған есептер мен жаттығулардың мазмұны

ілінеді  және  сол  есептер  мен  жаттығулар  бойынша  ұдайы  кеңестер

жүргізіледі.  Сонымен  бірге,  жалпы  мектептік  математикалық олимпиадаларға  оқушыларды  дайындау  кезеңінде  арнайы  қабырға  газетін

шығарып,  бұрынғы  олимпиада  жеңімпаздарының  қатысуымен  сұрақ–жауап кешін  ұйымдастыруға  болады.  Оқушыларды  бұрынғы  жылдардағы

олимпиада  есептерінің  шешілу  әдістерімен  таныстыру  олардың  жалпы

математикалық  білімін  және  жергілікті  жердегі  олимпиадаға  дайындығын

жақсартады.  Тапқырлықты  талап  ететін  әр  түрлі  есептерді  шығарған

оқушылардың кеңістік түсініктері, абстрактілі ойлау қабілеттері арта түседі.

Оқушыларды олимпиада есептеріне қызықтыру математика мұғалімдері үшін

оңай  жұмыс  емес.  Сондықтан,  ең  алдымен  сыныпта  өткізілетін  математика сабақтарының сапасын арттырған жөн. Дұрыс ойластырылған, ғылыми жағы басым,  математикадан  жұргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушыларды есеп  шығаруға  қызықтыратыны  сөзсіз.  Олимпиадаға  дайындықты  төмен сыныптан бастап оны үзбей бірнеше жыл жүргізудің көп пайдасы бар. Онда жүйелі  түрде  бүкіл  математиканың  мектептік  курсының  қиындау  және бағдарламада  аз  қарастырылатын  тарауларынан,  өзіндік  ақыл  –  ой  күшін қажетсінетін  есептерді  әр  жылға  бөліп  шығартуға  болады.  Олимпиада есептері мазмұны жағынан әр алуан болады. Алғашқы жылдардағы жаттығу есептерінің  қиындығынан  гөрі  қызықтылығы  басым  болуы  керек. Дайындығы аз оқушылардың математикаға деген сенімін жоғалтпау үшін ең болмаса  бір  оңайлау  есеп  алу  керек.  Ал  қалғандары  сынып  ерекшелігіне қарай  әр  түрлі  қиындықта  болғаны  жөн.  Олимпиада  жүлдегерлерін  мектеп басшыларының  қатысуымен  мадақтау,  сыйлықтар  беру  оқушыларды ынталандыратын тәрбиелік мәні бар іс.

 

        Конференция- (латын сөзі conferentia- кеңес, жиналыс) белгілі бір мәселені тақырыпты талдауға арналған жиналыс, кеңес. Конференцияға қатысу оқушылардың сөйлеуін дамытуға жақсы әсерін тигізеді. Конференцияда  баяндамалар, қосымша баяндамалар оқылады, хабарламалар жасалады, сондағы мәселе бойынша талқылау, пікір – талас жүргізіледі.

 

Конференция материалдарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар:

1.Баяндама мазмұнының  конференция тақырыбына сәйкес  келуі; 
2.Баяндама идеясының өзектілігі, өзіндік ерекшелігі; 
3.Негізгі қорытынды, нақты ұсыныстардың болуы; 
4.Кәсіби бағдарлануы; 
5.Өмірмен байланыстылығы, практикалық мәні; 
6.Шешендігі (материалды мазмұндау мәдениеті, аудиторияны өзіне қарата алуы); 
7.Ғылымилығы; 
8.Белгілі нәтижелер мен фактілерді қолдана білуі; 
9.Рәсімдеу сауаттылығы (титул беті, мазмұны, библиографиялық ақпараттың рәсімделуі, қосымшалар, кесте, диаграмма, басу әдісі мен техникасы, рәсімдеу этикасы мен сауаттылығы); 
10. Баяндамашының моралдық-психологиялық көңіл-күйі, басқару нақтылығы, қисындылығы, қысқалығы, дәлелділігі, сұрақтарға жауап беруге дайындығы. 
 
 Конференция материалының рәсімдеу талаптары: 

1.Мәтін Times Roman қаріпі, 14 шрифт, жоба мәтіні бір жол  интервалында тірелуі қажет. Парақтың  оң жағында автордың аты-жөні, мамандығы жазылады. Баяндама 4-5 беттен  тұрады. Парақтың ортасында бас  әріптермен материалдың атауы  жазылады. Жиектер көлемі: сол жағы  –30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғары жағы  – 15мм, төменгі жағы – 20мм. Азат  жолының шегінісі алтыншы жолдан  басталуы керек. 
2. Баяндама белгіленген күнге дейін қабылданады. 
3.Тіркеу формасы қоса берілуі тиіс 

 

 

 

2.3 Математикалық  кештер мен апталықтар

 

 

      Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды  түрлерінің  бірі  –  математика

апталығын өткізу. Математикалық апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын,

сонымен  қатар  оқу  бағдарламасын  терең  оқып  игеруге,  шығармашылық

белсенділігін,  ізденімпаздығын  дамытуға  мүмкіндіктер  туғызатын  көптеген шаралар  кешенін  қамтиды.  Ұйымдастырылған  апталық  және  оны  дұрыс өткізу маңызды оқу–тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар  оқу  материалын  толықтыру,  тереңдету,   түрлендіру,  математиканың практикада  қолданысы,  оқушыларға  өзіндік  жұмыстардың  дағдыларын дамыту  және  олардың  тәрбиелеу  мүмкіндіктерінің  пайда  болуы  сөзсіз.  Бұл шараларға  дайындалу  және  оны  өткізу  барысында  математика мұғалімдерінің  педагогикалық  біліктілігі  көтеріледі  және  де  оқытушы  мен оқушылардың  арасында,  сондай–ақ  жалпы  мектеп  педагогтары  мен оқушылар  ұжымдарының  арасында  да  өте  тығыз  және  емін–еркін шығармашылық байланыстар қалыптасады.  Жұмыс мектеп математиктерінің әдістемелік  бірлестігінің  апталық  өткізу  туралы  шешімімен  басталады.

Информация о работе Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру